• Мамандық шифры:

    5В011500

    Мамандығы:

    Құқық және экономика негіздері

    Факультеті:

    Бизнес және құқық факультеті

    Дайындық бағыты:

    Құқық

  • Білім беру бағдарламасы бойынша студенттер контингенті
    23
    Бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер
    1
    Атаулы гранттар, стипендиялар алатын студенттер
    0
    Бағдарлама бойынша оқитын шетелдік студенттер
    1
    Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер:
    0
    - ел ішінде
    0
    - Қазақстаннан тыс жерлерде
    0

    Бағдарламаның дәрежесі: 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бакалавр
    Дәрежесі және мерзімі Дара дәрежесі (бір университет) ( ECTS 279 кредит/ 160 қаз. кредиттер)
    Оқу орны Қазтұтынуодағы қарағанды экономикалық университеті
    Аккредитация Білім беру Сапасын Қамтамасыз етудегі Қазақстандық Тәуелсіз Агенттік (БСҚҚТА) http://nkaoko.kz/
    Қолданылу мерзімі Бұл бағдарлама 2016 жылдан бастап университет дәрежесін алатын тұлғаларға 4 жыл мерзімге Университетпен бекітілді .
    Деңгейі ЕКБШ үшін БШ (жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі үшін біліктілік шеңберлері): 1ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңберлері): 6 деңгей; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері): 6 деңгей
  • A) Мақсаты
    • 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалаврларын дайындау университет миссиясымен келісілген, экономиканың дамуын, бизнес пен қоғамның құрылудың құқықтық негіздерін, аймақтың еңбек нарығының студенттік орталықтандырылған білім беруді есепке алатын, құқық және экономика негіздері саласындағы болашақ педагогтардың бойындағы кәсіби құзыреттіліктермен талдауды және шеберліктер мен біліктіліктерді игерген мамандарды дайындау болып табылады.
  • B) Сипаттамасы
    • 1.Пән/пәннің облысы
    • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    • Педагогика
    • Этнопедагогика
    • Психология
    • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    • Өзін-өзі тану
    • Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі
    • Тәрбие жұмысының теориясы және әдісі
    • Білім беру жүйесіндегі менеджмент
    • Критериалды бағалау технологиясы
    • Құқық және мемлекет теориясы
    • ҚР конституциялық құқығы
    • ҚР отбасы құқығы
    • Педагогика тарихы
    • Менеджмент
    • Маркетинг
    • Педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және әдістері
    • Педагогикалық шеберлік негіздері
    • Инклюзивті білім беру
    • 2.Жалпы ақпарат/
    • Мамандану
    • "білім бакалавры"
    • 3.Бағыты
    • білім
    • 4.Ерекшеліктері
    • Магистратура
  • C) Жұмыспен қамту және одан әрі оқыту
    • 1.Жұмыспен қамту
    • Негізгі және бейіндік мектептер; мамандандырылған мектептер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру.
    • 2.Одан әрі оқыту
    • Магистратура
  • D) Білім беру стилі
    • 1.Зерттеу және оқыту тәсілдемесі
    • Кредиттік оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технологиялары негізінде келесі оқыту әдістері жүзеге асырылады:
      • белсенді әдістері;
      • интерактивті әдістер;
      • практикалық-бағдарланған әдістері.
    • 2.Бағалау әдістері
    • Блокты-рейтингтік бақылау технологиясын іске асыру шеңберінде келесі әдістер қолданылады:
      • ауызша бақылау әдістері;
      • жазбаша бақылау әдістері;
      • практикалық бақылау әдістері;
      • тесттік бақылау әдістері.
    • Бақылау формалары:
    • жеке;
    • топтық;
    • ұжымдық.
  • E) Бағдарламалық құзыреті
    • 1.Жалпы құзыреті
    • Бағдарлама академиялық бағдарламалар циклінің бірінші деңгейінің сапасын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының "Жоғары білім. Бакалавриат." талаптарына сай.
    • Бірінші цикл күтілетін жалпы құзыреттіліктен тұрады (сондай-ақ белгілі түйін дағдылары). (http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001080 осы веб-сайттан қарау ).
    • Төменде аталған құзыреттіліктер осы бағдарламалар үшін өзіне жиынтық және ең тән құзыретті білдіреді:
      • жоғары білімді тұлғаның ойлау мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастыратын ғылыми-жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімдерін меңгеру керек;
      • күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысын игеру;
      • әлемдік мәселелерді ғылыми жағынан түсіну және талдай алу, мәдени байлықтарды игеру, ауызша және жазбаша түррде логикалық дұрыс, аргументті түрде сөйлеу
      • өзін тануға қабілетті болу, өз кемшіліктері мен жетістіктерін сыни бағалауға қабілетті болу, адамгершілік өзіндік жетілу, өзінің кәсіби және азаматтық мотивациясының жоғары белсенді болу керек.
      • қазақ және орыс тілдерінде кәсіби ауызша және жазбаша коммуникацияға қабілетті болу, кәсіби міндеттерді шешу деңгейінде шет тілін білу.
      • қоғамдық пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға және өзінің кәсіби қызметінде оларға сүйенуге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу;
      • Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйе негіздерін білу; іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын білу;
      • қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бейімделе білу;
      • командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре бір мәмілеге келу: кәсіби және тұлғалық өсуіне ұмтылу;
      • әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді пайдалану әдістерін талдай білу, тәжірибеде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың әр түрлі әлеуметтік және кәсіби қызметтерін қолдану;
      • экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. қатысты ғылыми көзқарасқа ие болу, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен мақсаттарын білу және түсіну;
    • 2.- ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және әлеуметтік жұмыс саласындағы шешімдерді жеткізе білу;
    • жинақталған тәжірибені сыни түрде қайта ойлауға, қажет болған жағдайда өзінің кәсіби қызметін өзгертуге, өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәнін сезіну, кәсіби қызметін орындауға жоғары мотивацияны иеленуге қабілетті болу;
    • ақпаратты талдауға, қорытуға, қабылдауға, мақсаттары мен оның жетістіктерін таңдау жолдарын қоюға қабілетті болу: тұжырымдарды дәлелдеуі мүмкін және білім саласындағы проблемаларды шеше білу;
    • педагогикалық технологияларын, жіктелуін, беті үйлестіру әдістерін білу және тәжірибелік қызметте пайдаланудың тиімділігін талдай білу;
    • құқықтық және экономикалық мәдениеттің жеке траекториясын әзірлеу дайын болу;
    • техникалық экономикалық талдау әдістерін игеру, білім беру аймақтарындағы жүзеге асырылатын шешімдерді негіздеу, тәжірибеде нәтижелерді қолдану.
    • ұйымдастырушылық құрылымдар білімдерін игеру, басқару және реттеу әдістері, құқықтық және экономикалық негіздерді құру тиімділігінің критерийлері
    • білімге бағытталған, құзыретті және мәдени білім беру бағыттарын игеруге қабілетті болу (БШД және құзыреттіліктер)
    • білім беру аймақтарында тұлғалық және даму мақсатында тиімді білім, дағдылар және шеберліктерді игеру
    • формалды және формалды емес экономика туралы білімді игеруге қабілетті болу;
    • білім саласындағы технологиялардың даму беталысын және озық ғылыми-техникалық тәжірибені талдауға қабілетті болу;
    • құқықтық және экономикалық мәдениетті қалыптастыру бойынша теориялық, эксперименттік зерттеулерді орындауға қабілетті болу.
  • F) Осы бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерінің толық тізбесі
    • Студенттердің кәсіби тәжірибесі тұрғысынан, жұмыс ұйымдастыруда, сондай-ақ клиентпен түлектер келесі түрде қабілеттіліктерін көрсете алады:
    • Әлеуметтік гуманитарлы және экономикалық білімдер бойынша жоғары білімді, кең дәрежедегі көзқарасы және мәдени ойлау қалыптасқан педагог тұлғасын көрсете білу;
    • осы білімдерін кәсіби педагогикалық қызметте қолдану;
    • құқық және экономика саласындағы міндеттерді тұжырымдау және практика жүзінде шешу, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану;
    • педагогикалық процессті қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау және білім беру жүйесін талдау, жоспарлау, ұйымдастыру және құрылымдауға қатысу, қазіргі заманғы еңбек нарығындағы және жұмыс берушілер талаптарына сәйкес келу мақсатында өзін жетілдіру.
    • білім саласында ақпаратты, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді мамандар, сондай-ақ мамандарға қатысы жоқтарға да хабарлау.
  • БД «Педагогика» 3 несие/5ECTS
    • Пререквизиттер:
    • “Педагогика” пәнінің негізгі зерттеу объектісі жеке адам болғандықтан осы пәннің қарастыратын тақырыптары да қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы, іс-әрекеті, мінез-құлқы, сезімі, еркі т.б. мәселелерді меңгертумен шектелмей, пән бойынша студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық іскерлігін шыңдай беру.
    • Философия, психология, мәдениеттану, саясаттану пәндерін аталмыш курсты игеру үшін білген дұрыс. Бұлар студентке әлеуметтік-нарықтық қатынастардың мәнін танып, бұл құбылыстарды танудың философиялық қағидаларын тануға мүмкіндік береді.
    • Постреквизиттер:
    • «Педагогика» пәнін оқығаннан кейін «Кұқық және экономика негіздері» мамандығының басқа да пәндерімен неғұрлым тереңірек танысуға мүмкіндік туады:
    • Аталмыш пән бойынша жүргізілетін сабақта студенттер қазіргі әлеуметтік коммуникациялар және қазіргі қоғамдағы мәдени сұхбат негізіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің тарихи, әдістемелік, теориялық, тарихи мәселелерін қарастырады.
    • Мақсаты: педагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі өзгешеліктері мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады. Көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы рөлі жайлы ашып көрсетіледі.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тербиені ұйымдастыру формаларының туындауы. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшелектері. Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс жіне Алты Орда дәуірдегі білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XV ғ.ғ.). Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мекпеп және педагогикалық ой-пікірлер. Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы. Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы (XV-XVII ғ.ғ. Қазақ хандығы кезені). Педагогика – адам туралы ғылым ретінде. Жеке тұлғаның дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететің факторларға сипатама және олардың әр турлі жастығы топтарда көрінуі. Тәрбиенің максаты, оның әлеуметтік тұрғыдаң негізделуі. Тұтас педагогикалық үдерістістегі тәрбиенің мәні және мазмұны. Тәрбие үдерістіснің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары. Оқушылардың оқу жетістіктерің диагностикалау және тестілеу. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісің диагностикалау және жоспарлау.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • A. Пәнді оқыту кезінде студенттер ұлттық даралық жайлы, адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Педагогикалық құбылыстардың әдіснамалық заңдылықтар мен принциптерінің түсінігін қалыптастыру.
    • B. Студенттердің пән бойынша ойларының даму этнопедагогика тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Педагогикалық поцестерді, жеке адам қасиеттері мен күйлерін ашып көрсету. Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады.
    • C. Студенттерді педагогиканың жалпы білім негіздерімен қаруландыру, мектепті педагогикалық процесін ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын, педагогикалық ойлауды және педагогикалық іс-әрекетке қызығушылықтарын қалыптастыру. Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында педагогикалық басқару әдістерін қолдана білу.
    • D. Студенттерге педагогикалық процестің негізгі заңдылықтарын меңгерту, оларды педагогикалық процестің әдістері, формалары және құралдары туралы білімдер негізімен қаруландыру.
    • E.Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
  • БД «Этнопедагогика» 2 несие/3ECTS
    • Пререквизиттер: бұл пәнді оқуға дейін этнопедагогика педагогика ғылымының құрамдас бір бөлігі болғандықтан, адам тәрбиесі туралы түсініктерін қалыптастыратын педагогика пәнін алдын-ала оқып өткендері жөн.
    • Постреквизиттері: курсты оқыту негізінде педагогика, этнопсихология, этнофиолософия, этномәдениет, этнософия, психология, мәдениеттану пәндерін оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.
    • Мақсаты: Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктері мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады. Көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы рөлі жайлы ашып көрсетіледі.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:Этнопедагогика пәні, мақсаты және міндеттері.Этнопедагогика пәнінің принциптері мен қызметі.Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері және оны анықтаушы факторлар.Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері мен құралдары.Халық идеялындағы «Жетілген тұлға» және оны тәрбиелеу тәжірибесі.Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері – халық тәрбиесінің негізі.Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.Еңбек тәрбиесі – халық педагогикасының көзі.Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі.Жахандану кезеңіндегі этно мәдени білім.Мектептегі этнопедагогикалық жұмыстардың мазмұны.Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.
    • Күтілетін нәтижелер: A. Пәнді оқыту кезінде студенттер ұлттық даралық жайлы, адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Қазақ этнопедагогикасы ролін, қызметін және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесінде алатын орны туралы көзқарастарының болуы.
    • B. Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша ойларының даму этнопедагогика тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізін, оның ұғым-түсініктерін және терминологиялық аппаратын білу.
    • C. Студенттерді педагогиканың жалпы білім негіздерімен қаруландыру, мектепті педагогикалық процесін ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын, педагогикалық ойлауды және педагогикалық іс-әрекетке қызығушылықтарын қалыптастыру. Этнопедагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында педагогикалық басқару әдістерін қолдана білу.
    • D. Студенттерге педагогикалық процестің негізгі заңдылықтарын меңгерту, оларды педагогикалық процестің әдістері, формалары және құралдары туралы білімдер негізімен қаруландыру.
    • E. Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: п.ғ.д., профессор Минжанов Н.А.
  • БД «Педагогикалық мамандықа кіріспе» 1 несие/2ECTS
    • Пререквизиттер: «Философия», «Жалпы психология», «Педагогика», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология».
    • Постреквизиттер: «Арнайы пәндерді оқыту әдісі», «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Этнопсихология», «Мәдениеттану».
    • Мақсаты: студенттерде кәсіби педагогикалық қызмет жайлы түсінік қалыптастыру, студенттерді өз мамандығын дұрыс түсінуге, мұғалімдік қызметті игеру жолдарының перспективаларын ашу болып табылады.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Үздіксіз білім беру контекстіндегі қазіргі білім беру және жеке тұлға. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазіргі қоғамдағы болашақ мұғалім тұлғасы және оның проблемалары. Үздіксіз білім беру жеке тұлғаны дамытудың шарты ретінде. Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті және оның тұлғасы. Педагогикалық білім беру жүйесі. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы құзіреттілік тұрғысының мәні. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогикалық практика. Мұғалімнің жобалау-зерттеу іс-әрекеті – болашақ ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамыту құралы. Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің негізі ретінде. Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде. Үздіксіз білім беру жағдайындағы өзін-өзі тәрбиелеу және оның педагогтың кәсіби қалыптасуындағы рөлі. Өздігінен білім алу іс-і-әрекеті – педагогтың үздіксіз білім алуының шарты ретінде.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Педагогикалық қызметтің мәні мен рөлі жайлы, білім берудің қазіргі кездегі тенденциялары жайлы, педагогикалық қызметтің негізінде қарым-қатынас жасау мәдениеті жайлы түсінік қалыптастыру.
    • Педагогиканың негізгі түсініктерін педагогикалық қызметтегі, педагогикалық мәдениет, педагогикалық қабілеттілік, педагогикалық қарым қатынас, педагогикалық шеберлік, өзін өзі тәрбиелеу, өз өзіне білім беру, педагог қызметі және объективті ақпараттар жайлы педагогиканың негізгі түсініктерін білу.
    • Ақыл ой жұмысын ұйымдастыруда тұлғалық факторды қолдану, негізгі педагогикалық әсерді игеру.
    • Д. Қарым қатынаста дұрыс таңдау жасай алу, педагогикалық әдебиеттер материалдарымен жұмыс жасау.
    • Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жоғарлату және тұлғалық және кәсіби өзін өзі жетілдіруде қажеттіліктерді дамыту, тәжірибеден пайда таба білу, өз қызметінің перспективасын көру.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: магистр Тутинова Н.Е.
  • БД «Психология және адам дамуы» 3 несие/5ECTS
    • Пререквизиттер: «Психология», «Философия», «Педагогика», «Жас ерекшелік психологиясы».
    • Постреквизиттер: «Әлеуметтану», «Қақтығыстану» «Психология», «Философия», «Педагогика», «Жас ерекшелік психологиясы».
    • Мақсаты: «Психология және адам дамуы» курсы оқыту мақсаты құқық және экономика негіздері, Әлеуметтік жұмыс мамандығының психологиялық құндылықтары мен стандартарын игеру болып табылады. Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология ғылым ретінде.Психика табиғатының дамуы.Психология әдістері.Психиканың дамуы және сана сезім.Тұлға іс-әрекеті және қарым-қатынас.Топтардың психологиялық сипаттамасы.Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас.Танымдық процестерінің психологиясы.Психикалық қалып.Психологиялық қасиет.Психология даму пәні.Әртүрлі жас ерекшеліктегі психика дамуының кезеңдері.Әртүрлі жас ерекшеліктегі психика дамуының кезеңдері.Жас ерекшелік дағдарыстарының пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен қайнар көздері.Жас ерекшелік дағдарыстарының пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен қайнар көздері
    • Күтілетін нәтижелер:
    • «Психология және адам дамуы» пәнін оқу студентке мына мүмкіндіктерді береді:
    • Білу:
    • пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;
    • пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;
    • психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;
    • іскерлік қатынастарды қолдануда тәжірибелік дағдыларды игеру;
    • студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.
    • Жасай білу:
    • іскерлік қатынастарда этика заңдылықтарын қолдану;
    • тұлғалық қарым-қатынаста психологиялық ережелерді сақтау;
    • іскерлік қатынастарды қолдануда тәжірибелік дағдылар мен шеберлікті қолдану;
    • психологиялық білімдерді әртурлі жеке жағдайларда және қоғамдық құбылыстарды сараптауда қолдана білу.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: аға оқытушы, магистр Исина С.С.
  • БД «Өзін-өзі тану» 2 несие/3ECTS
    • Пререквизиттер: «Психология және тұлғаның дамуы», «Философия», «Педагогикалық кәсіпке кіріспе».
    • Постреквизиттері: « Педагогика », педагогикалық практика.
    • Мақсаты: әлеуметтік көрсеткіштерге жету бойынша қызметке жауап беруші және өзін-өзі дамыту жайлы қоғам мен тұлға көріністерінің жиынтығы, өзін-өзі танудың талдауы және сипаттамасы ретінде беру .
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.Өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасының процесі ретінде.Адамның ішкі дүниенің өзгешелігі. Позитивті ойлау және ішкі гармония. Адамның ішкі ресурстары.Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінушіліктің құралы ретінде.Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінушіліктің құралы ретінде.Адам өміріндегі отбасы ролі және туыстық қатынастар.Қазіргі заман жастардың рухтық идеалы.Қазіргі заман жастардың рухтық идеалы.Әлемнің біртұтастығы, адам мен қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі.Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өздігінен дамуы. Рефлексия педагогтың өзін-өзі тану механизмі ретінде.Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың өзін-өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде.Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың өзін-өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде.Педагогтың гуманистік ұстанымы оқушылардың өзін-өзі тануы мен дамуының табысты педагогикалық қолдауы негізінде.Өзіндік процестерге педагогикалық қолдау жасау.Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
    • Күтілетін нәтижелер:
    • А. Пәнді оқыту барысында студенттер тұлға қалыптасуының негізгі принциптерін, оның адамгершіліктік-рухани мәселелік мәнділігін түсінігін қалыптастыру.
    • В. Кәсіби қызметте теориялық білімді қалыптастыру, өзін-өзі танудың рөлін түсіну, адамгершілік мәселесінде бағдарлануға үйрену, адам өміріндегі, рухани шынайылық және оның мәнін түсіну.
    • C. Ақпараттық-ізденушілік және талдау-синтетикалық қызмет әдістерін пәндік міндеттерді шешуде қолдану, әлеуметтік, ғылыми және этикалық мәселелер бойынша ойларын айта алу.
    • D. аудитория ерекшеліктерін есепке ала отырып, әртүрлі хабарламалар жайлы ақпарат алу.
    • E. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын жоғарлату және тұлға қажеттіліктерін дамыту, кәсіби өзін-өзі жетілдіру, тәжірибе алу, өз қызметінің перспективасын көру.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: магистр Маханова Б.Р.
  • БД «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі» - 3 несие/5ECTS
    • Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология».
    • Постреквизиттер: «Ересектер физиологиясы және мектептік тазалық», «Этнопедагогика».
    • Мақсаты: бөлек коммуникативті түрлердің білім ерекшелігін тереңдету және ұлғайту саналады; көпдеңгейлі араласу біліміне сүйене отырып, сөз алмасу, пікір алмасу, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамыту. Коммуникацияның ғылыми-теоретикалық негіздерін оқыту, тауар айналымы және қызмет ету бойынша практикалық құндылықтарды игеру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Құкық және экономика негіздерін окыту әдістемесінін ғылым жуйесіндегі орны және оның пәні.Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі курсының дүние-танымдық, әдіснамалық және логикалық негіздері.Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесінің міндетгері, қазіргі жағдайы және жетілдіру бағыттары. Құқықтық және экономикалык пәндерді оқытудың қазіргі тенденциялары. Құқықтық және экономикалық пәндерді оқыту принциптері.
    • Құқық және экономика негіздерін оқыту барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.Құкық және экономика негіздерін оқытуда көрнекілік пен техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі. Құқық және экономика негіздерін оқытуда интерактивті және инновациялық әдістерді пайдалану әдістемесі.Құқық және экономика негіздері оқытуды ұйымдастырудың формасы. Құқык және экономика негіздері сабағы. Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері.Құқық және экономика негіздерін оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану.Оқушылардың танымдық кызметінің белсенді әдістері мен түрлері және психологиялык -педагогикалық негіздері.Құқық және экономика негіздерін оқытуда оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру әдістемесі.Құқық және экономика негіздерін оқыту үрдісінде окушыларды тәрбиелеу.Құкық және экономика негіздері пәнінің қазіргі мұғалімінің тұлғасы.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • А. Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі аймағында білімін көрсету; білім болмысы және құрылымы жөнінде түсінігі болу керек; оқу әдістерін, технологиясын, және құралдарын білуі шарт; мектепте оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастыра білуі қажет.
    • В. Кәсіби іс-әрекетінде педагогикалық технологияларды қолдана білуі керек; тыңдай және түсіндіре білу, дәлелдеу және негіздеу, аргументация жсау және сендіру, келісімге келтіре білу қабілеті болуы керек.
    • С. Сабақ тапсырмаларын шешуде ақпаратты-зерттеу және аналитико-синтетикалық әдістерді қолдану; әлеуметтік, ғылыми немесе этикалық мәселелерде шешім қабылдай және таласқа сала білуі шарт және ғылыми сыни анализ негізінде әлеуметтік процестерді, құбылыстарды және фактілерді интерпретациялай білуі керек.
    • Д. Дәрісхана спецификасын ескере отырып ақпаратты әртүрлі формада жеткізуі шарт; әңгіме, сөйлесу, іскерлік әңгіме, талас-тартыс, полемика, дискуссия, дебат, прения, диспут, дөңгелек үстел, іскерлік жиналыс, командалы іскерлік ойын, пікір-талас өткізе білу.
    • Е. Өзіндік таным, өзіндік шыңдалу және өзіндік даму әдістерін игере білу, өз жұмысы сапасын көтеруге ұмтылу, кәсіби өсуге дайын болу, өзіне ықпал ете білу қабілетін дамыту.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: п.ғ.д, профессор Минжанов Н.А.
  • ПД «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» 2 несие/3ECTS
    • Пререквизиттер: «Философия», «Педагогика», «Жалпы психология», «Тәрбие теориясы».
    • Постреквизиттер: «Тәрбие теориясы», «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Этнопсихология», «Мәдениеттану».
    • Мақсаты: тәрбие жүйесі, оның даму кезеңдері туралы көзқарастардың қалыптасуы, тәрбие жұмысының жан-жақтылығын көрсету, тәрбие ортасы жайында жалпыдүниетанымдық және психологиялық-педагогикалық білімді, тәрбие қызметінің кәсіби-педагогикалық дағдысы мен қабілетін қалыптастыру және оларды кәсіби қызметте жүзеге асыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің кұрамды бөлігі.Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі.Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау.Тәрбие технологиясы - тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элемент!. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі.Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау.Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі.Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.Оқушылардың денсаулык пен салауатты өмір салтына құндылык қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы.Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары.Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы.Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік камтамасыздандыру.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • A.Болашақ педагогтарды қазіргі замаңғы педагогика ғылымын теоретикалық білім негіздерімен, тәрбие аймағы туралы білімдермен, тәрбие процесінің мәні, заңдылықтары, құрылымдары, мазмұны, қазіргі замаңғы педагогикалық технологиялармен, сонымен қатар мектептегі тәрбие жұмыстарының жүзеге асуындағы негізгі міндеттермен, әртүрлі әлеуметтік-мәдени жағдайда тәрбиені тиімді ұйымдастыру қажеттіліктерімен қаруландыру.
    • B. Студенттердің тәрбие мақсаты, әдістері, құралдары және түрлері туралы көзқарастарын жасап шығару.
    • C. Білім ордасындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы, оның құрылымы, әдістері туралы білімін қалыптастыру.
    • D. Қарым-қатынаста дұрыс таңдау жасай білу, педагогикалық әдебиеттер материалдарымен жұмыс жасау.
    • E. Өзіндік жұмыс дағдысын көтеру және тұлғалық және кәсіби дамудағы қажеттілік, тәжірибеден пайдалы нәрсені шығару, өз білімдерімен байланыс орнату және оларды реттеу, өз қызметінен дамуды көру.
    • Жетекші оқытушының аты-жөні: магистр Маханова Б.Р.
  • Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Әлеуметтану, Дүние жүзі тарихы
    • Постреквизиттері: Экономика теориясының негіздері, ҚР кәсіпкерлік құқығы. Микроэкономика
    • Мақсаты: «Кооперативтік қозғалыс тарихы мен теориясы» жалпы білім беру пәніне жатады. Ол қоғамның белгілі қатынастарын зерттейді және студенттерге жан – жақты білім беруге бағатталған. Пән адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси – құқық, мәдени жан – жақты байланыстарын, іс- қимылдар процесімен топтастыруға құралын тигізеді.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Кооперативтік қозғалысының пайда болуы. Кооперацияның әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен мәні. Кооперативтік идеология. Капитализм жағдайындағы кооперативтік қозғалыс. Әкімшілік - әміршілдік экономикалық жағдайдағы кооперативтік қозғалыс. Нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі кооперациялық қозғалыс. ҚР – ғы кооперативтік қозғалыс. Қазіргі заманғы халықаралық кооперативтік қозғалыс.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Білім және түсінік. Кооперативтік қозғалыс тарихын оқу саласында білім мен түсінігін көрсету. Осы пәнді оқыту орта білімнің негізінде іске асырылады. Даярлау бағдарламасы қазіргі заманға сәйкес оқулықтардың, кооператив заңдарының көмегімен іске асырылады.
    • Практикада білімдері мен түсіну қабілеттілігін пайдалану. Өзінің білімі мен түсінігін кәсіптік көзқарасын өз қызметінде қолдана алу. Теория мен практиканың байланысын көрсету. Практикада теориялық білімдерін пайдалану. Теориялық білімдерді кәсіби қызметке айналдыру.
    • Әлеуметтік, ғылыми немесе әдептік мәселелер бойынша пікірлерін білдіру үшін, қажетті деректерді жинау және түсіндіру. Дәлелдемелер мен дәлеледерді құрау. Ақпараттық іздеу қызметін іске асыру. Талдамалы қызметін іске асыру. Сыни талдау дағдыларын меңгеру.
    • Коммуникациялық іскерлік. Әртүрлі аудиторияларда ақпараттық идеяны, мәселелерді көрсетіп айту. Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда көрсету.
    • Жоғары дәрежелі өзіндігі бар оқуды жалғастыру үшін қажет болатын іскерлікті, дағдыларды дамытып, қалыптастыруға қабілетті. Жеке тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіруде қажеттілікті дамыту және өзіндік жұмыстың дағдыларын жетілдіру.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцент Адамбекова С.М.
  • Экономикалық ілімдер тарихы, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих.
    • Постреквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Менеджмент
    • Мақсаты:студенттердің ғылыми дүниетанымын тұтыну кооперациясының болашақ мамандықтарды қалыптастыруға жаңа экономикалық ой-өрісті жэне мәдениетті тәрбиелеу, танып білу процессінің қарама- қарсылықтарын таба білу және оларды шешу жолдарын анықтау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні және әдісі. Ежелгі экономикалық ілімдер. Экономикалық ілімдердің пайда болуы. Классикалық саяси экономияның дамуы. Постмануфактурлық кезеңдегі классиктердің теориясындағы классикалық әдет-ғұрыптың дамуы. «Ескі» тарихи мектеп. Макрсизмнің экономикалық ілімі. Дәстүрлі емес экономикалық теория. Маргинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы. Әлеуметтік ойлардың пайда болуы. Кейнсианство және оның пайда болуы. Институционализм. Ресей және совет оқымыстыларының экономикалық концепциялары. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Экономикалық доктринаның қазіргі замаңғы дамуы. 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы жаңа экономикалық проблемалар.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • саяси экономияны зерттеу, ежелгі ойшылдардың шығармаларындағы экономикалық идеялардан бастап және қазіргі экономикалық ой-пікілермен аяқталған көзқарастарды зерттеу.
    • ғылыми зерттеуде міндеттерді жеке орындау.
    • экономикалық ілімдер тарихын кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.
    • ілімдер тарихының зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.
    • Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруының даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: доцент Сүйіндіков Ж.С.
  • Дінтану, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер:Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих.
    • Постреквизиттері: ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы,Тәрбиешілік жұмыстың теориясы мен әдістемесі, Әлеуметтік менеджмент, Акамеология, Этнопедагогика.
    • Мақсаты: Қазігі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік елбасының дұрыс әлуметтік саясатының нәтижесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеуметтік жұмыс деген не? Осы пікір-таластың негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудаизм. Буддизм. Ерте христианшылдық. Провослав діні. Католицизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Басқа да әлеуметтік - гуманитарлық пәндер мен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.
    • Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарылауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабілеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.
    • Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектілеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі замаңғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.
    • Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
    • Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, оқытушы Тутинова Н.Е.
  • Саяси құқықтық ілімдер тарихы, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер:Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, Саясаттану
    • Постреквизиттері: Адамзат дамуы
    • Мақсаты: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы теория мен доктриналарды, саяси жөне кұқықтық ойлардың негізгі бағыттарын, мемлекет жене құқық теориясы мен философиясы сферасындағы атақты ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін зерттеу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері. Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер. Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытайдың саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы және Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси және құқтық ілімдер. Орта ғасырлардағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. саяси және құқықтық ілімдері Голландия мен Англиядағы ХҮІІ-ХҮШ ғғ саяси және құқықтық. ХҮШ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІІ - XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. I жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХ ғ. саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысындағы - XX ғ. басындағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді оқыту кезінде студенттер саяси құқықтық ілімдер тарихы, дүние жүзі тарихындағы құқық, мемлекет пен сол елдердің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысына тоқталып толық түсініктерді меңгереді.
    • -Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.
    • Көне, орта, жаңа, қазіргі кезең дәуірлеріндегі саяси ойлар мен шығармалар арқылы студенттерге теориялық білім беру. Саяси құқықтық ілімдер тарихы қазіргі жағдайда заңгерлер үшін қажеттті пән болғандықтан ойлар мен теорияларға анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен халықаралық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.
    • -Саяси құқықтық ілімдер тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
    • Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцент Адамбекова С.М.
  • Мемлекет және құқық теориясы, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы
    • Постреквизиттері: Философия, Саясаттану, ҚР еңбек құқығы, ҚР әкімшілік құқығы
    • Мақсаты: мемлекет және құқық туралы базалық білімдер қалыптастыру, кейініректе салалық заң пәндерін меңгеру үшін қажет ілімдер алу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Мемлекет және құқық теорясының пәні және әдістемесі. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және заңдық пәндер жүйесінде. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Мемлекет пен құқықтың негізгі тектері. Мемлекет нысаны. Мемлекет мәні. Мемлекет механизмі (аппараты) және қызметі. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу. Құқықтың түсінігі және мәні. Құқық нормасы. Құқық нысаны (қайнар көздері). Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Құқықтық қатынастар. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау. Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Құқықтағы ақаулықтар. Заңды мінез-құлық. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп. Құқық, тұлға, қоғам. Құқық саласы.
    • Күтілетін нәтижелер: Пәнді меңгеру нәтижесінде тәлімгер білуі тиіс:
    • мемлекет пен құқықтың пайда болу, дамуы мен қызмет ету негіздерін, олармен тығыз байланысты құбылыстар мен үрдістерді білу;
    • әртүрлі тұжырымдар мен білімдерді талдау, жалпы және жекені, артықшылықтары мен кемшіліктерін, қазіргі құқықтық жүйеде қолдану болашағын анықтау;
    • нормативті құжаттармен жұмыс жасаудың тәсілдерін меңгеру; нормативтік-құқықтық актілерді талқылаудың тәсілдерін игеру.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Адильбекова Қ.Қ.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқық тарихы, 3 кредит/5ECTS.
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.
    • Постреквизиттері: Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР азаматтық құқығы.
    • Мақсаты:Студенттерде мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы жайлы, тарихи-практикалық түсінікті қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы.Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар. Манғол шапқыншылығы дәуірінің мемлекеті мен құқығы.Моғолстан мемлекеті мен Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы. Қазақ ордасының құрылуы және дамуы. ХV- ХVIII ғасырлардағы қазақтардың кәдуілгі құқығы. Тауке ханның „Жеті Жарғысы“. Қазақстан Ресей империясының құрамында. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылысы және құқық жүйесі.Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық.Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік- саяси және құқықтық жағдай. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік- құқықтық даму.Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік- құқықтық дамуы Қазіргі кездегі Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігі.
    • Күтілетін нәтижелер:- Пәнді оқыту кезінде студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихы пәнінен қазақ елінің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік өзгерістеріне тоқталып толық түсініктерді меңгереді.
    • -Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.
    • Тәуке ханның, Шыңғыс ханның, Кеңестік Конституциялардың, Реформалар мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихының қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен ҚР Конституциялық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.
    • -Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
    • Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы., доцент Адамбекова С.М.
  • ҚР Конституциялық құқығы, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы.
    • Постреквизиттері: Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР азаматтық құқығы.
    • Мақсаты: конституциялық құқықтың аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері туралы, ҚР конституциялық дамуы, мемлекет және қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі және қызметі туралы, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы туралы студенттердің фундаменталды түсінігін қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • ҚР Конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және тәсілдері; ҚР Конституциясы – мемлекет пен қоғамның негізгі заңы; ҚР Конституциялық құрылысының негіздері; ҚР адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері; ҚР қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері; Қазақстан Республикеасының сайлау құқығы және сайлау жүйесі; Республикалық референдум; ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Парламенті депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі; ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі; Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау; Қазақстан Республикасында соттар билігінің конституциялық негіздері; ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың конституиялық-құқықтық негіздері.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді оқу барысында студент:
    • Қазақстанның тарихи кезеңдеріндегі мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуын, ҚР мемлекеттік механизмінің ерекшеліктерін түсіну, адам және азаматтың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекет органдарының ұйымдастырылу және қызметінің құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет;
    • пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану;
    • Конституция және өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;
    • Болашақта заңгер ретінде азаматтар, лауазымды тұлғалар және мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін қалыптасқан дағдыны қолдану ;
    • -заңдық құжаттарды құрастыруды және рәсімдеуді білу (жергілікті өкілді органдардың қаулылары, үкімдері және т.б.)
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Төлеубеков А.Т.
  • Шетелдердің конституциялық құқығы, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Дүниежүзілік тарих
    • Постреквизиттері: Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР Еңбек құқығы, ҚР азаматтық құқығы.
    • Мақсаты: аталмыш курсты оқып-үйретудің мақсаты - студенттердің жалпы және кәсіби білім алуы үшін қажетті жалпы теориялық білімдер кешеніне ие болу. Шет елдердің Конституциялық құқығы пәнін студенттердің терең меңгеруі, мемлекеттік құқықтық институттардың, саяси құқықтық идеялардың және жалпы теориялық көзқарастардың пайда болуы мен дамуының жалпы мәселелері, құқық теорияларының білімінсіз мүмкін емес.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Шетелдердің конституциялары. Шетелдердегі басқару нысандары. Шетелдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер. Шетелдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері. Шетелдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері. Шетелдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі. Шетелдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі. Шетелдердегі Үкімет. Шетелдердегі сот билігінің конституциялық негіздері. Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары. АҚШ-тың конституциялық құрылымы. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді оқу барысында студент:
    • Шетелдердің Конституциялық құқықтың қазіргі өзекті мәселелерін білуі қажет. Шетелдердің конституциялық құқығы нормаларын талқылау әдістерін игеруі, саяси жүйе институттарын, парламент және үкімет арасындағы қатынас түрлерімен танысуы қажет және тәжірибе барысында ұтымды заңға сәйкес шешімдер қабылдай білуі тиіс;
    • -тәлімгер шетелдердің конституциялық құқығы аясында оқытылатын басқару жүйесін, парламенттің түрлерін, үкімет және сот жүйесін үйреніп келешекте құқықтық және азаматтық мемлекетті қолдануға үйренеді;
    • пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану. Шетелдердің конституциялық құқығын оқу заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың азаматтық-құқықтық дәрежелермен ойлануға, азаматтық заңдылық тәртібін орнатуға жәрдемдеседі. Тәлімгерлер Шетелдердің конституциялық құқығын құқықтық реттеудің пәнін құрайтын, мазмұны бойынша әр түрлі қатынастарды реттеудің ерекшеліктерімен танысады;
    • нормативті актілерге сүйене отырып Шетелдердің конституциялық – құқығының институттарына сипаттама (мінездеме) беруді үйренеді;
    • Шетелдердің Конституциялары мен аса маңызды конституциялық актілер конституционализм идеяларын қабылдаған мемлекеттер үшін аса зор маңызға ие, олар негізгі саяси -құқықтық институттар және биліктердің бөліну тетігіндегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі олардың ролі мен олардың конституциялық құқығы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Д.К. Есенов
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері, 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, ҚР конституциялық құқығы
    • Постреквизиттері: Саясаттану, Құқық негіздері, Әлеуметтану, Философия
    • Мақсаты: Студенттер қазіргі замандағы сыбайлас жемқорлықтың дамуы мен таралу жайында хабардар ету, сондай-ақ бұл қарқын қоғамның барлық қатынастарына әсерін тигізуі мен жағымсыз тұстарын көрсету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Сыбайлас жемқорлықтың түсінігі мен мінездемесі. Сыбайлас жемқорлықтың этикалық және типтік сипаттамалары және оның таралу орталары. Сыбайлас жемқорлық адам құқығын бұзушы фактор ретінде. Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздігінің қатері. Сыбайлас жемқорлықты жоюдағы сот жүйесінің маңыздылығы. Сыбайлас жемқорлық және кедейшілік. Сыбайлас жемқорлықтың тікелей шетел инвестициясына әсері. Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі заматтық қоғамның ролі. Жергілікті басқару органдарының қызметінің шынайылығы. Саяси партиялардың шынайы қызметін қамтамасыз ету. ҚР корпоротивтік басқарудың даму қағидалары. БАҚ-дың сыбайлас жемқорлықпен күресудегі ролі.
    • Күтілетін нәтижелер:студент меңгеруі қажет:
    • жемқорлықпен күреске бағытталған іс-әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерін құра алуы;
    • жемқорлыққа негізделген құқық бұзушылықтарға назар аудару;
    • жемқорлық қылмыстарға қарсылықта азаматтық позицияны ұстану;
    • жемқорлыққа қарсы заңдылыққа негізделу;
    • жемқорлықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының ортасына негізделу;
    • жемқорлық іс-әрекетке барудың жағдайлары мен нәтижелерін бағалау;
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: PhD докторы Қаржасова Г.Б.
    • Сыбайлас жемқорлыққа күрес: құқықтық және экономикалық аспектілер,
  • 2 кредит/3ECTS
    • Пререквизиттер: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, ҚР конституциялық құқығы
    • Постреквизиттері: Саясаттану, Құқық негіздері, Әлеуметтану, Философия
    • Мақсаты:профильдік құзыреттілікті меңгеру. Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйелерінің модернизациясын алдын-алудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін білу. Бұл аталған құрылымның әлеуметтік-экономикалық нәтижелігін мәнді түрде көтеруге тиісті.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:Жемқорлық түсінігі мен криминологиялық мәні. Таратылу аймағындағы жемқорлықтың типологиялық және этикалық мәндері. Жемқорлық адам құқықығын бұзушы фактор ретінде. Жемқорлық мемлекеттік қауіпсыздікке қатер ретінде. Соттық жүйенің жемқорлықты жоюдағы рөлі. Жемқорлық және кедейшілік. Жемқорлықтың шетелдік инвестициялар көлеміне тікелей ықпалы. Азаматтақ қоғамның жемқорлықпен күрестегі рөлі. Жергілікті басқару органдарының іс-әрекеттерінің көрнекілігін қамтамасыз ету сұрақтары. Саяси партиялар іс-әрекеттерініңкөрнекілігін қамтамасыз ету сұрақтары. ҚР ұжымдық басқарудағы принциптердің дамуы. БАҚ жемқорлықпен күрестегі рөлі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • жемқорлықпен күреске бағытталған іс-әрекеттердің мақсаттары мен міндеттерін құра алуы;
    • жемқорлыққа негізделген құқық бұзушылықтарға назар аудару;
    • жемқорлық қылмыстарға қарсылықта азаматтық позицияны ұстану;
    • жемқорлыққа қарсы заңдылыққа негізделу;
    • жемқорлықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органдарының ортасына негізделу;
    • жемқорлық іс-әрекетке барудың жағдайлары мен нәтижелерін бағалау;
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: з.ғ.к., доцент Косжанов А.С.
  • Микроэкономика, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы, Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы, Экономикалық теория негіздері
    • Постреквизиттері: Макроэкономика, Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
    • Мақсаты:үй шаруашылық, фирмалар салалар деңгейіндегі экономиканың қалыптастыру механизмін түсіндіру үшін, сонымен қатар мемлекеттік саясатты жүргізудің зардаптарын талдау туралы студенттерге ұқыптылықпен түсіндіру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайында фирмалардың әрекеті. Олигополия жағдайында фирманың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • - Студенттер микроэкономика теориясының пәні, методологиясын, жеке және нарықтық сұраныстар, нарықтық бәсеке, сұраныс қисығы, ұсыныс қисығы, тепе-теңдік жағдайында болатын нарықты зерттеп және т.б. экономикалық сұрақтарды білу керек.
    • - Микроэкономика теориясының мәліметті, олардың құру принциптері туралы және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану ұсынылатын талаптарды, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.
    • - Микроэкономика жеке дербес экономикалық субъектердің ұтымды мінез-құлқы туралы мәселелерді зерттейді, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет.
    • - Студент меңгерген білімін реттелінетін жеке дербес кәсіпкерлердің іс-әрекеттері мен қабылдайтын шешімдерін зерделейді, заң қызметкерлеріне, коммерциялық серіктес-терге, компанияның басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек.
    • - Микроэкономика курсы бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы ролін білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Букатов Е.Б.
  • Әлеуметтік саладағы микроэкономика, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы, Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы, Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтану
    • Постреквизиттері: Макроэкономика, Кәсіпкерлік қызметтің негіздері, Адамзат дамуы
    • Мақсаты:әлеуметтік саладағы жеке таңдау және экономикалық субъектілердің шешім қабылдауындағы механизмдерді, мінез-құлық факторларына әсер ететін әлеуметтік саладағы микроэкономикалық өзгерістер арасындағы себеп-салдар байланысын оқыту.
    • Модульдің мазмұны:Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі. Тұтынушы тәртібінің теориясы. Өндіріс және шығындар теориясы. Пайданы максимизациялау және бәсекелік ұсыныс. Таза монополия және монополиялық билік. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау. Олигополия: үлгілер және баға қалыптастыру стратегиясы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру. Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы. Капитал және жер ресурстарының нарығы: баға қалыптастырудың ерекшелігі. Сыртқы әсерлер теориясы. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Студенттер оқытылатын пәннің мәнін, міндеттерін, әдістері мен мақсаттарын және оның басқа пәндермен байланысын, алға қойылған мәселелерді түсініп білу керек, микроэкономикалық және туристік қатынастар арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарды нақтылауды білуі қажет, микроэкономикалық қатынастарда жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлқы үлгісін талғауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру қажет.
    • Микроэкономиканың әдістемелік және тәсілдік аппараттарын меңгеріп, оларды микроэкономикалық жағдайлар мен құбылыстарды талдай отырып, өздерінің кәсіби қызметтерінің барысында және тәжірибеде ұтымды шешімдер қабылдау қажет.
    • «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, микроэкономикалық өзгермелер арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарлы байланыстар мәселелерін шешу жолдар жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет.
    • Студент меңгерген білімін әлеуметтік салада жұмыс істейтін қызметшілерге, коммерциялық серіктестіктерге, фирмалар мен компаниялардың басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек.
    • «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» пәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіру және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: э.ғ.к., доцент Жанбекова З.Х.
  • Әлеуметтік ауытқулар , 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер:Әлеуметтану, Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
    • Постреквизиттері: Психодиагностика негіздері, Акмеология, Адамзат дамуы
    • Мақсаты:студенттерді әртүрлі әлеуметтік ауытқулар түрлерінің пайда болу себептерімен, сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерлер қатысуымен өтетін профилкатикалық шаралар тиімділігінің қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Профилактикалық шаралар құрамына бірнеше шаралар кешені, дені сау адамдардың жоғары деңгейін, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету жатады.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • «Әлеуметтік ауытқулар» түсінігі. Стресс және депрессиялар. Агрессивті жүріс-тұрыс. Қылмыстылық. Дедовщина - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы және балаларға зорлық мәселесі. Урбанизация мәселесі. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде. Қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі. Жезөкшелік әлеуметтік мәселе ретінде. Суицид әлеуметтік мәселе ретінде. ВИЧ/СПИД: мәселенің әлеуметтік аспектісі. Адамзаттық трафик және құлдық. Діни экстремизм. Коррупция негативті әлеуметтік құбылыс ретінде
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Әлеуметтік ауытқулар дамуы және пайда болуының себептерін меңгеру;
    • Әлеуметтік ауытқу түрлерімен танысу;
    • Әлеуметтік ауытқулар профилактикасының әдістері, принциптерімен танысу;
    • Әлеуметтік- ауытқулар құбылыстарымен жұмыс технологиясын игеру;
    • Әлеуметтік ауытқулар себептерін басқару.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
  • Басқару психологиясы, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер:Әлеуметтану, Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, Психология және адам дамуы, Өзін-өзі тану
    • Постреквизиттері: Психодиагностика негіздері, Акмеология, Жалпы және әлеуметтік психология
    • Мақсаты:Экономика және құқық негіздері, Экология мамандықтарының психологиялық құндылықтары мен стандарттарын игеру болып табылады. Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы, яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Адам, жеке адам, даралық, индивид. Қабілет, зейін, түйсік. Ойлау, сөйлеу. Басқару психологиясының теориялық негіздері. Басқару процесiнiң мазмұны және негiзгi сипаттамалары. Сыртқы ортаны бағалау және талдау. Мақсатты анықтау процесi және басқару процесiнiн типтерi. Басқару - адамдардың кәсiптiк қызметi. Психологиялық менеджменттің психология саласы болып қалыптасуының теориялық негіздері.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлін, іскерлік қатынастар этикасы мен психологиясын игеруі;
    • Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;
    • Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу, психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері мен әдістемелік позициясын анықтау;
    • Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;
    • Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.
  • Педагогика тарихы, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Әлеуметтану
    • Постреквизиттері: Этнопедагогика, Салыстырмалы педагогика, Педагогикалық шеберлік негіздері
    • Мақсаты:Қазақстан тарихы курсы пәні және міндеттері. Қазақстан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы орны мен маңызы. Қазақстан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу негіздері, Қазақстан тарихының деректері туралы жалпы түсінік және оны зерттеу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Шетелдегі мектеп пен педагогикалық ой. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Шығыс мемлекеттерінде тәрбие және педагогикалық ойдың пайда болуы.
    • Антикалық дүниедегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ой.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі, Батыс Европадағы тәрбие, мектеп пен педагогикалық ой. Батыс Еуропа елдері және Солтүстік Америкадағы тәрбие, мектеп және педагогика.
    • ХХ ғасырдағы шет елдердегі педагогика мен білім беру жүйесі. Ресейтарихындағытәрбие, мектепжәнепедагогикалықой. Кеңес дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым (1917-1991 ж.ж). Кеңес мектебі мен педагогикасы (1980-1991 жж.). Қазақстандағы тәрбие мен педагогикалық ой және мектеп (VI-ХХғ.ғ.) Орта ғасырлардағы Қазақстандағы тәрбие, оқыту және педагогикалық ой (VI-ХVII ғ.ғ.. )ХVIIIғ. - ХIХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы мектеп пен педагогикалық ой. ХIХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның педагогикалық ғылымы және білім беру жүйесі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді оқыту кезінде студенттер мұрағат құжаттарын, тарихи педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пікірлерді, идеяларды, теориялар мен тәжірибелерді жүйелеу негізінде ғылыми-тарихи ақпаратттар жинастыруды, оларды өзара байланыстарындағы заңдылықтарын, қарым-қатынастарын айқындауды қамтамасыз етуі;
    • -Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға дұрыс түсіне білуге дағдылануы;
    • -Студенттер тарихи-теориялық зерттеу әдістері тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін тарихи-теориялық тұрғыдан талдай отырып, қазіргі кездің өзгерістеріне тоқталып толық түсініктерді меңгеруі;
    • -Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарына анализ жасау, осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеу мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет;
    • -Жас ұрпақтарға тәрбие мен білім берудегі дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттыру, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын таныту, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т.б. игерту.
    • -Студенттердің тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілігі.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр., оқытушы Тусупова Г.Н.  
  • Жалпы және әлеуметтік педагогика, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Әлеуметтану
    • Постреквизиттері: Этнопедагогика, Салыстырмалы педагогика, Педагогикалық шеберлік негіздері
    • Мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Кіріспе. Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие – қоғамдық құрылыс ретінде. Біртұтас педагогикалық үрдіс: негізі, ұйымдастыру формалары, жүзеге асыру әдістері. Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда (социумда) дамыту. Әлеуметтік тәрбие. Әлеуметтендіру және оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар. Балалықтыәлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде. Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Жалпы және әлеуметтік педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру;
    • Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестерді қазiргi таңда білу және оны қажет уақытта тиімді қолдану;
    • Жалпы және әлеуметтікпедагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп,осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.
    • Жалпы және әлеуметтік педагогика оқуда тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс;
    • Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы
    • Постреквизиттері: Философия, Саясаттану, Макроэкономика
    • Мақсаты: студенттердің нарықтық экономика жағдайындағы ел экономикасының әрекет ету механизмін зерттеу негізінде экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің теоретикалық аспектілері, экономиканы ақша–несиелік реттеудің негізгі механизмдері қарастырылып, студенттердің дағдысын қалыптастыру барысында маңызды рөл атқарады.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы. Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері. Экономиканы ақша – несиелік реттеудің негізгі механизмдері. Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары. Ғылыми – техникалық прогрестің бағыттары және оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру және жүзеге асыру механизмдері. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі. Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Пәнді игеру нәтижесінде студент:
    • Ғылыми көзқарас тұрғысынан экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге, жоғарғы кәсіби білім алудың жалпы білім беру стандартында болатын мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша маман түлектер үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу;
    • Теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік және жергілікті басқару формаларының маңыздылығын түсіну;
    • Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс-әрекетте экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу;
    • Заңнамалы құқықтық және экономикалық әдебиеттен ақпаратты сапалы жинау қажеттілігі туралы әр аймақ көрінісін ескере отырып, түрлі мәселелерді шешу әдістері, жалпы ел экономикасын талдау мен болжамдау дағдыларын дамыту;
    • Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуға деген қажеттіліктің болуы, экономиканы мемлекеттік реттеу саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: э.ғ.к.,профессор Шумеков З.Ш.
  • Әлеуметтік саланы реттеу, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы
    • Постреквизиттері: Философия, Саясаттану, Макроэкономика
    • Мақсаты: әлеуметтік саланы реттеудің бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін шешуде теориялық және әдістемелік негіздерін қолдана білу, кәсіптік қызметі үшін сапалы білімнің қалыптасуы.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Әлеуметтік саланың объективті қажеттілігі және мәні. Әлеуметтік саланың негізгі түсініктері және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың негіздері мен механизмдері. Әлеуметтік саланы реттеудің салалық ерекшеліктері. Әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау. Нарық жағдайында адамзат капиталы дамуының әлеуметтік аспектілері. Әлеуметтік сала дамуының негізгі модельдері. Халықтың өмір деңгейін болжамдау және мемлекеттік реттеу. Еңбек нарығы мен халықтың жұмысбастылығын мемлекеттік реттеу. Әлеуметтік инфрақұрылым дамуының аймақтық мәселелері. Әлеуметтік саланы дамыту мен жетілдірудің потенциалды мүмкіндіктері. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әлеуметтік саланың реттелуі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Қазақстанда мемлекеттік органдардың әлеуметтік ортадағы мәселелерді шешудегі ролін түсіну. Әлеуметтік ортадағы мемлекеттік реттеудегі ерекшеліктерін үйрену. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі әлеуметтік ортаны ретеудегі ерекшеліктерін түсініп білу дағдысына ие болу;
    • Әр саланың ерекшеліктерін анықтау және әлеуметтік ортаның моделі бойынша жасалатын ғылыми-теориялық жұмыстарды студент өзінің кәсіби қызметінде және тәжірибеде қолдануы қажет;
    • Әлеуметтік саланы реттеу, ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, «мемлекет пен әлеуметтік сала» қатынастарын тиімді басқару мәселелерін шешу жолдары жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет;
    • Студент меңгерген білімін заң қызметкерлеріне, кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекетік органдардың қызметкерлеріне, әлеуметтік мекемелердің басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек. Айтарлықтай өз коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту қажет;
    • Әлеуметтік саланы реттеупәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы рөлін білуді және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылатуы керек.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Юсупов М.Т.
  • Менеджмент, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы
    • Постреквизиттері: Микроэкономика, Макроэкономика, Маркетинг, Әлеуметтік менеджмент, Білім беру жүйесіндегі менеджмент
    • Мақсаты: басқару туралы білім кешенін қалыптастыру, басқару ісінің әр түрін жүзеге асырудың нақты тәжірибесін шығару, басқару жүйесін талдау және оларды жобалау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Басқаруды ұйымдастыру. Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникациялар. Менеджменттегі басқару шешімдері. Рыноктық экономикадағы басқару жүйесінің әдістері. Жоспарлау және ұйымдастыру менеджмент функциялары ретінде. Менеджменттегі мотивация. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Адам қызметін басқару және топты басқару. Жетекшілік, билік және лидерлік. Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару. Фирманың кадрлық саясаты. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті. Өнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • - Менеджменттің әдістемесі және мәні мен оның фирманы басқару жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу;
    • - Фирмада менеджментті қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану;
    • - Менеджментті кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу;
    • - Менеджментті зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану;
    • - Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы менеджменттің даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: PhD докторы Орынбасарова Е.Д.
  • Менеджмент теориясы және практикасы, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Экономикалық ілімдер тарихы
    • Постреквизиттері: Микроэкономика, Макроэкономика, Маркетинг, Әлеуметтік менеджмент, Білім беру жүйесіндегі менеджмент
    • Мақсаты: Басқару іс-әрекетінің түрлерін, басқару жүйесін сараптау және жобалауды жүзеге асыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Басқару ғылымының пәні мен әдісі. Басқарудағы жүйелік дағдының негізі. Менеджмент басқару жүйесі мен түрі ретінде. Ұйымдастыру түсінігі мен түрлері. Ұйымдастыру миссиясы. Ұйымдастырудың ішкі ортасы. Сыртқы орта және оның ұйымдастыруды құрудағы әсері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы мен басқарудың нормасы. Әрекеттестіктің және өкілдіктің ұйымы. Басқару әдістерінің мазмұны мен классификациясы. Басқарудың экономикалық әдістері. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері. Басқарудың таратушы-ұйымдастырушылық әдістері. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникация. Басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыру. Менеджмент қызметінің классификациясы. Басқару: билік, әсер ету және әріптестік. Қақтығыстарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару. Көшбасшылық: басқару стилі және менеджердің имиджі.
    • Күтілетін нәтижелер: теоретикалық білімдерін практикада қолдана білу және кәсіби міндеттерді орындау кезінде олардың ролі мен мақсатын түсіну; дәлелерді зерделеп, ізденіс, сараптау және жүйелеу арқылы шешім қабылдай алу; ақпаратты түрлі хабарламалар ретінде көрсетіп, топпен байланыста болып, жұмыс атқару, өзінің көзқарасын қорғай алу, шешім қабылдай білу.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, оқытушы Зулхарнай А.Н.
  • Әлеуметтік саясат, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Әлеуметтану, Менеджмент
    • Постреквизиттері: Қақтығыстану, Адамзат дамуы
    • Мақсаты:әлеуметтік саясат қазіргі қоғамдардың маңызды мүдделері жайлы және қазіргі мемлекеттердің іс-әрекетінің негізгі маңыздылығын, әлеуметтік саясаттың рөлін анықтау негізінде әлеуметтік қызметкерге осы білімді толықтай жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Әлеуметтік саясат қоғамдық теория және тәжірибе ретінде. Әлеуметтік саясаттың мазмұны, мақсаты мен негізі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік трансформация және әлеуметтік қауіпсіздік. Әлеуметтік саясаттың объектісі, субъектісі және принциптері. Халықтың кіріс саясаты. Еңбек және еңбектік қатынастар саласындағы саясат. Демография мәселелері және демографиялық саясат. Еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдау және қорғау. Әлеуметтік салалардың дамуы және мемлекеттік саясат. Көмек қажет ететін адамдарға әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қаржы және кадр жағынан қамтамасыз етілу мәселесі. Әлеуметтік саясатты ақппараттық қамтамасыз етіу. Әлеуметтік саясаттағы әлеуметтік серіктестік. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы шет елдердің тәжірибесі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Әлеуметтік саясаттың мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, принциптерін және категорияларын, әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерімен байланысын зерттеу болып табылады; әлеуметтік жұмысты қоғамдық құбылыс ретінде білімді тереңдету және оның әлеуметтік саясатпен байланысын анықтау; әлеуметтік болжамға және жоспарлауға қажетті қабілеттерді дамыту.
    • Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік саясат» курсын меңгеру кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағытын, елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығын, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алғанын білуі тиіс.
    • Осы пәнді оқытудың нәтижесінде келешек әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асуындағы қажетті шараларды,бағыттарын, механизмдері туралы білімді толық меңгереді.
    • Курстың мақсаты: әлеуемттік саясат және оның құралдарын меңгеру келешек мамандарға қоғамның әлеуметтік дамуы қандай жолдар арқылы жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны туралы білім береді.
    • Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б. Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі болғандықтан білу қажет.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, оқытушы Тутинова Н.Е.
  • Әлеуметтік менеджмент, 3 кредит/5ECTS
    • Пререквизиттер: Әлеуметтану, Менеджмент
    • Постреквизиттері: Қақтығыстану, Адамзат дамуы, Білім беру жүйесіндегі менеджмент
    • Мақсаты:әлеуметтік менеджмент қазіргі қоғамдардың маңызды мүдделері жайлы және қазіргі мемлекеттердің іс-әрекетінің негізгі маңыздылығын, әлеуметтік менеджменттің рөлін анықтау негізінде әлеуметтік қызметкер осы білімді толықтай жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Әлеуметтік менеджмент қоғамдық теория және тәжірибе ретінде. Әлеуметтік менеджмент мазмұны, мақсаты мен негізі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік трансформация және әлеуметтік қауіпсіздік. Әлеуметтік менеджмент объектісі, субъектісі және принциптері. Халықтың кіріс саясаты. Еңбек және еңбектік қатынастар саласындағы саясат. Демография мәселелері және демографиялық саясат. Еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдау және қорғау. Әлеуметтік салалардың дамуы және мемлекеттік саясат. Көмек қажети ететін адамдарға әлеуметтік менеджмент. Әлеуметтік менеджмент жүзеге асырудағы қаржы және кадр жағынан қамтамасыз етілу мәселесі. Әлеуметтік менеджменттің ақппараттық қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік менеджмент әлеуметтік серіктестік. Әлеуметтік менеджмент жүзеге асырудағы шет елдердің тәжірибесі.
    • Күтілетін нәтижелер: Әлеуметтік менеджмент мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, принциптерін және категорияларын, әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерімен байланысын зерттеу болып табылады; әлеуметтік жұмысты қоғамдық құбылыс ретінде білімді тереңдету және оның әлеуметтік менеджментпен байланысын анықтау; әлеуметтік болжамға және жоспарлауға қажетті қабілеттерді дамыту.
    • Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік менеджмент» курсын меңгеру кезінде мемлекеттің әлеуметтік менеджмент әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағытын, елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығын, әлеуметтік менеджментте тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алғанын білуі тиіс.
    • Осы пәнді оқытудың нәтижесінде келешек әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік менеджменттің жүзеге асуын қажетті қандай шаралар,бағыттарын, механизмдегі туралы білімді толық меңгереді.
    • Курстың мақсатыәлеуеттік менеджмент және оның құралдарын меңгеру келешек маманманға қоғамның әлеуметтік дамуы, қандай жолдар арқылы жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны туралы білім береді.
    • Дамыған елдердің әлеуметтік менеджмент жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі болғандықтан білу қажет.
    • Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: PhD докторы Орынбасарова Е.Д.

Тәжірибе түрі.

Оқу тәжірибесі. Педагогикалық тәжірибе.

Курс:1

Мақсаты: студенттердің тәрбие-оқу жұмыс процесі туралы көзқарастарын қалыптастыру; жалпымәдени және кәсіби біліктіліктің дамуы.

Күтілетін нәтижелер:

  • педагогикалық қызметке кәсіби қызығушылықты қалыптастыру;
  • студенттердің педагогикалық процесс туралы толық көзқарастарын қалыптастыру;
  • оқытушы еңбегінің ерекшелігімен таныстыру (педагогтың функциялары мен кәсіби міндеттері, қызметін ұйымдастыру, документацияны талдау және оны еңгізу тәртібі).

Тәжірибе түрі. Психологиялық-педагогикалық тәжірибе.

Курс: 2.

Мақсаты: студенттерді полимәдени ортада білімнің психологиялық-педагогикалық негізімен қамтамасыз ету, оқу-білім ортасында баланың психологиялық-педагогикалық дағдыларын қалыптастыру; студенттерді тәжірибелік қызметке жұмылдыру, оқу-білім процесінің психологиялық-педагогикалық негізімен қамтамасыз ету үшін қажет кәсіби шеберлік пен дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • орта кәсіби, арнайы білім беру бойынша мемлекеттік стандартпен психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша оқу жоспарымен, оқу процесі графигімен, типтік, оқу, жұмыс бағдарламаларымен таныстыру;
  • әртүрлі сабақтан тыс танымдық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуді үйрену;
  • психологиялық-педагогикалық және әдіснамалық әдебиеттерді талдай білу,
  • кеңейте білу, тақырып бойынша материалды жіктеу және синтездеу,
  • студенттердің креативтілігін дамыту.

Тәжірибе түрі.

Оқу тәжірибесі. Педагогикалық тәжірибе.

Курс: 3-4

Педагогикалық тәжірибе студенттердің кәсіби және азаматтық санасын тексерудің бір түрі, және олардың педагогикалық қызметке дайындығын да, оларға ортақ білім беру саласының тұжырымдамаларын білу және түсіну, оның орындалу тәсілін тексеру болып табылады

Оған қоса педагогикалық тәжірибе білім мен ептіліктің игерілу деңгейін анықтай алады, мәдениеттің ортақ деңгейі, студенттердің біліктілігі мен қызуғышылығының кеңдігі, психологиялық және методикалық сауаттылықтың тереңдігі, оқу-тәжірибелік процессті талдауға арналған педагогикалық тапсырмалардың шарттарының нақты және маңызды шешімдері мен құрылымы.

Педагогикалық тәжірибе барысында тек бар материалды игеру мен бекіту ғана емес, сонымен қатар студенттердің өзіндік педагогикалық қызметінде алынған психология, педагогика және жеке әдістер жаңа білімдер жиынтығының қалыптасу

Күтілетін нәтижелер:

  • Жауапкершілікті білікті орындау үшін психологиялық және педагогикалық жүйенің оқытылуын игеру, білу.
  • Тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған оқу-тәжірибелік процессті ұйымдастырып және орындап игеру.
  • Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің арасында қарым-қатынас орната білу: педагогикалық насихат жүргізу, отбасыларға көмек көрсету, отбасылық пен қоғамдық тәрбиенің бірлігіне талпыну,
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттердің қызуғышылығы оларға педагогикалық және арнайы ғылымдарының зерттеу әдіс-тәсілдерін уйрету, Оқыту мен тәрбиелеудің ең эффективті әдістерін әздестіру.

Тәжірибе түрі.

Өндірістік (педагогикалық). Дипломалды.

Курс: 4

Мақсаты: Оқу іс-шарасын игеру және студенттердің шынайы кәсіби қызметіне үйлестіріп дайындау, педагог-психолог мамандығы туралы адекватты түрде ойлау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, заңдылықтардың тәжірибелік танымы және кәсіби педагогикалық қызметтің принциптері және олардың білім беру процесі мен тәрбие беруде жүзеге асуы.

Дипломалды тәжірибесінің мақсаты студенттердің кәсіби білімдерін тереңдетуден, болашақ кәсіби қызмет шеберліктерін, дағдыларын, жеке қасиеттерін қалыптастырудан, ұжымда ұйымдастыру жəне тəрбие жұмысы тәжірибесіне ие болудан тұрады. Тәжірибенің негізгі мақсаты - таңдалған тақырып бойынша бітіруші білікті (дипломдық) жұмысты дайындау және жазу үшін материалдар жинау.

Күтілетін нəтижелер:

  • студенттердің оқу-танымдық, еңбек, қоғамдық, табиғатты қорғау, денсаулықты сақтау, ойын және басқа да қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асырудың әр түрлі әдістері мен түрлерін қолдану шеберлігі;
  • студенттердің даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқу және тәрбие жұмыстары аясында жеке қатынас жасауды жүзеге асыру;
  • педагогикалық процесс жағдайының педагогикалық диагностикасын анықтау;
  • студенттердің, педагогтардың және өзінің жеке қызметтерінің нәтижелерін бағалау;
  • ұжымда кәсіби, ұйымдастырушылық, тәрбие жұмысы бойынша тәжірибелік дағдыларын, білімдерін және шеберліктерін дамыту;
  • өз кəсіби қызметін жəне әріптестердің қызметін талдай жəне бағалай алу қабілеті;
  • халыққа қызмет көрсету бойынша психологиялық-педагогикалық әдістер мен технологияларды игеру;
  • дипломдық жұмыс бойынша материалдарды жинақтау, жалпылау және жүйелеу.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus