Қарағанды экономикалық университеті - Еуропалық университеттердің Ұлы хартиясына қол қойған қазақстандық университеттердің бірі. Біз бірқатар халықаралық ұйымдар, соның ішінде: Халықаралық университеттер қауымдастығы, Еуропалық университеттер қауымдастығы, EdNet білім беру мекемелерінің қауымдастығы, ТМД елдерінің біріккен университеттері кеңесі, Ресей заң университеттері қауымдастығы, Жібек жолы елдерінің университеттері мен консалтингтік компаниялар қауымдастығының мүшесіміз. Қарағанды экономикалық университеті Қазақстандағы халықаралық ұйымдармен және олардың өкілдіктерімен белсенді жұмыс істейді. Атап айтқанда, Еуропалық Одақтың Erasmus + бағдарламасы, Германия академиялық алмасу қызметі (DAAD), Британдық Кеңестің «Ньютон Аль-Фараби» әріптестік бағдарламасы. Біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық географиясы жыл сайын кеңеюде, бұл академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер және халықаралық бағдарламаларға қатысты |