|

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдіктері
Білім беру ұйымдарымен, жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен және әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Астана, Павлодар және Қостанай қалаларында орналасқан өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асырады.
Өкілдіктер университеттің атынан әрекет етеді және тиісті өңірлерде университеттің мүдделерін танытатын бөлімшелері болып табылады. Олардың қызметі ынтымақтастықты дамытуға, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге, университеттің білім беру бағдарламаларын ілгерілетуге және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Университет өкілдіктері келесі функцияларды орындайды:
✓ қызмет аймағында университеттің мүдделерін танытады;
✓ мектептер, колледждер және өзге де білім беру ұйымдарының түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді;
✓ талапкерлер мен олардың ата-аналарына университетке түсу, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары және университеттің академиялық мүмкіндіктері мәселелері бойынша кеңес береді;
✓ бірлескен білім беру, ғылыми, мәдени және кәсіптік бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады;
✓ жұмыс берушілермен серіктестік қатынастарды дамытуға, білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыруға және түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге ықпал етеді;
✓ университеттің білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларын және халықаралық бастамаларын ілгерілетуге атсалысады;
✓ өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді және білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді;
✓ университет қызметін ақпараттық сүйемелдеуді және оның білім беру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді;
✓ университет берген өкілеттіктер шегінде өзге де өкілдік функцияларды орындайды.
Өкілдіктердің қызметі университеттің өңірлердегі ұстанымын нығайтуға, білім беру және кәсіби қауымдастықпен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға, кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасын арттыруға және болашақ студенттердің білім алу, ғылыми өзара іс-қимыл және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
 |
|
Астана қаласындағы өкілдіктің директоры Ашляев Серік Сопыжанович
Мекенжайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 60, ВТК ғимараты, 1-қабат, 13А, 15 кабинеттер.
Телефоны: 8 (7172) 372442
Электрондық мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
 |
|
Павлодар қаласындағы өкілдіктің директоры
Сағайдақ Евгений Александрович
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ермахан Бекмаханов көшесі, 115/2 (бұрынғы Киров көшесі, Н.
Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің қиылысы – Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің ғимараты).
Байланыс телефондары: 8 (7182) 62-20-17; 54-40-60; 777-332-36-76
Электрондық мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
 |
|
Қостанай қаласындағы өкілдіктің директоры
Бисимбаева Диана Валерьевна
Мекенжайы: 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99
Байланыс телефондары: 8 (7142) 56-82-61; 39-43-17; 777-332-36-76
Электрондық мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
|