АВТОРЛАРҒА АҚПАРАТ

«Қарағанды экономикалық университетінің Хабаршысы» журналы: Экономика, Философия, Педагогика, Юриспруденция бағыттары бойынша мақалалар жариялайды .
Пікірсайыс материалдары үшін журналдың беттері әрқашан ашық, сондықтан оның мазмұны міндетті түрде құрылтайшылардың және редакция алқасының көзқарасын көрсетпейді.

«Қарағанды экономикалық университетінің Хабаршысы» журналы тоқсанына бір рет (жылына төрт рет) шығады. Қайта басылған кезде журналға сілтеме жасау міндетті.
Қарауға қабылданған мақалалар бойынша екі апта ішінде оларды жариялаудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы мәселе шешіледі. Түпкілікті шешім Редакция алқасының талқылау нәтижелері бойынша қабылданады. Мақалалардың өтуі туралы бүкіл ақпаратты авторлар +7 (7212) 44-16-24 (6523) телефоны бойынша ала алады.
Автор Интернет желісінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті сайтының «ҚЭУ Хабаршысы» бөлімінде, «ҚҚЭУ Хабаршысы» журналында жарияланған, өз мақаласының электронды нұсқасын өтеусіз негізде жаңғыртуға келісім береді. Автор сайтқа шығу мүмкіндігі реттелмегенін түсінуге сүйенеді.
Жариялауға қабылданбаған мақалалар авторларға қайтарылмайды.
Жарияланым үшін қаламақы төлеу қарастырылмаған.

Назар аударыңыз: Автордың ҚҚЭУ Хабаршысына жариялау үшін мақаланы беруі ғылыми жарияланымдар әдебінде айтылған ережелер мен талаптарға келісім беру ретінде автоматты түрде қабылданады.

Жариялауға берілетін мақалалар ғылыми жарияланымдар әдебіне сәйкес келуі тиіс:
• Авторлар келтірілген фактілердің, дәйексөздердің, экономикалық-статистикалық деректердің, өз аттарының, жағрафиялық атаулардың және өзге де мәліметтердің іріктелімі мен дұрыстығы үшін, сондай-ақ ашық баспасөзде жариялауға арналмаған деректерді пайдаланғаны үшін жауап береді.
• Нақты деректерді, бүкіл мәліметтерді, әдебиеттерден алып пайдаланған және өзге де дерек көздерін, сондай-ақ мақалада келтірілетін дәйексөздерді тиісті сілтемелермен растау қажет.
• Авторлар жарияланымдарға қойылатын талаптарды сақтауы тиіс.
• Түпнұсқа жұмыс ретінде плагиатты табыс етуге және бұрын жарық көрген жарияланымға жол берілмейді.

Редакция алқасының мекен жайы: Қарағанды, Академиялық көшесі,9, Қарағанды экономикалық университеті, 363 каб, т. +7 (7212) 44-16-24 (6523). email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

МАҚАЛАЛАРДЫ РЕЦЕНЗИЯЛАУ ТӘРТІБІ

ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАБЫС ЕТУ ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚҚЭУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ МҰРАҒАТЫ

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus