• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Бизнес, құқық және технология факультетінің (БҚТФ)

Бизнес, құқық және технология факультетінің (БҚТФ)


 

ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті бизнес, құқық және технология факультетінің бизнес жүргізуде және экономика мен құқықтың түрлі салаларында көшбасшы болуға қабілетті, жоғары білімді мамандарды дайындауда мол тәжірибесі бар.

Факультеттің тарихы 1980 жылдан бастау алады. Бастапқы кезде факультет тауартану ретінде пайда болды, ал 90-жылдардың соңында кеңейіп, жаңа атау алды. Оның негізі қаланған уақыттан бастап басшылық жасағандар т.ғ.к., доцент А.Төлегенов (1980-1982жж, 1984-1989жж), В.Демчишин (1982-1984жж), ф.ғ.к., доцент К.Омаров (1989-1991жж.), э.ғ.к., доцент А.Невматуллин (1992-1997жж.), э.ғ.к., профессор С.Аяжанов (1997-2000жж.), доцент Р.Шарипов (2000-2003жж.), э.ғ.д., профессор С.Ахметжанова (2003-2005жж.). 2005 жылдан бастап факультетті з.ғ.к., профессор Ф.С.Момышева басқаруда.

Факультет өзінің 6 кафедрасымен танымал: "Туризм және мейрамхана ісі" (кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Б.Т.Матаева), "Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы" (кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент М.К.Абдакимова), "Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу" (кафедра меңгерушісі з.ғ.к., профессор Н.Р.Весельская), "Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" (кафедра меңгерушісі, PhD докторы М.Б. Рахимгулова), "Тауартану және сертификаттау" (кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Г.А.Есенбаева), "Дене шынықтыру" (кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының магистрі А.Ю.Гаак).

Факультет өзінің қырық жылдан астам тарихында ғылыми, оқу-әдістемелік, тәрбие және халықаралық қызметінде мол тәжірибе жинақтап, осы уақыт аралығында өзінің ғылыми кәсіптік мансабын онымен тығыз байланыстырған оқытушылар мен қызметкерлерін мақтан тұтады. Олар жеке тұлғалық және жоғары кәсіпқойлығымен жоғары мектептің дәстүрлерін ғана емес, сонымен қатар бизнес, құқық және технология факультетін ерекшеленетін адамгершілік, ұжымшылдық және психологиялық жайлылық ортасын қалыптастырып, дамытты.
Факультеттің өз жетістіктері үшін қарыздар ардагерлері бар. Олардың қатарында жататындар: Н.Алексеев, Т.Алексеенко, А.Алимбаев, С.Адамбекова, Л.Анциперова, А.Артеменко, Б.Байдулаев, О.Башкенов, В.Демчишин, Ш. Дюсенова, А.Емелина, Е.Ертысбаев, Р.Ешкеев, Т.Жандильдин, С.Закарин, М.Ибраев, С.Исабеков, Ш_Каланова, Б.Касенов, К.Кенжин, М.Клишина, К.Крюков, С.Курлеубаев, Г.Матушкин, А.Маяковская, В.Маяковский, Л.Меркулова, С.Мустафин, Н.Никитина, И.Перегудов‚ В.Пономарева, М.Серикбаева, М.Фейдак, Р.Шарипов, С.Шеръязданов.

Бизнес, құқық және технология факультеті келесі білім беру бағдарламалары аясында жоғары білікті бакалаврларды дайындайды:
- 6В04212 Құқықтану
- 6В04213 Кеден ісі
- 6В11101 Туризм
- 6В11102 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі
- 6В07201 Стандарттау, сертификаттау және метрология
- 6В07502 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
- 6В10201 Әлеуметтік жұмыс
- 6В01401 Экономика және құқық негіздері
- 6В01402 Дене шынықтыру және спорт менеджменті
- 6B04214 Сот және құқық қорғау қызметі
- 6В03102 Психология және білім берудегі менеджмент

Факультет әрбір студентке жоғары білімнің жеке траекториясын құруға, өзінің ең жоғары мансаптық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім берудің кредиттік оқыту технологиясын табысты қолданады. Оған үздік материалдық-техникалық база, "Сот отырысы залы", "Оқу-криминалистикалық полигон", "Менеджмент және сервис", "Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы", "Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің менеджменті", "Қазақстан халқы Ассамблеясы", "Халыққа тегін құқықтық көмек көрсету бойынша заң клиникасы" сияқты жабдықталған кабинеттер ықпал етеді.

Факультет "М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті" Федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің заң факультетімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты.

Факультеттердің тығыз ынтымақтастығының нәтижесі ретінде "Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушылары Т.И.Ау (2015ж.) және К.С.Ахметованың (2017ж.) кандидаттық диссертацияларын табысты қорғауы болып табылады.

Жыл сайын факультет студенттері Ресей, Еуропа және Азияның ірі жоғары оқу орындарында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алады.
Қазіргі уақытта факультетте 900-ден астам оқытушы, оның ішінде 6 ғылым докторы, 3 PhD докторы, 34 ғылым кандидаты, 32 доцент, 37 магистры педагогикалық қызмет атқаруда, олардың ішінде Г.Есенбаева, К.Какенов, Н.Минжанов, С.Муликова, Т.Ханов сияқты "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" республикалық конкурсының лауреаттары бар. Оқу үрдісіне үздік ғалымдар, тәжірибесі бар жұмыс берушілер мен мамандар тартылған.

Факультеттің кадрлық әлеуеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру қалыптарының талаптарына сәйкес оқу үрдісін жүргізуге және еңбек нарығындағы бәсекелестік білімі мен қабілетін көрсете білетін түлектерді дайындауға мүмкіндік береді

 


qarjasova

Құрметті талапкер!

Әрқайсымыздың мақсаттарымыз бен үміттерімізді, рухымыз бен көңіл-күйімізді білдіретін, барлығымызды біріктіретін, өткен мен болашақты бейнелейтін және жадымызда мәңгі қалатын, ұмытылмайтын жылдар бар екені таныс құбылыс.
Бұл жылдар - студенттік жылдар екені күмәнсіз. Бұл әр адамның өміріндегі тамаша кезең ғана емес, сонымен қатар оның жан дүниесінің ерекше жағдайы. Бұл - үміттер, жаңалықтар және айрықша жоспарлар кезеңі.
Талапкер, осындай үздік жылдарды біздің университетімізде өткізуге шақырамын. Бірінші қадам жасау арқлы екінші қадамды - мамандықпен қатар факультетті де таңдау маңызды. Университетіміздің басқа да абыройлы факультеттерінің қатарында бизнес, құқық және технология факультетіне де назар салсаң қуанышымыз ұштасады. Сіздердің алдарыңызда болашақ мамандықты таңдау маңызды міндеті тұр. Әрине, бұл мамандық жаныңа жақын ғана емес, сондай-ақ оның біздің өңірімізде және республикамызда пайдалы және сұранысқа ие болуы өте маңызды. Біздің факультетімізде шын мәнінде пайдалы және қызықты мамандық алуға тамаша мүмкіндік бар!
Университетіміз ректорының студентті өміріміздің барометріне теңеген пікіріне толық қосыламын!
Танымал данышпан Константин Станиславский пікірінше өзінің әрбір күнін кішкене болса да қажетті жаңа білім шоғымен толықтырмаған адамды түйінсіз, өзі үшін қасгөй деп санау керек.

Біздің университетімізде сен үшін түйінсіз және үмітсіз күндерің болмайды.
Кездескенше!

Қаржасова Гүлдана Батырбайқызы
Бизнес, құқық және технология факультетінің деканы,
Phd доктор, доцент.


Мекен-жай: Академическая көшесі, 9
- 385 бөл.- декан
- 387 бөл. – декан орынбасары
- 388 бөл. - хатшылар
Тел.: (87212) 44-15-58 (ішкі.120) - декан;
(87212)- 44-16-25 (ішкі. 121) –декан орынбасары;
122 – хатшы.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus