Eсеп-қаржы факультетінің (EҚФ)

 


Есеп-қаржы факультеті білім беру қызметі нарығында 1966 жылдан бастап жұмыс істейді. Есеп-қаржы факультетінің құрылу тарихы 1968 жылдан басталады. Ол сол кезеңде Орталық Одақ Қарағанды кооперативтік институтының негізгі бөлімшесі болған экономикалық факультет базасында құрылды.
Есеп-қаржы факультетінің әр жылдары декандары болды: Әкімбеков С. А. (1966-1968 жылдары), Харченко И. И. (1968-1970 жылдары), Шумеков З. Ш. (1970-1981 жылдары), Куанышев С. С. (1981-1988 жылдары және 1990-1997 жылдары), Жакупов Г. С. (1988-1989 жылдары), Қарашолақов С. А. (1989-1990 жылдары), Алмажанов Е. А. (1995-2005 жылдары), Накипова Г. Е.(2005-2006 жылдары), Құдайбергенова С. К (2006-2008 жылдары) (2009-2017 жылдар). 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап есеп-қаржы факультетінің деканы э. ғ. к., доцент Серикова Г. С.
Факультет құрамында алты кафедра жұмыс істейді: "Бухгалтерлік есеп және аудит", "Маркетинг және логистика", "Қаржы", "Банктік менеджмент және қаржы нарықтары", "Цифрлық инженерия және IT-аналитика", "Жоғары математика".

Есеп-қаржы факультеті келесі білім беру бағдарламалары аясында жоғары білікті мамандарды дайындайды:
6B04103 - Есеп және аудит
6B04104 - Қаржы
6B04106 - Маркетинг
6B11303 - Логистика
6B06101 - Ақпараттық жүйелер
6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6B06103 - IT-аналитика

Біз әлеуметтік желілердепіз

insta    vk


 Eсеп-қаржы факультетінің (EҚФ)

Құрметті талапкер!!!

Жоғары оқу орнына түсе отырып, кешегі оқушылар студент деген жаңа статусқа ие болады.
Біздің факультетте барлық университеттердегідей студенттердің жаңа ортаға бейімделуі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бірінші курс деканы мен кураторы кез келген уақытта студенттерде туындаған сұрақтарға жауап беруге дайын. Әрбір студентке жеке көзқарас табамыз, бұл кейіннен оның білім алуына оң әсер етеді, ал ең бастысы – оның оқуға деген ықыласы. Деканат студенттердің ата-аналарымен үнемі қарым-қатынас жасайды, олардың балаларының оқу үлгерімдері мен жетістіктері туралы хабарлайды.
Бірінші оқу жылының ерекшелігі осы кезеңде студенттер негізінен жалпы гуманитарлық пәндерді оқиды. Бұл гуманитарлық дүниетаным базасын нығайтуға мүмкіндік береді және соның негізінде кәсіби білім құрылады.
Бірінші курста ең бастысы-студентті оқуға үйрету және өз уақытын шебер ұйымдастыру. Оқытудағы маңызды рөлді профессор-оқытушылар құрамы атқарады, өйткені оқытушылар білім береді, олар кейіннен студентке қызықты болатын көптеген бағыттардан ерекшелеуге көмектеседі.
Оқудан тыс студенттер белсенді өмір сүреді. Біздің факультеттің студенттері түрлі қоғамдық іс-шараларға, спорттық және т.б. жарыстарға белсенді қатысады.

Ізгі ниетпен, есеп-қаржы факультетінің деканы
Серикова Гулзира Салмаганбетовна, э.ғ.к., доцент

 

 


Мекен-жайымыз -.Академическая көшесі, 9
- 280 каб.- декан
- 282 каб. – декан орынбасарлары
- 283 каб. - хатшы
Тел.: (87212) 44-16-29 (ішкі.130) - декан; ішкі 163 – декан орынбасарлары;136 – хатшы.
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus