• Мамандық шифры:

    5В051000

    Мамандығы:

    Мемлекеттік және жергілікті басқару

    Факультеті:

    Экономика және басқару факультеті

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтіқ ғылым және бизнес

  • Білім беру бағдарламасы бойынша студенттер контингенті
    231
    Бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер
    2
    Атаулы гранттар, стипендиялар алатын студенттер
    0
    Бағдарлама бойынша оқитын шетелдік студенттер
    2
    Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер:
    14
    - ел ішінде
    13
    - Қазақстаннан тыс жерлерде
    1

Бағдарлама дәрежесі: 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры
Дәреже және мерзім Бірыңғай дәреже (бір университет) (220 ECTS кем емес-кредиттер / 129 қаз. кредиттен кем емес)
Оқу орны Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Аккредитация Білім Сапасын қамтамасыз ету Тәуелсіз Қазақстандық Агенттік (БСҚТҚА) http://nkaoko.kz /
Жарамдылық мерзімі Бұл бағдарлама 2016 жылдан университетте дәреже алушылар үшін 4 жыл мерзімге Университетпен бекітілген
Деңгей ЖБЕК үшін Біліктілік шеңбері (Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі үшін Біліктілік шеңбері): 1ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңбері): 6 деңгей; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері): 6 деңгей
  • A) Мақсат
    • 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының мақсаты – студенттерде мемлекеттік басқарудың тиімділік, нәтижелілік және мөлдірлігін арттыру үшін мемлекеттік және жергілікті басқару саласында кәсіптік әрекет етуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған дағдылар мен қабілеттіліктерді қалыптастыру.
      Табысты түлектер жүзеге асыруы тиіс:
      - мемлекеттік және жергілікті басқару аясында түсінісушілік пен білімді көрсету;
      - кәсіби деңгейде осы түсінісушілік пен білімді қолдану;
      - мамандар мен, сол сияқты маман еместерге мәселе мен оның шешілуін, идеялар, ақпараттарды хабарлау;
      - әлеуметті ескере отырып үкімдерді қалыптастыру үшін ғылыми және этикалық ойларын, ақпаратты түсіндіру және жинақтауды жүзеге асыру.
  • B) Мінездеме
    • 1.Пән / пән аясы
    • Базалық пәндер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Менеджмент, Маркетинг.
      Профильдік пәндер: Мемлекеттік басқару теориясы, Аймақтық экономика және басқару, Мемлекет және бизнес; Муниципалды менеджмент; Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
    • 2.Жалпы ақпарат /
    • Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының оқу үдерісін ұйымдастыруда оқу жоспарларының модульдік қағидаларына құрылған, несиелеу бірлігі жүйесін қолдану және білім беру технологиясына сәйкес кредитті-модульдік жүйе қолданылады
    • 3.Бағыты
    • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
    • 4.Ерекшеліктері
    • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлектері кәсіптік іс-әрекетің келсі түрлерін жүзеге асыруға бағдарланған:
      ұйымдық-басқарушылық;
      ақпараттық-әдістемелік;
      коммуникативьік;
      жобалық.
  • C) Жұмысқа орналасу және оқуды жалғастыру
    • 1.Жұмысқа орналасу
    • Атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары; басқарудың жергілікті органы; ұлттық және жеке серіктестік; азаматтық қоғам институттары; қоғамдық ұйымдар; жекеменшік емес ұйымдар; халықаралық ұйымдар және халықаралық басқару органы; ғылыми-зерттеу және білім ұйымдары мен мекемелері
    • 2.Оқуды жалғастыру
    • 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратура
  • D) Білім беру стилі
    • 1.Оқыту мен үйрену тәсілдері
    • Оқу үдерісінде сабақ өткізудің белсенді және интерактивті түрлері кеңінен қолданылады (іскерлік ойын, нақты жағдайларды талқылау, ұйымдар мен мекемелерде сабақ өткізу, дөңгелек стол, дискуссиялар, топтық және жеке жобалар құрастыру және әдебиеттерге шолу). Оқу курсы шегінде мемлекеттік және жергілікті басқару ұйымдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен кездесу қарастырылған
    • 2.Бағалау әдістері
    • Аралық бақылау; аралық аттестация (тестілеу, ауызша емтихан); оқу, кәсіптік және дипломалды тәжірибеден өткендігі туралы есептерді қорғау; қорытынды аттестация (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты қорғау)
  • E) Бағдарламалық құзыреттіліктер
    • 1.Жалпы құзыреттіліктер
    • Бағдарлама циклдің бірінші деңгейіндегі академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету үшін «Жоғары білім. Бакалавриат.» Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келеді.
      ЖҚ1- кең ой- өрісті және ойлау мәдениеті бар білімі биік тұлғаны қалыптастыруға оң ықпал ететін, жаратылыстануғылымы (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімге ие болу; ЖҚ2- кәсіби қызмет аясындағы ақпараттық технологияларды пайдалана білу, заманауи техниканың тілін білу дағдыларына ие болу; ЖҚ3- күнделікті кәсіби қызмет үшін қажет жаңа білімге ие болу дағдыларын меңгеру және магистратурада білім алуды жалғастыру; ЖҚ4- қоғамдық пікірлерге, дәстүрлерге, салттарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік- әдеп құндылықтарын білу және өзінің кәсіби қызметінде соған бағдарлану; ЖҚ 5- құқықтық жүйенің негіздерін және Қазақстан заңнамасын білу; іскерлік әдеп нормаларын сақтау, мінез-құқықтық (жүріс-тұрыстық) әдеп және құқықтық нормаларын меңгеру; ЖҚ6- Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін білу; әлемнің өзге халықтарының дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты болу; ЖҚ 7 – қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; әртүрлі әлеуметтік жағдайларға дәлме – дәл бағдарлана білу; ЖҚ 8 – топта жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын сыпайы табандылықпен қорғай білу; келісімге келетін жол табу, өзінің пікірін ұжымның пікірімен салыстыра білу: кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылу; ЖҚ 9 – экономикалық білім негіздеріне ие болу, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. туралы ғылыми түсінігі болу; экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектор рөлін білу және түсіну; ЖҚ10 – осы заманғы ақпарат ағындарына бағдарлана білу және әлемдік экономикадағы қарқынды өзгеруші құбылыстар мен үдерістерге бейімделе білу; кәсіби қызметпен байланысты әртүрлі жағдайлар мен ахуалдарда икемді және ұтқыр болу; анық еместік және тәуекел жағдайларында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдаудың дағдыларын меңгеру; ЖҚ 11 – ғылыми айқындамалар тұрғысынан дүниетаным проблемаларын талдау және түсіне білу, мәдени байлықты өз бетімен игеру, ауызша және жазбаша сөйлеуді дәлелмен ойлап, қисынды дұрыс және анық құра білу; ЖҚ 12 – өзін –өзі тануға, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни тұрғыдан бағалауға, адамгершілік және жеке басын жетілдіруге, өзінің кәсіби және азаматтық белсенділігін жоғары ынталандыра білуге қабілетті болу; ЖҚ 13 – әлеуметтік маңызды проблемалар мен үдерістерді талдай білу және әлеуметтік, сондай-ақ кәсіби қызметтің әртүрлерінде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдар әдістерін іс-тәжірибеде пайдалана алу; ЖҚ 14 – қазақ және орыс тілдеріндегі кәсіби жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасауларға (коммуникацияларға) қабілетті болу; кәсіби міндеттерді орындау үшін қажет деңгейде шет тілін білу; ЖҚ 15 – қойылған міндеттерді шешу әдістерін таңдау бойынша өз айқындамасын білдіріп, негіздей білу.
    • 2.Арнайы (кәсіби) құзыреттіліктер
    • КҚ 1 – мемлекеттің басқару теориясы эволюцияларының негізгі кезеңдерін білу. КҚ 2 – кәсіби қызмет басымдықтарын анықтай білу, басқару шешімдерін тиімді орындай алу. КҚ 3 – проблемаларды анықтай білу, мақсаттарды айқындап, шешімнің оңтайлы нұсқасын таңдап ала білу, қабылданған басқару шешімдерінің нәтижелері мен салдарларын бағалай білу. КҚ 4 – анық еместік және тәуекелдер жағдайларында шешім қабылдай алу қабілеті. КҚ 5 – басқару шешімдерін жүзеге асыру негізінде реттейтін ықпал етудің дәлме – дәл құралдары мен тетіктерін қолдану қабілеті. КҚ 6 – жұмсалатын ресурстар мен жоспарланған нәтиженің арақатынасын бағалай білу; КҚ 7 – қолда бар технологиялар мен кадрлық жұмыс әдістерін қолдануға қабілеттілік. КҚ 8 – басқару шешімдерін қабылдау кезінде кәсіби қызметтегі құқық нормаларын қолдана білу. КҚ 9 – басқару шешімдері сапасының параметрлерін анықтай білу және әкімшілік үдерістерін жүзеге асыра білу, ауытқуларды анықтай алу және түзетуші шараларды қабылдай білу. КҚ 10 – қойылған мақсаттар мен қызмет нәтижелерін дәлме-дәл бағалауға қабілеттілік. КҚ 11- басқару міндеттерін шешу кезінде ынта туғызу теориясының негіздерін пайдалану қабілеттілігі. КҚ 12- құжат айналымы талаптарына сәйкес қызметтік құжаттамаларды түзу (жасау), есебін жүргізу, сақтау, қорғау, беру дағдыларының болуы. КҚ 13- әлеуметтік, саяси, экономикалық заңдылықтар мен үрдістерді анықтай білу, әлеуметтік өзгерістер жобаларын әзірлей білу қабілеттілігі, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайды, сондай-ақ қабылданатын мемлекеттік бағдарламалардың салдарларын бағалау қабілеттілігі. КҚ 14- деректер қорын жасау үшін ақпаратты жинақтап, жүйелендіре білу, басқару жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарына ие болу, қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму мәселелері мен билік органдарының қызметі бойынша ақпараттық – әдістемелік материалдарды дайындай білу, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды кәсіби қызметте қолдану қабілеттілігі. КҚ 15 – шет елдің мемлекеттік және муниципалды басқарудың ең жақсы практикаларын өзінің практикалық қызметіне бейімдей білу. КҚ 16- мемлекеттік билік органдарының азаматтық қоғам институттарымен, бизнеспен, бұқаралық коммуникация құралдарымен, азаматтармен ынтымақтастық жасай білу. КҚ 17- кәсіби қызмет барысында қызметтік мінез құлыққа қойылатын әдеп талаптарына сәйкес өзара іс-қимыл жасауға қабілеттілік. КҚ 18 – нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлей білу, Қазақстанның құқықтық жүйесіне бағдарлану қабілеттілігі. КҚ 19 – кәсіби қызметте «кері байланыс» кезінде шешім қабылдау үшін қажет ақпаратты анықтау қабілеттілігі, Қазақстанның билік органдарының бизнеспен және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау үшін негіздер таба білу.
  • F) Аталмыш бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерінің толық тізімі
    • Студенттік кәсіби іс-тәжірибе контексінде, ұйымдағы, сондай-ақ клиентпен жұмыста, оқуды бітірген түлектер: бастамашылық, коммуникативтілік, стратегиялық ойлау, ұйымдастырушылық, талдай білушілік, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас қылмысқа (жемқорлыққа) қабілетін көрсете алады
  • Пән: «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»
    • Пререквизиттер: География, Адам, қоғам,құқық.
    • Постреквизиттері: Әлеуметтану, Мәдениеттану, Саясаттану, Философия.
    • Мақсаты: Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның қазіргі заман тарихын дәуірлеу. Тарихнама, деректер. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай – тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары. Ұлттық мемлекет құру жолындағы Қазақстан жеріндегі қозғалыстар. Кеңестік Қазақстаннның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы отан соғысы дәуірінде. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Жеке басқа табынудың “шарықтауы” және “жылымық”. Қазақстандағы рухани, шаруашылық “тоқыраулар” және экологиялық дағдарыстар. “Қайта құру” кезіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлысын қалыптастыру. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қоғамдық – саяси дамудағы алға басулар мен жастар саясаты. Ұлы дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты. Н.Ә.Назарбаев – тарихи тұлға.“Мәңгілік ел”-ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан әлем мойындаған ел.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік – тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
    • Әлемдік және еуразиялық тарихи үрдістер бастауларныда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу; Қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
    • Күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Абилов К.Ж.
  • Пән: «Философия»
    • Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Мәдениеттану, Дінтану, Саясаттану, Әлеуметтану.
    • Постреквизиттері: мамандық бойынша профильдік пәндер.
    • Мақсаты: Қазіргі заманғы маман дайындау жүйесіндегі рөлі оның зерттеу объектісін адам және оның табиғат пен коғаммен арақатынасы – арқылы анықталады. Философия адамның көзкарастық, адамгершіліктік және өмірмәндік құндылықтарын қалыптастырады.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Философияның пайда болуы және дамуы. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі. Дүниені философиялық түсінудің негіздері. Сана, рух және тіл. Болмыс. Онтология және метафизика. Таным және шығармашылық. Білім, ғылым, техника және технологиялар. Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Адам. Өмір және өлім. Өмірдің мәні. Этика. Құндылықтар философиясы. Еркіндік философиясы. Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет. Тарих философиясы. Дін философиясы. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын, философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін, әлемдік және қазақ, философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін, философияның іргелі мәселелерін, олардың қойылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін, адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі, философиялық теориялар мен әдістерді қазіргі заманғы отандық және әлемдік философияның өзекті мәселелерін білу; Арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық- ұғымдық аппаратын қолдануды, философиялық түпнұска мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды, зерттеліп отырған философиялық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды, философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды; философияның әр түрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді түрде жактауды, қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді, философияның ережелері мен категорияларын әртурлі әлеуметік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда колдануды жасай білу;
    • Оқытушы Т.А.Ә. - Манасова М.М.
  • Пән: Қазақ тілі
    • Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мәдениеттану».
    • Постреквизиттері: «Кәсіби қазақ тілі».
    • Мақсаты: Оқу-әдістемелік кешен қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту кезеңінде функциональды-жүйелік әдісті қолдану мақсат етілген.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Отан отбасынан басталады, Мінез және келбет, Уақыт және адам, Салауатты өмір салты, Менің Отаным-Қазақстан, Қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлі өнері, Ұлттық мәдениет тамыры, Өлең-сөздің патшасы, Көркем сөз-көркем өнер, Адам және табиғат егіз, Туған жерге саяхат, Менің мамандығым, Қоғам және жастар, Қазақстан-әлемдік кеңістікте, Қазақстандағы білім беру жүйесі, Қазақстан және сыртқы саясат, Түгел сөздің түбі бір, Нобель сыйлығы, Тәуелсіздік және ғылыми жетістіктер, Қазақ елінің ұлттық байлығы.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін қажет:
    • болашақ маманның тілдік кешенді құзыреттілігін қалыптастыруға;
    • сөйлеу стилін дұрыс таңдай білуді дамытуға;
    • тілдік білімді билингвалды түрде қолдану үшін.
    • «Қазақ тілі» пәні барлық мамандық бойынша оқып жүрген студенттерге міндетті пән ретінде оқытылады. Қазақ тілінің ерекшелігін зерттей отыра, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет.
    • Жоғары оқу орындарының түлектері қазақ тілінен алған білімдерін өздерінің мамандықтары бойынша қолдана алады. Тіл үйренушілер пәнді оқыту нәтижесінде ауыз екі сөйлеу тілін меңгеріп, қазақша жаза білу керек;
    • «Қазақ тілі» курсы бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіре білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылатуы керек.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Қабатаева К.Т.
  • Пән: «Кәсіби қазақ тілі»
    • Пререквизиттер: Қазақ тілі, Экономикалық теория.
    • Постреквизиттері: Мамандық бойынша профильдік пәндер.
    • Мақсаты: Болашақ маманның кәсіби тілде сөйлеу құзіреттіліктері мен кәсіби тілдік қалым-қатынас мәдениетіне үйрету.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Тілді қолданудың нормалары. Мамандыққа кіріспе. Кәсіби лексика. Терминдік норма. Кәсіби қазақ тіліндегі қазіргі заманғы терминдер.Бухгалтерлік есеп пен аудиттің пайда болу, даму тарихы. Әдеби тіл және әдеби тілдің нормалары.Мемлекеттік бюджет. Әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормалары.Кәсіпорын және кәсіпорындағы есептілік. Әдеби тілдің стилистикалық және пунктуациялық нормалары.Міндетті, міндетті емес төлемдер. Әдеби тілдің орфографиялық және орфоэпиялық нормалары. Кәсіби қарым-қатынас негіздері және сөйлеу мәдениеті. Диалог мәтін. Монолог мәтін, түрлері. Әңгімелеу мәтіні. Бақылау жұмысы. Ойталқы мәтіні. Суреттеу мәтіні. Қазақстандық аудит. Сөйлеу мәдениеті негіздері. Нарық. Нарық механизмі және оның элементтері. Ғылыми стиль және ғылыми стильдегі кәсіби мәтіндер. Кеден. Кедендік органдар қызметінің формалары. Публицистикалық стиль және публицистикалық кәсіби мәтіндер. Әлемдік экономикалық қатынастар. Ресми іс-қағаздар, құжат стилі. Жастар тәжіибесін ұйымдастыру. Көркем әдебиет стилі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Өз мамандығына байланысты тілдік бірліктерді орынды қолданады. Кәсіби сөйлеу жағдаяттарында қатысымға түседі. Өз саласы бойынша мәтіндерді, ғылыми еңбектерді оқып түсінеді. Хабарлама, жоба т.б. жазғанда ойын мейлінше жүйелі, дәлелді бере алады.
    • Тіл үйренушілер қазақ тілінде өз мамандықтарына байланысты кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана біледі.
    • Кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды, салалық терминдерді жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады, қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;
    • Қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;
    • Күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты іс қағаздарды жазуды үйреніп, болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.
    • Оқытушы Т.А.Ә. - Қабатаева К.Т.
  • Пән: «Ағылшын тілі» (А2)
    • Пререквизиттер: Ағылшын тілі.
    • Постреквизиттері: Ағылшын тілі А2 және LSP-тілді кәсіби деңгейде халықаралық стандарттарға сәйкес меңгеру.
    • Мақсаты: Ықпалды себепкер шартымен әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогрессының дамуы шетел тілдерді меңгеру, Қазақстан Республикасының сыртқы байланыстардың кеңеюі мен өзгеруі жағдайларында орнайды. Сондықтан осы курстың басты мақсаты ағылшын тілін практика жүзінде меңгеру, оқылатын тілдің мемлекет мәдениесіне қатыстыру, ағылшын тілінде кәсіби тілді әдеттену және мамандық бойынша мәтіндерді аудару ептерін дамыту.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. My family and the place of residence. Word order. The verbs “to have”, “to be”. Personal and possessive pronouns. Articles. Possessive case of nouns. Family. The construction “there is / are”. Prepositions. Demonstrative pronouns. Nouns. Cardinal pronouns. The place of residence. Nouns. Cardinal pronouns. The place of residence (country / city). My working day. Weekend. The Present Indefinite Tense. The Present Continuous Tense. My working day. The Past Indefinite Tense. The Past Continuous Tense. The table of irregular verbs. My last weekend. Adjectives. Numerals. Sport. Revision of grammar and lexical material. Final test. Shopping. The Present Perfect Tense. The Present Perfect Continuous Tense. Relationships. The Past Perfect Tense. The Past Perfect Continuous Tense. Shop. Food. Clothes. Revision of grammar and lexical material. Test. Education. My future job. The Future Indefinite Tense.
    • The construction “to be going to”. The Future Continuous Tense. Education. The Future Perfect Tense. The Future Perfect Continuous Tense. Job. Future in the Past. The Republic of Kazakhstan. Modal verbsand their equivalents. The UK. Revision of all Tenses. The USA. Comparison of all Tenses. Other English speaking countries. Revision of grammar and lexical material.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Бөлек сөздер, сөз тіркестермен жұмыс жасай білу, ажырата білу, сөйлеушінің сөзін ұға білу, тыңдалған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, керекті хабарды ойға түйіп, ала білу. Оқудың әр – түрлі түрлерімен таныс болуы тиіс. Ауызша тақырыптар ретінде әдеби шығармалардың үзінділері, газет және журнал мақалалары, корреспонденция және де экономика тұрғыдағы әдебиеттер қолданылады.
    • Ағылшын тілін оқып білу курсының нәтижесінде студенттерде келесі икемділіктер қалыптасу тиіс: ағылшын тілінде ауызекі тіл мәдениеті болу; ағылшын тіліндегі сөзді естуінше қабылдау; кәсіби, іскер және тұрмыстық тақырыптарға сұхбаттар жүргізу; іскер жазбаша қатынастар болу; мамандық бойынша сөздік көмегімен немесе сөздіксіз мәтіндерді оқу және аудару; оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну; анықтамалық әдебиеттерді қолдану (анықтама кітаптар, энциклопедиялар, түсіндірме сөздіктер және тағы басқа).
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Ертысбаева Г.Н.
  • Пән: «Кәсіби бағытталған шетел тілі» (B2)
    • Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына белгіленген көлемді шетел тілі,қазақ/орыс тілдер курстары.
    • Постреквизиттері: Шетел тілін B2 және LSP-тілді кәсіби деңгейде халықаралық стандарттарға сәйкес меңгеру.
    • Мақсаты: Студенттердің шетел тілін үйренудегі бастапқы алған білім деңгейлерін көтеру және жетілдіру, сонымен қатар әріптестермен кәсіби қарым-қатынас орнатқан кезде коммуникативтік құзыреттілікті қажетті ,жеткілікті деңгейде меңгеру, кәсіби білімдерін дамыту болып табылады.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Introduction to the subject area of the ​​specialty “State and local management" on a professional foreign language. The concept of “State and local management". Professional foreign language as a disciplinary phenomenon required for the studying disciplines of “State and local management” specialty. Language skills development in scientific literature analysis of “State and local management" specialty. Establishment of a categorical conceptual apparatus of the science of state and management. Metalanguage. Professional terminology in a foreign language for the study of the theoretical foundations of state and local management. Academic communication in education (lectures and seminars on professional disciplines in the English language). The Role Of The English Language In The Modern World. Content of the concept of “the state”, “capital”, “productive relations” according to Marc’s work. Communication of Professionally oriented foreign language with major subjects. Revision of lexical material.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Жеке және кәсіби құрал ретінде қолдануға мүмкіндік беретін, шетел тілінің негізгі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін; Тілдің жиі қолданылатын лексикасын және өз кәсіби саласының негізгі терминологиясын; Шетел тіліндегі сөйлеу әрекеттерінің ауызша және жазбаша түріндегі тілдік материалын түсініп,қолдануды; Өз кәсіби қызметінің саласына сәйкес ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнатуды; Меңгерген дағдыларын және ойлаудың белгілі әдістерін тәжірибеде қолдануды білуі керек; Алған ақпаратты кәсіби қызметінде қолдану және өз ойын нақты жеткізу мақсатында шетел тілін жетік меңгеруі қажет. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну; Анықтамалық әдебиеттерді қолдану (анықтама кітаптар, энциклопедиялар, түсіндірме сөздіктер және тағы басқа). Ақпараттық-коммуникативтік білімдер мен біліктіліктерді игеріп, оларды практикада кәсіби шетел тілінде пайдалана алады.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Аубакирова Г.Т.
  • Пән: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
    • Пререквизиттер: пәнді оқыту білімдер жүйесі орта мектепте оқытылған информатика негіздері мен математика және физика пәндері бойынша базаланады.
    • Постреквизиттері: Статистика
    • Мақсаты: Өзін-өзі білім беру мен басқа да мақсаттар үшін кәсіби қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді кәсіби және жеке құзыреттері меңгеруге студенттер, ғылыми және практикалық жұмыстарды меңгереді.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Қоғам дамуының шешуші секторларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ролі. АКТ стандарттары. Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы. Бағдарламалық қамтамасыз ету. Операциялық жүйелер. Адам-компьютер өзара әрекеттестігі. Деректер базаларының жүйелері. Деректерді талдау. Деректерді басқару. Желілер және телекоммуникациялар. Киберқауіпсіздік. Интернет технологиялар. Бұлтты және мобильді технологиялар. Мультимедиялық технологиялар. Smart технологиялар. Е-технологиялар. Электронды бизнес. Электронды оқыту. Электронды үкімет. Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялық АКТ. Ақпараттық-коммуника-циялық технологиялардың даму перспективалары.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында негізгі үрдістерді анықтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына қандай экономикалық және саяси факторлардың ықпал етуін анықтау, операциялық жүйе аймағында білімнің қолданылуын көрсетіп түсіндіре білу, компьютерлік жүйелердің архитектурасы, мобильдік және бұлтты технология, АКТ-ны кәсіби салада қолдану;
    • Ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша білімді және практикалық дағдыларды қолдану, әр түрлі ОЖ ерекшеліктері, электронды бизнес негізінде электронды оқыту;
    • Деректер базасымен жұмыс дағдыларын игеру, электрондық кестелермен, деректерді шоғырландыруды орындау, графикаларды тұрғызу, қарапайым веб-сайттарды жобалау және құру, суперкомпьютерлердің жұмыс өнімділігін есептеу және бағалай білу, мульдимедиялық презентациялар құру.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Сатымбекова С.Б.
  • Пән: «Экономикалық теория»
    • Пререквизиттер: математика, информатика.
    • Постреквизиттері: микроэкономика, макроэкономика, менеджмент, маркетинг, экономикадағы математика, экономиканы мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: Нарықтық экономиканың әрекет ету заңдары мен принциптері туралы жалпы түсінік беру, экономикалық үлгілерді құрастыру әдістерімен таныстыру және оларды талдауда пайдалануға үйрету, басқа пәндерді оқуда пайдаланатын негізгі ұғымдар мен түсініктердің мазмұнының экономикалық мәнін ашу табылады.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Қоғамдық өндіріс негіздері. Меншік және экономикалық жүйе. Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Нарық және бәсеке. Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі. Фирма және кәсіпкерлік теориясы. Өндіріс,фирманың шығындары және табыс. Өндіріс факторларының нарығы және табыстарды бөлу. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы. Инфляция және жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Ұлттық экономикадағы қаржы және ақша –несие жүйесі. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу және экономиканың тұрақты дамуы. Әлемдік экономика қызмет етуінің экономикалық негіздері.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Қоғам дамуының кейбір мәселелері бойынша берілген мәліметтер мен интерпретацияларды қорытып, өз пікірін қалыптастыру қабілетін және экономикалық мәдениетін игеру;
    • Экономикалық теориядан алынған біліміне сәйкес ақпараттарды ұғыну және талдау; мақсат қойып, оған жету жолдарын таңдай алу;
    • Нарықтық экономиканың негізгі алынатын категорияларының мазмұнын ашу, оған жататын түсініктер тауар, ақша, нарық, сұраныс, ұсыныс, тепе-теңдік, тиімділік, бәсеке, монополия, инфляция, жұмыссыздық т.с.с. мәнін түсіну;
    • Индекс пен көрсеткіштердің көңіл аударарлық коэффиценттерінің қолайлы есептеу тәсілін білу;
    • Бакалаврлардың әрі қарай оқуына қажет болатын экономикалық мәселелерді зерттеуде жүйелі талдауға машықтануы, практикалық және ситуациялық мәселелерді шешуде экономикалық теория бойынша білімін пайдалана білу.
    • Оқытушы Т.А.Ә. - Байгуренова М.А.
  • Пән: «Микроэкономика»
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория.
    • Постреквизиттері: Макроэкономика.
    • Мақсаты: Нарықтық экономикадағы субъектілердің ұтымды тәртіптері мен мінез-құлықтарын анықтап зерттеу немесе қоғамның шектеулі ресурстары жағдайында жекелеген нарықтардың іс-әрекеттерін анықтау. Жеке экономикалық субъектілері қызметінің деңгейінде шаруашылық механизмінің жұмысын зерттеу микроэкономиканың пәні бола келе экономика теориясын зерделеу үдерісінде алған теориялық білімдерді бекітуге, ресурстардың шектклген жағдайларында тиімді экономикалық ойлау дағдыларына ие болуға, соның негізінде осы салада өткізіліп жатқан мемлекеттік саясатты бағалауға мүмкіндік береді.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Микроэкономика пәні және сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері. Микроэкономика пәні мен әдістері. Экономиканы ретеудің нарықтық механизмі. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.Салықтардың әсері. Өндіріс,тұтынушы әрекетінің теориясы және өндірістік шығындар. Тұтынушының қылығының теориясы. Салыстырмалы статикасы және сұраныстың талдау. Өндіріс теориясы. Өндіріс шығындары. Жетілген бәсекелестік және монополия. Жетілдірілген бәсеке жағдайындағы фирма қылығы. Монополист фирманың қылығы. Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайывндағы фирманың қылығы. Өндіріс факторларының нарығы және нарық «сәтсіздіктері». Еңбек нарығы. Капитал нарығы және жер нарығы. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік. Сыртқы әсерлер және ақпараттың дәрменсіздігі. Қоғамдық игіліктер.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Студенттер микроэкономика теориясының пәні, методологиясын, жеке және нарықтық сұраныстар, нарықтық бәсеке, сұраныс қисығы, ұсыныс қисығы, тепе-теңдік жағдайында болатын нарықты зерттеп және т.б. экономикалық сұрақтарды білу керек. Сұраныстың баға бойынша икемділігі, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысқан икемділігі, бағаны мемлекеттік реттеуді негіздерін білуді көздейді.
    • Микроэкономика теориясының мәліметті, олардың құру принциптері туралы және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану ұсынылатын талаптарды, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.
    • Микроэкономиканың әдіснамалық және әдістемелік аппараты әлеуметтік үрдістерді, басқару аспектілерді, мемлекеттік саясатының нұсқауларын талдау және түсіндіру үшін қолданылады. Оқу материалын, графиктерді, ережелер мен формулаларды және графиктер үшін бастапқы деректерді персоналды компьютерлерге кіргізуге болады. Компьютердің көмегімен жұмыс материалдарды белсенді игеруге және бекітуге, сонымен қатар өз бетінше оны тексеруге мүмкіндік береді.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Жанбекова З.Х.
  • Пән: «Макроэкономика »
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория.
    • Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: - Мемлекеттегі экономикалық құбылыстарды меңгеру: шығарым, жұмысбастылық және еркін нарықтағы баға деңгейінің тұрақтылығы саналады.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Макроэкономиканың үлгілері және негізгі санаттары. Макроэкономиканың пәні мен әдістері.Макроэкономикалық көрсеткіштер.Ұлттық табысты өндіру және бөлу. Экономикалық өсу.Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі нарықтық тепе – теңдіктің макроэкономикалық модельдері. AD – AS моделі. Тұтыну және жинақтар. Макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары. Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат. Ақшаға сұраныс. Ақша нарығы. Монетарлық саясат. Мемлекеттің бюджеттік жүйесі және нарықтардың өзара әрекеттесуі. Нарықтардың өзара әрекеттесуі. IS – LM моделі. Экономикалық циклдер және мемлекеттік қарыз. Ашық макроэкономикалық жүйе. Төлем балансы және валюталық бағамдар. Ашық экономика үшін IS – LM - СМ моделі. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс. Халықаралық сауда және саудалық саясат.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика деңгейіндегі білімнің маңызын түсіну;
    • Макроэкономика курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан талдау мен ғылыми болжау жасау білімін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.
    • Студент ие болған білімін макродеңгейдегі теория мен тәжірибеде шаруашылық шешімдерді қабылдау,макродеңгей шеңберінде адамдар арасындағы әлемнің күрделі экономикалық қатынастарын, өз еркімен жинақтау туралы үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерін қабылдауға инвестицияларды, басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, негіздей алуы тиіс.
    • Макроэкономика курсы бойынша жеткілікті білім алған болашақ мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді басқарудағы ролін білуді және дербес жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
    • Оқытушы Т.А.Ә. - Аркенова Ж.Р.
  • Пән: «Менеджмент»
    • Пререквизиттер: «Экономикалық теория, «Микроэкономика», «Макроэкономика».
    • Постреквизиттері: Мемлекеттік ьасқару теориясы, Адамзат ресурстарын басқару.
    • Мақсаты: Курстың теориялық-әдістемелік тұрғысынан, нарықтық қатынастар жағдайында басқару теориясы мен тәжірибесінің қолданылуы мен дамуын игеру табылады.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы. Басқарушылық ой эволюциясы. Ұйымның ішкі және сыртқы орталары. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және менеджер этикасы. Коммуникациялар. Басқарушылық шешімдерді қабылдау. Жоспарлау. Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде. Ынталандыру. Бақылау. Топтық динамика. Басшылық билік және ықпал. Көшбасшылық стильдері. Дауларды және стресстерді басқару. Өзгерістерді басқару.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Менеджменттің әдістемесі және мәні мен оның фирманы басқару жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.
    • Фирмада менеджментті қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.
    • Менеджментті кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.
    • Менеджментті зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.
    • Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы менеджменттің даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Джазықбаева Б.Қ.
  • Пән: «Маркетинг»
    • Пререквизиттер: Экономиалық теория, Микроэкономика.
    • Постреквизиттері: Мемлекет және бизнес.
    • Мақсаты: Нарықты экономика жағдайында мекемелер мен фирмалардың қызметтерінің сәттілігі маркетингтік шешімдердің ұтымдылығына, маркетингтік қызметтің сауатты жасалуына байланысты. Осы себептерге байланысты нарық қажеттіліктерін зерттей және анықтай алатын және мекеменің маркетингтік стратегияларын өңдей білетін кәсіпқой мамандардың атқаратын рөлі күннен күнге артуда. Мамандарды дайындау үдерісі олардың нарық талаптары мен заңдарына сәйкес пәндер бойынша білім алуларын қамтиды. Осы ретте пәннің негізгі мақсаты – маркетингтің концептуалды-түсініктеме аппаратын және теориялық негіздерін игере отырып, маркетинг зерттеулерін практикада жүргізе білуге үйрету.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Маркетинг архитектурасы және кешені. Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары. Маркетингтік зерттеулер. Маркетингтік орта. Тауар нарығында тұтынушылардың мінез-құлығы. Нарықты сегменттеу. Маркетинг жүйесіндегі тауар. Маркетингтегі тауар саясаты. Маркетингтің баға саясаты. Маркетингті ұйымдастыру және басқару. Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты. Маркетингтегі коммуникациялық саясат. Маркетинг жүйесіндегі жарнама. Маркетингті жоспарлау және бақылау. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау. Халықаралық маркетинг. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамаларын, маркетингтік орта мен мен оның құрамаларымен танысу;
    • Маркетингтік ақпаратттар мен маркетингтік шешімдер жүйесін және нарықтардағы тұтынушылар тәртібін тану;
    • Нарықты сегменттеу мен тауарды позициялауды, тауар саясатын, баға белгілеу және баға стратегияларын құра білу;
    • Тауарды тарату жүйелері мен тауар қозғалысы, маркетингті басқару, жоспарлау және бақылау үдерісін өз бетінше іске асыру.
    • Оқытушы Т.А.Ә. - Даулетова А.М.
  • Пән: «Мемлекеттік басқару теориясы»
    • Пререквизиттер: менеджмент, экономикалық теория, құқық негіздері, экономиканы мемлекеттік реттеу.
    • Постреквизиттері: аймақтық экономика және басқару, муниципалды менеджмент, әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздерін оқыту табылады.
    • Курстың қысқаша мазмұны: Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері. Мемлекет қоғамдық үдерістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-фунционалдық құрылымы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік басқаруға жүйелі көзқарас. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудағы адам әлеуеті. Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру. Мемлекеттік басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі. Қазақстан жағдайында мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Аралас экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында басқару субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы;:
    • Ғылым саласы ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми мектептер туралы білуі тисі;
    • Кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі, мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс:
    • Мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Мусатаева А.А.
    • Силлабус Мемлекеттік басқару теориясы
  • Пән: «Экономиканы мемлекеттік реттеу»
    • Пререквизиттер: Макроэкономика.
    • Постреквизиттері: Аймақтық экономика және басқару, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: студенттерді экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мен оның әәдістемесін, теориялық негіздерін, механизмдерін, тәсілдері мен мәнін, оларды нақты табиғи-тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қандай да болмасын елді дамытуда қолдана білуге үйрету.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның объектісі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы – әлеуметтік-экономикалық болжау, мен жоспарлау. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптастыру мен оны жүзеге асыру механизмдері. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқыэкономикалық іс-әрекеттерін реттеу.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • студенттер экономиканы мемлекеттік реттеу аясындағы мемлекеттің атқаратын қызметтерін, Қазақстан Республикаында экономиканы реттеу және басқару органдарының жүйесін, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдерін, заманауи мемлекеттік экономикалық саясаттың концептуалды және нормативтік базасын, экономиканы мемлекеттік реттеудің аясындағы негізгі ғылыми зерттеулер мазмұнын, материалдық өздерістік инвестицияны, еңбек нарығын, әлеуметтік ортаны, қоршаған ортаны, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен реттеу негіздерін білуі тиіс; экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелеріне қатысты терминологияны қолдана білуге, заманауи мемлекеттік экономикалық саясатты бағалай білуге, қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жүйесінен хабардар болуға, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді салыстырмалы талдай білуге, әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстардың өзгеру тенденцияларын анықтауға қабілетті болуы тиіс.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Құттыбаева Н.Б.
  • Пән: «Аймақтық экономика және басқару»
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Мемлекет және бизнес.
    • Постреквизиттері: Кәсіби тәжірибеден өту, дипломдық зерттеу және т.б.
    • Мақсаты: Ұлттық экономиканың тұтастай жүйесіндегі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, және экономиканы реформалау, оның әрі қарай тұрақтануы қандай да бір аймақтық факторлар және шарттарды зерттеу.
    • Курстың қысқаша мазмұны:
    • Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Аймақ ғылыми білімнің саласы ретінде. Аймақтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде. Аймақтық экономиканың дамуы. Аймақтың экономикалық әлеуеті және оны бағалау.Аймақтар экономикасының дамуы реттеудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері. Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні. Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат және аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі. Аймақтық саясат:мәні және негізгі бағыттары.Аймақтық бюджет –салық жүйесі. Аймақтық экономикасының дамуын жоспарлау және болжау. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағалау. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі.
    • Күтілетін нәтижелер:
      • Аймақтық экономика, аймақтардың типологиясы, аймақтық даму ерекшеліктері жайында түсінуі керек.
      • Студенттер аталмыш пән бойынша білімін өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы керек.
      • Аймақтық экономика және басқару, ҚР аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы, аймақтық экономика дамуының жоспарлануы мен болжану мәселелерін зерттй отыра, оларды аймақтық бағдарламалар сияқты маңызды құжаттарды құрауда қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет.
      • Студент меңгерген білімін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының иесі болғанда, яғни жергілікті әкімдіктер мен мәслихаттар қызметінде қолдана алуы тиіс
      • Жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңге сәйкес келетін аймақтық басқаруды жүзеге асыру, аймақтық бағдарламаларды құру, аймақтық менеджментті тиімді ұйымдастыра білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруы қажет.
    • Оқытушы Т.А.Ә. – Таубаев А.А.
    • Силлабус Аймақтық экономика және басқару
  • Дінтану
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Мәңгілік ел
    • Постреквизиттер: Саяси көшбасшылық, Саяси конфликтология, Геосаясат, Мемлекеттік басқару теориясы.
    • Мақсаты: діннің шығуы тарихы мен ерекше ойлаудың тарихи кезеңдері туралы, діндердің догматтық негіздерінің тарихы, олардың қоғамның барлық саласындағы қызметтері мен орны туралы объективті ақпарат беру, сондай-ақ дінді зерттеуші танымал ғалымдарының еңбектерімен таныстыра отырып, діни доктриналарды, діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін сыни талдау біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Мемлекет және дін. Иудаизм. Буддизм. Конфуций. Даосизм. Индуизм. Ерте хрестияншылдық. Православ діні. Католицизм. Протестантизм. Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер. Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.
    • Күтілетін нәтижелер: Дінтану теориясың менгеріп әдістерін қолайлы пайдалана білу. Дінтанудың ертедегі формаларымен жүйесін біліп тарату. Діни экстремизм профилактикасының әдістерін тәжіребиеде пайдалана білу.
    • Діни аспектісін өз еркімен талдай білу. Дәстүрлі емес діни бағыттарды таубу және айыру және студент тісіну керек.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: ф.ғ.к., Сагатова А.С.
  • Әлеуметтану
    • Пререквизиттер: Қазақстанның заманауи тарихы, Мәңгілік ел, Саясаттану.
    • Постреквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес, Мемлекеттік қызмет этикасы, Саяси көшбасшылық, Саяси конфликтология, Адамзат ресурстарын басқару.
    • Мақсаты: студенттерге әлеуметтану бiлiмiнiң негiзiн беру, тарихи дамудың ұзақ жолы барысындағы адамзаттың қол жеткен жетiстiктерiмен таныстыру, әр әлеуметтік дәуiрдiң әр түрлi және күрделi құбылыстарын бағалау, талдау қабiлетiн қалыптастыруға көмектесу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтанудың пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын; әлеуметтанудың адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін; әлемдік және қазақ, әлеуметтанулық ойының негізгі даму кезеңдерін; әлеуметтанудың іргелі мәселелерін, олардың қойылу ерекшеліктерін және әлеуметтанудың қалыптасу үрдісінде шешілуін; адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі әлеуметтанудың теориялары мен әдістерді; қазіргі заманғы отандық және әлемдік әлеуметтанудың өзекті мәселелері.
    • Күтілетін нәтижелер: арнайы әлеуметтанулық терминологияны және әлеуметтанулық категориялық- ұғымдық аппаратын қолдануды; әлеуметтанулық түпнұска мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды; зерттеліп отырған әлеуметтанулық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды; әлеуметтанудың әр түрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді турде жактауды; қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді; әлеуметтанудың ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда колдануды; пәнді оқу барысында «Әлеуметтану» ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану; «Әлеуметттану» курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Манасова М.М.
  • Мәңгілік ел
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Бүкіләлемдік тарих
    • Постреквизиттер: Құқықтық және саяси ілімдер тарихы, Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент, Геосаясат
    • Мақсаты: мемлекеттің негізгі идеялары халық бірлігі, азаматтық бірлік, әлеуметтік тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, тіл мәселесі, мәміле және төзімділік турасында, мағлұмат беріп, оларды жастардың бойына сіңіру. Олардың бойына қоғамда жалпыадамзаттық қалыптарына, ұлттық дәстүрлерге негізделген, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелейтін рухани құндылықтарды бекіту.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Аксиология – құндылықтар теориясы. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы: сипаттамасы, мәні, түсінігі. Ұлттық идея қоғам бірігуінің (консолидация) және мемлекеттік тұтастықтың (әлемдік тәжірибе негізінде) негізгі факторы ретінде. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру. «Қазақ елі - Мәңгілік ел» идеясы – ақпараттық қоғамда тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамыту негізі. Мәңгілік Ел – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім. Ұлттық сана-сезім қазіргі адам санасының ажырамас бөлігі ретінде. Қазақстандағы этникалық толеранттылық және Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі аясында. Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі. Мемлекеттік тіл - Қазақстан халқын біріктіретін күш. Ұлттық тілдің тарихи және этнолингвистикалық аспектілері. Қазақ мәдениетінің ескерткіштері. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті. Ежелгі және жаңа дәуір қазақ әдебиетіндегі «Мәңгілік ел» идеясының көрініс табуы. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттегі ұлттың рухани жаңаруы. Жаңа заман талабындағы үштұғырлы тіл жүйесі.
    • Күтілетін нәтижелер: Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Болашақ мамандардың игерген білімі мен дағды-машықтарын, іс-әрекет тәсілдерін, алынған білімнің тәжірибе жүзінде пайдаға асуын мақсатты түрде ұлғайту мен жинақтау, сондай-ақ тәжірибені эмоционалдық тұрғыда бағалай білу қатынасын қалыптастыру; «Мәңгілік Ел» құндылықтары пәні біріккен курс ретінде болашақ мамандарға көптеген ғылым салалары (тарих, философия, география, этнография, әдебиет, этнопедагогика, этика және әдептілік және т.б.), өнер, мәдениет, кескіндеме, сондай-ақ шынайы өмір жайында білімге ие болу; «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының ұлттық бағдарлама дәрежесінде көтеріліп, әлемдегі ұғым-түсініктердің, қағидалар мен нұсқаулардың мән-мағынасын нақтылап, қоғам сұранысы бойынша түрлі көзқарастардың ортақ келісімге келу өлшемдерін реттеу; «Мәңгілік Ел» пәндік саласы әдістемелік тұрғыда келесі принциптерді ұстануы керек: монизмнен плюрализмге, біржақты көзқарастан көпдеңгейлі сараптамаға және пәнаралық пайымдауға көшу
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: ф.ғ.к., доцент Топашов М.А.
  • Саясаттану
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Бүкіләлемдік тарих
    • Постреквизиттер: Құқықтық және саяси ілімдер тарихы, Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент, Геосаясат
    • Мақсаты: студенттердің тарихи аспектілер жүйелендірілген білімін меңгеруін, әдістемелік – теория негізін, саясаттану мен бағыттарын және осы бағытта саясат теориясының қолданбалы сипаттамасын терең түсіну мен толықтай ұсынып, қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Өркениеттер тарихындағы саяси білімдердің негізгі даму кезеңдері. Саясат қоғамдық өмір құрылымында. Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері. Саяси элита және саяси көшбасшылық. Заманауи саяси жүйелер. Саяси режимдер. Сайлау және сайлау жүйелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси партиялар және партиялық жүйелер,Қозғалыстар мен ұйымдар. Саяси даму және модернизация. Саясаттағы конфликт және дағдарыстық жағдайлар. Саяси мәдениет және саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынас жүйесіндегі Егеменді Қазақстан. Қазақстан Республикасның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтар.
    • Күтілетін нәтижелер: «Саясаттану» пәні саяси әлеуметтік-тарихи дамуды өзгешелігі, ауқымды мәселелерi мен қазiргi өркенниеттiң дамуы, саяси үрдістер мен оқиғалар, байланыстар мәселелерiне ерекше көңiл аударады. Сонымен бiрге пәнді оқыту барысында брейн-ринг ойындары, кесте, схемалар арқылы қысқаша тірек конспект жасау, кешендеу мен фрагментті үзінділер сияқты өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: ф.ғ.к., доцент Сейфуллина Г.Р.
  • Эконометрика
    • Пререквизиттер: Экономикадағы математика, Экономико-математикалық әдістер, Информатика (мектеп бағдарламасы).
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекет және бизнес, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару.
    • Мақсаты: Эконометрика курсы экономикалық жоғарғы оқу орындарындағы басқа пәндер арасында оқу жоспарларында маңызды орын алады. Эконометрика-бұл нақты статистикалық берілгендер базасында нақты экономикалық құбылыстардың математикалық моделі құрылатын, талданатын және жетілдірілетін ғылым. Эконометрика кез келген экономикалық занның немесе гипотезаның сандық дәлелдеуін немесе жоққа шығаруға болатынын табуға мүмкіндік береді. Эконометрикада экономикалық процестерді үйрену математикалық модельдер арқылы іске асырылады. Осыдан оның математикалық экономикамен жақындығы көрінеді.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Эконометрика негіздері. Бас жиынтық және тандама.Таңдамалық сипаттамалары. Статистикалық гипотезаларды тексеру. Жүптық сызықтық регрессия және корреляция. Жиынтық сызықтық регрессия моделі. Мультиколлинеарлылық. Сызықтық емес эконометрикалық модельдер.
    • Күтілетін нәтижелер:Экономикалық модельдерді құру, яғни эмпирикалық талдауды жүргізу үшін қолайлы экономикалық модельдерді математикалық түрде беру; Таңдап алынған модельді нақты берілгендерге аса адекватты ететін модельдің параметрлердің бағасын табу; Модельдің табылған параметрлерінің және модельдің сапалығын тексеру; Зерттелінді экономикалық көрсеткіштердің іс-әрекетін тексеру үшін, талдау және болжау үшін және де экономикалық саясатты жүргізу үшін құрылған модельдерді қолдану; Қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезенде объект дамуын божамдау.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: аға оқытушы Аширбекова Б.М.
  • Мәліметтерді талдау және экономиканы болжамдау
    • Пререквизиттер: Экономикадағы математика, Экономико-математикалық әдістер, Информатика (мектеп бағдарламасы).
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекет және бизнес, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару.
    • Мақсаты: Экономикалық теорияны практикалық есептерді шығаруда қолданудың басты бағыттарының бірі болып мәліметтерді талдау және экономиканы болжамдау болып саналады. Бұл курстың басты мақсаты экономист студенттерге әлеуметті – экономикалық дамуын болжау және әр түрлі табиғат мәліметтерін талдау дағдыларын беру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық болжаудың маңыздылығы. Экономикадағы болжаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік-экономикалық процестерді болжамдаудың сапалы әдістері. Көп факторлы регрессиялық модель негізінде болжамдау. Уақытша қатарлар. Экономикалық үрдістер динамикасының көрсеткіштері. Уақытша қатарларды тегістеу. Үлестірілген лагы бар динамикалық модельдер. Тренд негізінде болжамдау. Мезгіл үрдістерді болжамдау.
    • Күтілетін нәтижелер: Әлеуметті – экономикалық да муда ғылыми дәлеледенген макро және микроэкономикалық болжауды құрудың әдістемесі мен технология негіздерін білу. Кез келген экономикалық жағдайларда тиімді шешім қабылдай алу және болып жатқан құбылыстардың мәнін білу. Объектінің болжауы мен болжамдық фон жағдайы туралы экономикалық мәліметтерді жинақтау және ол ақпаратты болжамдау немесе көпөлшемді статистика әдістерімен өндеу. Болашақта жүйе жағдайын болжау және болжамдау нәтижелері мен статистикалық ақпарат өнделуін ұсыну. Қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезеңде объект дамуын болжамдау.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Емелина Н.К.
  • Статистика
    • Пререквизиттер: Микроэкономика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Information and communication technologies), Экономикадағы математика, Эконометрика (Econometrics).
    • Постреквизиттер: Халықаралық экономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Маркетинг, Қаржыға кіріспе.
    • Мақсаты: Әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеуде статистикалық әдістердің мәні туралы және ерекшеліктерін қолдануды ұсыну, экономиканың дамуы мен жағдайын, ұлттық байлықты, халықтың ұдайы өсуін көрсетуде негізгі статистикалық көрсеткіштерді құру әдістері мен белгілеудің мағынасын ашу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдітері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Ұлттық есеп жүйесі. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.
    • Күтілетін нәтижелер: студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек; әдебиеттерді іздеу мен талдауға; теориялық және практикалық тәжірибелер зертеуге; алынған ақпараттарды өз бетінше талдауға үйрету.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Мухамбетова З.С.
  • Әлеуметтік статистика
    • Пререквизиттер: Микроэкономика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Information and communication technologies), Экономикадағы математика, Эконометрика (Econometrics).
    • Постреквизиттер: Халықаралық экономика, Мемлекеттік басқару теориясы, Маркетинг, Қаржыға кіріспе.
    • Мақсаты: студенттерді мәліметтерді жинау әдістерімен таныстыру, сандық материалдарды, алынған ақпараттар талдауларын өңдеп, алған білімдерін практикада қолдана білуіне үйрету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Жаңа ғасырдағы әлеуметтік статистиканың пәні, әдістері. Ұлттық есептеу жүйесіндегі үй шаруашылықтарының қызметін оқуға бағытталған. Тұрғындардың статистикасы. Еңбек ресурстары мен еңбек нарығының статистикасы. Тұрғындардың табысын зерттеу статистикасы. Тұрғындардың тұтынуы мен шығындарын зерттеудің негізі. Тұрғындардың денсаулығы мен денсаулықты сақтау статистикасы. Адамзат дамуы және тұрғындардың өмір сүру деңгейі.
    • Күтілетін нәтижелер: студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек, өз беттерінше статистикалық жинақтарға талдау жасай білу, мәліметтерді жинақтау және олардың әдістерін білу, практикада өз білімдерін қолдана білуі тиіс.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Мухамбетова З.С.
  • Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету
    • Пререквизиттер: Информатика, Құқық негіздері, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекеттік қызмет этикасы.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде кызмет етуінің алғышарттарының бірі - оның коғамдык өмірдің әр алуан саласында кызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жургізілуі табылады.
    • Пәннің қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік басқару саласында құжат жүргізудің нормативтік базасы. Іс қағаздарын дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері. Мемлекеттік басқарудағы құжаттардың ерекшеліктері. Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жағдайын жақсарту. Істер номенклатурасы. Еңбек қатынастарын құжатаудың жалпы сипаттамасы. Еңбек қатынастары барысындағы ақпараттық құжаттар. Мемлекеттік басқарудағы акпараттық құжаттар. Мемлекеттік басқарудағы аныктамалык кұжаттар. Анықтамалық құжаттардың терминдік сөздігі. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құжаттары. Мемлекеттік басқарудың саласындағы басқару құжаттары. Құпия кұжаттар. Іс қағаздарын жүргізудің бекітілуге жататын құжаттар. Электрондық құжаттарды жасау және пайдалану
    • Күтілетін нәтижелер: Ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарган түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағазынан айқын көрінеді, пәннің тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік басқарудың құжаттық қамтамасыз ету» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу.
    • В. Теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік және жергілікті басқару формаларының түрлі іс қағаздарын жүргізу маңыздылығын түсіну.
    • С. Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу.
    • D. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін кұжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген кұжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау; кұжаттарды қолдануға дайындау сияқты толып жатқан жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту.
    • Е. Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, құжаттау және қүжаттаманы басқару саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: аға оқытушы Джукенова А.К.
  • Өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздері
    • Пререквизиттер: Биология, Химия.
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік статистика, Кәсіпкерлік, Адамзат ресурстарын басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу
    • Мақсаты: болашақ мамандарды теориялық біліммен және практикалық дағдымен қаруландыру;
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Адам өмірінің қауіпсіздік негізі пәніне кіріспе. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері. Төтенше жағдайлар. Адамның мекен ету ортасының қауіптіліктері. Зақымдану ошақтардағы құтқару жұмыстарын өткізудің негізгі қағидалары. Жарақаттар түрлері және алғашқы медициналық жәрдем. Сынықтардың түрлері және алғашқы медициналық жәрдем. Қан кету және алғашқы медициналық жәрдем. Қан және қан құю. Халықты қорғаудың негізгі тәсілдері мен қағидалары. Жұқпалы аурулар және оларды алдын алу. Өнеркәсіптік нысандар жұмысының тұрақтылығы. Реанимация туралы ұғым. Жан сақтау маңызы. Күйік және алғашқы медициналық жәрдем. Жүрек-қан тамыр аурулары және алғашқы медициналық жәрдем.
    • Күтілетін нәтижелер: студенттерді жарақат алу, зақымдану, қатты ауру, өте қауіпті жүқпалы аурулар - олардың айыру белгілері мен медициналық көмек көрсете білуге оқыту; зақымдану ошақтарын сипаттау, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырудың негізін анықтау; қазіргі зақымдағыш құралдар мен төтенше жағдайлардың зардабынан халықты қорғайтын әдістеріне сипаттама беру; радиациялық және химиялық барлау аспаптарын оқып білу және олардың жұмыс істеуімен танысу; жұмыскерлер мен қызметкерлердің, сондай-ақ, шаруашылық жүргізу объектісінің өндірістік әрекетін инженерлік қорғау негізін оқып білу;
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: х.ғ.к., доцент Исабаев А.С.
  • Экология және тұрақты даму
    • Пререквизиттер: Химия, Биология, Физика, География, Математика (мектеп бағдарламасы).
    • Постреквизиттер: ҚР экологиялық құқығы, Аймақтық экономика және басқару, Адамзат ресурстарын басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: Адам табиғаттың бөлшегі, адамдар және олардың қауымдастығы, сонымен бірге, оларға тіршілікті қамтамасыз ететін барлық тірі ағзаларды ескере отырып, өлі және тірі табиғаттың физикалық өзара байланыстарының тұтас бейнесін қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Экологияның ғылым саласы ретінде анықтамасы, экология бөлімдері, дамуының тарихы. Ағза және тіршілік орталары. Даралар экологиясы – аутэкология. Популяциялар экологиясы – демэкология. Бірлестіктер экологиясы – синэкология. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тұрақты даму тұжырымдамасы принциптері. Табиғи ресурстар, жіктемесі. Табиғатты қорғау, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар. Биосферадағы тұрақсыздықтың антропогендік факторлары. Қазіргі кездегі ғаламдық экологиялық мәселелер. Әлеуметтік–экологиялық дағдарыс. Урбанизация. Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы. Баламалы энергия көздері – тұрақты дамудың негізі.
    • Күтілетін нәтижелер: Экология және тұрақты даму» бағдарламасы
    • бойынша құрастырылған бұл пән арқылы студенттерде экология туралы түсінік алуын және ойлауы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру тиіс. Экология және тұрақты даму пәнін қоршаған ортамен тәжірибемен ұштастыру.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: б.ғ.к., доцент Дузбаева Н.М.
  • Экономикадағы математика
    • Пререквизиттер: Математика.
    • Постреквизиттер: Макроэкономика, Қаржыға кіріспе, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Маркетинг, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
    • Мақсаты: Экономикалық есептерді модельдеуге, талдауға, шешуге мүмкіндік беретін математикалық аппаратты меңгеру; Студенттерге маман ретінде болашақ кәсібімен байланасты әртүрлі кұбылыстар мен процесстерді оқып талдауға мұмкіндік беретін математикалық әдістерді меңгеруге көмектесу; экономикалық мәселені өз бетімен зерттеу білігі мен дағдысын қалыптастыру, өз жұмысын жетілдірудің ғылыми жолдарын іздеуге ынталандыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Матрицалар және анықтауыштар. Сызықтық алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі. Векторлар және векторлар жүйесі. Жазықтықтағы түзу. Функция, шек, үзіліссіздік. Функцияның туындысы және дифференциалы. Интегралдық есептеулер. Кездейсоқ оқиғалар және кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шамалардың үлестерім зандары. Кездейсоқ шамалар жүйесі. Кездейсоқ шамалар функциясы. Тандамалық әдіс элементтері. Үлестерім параметрлерін статистикалық бағалау. Статистикалық гипотезаны тексеру Корреляциялық-регрессиялық анализдің элементтері.
    • Күтілетін нәтижелер: Қоршаған әлеуметтік әлемнің болашақ мамандықтарына, ғылыми тануға мүмкіндік беретін оқытылатын «Экономикадағы математика» пәннің методология мен методикасын және негізгі категорияларын білу. Теориялық білімді практикада және «Экономикадағы математика» пәннінде есептерді шығаруда қолдана білу. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсінушіліктерді ескере отырып, талдау, іздеу, жинау, жүйелеу арқылы экономикадағы математиканы ақпаратты аргументтеу және дәлелдеу. «Экономикадағы математика» пәннің ақпараттарын әр түрде мәліметтеу, топпен жұмыс істеу, пікір-сайысқа қатысу, шешім қабылдау. «Экономикадағы математика» пәнінің өздік жұмыс дағдыларының бар болуы, әрі қарай өзін-өзі толық жетілдіру, мамандырылған білімді қажетті түрде тұрақты жаңарту.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, Абдрахманова Г.М.
  • Экономика-математикалық әдістер
    • Пререквизиттер: Математика.
    • Постреквизиттер: Макроэкономика, Қаржыға кіріспе, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Маркетинг, Аймақтық экономика және басқару, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
    • Мақсаты: Экономикалық есептердің математикалық модельдерін құра білу, олардың оңтайлы шешімдерін таба білу, алынған нәтижені өндей білу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:Экономикалық жүйелерді математикалық модельдеудің негізгі ұғымдары. Көпсалалық экономи-каның Леонтьев моделі. Сауданың сызықты моделі. Қорды басқарудың статистикалық модельдері. Ойындар теориясының жалпы ұғымдары. Ойындар теориясының жалпы ұғымдары. Матрицалық ойындар-ды шешу әдістері. Желілік жоспарлау және басқару модель-дері. Желілік графиктер тиімділігі. Жаппай қызмет көрсету теориясының элементтері. Қабыл алмауы бар жаппай қызмет көрсету жүйесі. Күтуі бар жаппай қызмет көрсету жүйесі. Имитациялық модельдерді құру. Қорды басқаруда имитациялық модельдеудің қолданылуы. ЖҚКЖ имитациялық модельдеуі.
    • Күтілетін нәтижелер: экономикалық есептердің математикалық модельдерін құру әдістемесін үйрену және оның тиімді шешімін табу. теориялық білімдерін практикада қолданады, экономика математикалық модельдерін өндейді, олардың мәнін және мағынасын біледі, әлеуметтік, этикалық, ғылыми пікірлерді ескере отырып, қабылданған шешімнің дұрыс және тиімді екендігінің дәлелдеу әдістерін біледі, ақпаратты жинақтау жұмысы жүргізіледі және ол әр түрлі нұсқада ұсынылады, топта жұмыс атқарады, әр түрлі экономикалық есептерді шығара біледі және болашақта ұйымның экономикалық саясатына ұсыныс жасай алады.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, Абдрахманова Г.М.
  • Экономикалық ілімдер тарихы
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика.
    • Постреквизиттер: Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік әлеуметтік саясат, Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік мемлекет.
    • Мақсаты: студенттерде ғылыми дүние тануын қалыптастыру, экономикалық салалардағы болашақ мамандардың, жаңа экономикалық ой-өрісті және мәдениетті тәрбиелеу, танып білу үдерісінің қарама қайшылықтарын таба білу және оларды шешу жолдарын анықтау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні және әдісі. Ежелгі экономикалық ілімдер. Экономикалық ілімдердің пайда болуы. Классикалық саяси экономияның дамуы. Постмануфактурлық кезеңдегі классиктердің теориясындағы классикалық әдет-ғұрыптың дамуы. «Ескі» тарихи мектеп. Макрсизмнің экономикалық ілімі. Дәстүрлі емес экономикалық теория. Маржинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы. Әлеуметтік ойлардың пайда болуы. Кейнсиандық және оның пайда болуы. Институционализм. Ресей және совет оқымыстылардың экономикалық концепциялары. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Экономикалық доктриннің қазіргі замаңғы дамуы. 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы жаңа экономикалық проблемалар
    • Күтілетін нәтижелер: саяси экономияны зерттеу, ежелгі ойшылдардың шығармаларындағы экономикалық идеялардан бастап және қазіргі экономикалық ой-пікілермен аяқталған көз-қарастарды зерттеу; ғылыми зерттеуде міндеттерді жеке орындау; экономикалық ілімдер тарихын кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу; ілімдер тарихының зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану; қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: доцент Суйындыков Ж.С.
  • Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Саясаттану, Мәңгілік ел
    • Постреквизиттер: Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент, Геосаясат, Әлеуметтік мемлекет, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі.
    • Мақсаты: Студенттерге саяси ойлардың тарихи даму заңдылықтарын, бұрынғы теориялық мұраларды сыйлау сезімін тәрбиелеуге көмек көрсету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері. Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер. Шығыс елдеріндегі саяси және кұқықтық ілімдер
    • Ежелгі Грециядағы және Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер. Орта ғасыр дәуіріндегі Шығыс Араб, Орта Азия және Қазақстан мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ілімдер. Орта ғасырлық Батыс Еуропадағы саяси - құқықтық ілім. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. саяси және құқықтық ілімдері. Голландия мен Англиядағы ХҮІІ-ХҮШ ғғ саяси және құқықтық ілімдер. ХҮШ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер ХҮІІІ - XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. I жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIғ.-XIX ғ.бірінші жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер дамуының тарихы. XIX ғ. II жартысындағы - XX ғ. басындағы Қазакстандағы саяси-құқықтық ойлар. XX ғ. Еуропа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер.ХХ ғ.Қытай, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
    • Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту кезінде студенттер саяси құқықтық ілімдер тарихы, дүние жүзі тарихындағы құқық, мемлекет пен сол елдердің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысына тоқталып толық түсініктерді меңгеріп, пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдануы тиіс. Саяси құқықтық ілімдер тарихы қазіргі жағдайда заңгерлер үшін қажетті пән болғандықтан, ойлар мен теорияларға талдау жасап, ғалымдардың монографиялық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Манасова М.М.
  • Құқық негіздері
    • Пререквизиттер: Қазақстан тарихы
    • Постреквизиттер: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, Азаматтық құқық, Кәсіпкерлік құқық.
    • Мақсаты: мемлекет, құқық, мемлекеттік–құқықтық құбылыстар туралы терең және жүйелі білім қалыптастыру, маманның кәсіби және құқықтық мәдениетінің дамуына ықпал ету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекет туралы жалпы жағдайлар. Құқықтың жалпы теориясы. ҚР конституциялық құқығы негіздері. ҚР әкімшілік құқығының негіздері. ҚР мемлекеттік қызмет. ҚР қаржы құқығы негіздері. ҚР қылмыстық құқығы негіздері. ҚР азаматтық құқығының негіздері. ҚР отбасы құқығының негіздері. Еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы негіздері. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы негіздері
    • Күтілетін нәтижелер: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын, солармен тығыз байланысты құбылыстар мен үрдістерді түсіну; Заңдарды дұрыс талқылау және қолдана білу; біздің қоғамда және мемлекеттік, шаруашылық және әлеуметтік–мәдени құрылыста, нормативтік–құқықтық актілерде орын алып жатқан өзгерістерде бағыт ұстай білу; Әртүрлі тұжырымдар мен білімдерді талдау, жалпы және жекені, артықшылықтары мен кемшіліктерін, қазіргі құқықтық жүйеде қолдану болашағын анықтау. Аудиторияның ерекшелігін ескере отырып ақпаратты әртүрлі нысанда жеткізу.Өз бетінше жұмыс істеу біліктілігін арттыру және тұлғалық және кәсіби өзінөзі жетілілдіру қажеттілігін дамыту.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Ахметова К.С.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері (мектеп бағдарламасы)
    • Постреквизиттер: Қазақстан Республикасының жер құқығы, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес, Экономиканы мемлекеттік реттеу.
    • Мақсаты: Пәннің оқытылу мақсаты студенттерге қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі, оның экономиканың дамуына кедергі қаншалықты кедергі келтіретіні және сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздерін қарастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Жемқорлықтың криминалогия мінездемесінің түсінігі. Жемқорлықтың этикалық және тұрпаттамалық көрінісі мен салаларға таралуы. Жемқорлық және кедейшілік. Жемқорлықпен күресуде азаматтық қоғамның рөлі. ҚР корпоративтік басқару қағидаларын дамыту. Жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің қауіп қатері ретінде . Жемқорлықты жоюдағы соттық жүйенің рөлі. Жемқорлықтың тікелей шетел инвестициясының көлеміне әсері. Жемқорлық және кедейшілік. Жемқорлықпен күресте азаматтық қоғамның рөлі. Жергілікті билік ұйымдарының қызметінің ашықтығы мәселелерін қаматамасыз ету. Саяси партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету. Жемқорлықпен күресте БАҚ рөлі.
    • Күтілетін нәтижелер: студент жемқорлықтың қылмыстық мінездемесін және түсінік маңындағы білімді игеру қажет. Өзіндік жұмыс дағдыларын жоғарылату қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: з.ғ.к., профессор Какимжанов М.Т.
  • Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Саясаттану
    • Постреквизиттер: Қазақстан Республикасының жер құқығы, ҚР еңбек құқығы, Әкімшілік құқық, Мемлекеттік басқару теориясы
    • Мақсаты: біріншіден, студенттердің ұғымдарды, құқықтық категорияларды, терминдерді ұғынуы; олардың санасында конституциялық құқықтың елдің ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі рөлі туралы; демократиялық қоғам туралы; құқықтық мемлекет, оның органдары мен институттары туралы; адам және азаматтың құқықтық мәртебесі туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру; құқықтық мемлекет туралы, Қазақстан Республикасындағы қоғам құрылысының негіздері туралы, конституциялық заңдылық талаптары туралы, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, конституциялық құрылысты сақтау мен қорғаудағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Екіншіден, студенттердің конституциялық құқық ғылымының ұғымы мен дәрежесін меңгеруі; оларды әрекеттегі мемлекеттік құқықтық заңдар мен саяси процестерді дұрыс түсінуге, конституциялық құқық нормаларын түсіну және түсінік бере алуда дағдылар мен ептіліктерге, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның құрылу заңдылықтары мен себептерін, мәнін, Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі мемлекеттік-құқықтық даму ерекшеліктерін білуге үйрету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және тәсілдері. ҚР Конституциясы – мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциялық құрылысының негіздері. ҚР адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері. ҚР қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздері. Қазақстан Республикеасының сайлау құқығы және сайлау жүйесі. Республикалық референдум. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау. Қазақстан Республикасында соттар билігінің конституциялық негіздері. ҚР-ның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың конституиялық-құқықтық негіздері
    • Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студент, конституциялық құқықтың ұғымын, тақырыбын, әдістерін, принциптерін; Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының тарихи даму кезеңдерін; конституциялық құқықтың қайнар көздерін жан-жақты зерделеуі; Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің негізі ретіндегі конституциялық құқықтың өзге құқық салалары арасындағы орнын; қоғамдық қатынастарды реттеудегі конституциялық құқықтың негізгі рөлін анықтауы.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: з.ғ.к., доцент Сатбаева К.Х.
  • ҚР Азаматтық құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Саясаттану
    • Постреквизиттер: ҚР жер құқығы, ҚР еңбек құқығы, Әкімшілік құқық, Мемлекеттік басқару теориясы
    • Мақсаты: Қазіргі кезеңде, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа, қарқынды заң шығармашылығын талап етіп, экономикалық қатынастарды әбден жетілдіріп, заңдылықты реттеуді өткір қажет етіп отыр. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан нарықтық экономика кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Пәнді зерделеу процесінде “Азаматтық құқықтың (жалпы б.)“ студенттерге ең қажетті көкейкесті түйінді мәселелерін талқылайды. Берілген пәннің курсы бойынша студенттерге азаматтық құқық (жалпы бөлім) бойынша жалпы мағлұмат ұсынылған. Берілген курстың тақырыптарын талқылауына азаматтық құқықтағы ең проблемалы және маңызды тақырыптар ұсынылған: азаматтық құқықтың субъектілері, меншік құқығы, міндеттемелік құқық т.б.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтық құқықтың түсінігі Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау. Азаматтық құқықтың объектілері. Азаматтар - азаматтық құқықтың субъектісі. Заңды тұлғалар. Мәмілелер. Өкілдік. Мерзімдер.Талап мерзімі. Меншік құқығының ұғымы. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы. Ортақ меншік. Өзгеде заттық құқықтар. Меншік құқығын қорғау. Міндеттеме түсінігі және міндеттемедегі тараптар. Міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік. Міндеттеменің тоқтатылуы. Шарттың ұғымы және жағдайлары. Шарт жасасу, өзгерту және шартты бұзу.
    • Күтілетін нәтижелер: Шарттық құқық нормаларын қолдану тәртібін білу; Сот, құқық қорғау органдарында, шаруашылық қатынастарда тәжірибе өту барысында алған дағдыларын қолдана білу; Шарттық құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру; азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білу; тұлғалық және кәсіби дамуға деген қажеттілік
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: з.ғ.к., профессор Какимжанов М.Т.
  • Қазақстан Республикасының жер құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету.
    • Мақсаты: студентке азық-түлік пен ауыл шаруашылық шикізатымен тұрғындарды қамтамасыз ету мен әр түрлі өндірістік және тұрғын объектілердің орын ауыстыруында, жер қойнауларының бай ресурстарын пайдалану, жерлерді қорғаудағы қаншалықты мән беретіндігіне байланысты елдің экономикалық және саяси болашағы анықтауда бұл саланың заңдылықтарының маңызы мен ролі туралы терең және толық мағлұматты қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі. ҚР жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидалары. Жер құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасында жер қатынастарын құқықтық реттеудің тарихы. Жер құқық қатынастары. Қазақстан Республикасындағы жерге меншік және өзге де құқықтар. Қазақстан Республикасында жер пайдалану құқығы. Жерге ақы төлеу. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік реттеу. Жерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекетік бақылау. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастрі. Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік. Жер дауларын шешу. Ауыл шаруашылық үшін тағайындалған жерлердің құқықтық режимі. Елді – мекен жерлерінің құқықтық режимі. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы үшін қажет емес жерлердің құқықтық режимі. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар, сауықтыру, рекреациялық және табиғи мәдени маңызды жерлердің құқықтық режимі. Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі. Су қоры жерлерінің құқықтық режимі. Босалқы жерлер
    • Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу барысында студент жерді пайдалану және қорғау аясында, жеке және заңды тұлғалардың жерге байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысындағы нақты оқиғаларды шешудің тәжірибелерін иелену, қазіргі және келешек ұрпақтың мүддесі үшін жерді сақтауға мүмкіндік жасайтын құқықтық мәдениетті қалыптастыру; жер қатынастарын құқықтық реттеу, жермен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру тәртібін білу; пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдану. ҚР жер құқығын оқу, заңгерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың болашақ мамандығы үшін қажет білімді игеруге, сондай-ақ ауылшаруашылық жерлерін шаруашылық пайдалану тәртібін орнатқызуға жәрдемдесу; сондай-ақ жерді халықаралық құқықтық қорғау мәселелерін қарастыру; тұрақты түрде кәсіби өсуге, жеке басты дамытуға және кәсіби өздігінен білім алуға қажеттілік.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Хауия С.
  • Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Экология және тұрақты даму
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету
    • Мақсаты: Экологиялық заңдарды және оларды іс жүзінде қолданудың және адамзаттық мүддесі үшін қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану саясатын жүргізуге қабілетті құқық қорғау органның, өкілді атқарушы органның және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес органның болашақ жұмыскерлері болатын құқықтанушыларды дайындау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Экология құқығының түсінігі мен пәні. Экология құқығының тарихы және қайнар көздері. Табиғи объектілерге меншік құқығы. Табиғатты пайдалану құқығы. Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың және басқарудың ұйымдастырушылық – құқықтық нысандары. Табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық. Жердің құқықтық режимі. Жер қойнауының құқықтық режимі және оларды қорғау. Сулардың құқықтық режимі. Ормандардың құқықтық режимі. Жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау. Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі. Қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау
    • Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студенттер ҚР Экологиялық құқығының негізгі институттары туралы теоретикалық жағдайларды; өкілді органдар туралы, заңдық актілерді; әрекеттегі заңдылықты және қолдану тәжірибесін жүзеге асыру тәртібін білуі қажет. Студент, Экологиялық нормативтік актілердің жағдайларын ғана білу емес, сонымен қатар Үкімет пен Парламент ведомосттарында жарияланатын жаңа нормативтік актілердің шығуын бақылап отыруы қажет; Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешуді жәрдемдеседі; ҚР экологиялық құқық пен өзге нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім. Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау, халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысудағы ролі жайында мәселелерін қарастыратын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады; тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Амантай А.
  • ҚР еңбек құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, Өмір-тіршілік қауіпсіздік негіздері.
    • Постреквизиттер: Адамзат ресурстарын басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету
    • Мақсаты: Студенттерге еңбек құқығының курсын меңгерту барысында теңқызығушылық және теңүлгілі қайраткерлік дағдыларын дамыту, ғылыми және зерттеу дағдыларын дамыту, еңбек қорғау уәжі мен жоғарғы құқықтық мәдениетті қалыптастыру,еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық нормалардың қолданылуының анализі; қарастырылып отырған тәртіп проблемасы аясындағы қазіргі еңбек құқығы мен құқықтық ғылымның негізгі даму ойларын шығару.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: еңбек құқығының түсінігі, пәні, тәсілі, қызметі мен жүйесі.Еңбек құқығының қайнар көздері мен принциптері. Еңбек құқығының субъектілері. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар.Әлеуметтік әріптестік пен коллективтік шарт.Жұмысқа орналастыру мен жұмысбасытылықты құқықтық реттеу.Жеке еңбек шарты.Жеке жұмыскерлер санаттарының еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі.Жұмыс уақыты. Демалу уақыты. Еңбек ақысы мен кепілденген және кешенді төлемдер.Еңбекті қорғау.Жеке еңбек шартының жақтарының еңбек тәртібі мен материалды жауапкершілік. Еңбек даулары.Алыс және жақын шетелдердегі халықаралық еңбек құқығы мен еңбекті құқықтық қорғау.
    • Күтілетін нәтижелер:студенттер әлеуметтік еңбек қатынасының теориялық орнын, ҚР қазіргі таңдағы заңнамасын, оның даму серпінін, қазіргі кездегі ресейлік құқық нормаларының қолданылуын терең бойлап оқыту, сондай-ақ алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана білу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Хауия С.
  • ҚР тұрғын үй құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы.
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік әлеуметтік саясат, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету.
    • Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді оқу. Тұрғын үй құқығының курсында тұрғын үй қатынастарының пайда болуы мен өзгерудің ерекшеліктері, олардың жалпы мінездемесі, жеке меншік қатынастары, тұрғын үйді жалға алу келісім-шарттан пайда болатын, жалпы мемлекеттік және жеке тұрғын қорларынан шыққан қатынастарын оқып шығу. «Тұрғын үй құқығы» курсын оқу барысында студенттер тұрғын үй заңнамалық негіздерімен, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын реттеудің реті және әдістерімен танысады.
    • Курстың қысқаша анықтамасы: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.
    • Күтілетін нәтижелер: Егемен Қазақстанның құқығының саласы ретінде тұрғын үй құқығымен студенттерді таныстыру. Бұл пәннің сұрақтарымен танысу Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығын тұрақтандыруы жан-жақты білім алуға көмектеседі,тұрғын үй ұатынастарын тұрақтандыру нормалары негізіндегі нормативті актілері туралы көрініс береді.
    • "Тұрғын үй құқығы" пәнін оқыту барысында студенттердің тұрғын үй құқығын талқылау, тұрғын үй заңнама ерекшеліктерімен практика жүзінде студенттерді таныстыру, көбінесе,тұрғын үй мәселелерінде туатын келіспеушіліктерді қарастыру.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Горячева Е.В.
  • ҚР әкімшілік құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
    • Постреквизиттер: ҚР еңбек құқығы, Қазақстан Республикасының жер құқығы, Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік
    • Мақсаты: пән бойынша білімнің қалыптасуы, әкімшілік құқығының принциптері мен әдістері; ҚР орындаушы ұйымдарының жүйелерімен танысу; әкімшілік құқығы субъектілерінің құқықтық статусын зерттеу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері; Азаматтардың әкімшілік құқықтық статусы; Кәсіпорындардың, ұйымдар мен фирмалардың әкімшілік құқықтық статусы, Әкімшілік процессуалды қызмет, Экономикалық салада әкімшілік құқықты реттеу, Әлеуметтік мәдени салада әкімшілік құқықты реттеу; Әкімшілік саяси салада әкімшілік құқықты реттеу.
    • Күтілетін нәтижелер: «ҚР әкімшілік құқығы» пәні бойынша негізгі құқықтық түсініктерді білу. Бұлар жөнінде республикада шешуші роль беріліп құқықтық көмек жасауда, әкімшілік құқықтық ұйымдарының барлығынның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: з.ғ.к., профессор Какимжанов М.Т.
  • ҚР кәсіпкерлік құқығы
    • Пререквизиттер: Құқық негіздері, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
    • Постреквизиттер: ҚР еңбек құқығы, Қазақстан Республикасының жер құқығы, Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік
    • Мақсаты: республикада шаруашылық қатынастарын реттейтін, жиынтық норманы білу, кәсіпкерлік қызмет туралы норма мазмұны, негізгі құқықтық актілермен танысу, кәсіпкерлік қызмет түсінігін анықтау, оның құқықтық дәрежесін, кәсіпкердің тұлғасын анықтау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Кәсіпкерлік құқық. Жалпы ережелері. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Дара кәсіпкерлік. Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі. Бәсекелік құқықтың негіздері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқығы. Кәсіпкерлік құқықтағы өкілеттіктің түсінігі. Кәсіпкерліктегі міндеттемелік құқықтық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу. Мемлекеттік реттеудің негіздері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан қорғау және қолдау. Тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.
    • Күтілетін нәтижелер: студент Қазақстан Республикасының кезеңдердегі кәсіпкерлік-құқықтық дамуын, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаларды, Бюджет кодексін, бағдарламаларды, Елбасының жолдауын, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік құқықтық қатынастарын және кәсіпкерлік жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекеттік кәсіпкерлік органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет; кәсіпкерлік құқығын оқуда дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде кәсіпкерлік құқығын оқу барысында кәсіпкерлік құқық бұзушылықтармен жұмыс жасай отыра, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру керек.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: аға оқытушы Копбулов Р.А.
  • Мемлекет және бизнес
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Құқық негіздері, ҚР кәсіпкерлік құқығы
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Әлеуметтік мемлекет, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі, Іскерлік коммуникациялар, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету
    • Мақсаты: студенттер мемлекет пен бизнес арасындағы мәселелерді, батыста бұрыннан қалыптасқан және көптеген университеттердің экономика мамандықтары бойынша оқу жоспарларының негізгісі ретінде қарастырады.
    • Пәннің сипаттамасы: Шет елдерде курсты оқытудың бағдарламалық әдістемелік астары, Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы, Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм, Мемлекет нарықтық қатынастарды ынталандыру субъектісі, Кәсіпкерлік дамуының экономикалық негіздері және оның түрлері, «Үкімет пен бизнес» қатынасын реттеу және оның әртүрлі елдердегі тәжірибесі, Экономикалық өсу проблемаларын шешу және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, Экономиканың әртүрлі секторындағы бизнестің даму жағдайлары, Мемлекеттің бизнес пен арақатынасының құқықтық астары,
    • Күтілетін нәтижелер: аралас экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында бизнесті реттеу субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы, ғылым саласы ретінде бизнесті мемлекеттік реттеудің мәнін түсінуі, кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі. мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс, мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек, мемлекеттiк басқаруды жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
    • Силлабус Мемлекет және бизнес
  • Кәсіпкерлік
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Құқық негіздері, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР кәсіпкерлік құқығы, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, СЭІ мемлекеттік басқару
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Стратегиялық жоспарлау, Әлеуметтік мемлекет, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі, Іскерлік коммуникациялар
    • Мақсаты: студенттерге бәсекелестік ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдылары бойынша жүйелі білім беру.
    • Пәннің сипаттамасы: Кәсіпкерлік: мәні, түсінігі, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
    • Күтілетін нәтижелер: Түсінігі болу керек:кәсіпкерліктің теориялық және әдістемелік негіздері туралы; кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау үрдістері туралы; кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мен реттеудің мемлекеттік механизмдері туралы. Білу керек: кәсіпкерлік қызметте жетістікті басқаратын негізгі ингредиенттер қандай екен; кәсіпкерлер жаңа идеяларды нарыққа қалай шығаратынын және қалай ақша табатынын; сәтті кәсіпкерлік бастамаға мүмкіндік беретін айрықша ойлау жүйесі. Меңгеру қажет: кәсіпкерлік қызметпен байланысты білімдер мен тұжырымдар түсінігінің, дағдылар мен терминологияларды; кәсіпкерлік қызметтегі стандартты және стандартты емес шешім қабылдауда білімдер мен сыни түсініктерді қолдана білуді; кәсіпкерлік қызмет проблемаларын шешу үшін қажетті дұрыс тұжырымдар жасау үшін ақпараттарды бағалау, талдау және түсіндіре білуді дағдылары болуы қажет; кәсіпкерлік үрдісі мен тұжырымдамасын түсіну; жаңа бизнес тұжырымдамалардың мүмкіндіктері мен өміршеңдігін анықтау; жаңа тұжырымдамалардың табиғатын зерттеу; бизнес жоспар жасау және оны сыни тұрғыда талдау қабілеттерін дамыту
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Куттыбаева Н.Б.
  • Қаржыға кіріспе
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу
    • Постреквизиттер: Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік мемлекет
    • Мақсаты: қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын игерудегі студенттердің теориялық және практикалық дайындығын қамтамасыз.
    • Пәннің сипаттамасы: Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі. Қаржы жүйесі. Қаржы саясаты және қаржы механизмі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекеттік қаржы. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш. Үй шаруашылығының қаржысы. Сақтандыру. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Қаржы рыногы. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы. Қаржы және инфляция
    • Күтілетін нәтижелер: Студент қаржының теориялық негіздерін, ұйымдастыру, тәжірибелік колданылуын, әр түрлі айқындамалар тұрғысынан қарастыру керек; қаржыны экономикалық категория ретінде қарастырып, оның ұдайы өндіріс үдерістеріндегі және қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуындағы рөлі мен маңызын игеріп студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет; қаржының табиғаты, қызметтері, қаржының басқа экономикалық категориялар мен өзара байланысын, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктерін қарастырып меңгеруі қажет; қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларын, жүйелерін, ұғымдарын, олардың қаржы және басқа экономикалық және әлеуметтік жүйелердегі іс-қимылының қағидаттары мен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптауын. Бұған мыналар кіреді: табыстар, салықтар, қорлар, шығыстар, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш, сақтандыру, резервтер, функциялык жүйелер, қаржылық жоспарлау мен болжау, бақылау, қаржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету, қаржы нарығын, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарын және сыртқы экономикалық байланыстар сферасындағы каржының іс-қимылының өзіндік ерекшеліктері жайлы мәлімет бере алуы керек; нақтылы экономикалық ахуалда қаржы механизмінің құралдарын қолдану мүмкіндігін талдауды, оны қолдана білу және ойлау жағын дамыту. Сонымен қатар елдің әртүрлі қаржылық өзгерістерін ескере отырып оларды талдай отырып мақалалар жаза білу
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Татиева Г.А.
  • Қаржы нарығы мен делдалдар
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу
    • Постреквизиттер: Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік мемлекет
    • Мақсаты: "қаржы нарығы" түсінігін, оның қызметтері мен мемлекеттің қаржы - несиелік жүйесінің әрбір бөлігімен байланысын білу. Қаржы нарығының құралдарын меңгеру, қаржы делдалдарының рөлін түсіну.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен оның құрамдас бөліктері. Ақша нарығы мен оның құралдары. Депозит нарығы мен оның қаржылық құралдары. Несие нарығы, оның маңызы мен мәні. Валюталық нарық пен валюталық операциялар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметтері мен құрылымы. Сақтандыру мен зейнетақы нарығы. Қаржылық делдалдық. Қаржы нарықтарындағы банктердің қызметі. Зейнетақы нарығының қаржылық институттары. Инвестициялық компаниялар мен қорлар. Сақтандыру компаниялары мен мамандандырылған қаржы - несиелік институттар. Қор биржасы, оның қызметтері мен құрамы. Қазақстанның қаржы нарығын реттеудің құқықтық негіздері. ҚР Ұлттық банкі және өзін - өзі реттейтін ұйымдар. Әлемдік қаржылық нарық, оның құрылуы мен дамуы. Зейнетақы жүйесі мен дамыған және дамушы мемлекеттердің ипотекалық нарықтары.
    • Күтілетін нәтижелер:
    • Қаржы нарығының теориялық аспектілері туралы білу.
    • Қаржы нарығының саласының тәжірибесінде теориялық білімді пайдалана білу. Тәжірибелік қызметте теориялық білімді ауыстыру.
    • Қаржы нарығының дамуындағы мәселелерді анықтау және қаржыландыру, баға қалыптастыру және т.б. сұрақтарында өзіндік шешімдер қабылдау.
    • Жалпы қаржы нарығының дамуына талдау жасау, сонымен қатар оның сегменттері бойынша, қаржылық мәселелерді шешуде өз көзқарастарын қорғау.
    • Қаржы ұйымдары мен қаржы нарығының көрсеткіштерін талдауда өзіндік дағдылардың болуы.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Курманалина А.К.
  • Мемлекеттік бюджет
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат
    • Постреквизиттер: Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік мемлекет
    • Мақсаты: Мемлекеттік бюджет елдің қаржы жүйесінің орталық бөлігі және қаржылық – экономикалық қатынастар аясындағы ең күрделісі. Жүріп жатқан интеграциялық үдерістер, шаруашылық байланыстардың күшеюі, мемлекеттің ресурстық базасының нығаюы бюджеттік үдеріс және бюджеттік қатынастар аумағындағы сұрақтарды жан – жақты және бөлшектік зерттеуді талап етеді.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде. Бюджет жүйесі. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің экономикалық мазмұны мен сипаттамасы. Бюджет сыныптамасы. Бюджетаралық қатынастарды реттеу тетігі. Бюджет жүйесін басқару. Бюджетті жоспарлау негіздері. Бюджет түсімдерінің эконимикалық мазмұны және оларды жоспарлау негіздері. Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау. Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі. Бюджет шығыстарын жоспарлау негіздері. Мемлекеттік қарыз алу тетігі. Бюджет процесін ұйымдастыру негіздері. Бюджеттік несиелеу. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі. Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру
    • Күтілетін нәтижелер: бюджеттік жүйе механизмі және бюджеттік қатынастарды іске – асыру аумағында қажетті білім көлемін және дағдыларын білуі қажет; бюджеттік жоспарлау техникасы және бюджеттік бақылауды іске – асыру бойынша белгілі тәжірибелік дағдыларды алуы қажет; ғылыми басылымдарда, статистикалық жинақтарда ұсынылған мәліметтерді зерттеу негізінде қорытындылар жасап және дәлелді пікірлер шығару, өз ойларын жеткізу; бюджеттік және бюджет аралық қатынастарды іске – асыру бойынша нормативті – құқықтық базаны білу; мемлекеттік бюджет, бюджеттің құрылымы, бюджет кірістері мен шығындары, мақсатты трансферттер, бюжеттік жоспарлау және олардың көмегімен экономикадағы нақты жағдайларды талдауды білу
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Татиева Г.А.
  • Салық және салық салу
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат; Бухгалтерлік есеп және аудит
    • Постреквизиттер: Мемлекет және бизнес, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік мемлекет
    • Мақсаты: Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын ашып қарастырып оқыту.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі. Көлік құралдарына салынатын салық. Жер салығы. Мүлік салығы. Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС). Акциздер. Корпоративтік табыс салығы. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Ойын бизнестеріне салық салу. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимдері (АСР). Алымдар, төлемдер және баждар
    • Күтілетін нәтижелер: Студент салықтардың экономикалық мәні, міндеттері мен қызметтері, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуы, салық саясатының құрылуы, оның мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асыру құралдары, жекелеген салық топтары мен алымдардың қызмет етуі, оларды есептеу және төлеу механизмі, арнаулы салық режимін қолдану тәжірибесі, салықтық әкімшілдікті қолдану тәжірибесі, салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны туралы түсінік болуы керек; салық және салық салу туралы мәліметті, олардың түрлерін, іске асырылу принциптерін және заңнамлық аспектілері жағынан есептеп төлеуін, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет; салықтардың әрбір түріне жекелей тоқталып олардың объектілерін, субъектілерін, төлеушілерін есептеу жолдарын қарастырып меңгеруі қажет; студент салық төлеушілерге, кәсіпорынның қаржылық қызметкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға, салықтар жайлы мәлімет бере алуы керек; студент Қазақстанда резидент және бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың салықтары, оларды есептеу төлеу тәртіптері мен мерзімдерін әрбір салық бойынша есеп берулерін, салық комитеттерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеріп, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к, доцент Улаков Н.С.
  • Бухгалтерлік есеп
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Микроэкономика, Статистика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Information and communication technologies).
    • Постреквизиттер: Қаржыға кіріспе, Салық және салық салу.
    • Мақсаты: кәсіпорындарды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің ролін оқып білу. Осы тапсырманы орындау үшін курсты беру негізіне «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөнінде» №234, 2007ж 28 ақпаннан ҚР заңдары, ҚР нормативтік және заңнамалық құжаттарды білу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы:
    • Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары. Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу. Есеп саясаты. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Қорлар мен дайын өнімнің есебі. Дебиторлық қарыздар есебі. Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі. Қаржылық есеп беруді ұсыну.
    • Күтілетін нәтижелер: студент бухгалтерлік есеп және аудит жүйесi туралы білімі мен түсінігін көрсете білу; осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; дәйектемелер құрастыру және бухгалтерлік есеп пен аудит проблемаларын шешу; әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру; ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау; күнделікті кәсіби қызметке және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдысын игере алуы тиіс.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: аға оқытушы Хасенова Г.Т.
  • Бухгалтерлік есеп негіздері
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Микроэкономика, Статистика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Information and communication technologies).
    • Постреквизиттер: Қаржыға кіріспе, Салық және салық салу.
    • Мақсаты: ҚР бухгалтерлік есеп жүйесінің әдістерінің теориялық негізін терең игеру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі. Бухгалтерлік баланс. Бастапқы бақылау-бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі. Шоттар және екі жақты жазу. Құндық бағалау және ағымдағы бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп нысандары. Қаржылық есептілік негіздері. Бухгалтердің кәсіби этикасы.
    • Күтілетін нәтижелер: студент бухгалтерлік есеп аясында теориялық білімдерін толықтыру, яғни құжаттау мен түгендеу, бағалау мен калькуляциялау, шоттар және екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс және қаржылық есептілік сияқты ұғымдар туралы түсінік алу. Тәжірибеде білімдер мен түсіну қабілеттіліктерін пайдалану. Бухгалтерлік есептің негіздерінің орны мен бағытын түсіну және бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін түсіну.
    • Қорытындыларды құруда, шешімдерді бағалауда негіздемелерді шығару қабілеттілігі. Кәсіпорынның экономикасының жүйелі және жан жақты талдауын жүргізу және қаржылық есептілікті құра білу. Пәнді оқу барысында бухгалтерлік баланстың құрылуын білу және алғашқы құжаттарды толтырып, оларды өңдей білу керек. Оқу қабілеттілігі. Екі жақты жазу көмегімен өз бетінше бухгалтерлік есеп шоттарында жазуларды жазу, шаруашылық операциялардың мазмұнын бекіту және экономикалық, басқару шешімдерін қабылдауға есеп берілгендерін қорытындылай алуы тиіс.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: аға оқытушы Хасенова Г.Т.
  • Саяси көшбасшылық
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Философия, Менеджмент, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Саяси социология, Геосаясат
    • Постреквизиттер: Саяси менеджмент, Саяси конфликтология, Саяси этика.
    • Мақсаты: студенттердің бойында гуманитарлық технологиялардың негізінде көшбасшылық қабілетті қалыптастыру, ол өз кезегінде кәсіби қызмет аясы, әлеуметтік және мәдениетаралық қарым-қатынастарда өз көрінісін табады; қызметкерлердің еңбек өнімділік сапасын арттыру мақсатындағы қолданылатын тиімді көшбасшылық біліктілігін қалыптастыру; саяси көшбасшылық феномені бойынша жан-жақты талдау жүргізу; психологияның негізі мен көшбасшылықтың технологиялық әдістерін меңгеру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси көшбасшылықтың болмысы мен түсінігі. Саяси көшбасшылықтың теориясы және оның психологиялық аспектілері. Саяси көшбасшылық және оның негізі. Саяси көшбасшылық бастаулары. Саяси көшбасшылық принциптері. Саяси көшбасшылықты жүзеге асырудың түрлері мен тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың заңдылық проблемасы. XХ ғасырдың басындағы қоғамның жаңғыруындағы Қазақтың саяси көшбасшылығы. Саяси көшбасшының қоғаммен қарым-қатынасы. Саяси көшбасшылықты жүзеге асырудың түрлері мен тәсілдері. Саяси көшбасшылықтың заңдылық проблемасы. Саяси көшбасшылықтың заңдылық проблемасы. Саяси көшбасшылардың саясаттағы рөлі. Халықаралық аренадағы саяси көшбасшылықтың ұғымы. Қоғамның дамуына әсер ететін саяси көшбасшылар мен саяси топттар
    • Күтілетін нәтижелер: саяси көшбасшылық бойынша түсінік-терминдік білімдер мен зерттеу әдістері бойынша біліктілктерге ие болу; саяси көшбасшылықты оқу бойынша негізгі теориялық білімдерді білу; саяси көшбасшылықтың шетелік және отандық концепцияларын, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін, заңдылықтарын білу; саяси көшбасшылықты іске асыру мен дамыту бойынша механизімдерді білу; меңгеру: бағдарлама бойынша негізгі оқу материалын, курс бойынша міндеттік әдебиеттерді; саяси көшбасшылықтың мәселелерін зерттеу бойынша негізгі теориялық әдістер мен көзқарастарды; саяси көшбасшылықтың теориясы мен тәжірибесі бойынша негізгі сұрақтарды; түсіну және дәйектеу: өткен және болашақ кезеңде саяси көшбасшы сакяси үдерістің феномені болып табылады; саяси көшбасшылық феноменін зерттейтін бағыттар мен психологиялық мектептер құрылымы; саяси көшбасшылық жүйесіндегі күрделі құбылыстар мен тенденциялар; түсіну: саяси көшбасшылықтың негізгі түсініктері мен теориясын; көрініске ие болу: саяси көшбасшылық теориясы саяси көшбасшылық бойынша негізгі ғылыми білімдерді қалыптастыру және саясаттағы көшбасшылықтың әлеуметтік-саяси мағынасын ғылыми тұрғыда танып білу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, оқытушы Ертай Х.
    • Силлабус Саяси көшбасшылық
  • Саяси технологиялар
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Философия, Менеджмент, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Саяси социология, Геосаясат
    • Постреквизиттер: Саяси менеджмент, Саяси конфликтология, Саяси этика.
    • Мақсаты: студенттерде мақсатты, ілеспелі, тиімді құралдар, қажетті нәтижеге қол жеткізудің әдіс, тәсілдері, тәжірибелі саяси іс-әрекет мақсаттарын жүзеге асыру құралдарының жүйесі ретінде түсінікті қалыптастыру .
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: «Саяси технологиялар» курсының теориялық-әдіснамалық негіздері. Таңдау технологиялары: модельдері, әдістері, процестері. Сайлау кампаниясының қатысушылары және сайлау нәтижелеріне олардың ықпалы; Сайлау процесінде саяси ықпал ету; Сайлау кампаниясының стратегиясы, оны жоспарлау. Сайлау кампаниясы тактикасын әзірлеу. Саяси кампаниялардағы насихаттау-жарнамалау жұмыстарының негізлері. Сендіру коммуникациясы: түрлері, сызбалары, техникалары. Насихаттау жұмысының бұқаралық технологиялары. Саяси кампаниядағы құрылымдау. Кандидат тобы: қалыптастыру технологиясы. Ағымдағы ақпарат және сараптамалық іс-әрекет. Саяси кампаниядағы бәсекелестер және қарсыластар. Заң және мораль шеңберіндегі насихаттау технологиялары. Түрлі-түсті революция технологияларына қарсы тұру.
    • Күтілетін нәтижелер: студент білуі тиіс: саяси технологиялардың пәні мен құрылымын; қоғамның саяси жүйесі институттарын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін; саяси кампанияларды жоспарлау заңдылықтарын. Жүзеге асыра алуы тиіс: саяси технологиялардың объектілері мен субъектілерін жіктеу; сайлау заңнамасындағы білімін сайлау процесінде қолдану. Меңгеруі тиіс: саяси процестерді үлгілеу әдістерін; саяси жүйенің даму қарқыны және заңдылықтарын анықтау әдіснамасын; жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қосымша ресурстар тарту және есептеу дағдыларын.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, оқытушы Ертай Х.
  • Саяси менеджмент
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Менеджмент, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Саяси көшбасшылық, Саяси технологиялар
    • Постреквизиттер: Адамзат ресурстарын басқару, Мемлекеттік басқару этикасы, Саяси этика, Әлеуметтік мемлекет, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі.
    • Мақсаты: саяси процестерді басқару үшін пайдаланылатын басқарушылық алгоритмдер мен технологиялар, саяси менеджмент саласында саяси дағдылар мен білімдер кешенін қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси менеджменттің мәні. Мемлекеттің немесе саяси қайраткердің беделін нығайту. Мемлекеттік мекеме іс-әрекеті үшін қолайлы жағдай жасау. Халықтың электоралды қалауын қалыптастыру. Саяси одақтар мен блоктарды құру. Саяси жанжалдарды басқару. Саяси жанжалда саясаткерлерге ықпал ету.
    • Күтілетін нәтижелер: саяси менеджмент мәні мен оның саясаттағы ролі жайлы көрініске ие болу; саяси менеджментке қатысты негізгі теориялық тәсілдемелерді білу; саяси процестерді басқару қағидаларын айқындау; саяси талдау үшін ақпаратты дұрыс жинақтау, өңдеу, бағалай білу; келіссөз жүргізу дағдысына ие болу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Букатов Е.Б.
    • Силлабус Саяси менеджмент
  • Саяси конфликтология
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, Саяси көшбасшылық, Саяси технологиялар
    • Постреквизиттер: Адамзат ресурстарын басқару, Мемлекеттік басқару этикасы, Саяси этика, Әлеуметтік мемлекет, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі.
    • Мақсаты: жанжалдардың экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге де категорияларын пәнаралық талдау дағдысын дамыту; қандай да бір жанжалдың ерекшеліктеріне ықпал ететін факторларды анықтау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Конфликтологияны зерттеуге қатысты негізгі тәсілдемелер. Заманауи ғылыми жүйедегі конфликтологияның орны. Жанжалдардың жіктелуі. Саяси жанжалдардың туындауы: дербес деңгей, топтардың деңгейі, мемлекеттік деңгей, әлеуметтік-идеологиялық деңгей. Келіссөздер жанжалдық қатынастар құраушысы ретінде: стратегиялары, тактикалық тәсілдер. Саяси жанжалдарды басқару. Арбитраж жанжалдарды басқару формасы ретінде. Медиаторлық жанжалдарды басқарудың жаңа форматы ретінде. Жанжалдарды реттеудегі БҰҰ ролі.
    • Күтілетін нәтижелер: саяси жанжалдардың жіктемесі мен негізгі тұжырымдамасын білу; саяси жанжалдарды реттеуге қатысты негізгі тәсілдемелерді білу; саяси жанжалдарды реттеу стратегияларының жіктемесін түсіну; саяси жанжал сценарийін талдай білу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Букатов Е.Б.
  • Саяси әлеуметтану
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Менеджмент (Management)
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік мемлекет, Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент.
    • Мақсаты: студенттерге саясатты, саяси билікті және оны ұйымдастырудың әдістерін, қоғамды оның әлеуметтік құрылымы мен ондағы процестерді толығымен талдау тұрғысынан зерттеу туралы білімдер беру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси әлеуметтану ғылым ретінде. Саяси өмірдің әлеуметтанулық сараптамасының мазмұны. Саяси әлеуметтану негізгі идеяларының эволюциясы. Қазіргі саяси-әлеуметтік ойлардың негізгі бағыттары. Саяси өмірдегі әлеуметтанулық зерттеулердің технологиясы мен әдістері. Индивид саясат объектісі ретінде. Саяси көшбасшылық. Азаматтық қоғам және мемлекет. Саяси элита әлеуметтік қабат ретінде. Тоталитарлы және авторитарлы жүйесіндегі адам.
    • Демократия билік формасы және саяси өмірді ұйымдастырудың жүйесі ретінде. Әлеуметтік-демографиялық саясат. Саясаттағы діни фактор. Қоғамның әлеуметтік саласы және саясат. Әлеуметтік стратификация және саясат. Саяси партиялар азаматтар мүдделерінің жүзеге асырылу формасы ретінде. Қоғамдағы қақтығыстық жағдайлар. Саясаттағы қоғамдық пікір. Экономика және саясат. Сайлау және сайлау үрдісі. Мәдениет және саясат. Саяси өмірдің мәдени-әлеуметтік детерминанттары. Саяси модернизация. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
    • Күтілетін нәтижелер: ойлау мәдениетін игеру, ақпаратты қабылдау, сараптау, жалпылау дағдысын, мақсатты қоя білу және оған жету жолдарын меңгеру; тұлғаның саясаттағы алатын орнын толық жан-жақты білу; ғылыми зерттеулерді жоспарлау;қазіргі адамның негізгі саяси мәселелеріне талдау жүргізе білу; үнемі өзін-өзі дамыту, өзіндік шеберлік пен біліктілігін арттыру, өзінің кемшіліктері мен жетістіктерін сыни бағалай алу, жолдарды белгілеп, оларды дамытудың немесе жоюдың құралдарын таңдау; өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәнін түсіну, кәсіби іс-әрекетті орындаудағы жоғары мотивацияға ие болу; әлеуметтік өзара байланысқа, қақтығыстарды шешу және ынтымақтастық, әлеуметтік мобильділік, әлеуметтік жауапкершілікке ие болу
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі:магистр, аға оқытушы Бадел А.Б.
  • Басқару социологиясы
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Менеджмент (Management)
    • Постреквизиттері: Әлеуметтік мемлекет, Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент.
    • Мақсаты: студенттерде басқарудың жалпы теориясындағы социаологиялық тәсілдеме туралы тұтастай көріністі, сонымен қатар социологиялық білім негізінде басқарушылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Социологиялық білім жүйесіндегі басқару социологиясы. Басқарудың социологиялық тұжырымдамалары қалыптасуының негізгі кезеңдері. Әлеуметтік ұйым. Басқару процесінің құрылымы мен қатысушылары. Басқару жүйесіндегі тұлға құндылықтары мен мотивтері. Ұйымдық мәдениет. Ұйымдық мәдениеттің өзгерісін зерттеу. Әлеуметтік болжамдау және әлеуметтік жобалау: қағидалары, әдістері, кезеңдері. Стратегиялық басқару. Дағдарыстық басқару және басқарушылық жанжалдар. Әлеуметтік бақылау әлеуметтік басқару функциясы ретінде. Әлеуметтік жобалау. Әлеуметтік жобалау формалары. Мемлекет басқару институты ретінде. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі басқарушылық іс-әрекет. Аймақтық басқарудың әлеуметтік функциялары. Білімді басқару.
    • Күтілетін нәтижелер: әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтік басқару пәні мен орнын, басқарудың жалпы теориясындағы социологиялық тәсілдеменің ерекшелігін білу; кәсіби іс-әрекетте әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін басқару социологиясының теориясы мен әдістемесін қолдану; нақты мәселелерді шешуде ақпараттық-іздеу және сараптау-синтетикалық тәсілдемелерді қолдану; әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша пайымдауларды жеткізе білу; өзіндік жұмыс дағдыларын арттыру.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі:магистр, аға оқытушы Бадел А.Б.
  • Экономикалық саясат
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Микроэкономика, Экономикадағы математика.
    • Постреквизиттер: Мемлекеттік бюджет, Қаржыға кіріспе, Мемлекеттік инновациялық саясат, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, СЭІ мемлекеттік басқару
    • Мақсаты: Экономикалық саясаттың теориясы мен түрлерін ашу, үкіметтік шешімдерді қабылдау үдерісі, фискалды, монетарлық, инвестициялық, әлеуметтік, валюталық саясат және мемлекеттік қарыздармен басқару саясаты.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық саясаттың пәні, объектісі және субъектісі. Үкіметтік шешімдерді қабылдау саясаты, ақша несие саясаты, валюталық саясат, инвестициялық саясат, сауда саясаты.
    • Күтілетін нәтижелер: Экономикалық ілімдер тарихын оқу барысында экономиканың ой-өрісін бакалавриаттарга таныстыру: әр түрлі экономикалық ілім мектептерінің теориялық концепциясын білу; экономикалық ілімдердің пайда болуының тарихымен танысып білімнің негізін іске асыру. Практикада түсіну қабілеттерін, олардың мағыналарын пайдалану. Өз қызметіне қатысты кәсіби білімділігін пайдалану алу және пән саласы шеңберіндегі мәселелерді шешу барысында дәлелдеу, Әлеуметтік, ғылыми немесе экономикалық ой-өрісі бойынша пікірлерін білу үшін қажетті жинау және түсіну.экономикалық дәлелдемелер мен дәлелдерді құру. Талдамалы экономикалық пікірлерді асыру және сыни талдау ойларды меңгеру, Коммуникациялық іскерлікті әр түрлі аудиторияларда ақпаратты, ой-өрісті мәселелерді көрсете білу.Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда игеру, Экономикалық мектептері мен экономикалық теорияның білімін пайдалана отырып, өзін-өзі экономикалық кәсіби білім деңгейін көрсету.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
  • ҚР сыртқы саясаты
    • Пререквизиттер: Қазақстанның заманауи тарихы, Саясаттану.
    • Постреквизиттер: Геосаясат, Халықаралық экономика, Саяси конфликтология.
    • Мақсаты: «Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты» пәнінің мақсаты сыртқы саясаттың қалыптасуы мен дамуын үрдісін көрсету, Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа кіру үрдісін көрсету, жеке елдермен, сондай‑ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының түрлері мен әдістерінің көпжақтылығын ашып көрсету
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу тарихы. Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Қазақстан – Ресей қатынастары. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен сыртқы саясаты. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік мәселелері. Азия бағытындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Қазақстанның сыртқы саясатының европалық тармағы. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының америкалық бағыты. Қазақстан Республикасының ядролық қаруларды таратпау және қарусыздану ұстанымдары. Қазақстан және аймақтық ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері.
    • Күтілетін нәтижелер: Оқылып отырған пән бойынша әдістеме мен әдіснаманы игеру, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделу, дипломатиялық төжірибедегі дипломатиялық құжаттармен жұмыс жасай білу, Пәнді оқыту барысында әлеуметтік, этникалық, ғылыми мазмұндағы ақпаратты талдай білу, Пәнді оқыту кезінде дәрісханалық база ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау, Студенттер өзіндік жұмыстарды игере отырып өз білімдерін әр кез жетілдіріп дамытып отыруы қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Досова Б.А.
  • Халықаралық экономика
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Экономикалық саясат.
    • Постреквизиттер: СЭІ мемлекеттік басқару, Инвестициялық үдерістер мемлекеттік басқару, Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік басқару, Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі.
    • Мақсаты: студент ұлттық экономикадағы процестер мен олардың әлемдегі болып жатқан процестерге тәуелділігін түсіну және халықаралық экономикалық теория білімі сыртқы экономикалық саясаттың тиімді қалыптасуына әкеледі.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономика түсінігі, қалыптасуы және құрылымы. Халықаралық сауданың классикалық теориясы
    • Өндіріс факторларының ара-қатынасы теориясы. Халықаралық саудадағы жалпы тепе- теңдік. Халықаралық сауданың табысты бөлуге ықпалы. Халықаралық сауданың альтернативтік теориясы. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу. Халықаралық жұмыс күші миграциясы. Халықаралық технологиялық айырбас. Халықаралық экономикалық интеграция. Халықаралық валюта-қаржы жүйесі. Төлем балансы. Валюталық курс және оны реттеу. Халықаралық қаржы нарығы
    • Күтілетін нәтижелер: студент оқылып отырған пән бойынша әдістеме мен әдіснаманы игеру, халықаралық экономика теориясы пәнін игере отырып жұмыс жасап, Ұлттық экономиканы талдау құралы мен олардың басқа мемлекеттермен қарым қатынасын білу. Пәнді оқыту барысында халықаралық экономика заңдылығын талдай білу. Пәнді оқыту кезінде дәрісханалық база ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау. Студенттер өзіндік жұмыстарды игере отырып өз білімдерін әр кез жетілдіріп дамытып отыруы қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Талимова Г.У.
  • Геосаясат
    • Пререквизиттер: Саясаттану, Экономикалық теория.
    • Постреквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы, Саяси көшбасшылық, Саяси менеджмент.
    • Мақсаты: өз елінің және шетелдік тарихнаманың қазіргі жетістіктері негізінде студент ХХ ғасырдағы және ХХІ ғасыр басындағы геосаяси үрдістердің өзгеру логикасын түсініп, олардың заңдылықтары мен даму тенденцияларын меңгеруі керек.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Геосаясат: дефинициялары, әдістері, функциялары. Ежелгі және Ортағасырлық қоғамдық ойдағы геосаяси көзқарастардың қалыптасу тарихы. Географиялық детерминизм – жаңа заман саяси ілімдеріндегі басым бағыттарының бірі ретінде. Негізгі классикалық геосаяси теориялар. саяси география және геосаясат. Қазіргі геосаяси мектептер мен концепциялар. Геосаяси циклдердің теориялық проблемалары. Орталық Азия геосаясатының тарихи-географиялық аспектісі. Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің геосаяси басымдылықтары. Қазақстан Республикасының геосаяси стратегиясы. Орталық Азия және Ресейдің геосаяси қызығушылықтары. тарихы мен бүгінгі жағдайы. АҚШ және оның Орталық Азиядағы геосаяси қызығушылықтары. Орталық Азия және Қытайдың геосаяси стратегиясы. Орталық Азиядағы Еуропалық қауымдастық мемлекеттерінің геосаяси қызығушылықтары. Орталық азия ислам әлемінің геосаяси және өркениеттік кеңістігінде. Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
    • Күтілетін нәтижелер: студенттер «Геосаясат негіздері» пәнінен теориялық білімін ала отырып, басты геосаясаттың негізгі ұғымдары және геосаясаттың терминдері, геосаясаттың анықтамасы: идеология немесе ғылым ретінде, фундаментальдық және қолданбалы геосаясат. «теллурократия және талассакратия» түсініктеріне тоқталады. Пәнді оқу барысында геосаяси заңдылықтардың дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын, оның эволюциясының механизмдері мен факторларын білуге дағдыланады. Студент қазіргі геосаяси ойларды, олардың келешекті болжай білуге деген түсінігін ашуда қазіргі тәсілдерді меңгеріп, оның категориялық аппаратымен сөйлей алу, халықаралық қатынастар саласындағы әдістер, әдістемелер мен зерттеу техникасын білуі қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: Байгожина Г.М.
  • Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Статистика, Экономиканы мемлекеттік реттеу (State regulation of economy), Экономикалық саясат
    • Постреквизиттер: Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару
    • Мақсаты: Мемлекеттің инвестициялық саясатында стратегиясы мен тактикасын орнату мәселелерін, олардың экономикалық негізін, инвестициялық ресурстарын тиімді қолданудың негізгі жолдары мен принциптерін, тікелей инвестициялардың жергілікті қолдау мәселелерін, сонымен қатар шет ел инвестицияларын тартудың негізгі бағыттарын білу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Инвестициялық көрсеткіштерге байланысты топтастырудың экономикалық негізі. Ішкі және шетел инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін, инвестициялық ағындарды басқару ерекшеліктерінің теориялық және практикалық талқылау; мемлекеттің инвестициялық стратегиясы қалыптасуының стратегиясы мен тактикасы, оның экономикалық негізін, тікелей инвестицияларды муниципалды қолдау мәселелерін қарастыру; Курсты оқытудың объектісі – ҚР Үкіметінің инвестициялық саясаты, инвестициялық стратегияның негізгі мақсаттары мен мәселелері, сондай-ақ 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновацилық стратегиясы.
    • Күтілетін нәтижелер: студент республика экономикасының қазіргі таңдағы жағдайы мен ішкі және сыртқы инвестициялық ресурстарды пайдаланудың негізгі бағыттарын білу; салалық және аймақтық инвестициялық бағдарламалардың стратегиялық аспектісін өңдеп, негіздеу; ішкі инвестициялық ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тарту қағидаларын негіздеу; тартымды инвестициялық жобаларды таңдау мақсатында инвестициялық нарыққа сипаттама беруі тиіс.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: маги стр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
    • Силлабус Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару
  • СЭІ мемлекеттік басқару
    • Пререквизиттер: Экономикалық теория, Макроэкономика, Статистика, Экономиканы мемлекеттік реттеу (State regulation of economy), Экономикалық саясат, Халықаралық экономика
    • Постреквизиттер: Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару
    • Мақсаты: Нарықтық экономикаға өту жағдайында мемлекеттің өзіндік сыртқы экономикалық іс-әрекеті арттырады. «Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік басқару» пәні 4 курс студенттерімен оқытылады, ол өзіне экспортты-импорттық саясатының, шет ел инвестицияларды тарту, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық пен сыртқы экономикалық іс-әрекетті сақтандыру деген өзекті мәселелерді қамтиды.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: сыртқы экономикалық факторының рөлін жоғарлату – әлемдік экономика дамуының басты бағыты; мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру; ҚР сыртқы экономикалық іс-әрекетті ұйымдастыру. Нарықтық экономикасы бар елдерде сыртқы экономикалық байланыстарды мелекеттік реттеуді ұйымдастыру; әлемдік нарықта баға белгілеудің ерекшеліктері; сыртқы сауда операциялары, сауда делдалдары, биржалар, аукциондар, халықаралық есеп және валюталық тәуеклділікті сақтандыру; халықаралық саудада несиелендіру; сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеуде мемлекеттің рөлі; халықаралық саудаданың контрагенттері; ресми байланыстың техникасы мен оны ұйымдастыру.
    • Күтілетін нәтижелер: халықаралық есеп айырысу мен несиелендіру, валюталық тәуеклділікті және сыртқы экономикалық іс-әрекетті сақтандыру, айырбас курсы, кедендік және сыртқы экономикалық іс-әрекетті валюта-несиелік реттеу; тауарларды (қызметтерді) сату-сатып алу немесе жалға берудің келісім шарттарын құруды; халықаралық нарықта сауда делдалдары дегендер кім және олардың орындарын; түрлі биржаларға қатысты шарттарды білуге тиіс.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Аркенова Ж.Р.
  • Адамзат ресурстарын басқару
    • Пререквизиттер: Менеджмент, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекеттік қызмет этикасы.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: студенттерде экономика мен қызмет көрсету саласындағы теориялық білім кешенін қалыптастыру, басқарушылық іс-әрекеттің алуан түрлерін жүзеге асыру дағдыларын өңдеу, басқару жүйелері мен оларды жобалауға талдау жасау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Адам ресурстарын басқару туралы ғылымның мәні мен әдістері. Адам ресурстарын басқару теориясы мен практикасын дамыту. Адам ресурстарын басқару мемлекет пен қоғамның функциясы ретінде. Ұйымының кадр саясаты және адам ресурстарынын басқару стратегиясы. Қызметкерлер құрамын таңдап алып іріктеу. Ұйымның адам ресурстарын бағалау. Ұйымда мақсаты Басқару. Уәждеме және қызметкерлер еңбегінің уәждеме жүйелері. Ұйымның адам ресурстар сапасын жақсарту. Қызметкерлерді босатып алу. Басқарушылық жанжалдар.
    • Күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік мекемедегі адамзат ресурстарын басқарудың қызмет ету заңдарын анықтау мен дәлелдеуге, түсініктерді тұжырымдап, адамзат ресурстарын басқару туралы тұтас білім жүйесін құру; персоналды басқару ерекшеліктерін анықтау және әлеуметтік ортаның моделі бойынша жасалатын ғылыми-теориялық жұмыстарды студент өзінің кәсіби қызметінде және тәжірибеде қолдануы қажет және кәсіпорынның ынталандыру жүйесін басқару бойынша ұсынысты негізге алу керек; «Адамзат ресурстарын басқару» ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, кәсіпорындағы тиімді менеджментті қамтамасыз етудегі басқарушы кадрлар мен олардың орындарын ескере отырып, персоналды басқару мәселелерін шешу жолдар жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет; студент меңгерген білімін заң қызметкерлеріне, кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекетік органдардың қызметкерлеріне, әлеуметтік мекемелердің басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек. Айтарлықтай өз коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту қажет; «Адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы ролін білуді және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., длцент Байгуренова М.А.
    • Силлабус Адамзат ресурстарын басқару
  • Персоналды басқару
    • Пререквизиттер: Менеджмент, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекеттік қызмет этикасы.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: студенттердің бойында экономика және қызмет саласын басқару туралы теориялық кешенді қалыптастыру болып табылады, нақты дағдыны қалыптастыру, әр түрлі басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру, басқару және оны жобалау жүйесін сараптау.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Персоналды басқарудың теориясы мен әдістемесі. Персонал қызметі оның әрекет етуінің негізгі талаптары. Ұйымның кадрлық саясаты. Ұйымның персоналын басқару стратегиясы. Персоналды жоспарлау. Персонал маркетингі. Кадрларды жинақтау, іріктеу,қабылдау және босату. Персоналды кәсіби бағыттау және еңбекке бейімдеу. Ұйым персоналдарының еңбегінің нәтижесін бағалау. Персоналды оқыту. Персоналдың іскерлік мансабын басқару. Кадрлық резервті басқару. Персоналдың еңбек әрекетін мотивациялау және ынталандыру. Жұмысшылардың еңбегі өтемінің жүйесі. Персоналды басқару тиімділігін бағалау. Персонал аудиті
    • Күтілетін нәтижелер: қызметкерлерді басқару туралы ғылыми түсінікті қалыптастыру; қызметкерлерді басқару жүйесіне кіретін шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша дағды қалыптастыру; қызметкерлерді басқару әдістерін игеру; мекеменің кадрлық саясатын қалыптастыруды зерттеу; өзіндік жұмыстар дағдысының болуы, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту қажеттілігін түсіну
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD, доцент Орынбасарова Е.Д.
  • Инновациялық іс- әрекетті мемлекеттік реттеу
    • Пререквизиттер: Қаржы, Экономиканы мемлекеттік реттеу (State regulation of economy), Экономикалық саясат, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару, Мемлекеттік басқару теориясы.
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Муниципалды менеджмент (Municipial management), Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
    • Мақсаты: Инновациялық қызметтің мемлекеттiк реттеуінің механизмі мен инновациялық процесі шындығында мәндi мiнездемелердiң көп жоспарлы зерттеу
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Инновациялар: ұғымы, классификациясы және негiзгi көрсеткiштері. Инновациялық сала. Инновацияның экономикалық теориясы. Инновация микроэкономикасы. Инновацияны реттеудiң экономикалық қағидалары. Ұлттық инновациялық жүйе. Инновациялар және мемлекеттiк саясат. Ғаламдану процесстерiндегi ҰИЖ дамыту. Еңбек нарығы және инновациялық саладағы мемлекеттік саясат. Инновациялық саладағы адамгершiлiк және әлеуметтiк капитал.
    • Күтілетін нәтижелер: Инновация, оның негiзгi классификациялары, инновациялық салаға және инновацияның теориялық мәнi туралы казіргі кездегі ұсынысының болуы, Инновацияның дамытуында мемлекеттiң рөлi туралы ұсынысты алу, Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнсiн бұл академиялық ғылымның облысы, мемлекеттiк басқарудың төңiрегiдегi ғылыми мектептерiмен таныстыру, Мемлекеттiк басқаруды мәндi түсiнігінің бұл кәсiби қызметтiң түрi, кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк басқарумен және басқаруымен аралығында ұқсастық және айырмашылықты көруі, Мемлекеттiк басқаруды жүйе туралы кешендi ұсынысы болуын және оның мәнiн түсiнуі, оны құрайтын: процесс, мақсаттар, функция, қағидалар, әдiстер, органдар, мемлекеттiк басқарудың кадрлары туралы мәліметтерін арттыруы қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
    • Силлабус Инновациялық қызметтің мемлекеттiк реттеу
  • Мемлекеттік инновациялық саясат
    • Пререквизиттер: Экономиканы мемлекеттік реттеу (State regulation of economy), Экономикалық саясат, Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік басқару.
    • Постреквизиттер: Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Муниципалды менеджмент (Municipial management), Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау.
    • Мақсаты: мемлекеттік инновациялық саясатты және инновациялық сала жүйесін қалыптастыру мен жүзеге асыру, олардың қызмет ету заңдылықтары мен қарқындары туралы білімді тереңдету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Инновациялар: түсінігі, жіктелуі және негізгі көрсеткіштері. Инновациялық сала. Ұлттық инновациялық жүйе. Мемлекеттік инновациялық саясаттың мәні, формалары мен тетігі. Мемлекеттік инновациялық саясаттың құралдары. Инновациялық саясаттың фискалды координаттары. Инновациялық саясаттың монетарлық координаттары.
    • Күтілетін нәтижелер: студент инновациялық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын білуі тиіс; экономикалық құбылыстар, процестер мен институттардың өзара байланысын талдау; инновация, оның жіктемесі, теориялық мәні жайлы тұтастай көрініске ие болу, инновацияны дамытудағы мемлекеттің ролі туралы көрініске ие болу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
  • Муниципалды менеджмент
    • Пререквизиттер: Менеджмент (Management), Теория Мемлекеттік басқару теориясы, Экономиканы мемлекеттік реттеу (State regulation of economy).
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бакалаврларында ҚР-ғы муниципалды басқарудың іс-тәжірибелік және теориялық дағдыларын қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Басқарудың мәні. Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде. Муниципалды басқарудың даму тарихы.
    • Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының арақатынасы. Өкілетті және атқарушы органдарыныңбасқарудағы ұйымдың іс-әрекетінің негізі. Жергілікті басқару органдарындағы іс-әрекетті жоспарлау. Жергілікті басқару органдарының материалдық-қаржылық негіздері. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмі. Орталық және аймақтық экономикалық басқару органдары: жауапкершілікті бөлу және өзара қатынас механизмі. ҚР-ның аймақтық саясаты. Аймақтардағы экономикалық реформаларды басқару үрдісі. ҚР-ның әкімшілік-территориялық құрылысының реформасы. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көбейту жолдары. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелері. Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару
    • Күтілетін нәтижелер: Ғылыми көзқарас тұрғысынан экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуге, жоғарғы кәсіби білім алудың жалпыбілім беру стандартында болатын мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша маман түлектер үшін қажетті муниципалды басқару теориясы, тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Муниципалды менеджмент» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу; теориялық білімді тәжірибелік іс әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік жне жергілікті басөару формаларының маңыздылығын түсіну; арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте муниципалды басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу; заңнамалы құқықтық және экономикалық әдебиеттен ақпаратты сапалы жинау қажеттілігі туралы әр аймақ көрінісін ескере отырып, түрлі мәселелерді шешу әдістері, аймақтық экономиканы талдау мен болжамдау дағдыларын дамыту; өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, муниципалды менеджмент саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы қажет.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Жанбекова З.Х.
    • Силлабус Муниципалды менеджмент
  • Әлеуметті- экономикалық жоспарлау
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы, Қаржы, Мемлекеттік бюджет, Экономико-математикалық әдістер, Оптималды шешімдерді қабылдау әдістері, Кәсіпорын экономикасы, Экономикалық талдау, Экономикалық саясат.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: макро және микродеңгейде әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мәні, заңдылықтары, әдістемесін меңгеруге қатысты студенттерге көмек көрсету.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың негізі. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау. Ғылыми техникалық прогрессті стратегиялық жоспарлау. Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын, қарқындарын стратегиялық жоспарлау. Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың ролі. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау. Кәсіпорынның даму бағытын анықтау. Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру. Бизнес жоспарлау.
    • Күтілетін нәтижелер: нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін, жоспарлаудың ғылыми негіздері және методологиясы, ел мен оның аймақтарының дамуын жоспарлаудың мемлекеттік және негізгі құқықтарын, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау және олардың методологиялық ерекшеліктерін білу, әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет, экономиканың өндірістік және әлеуметтік салаларын жоспарлауға мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан қарау,әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың қалыптасуына негіз болатын әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жоспарлық көрсеткіштер мен түрлі іс шараларды жасауды тәжірибе жүзінде үйрету.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: магистр, аға оқытушы Кернебаев А.С.
    • Силлабус Әлеуметтік-экономикалық жоспарла
  • Стратегиялық жоспарлау
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқару теориясы, Қаржы, Мемлекеттік бюджет, Оптималды шешімдерді қабылдау әдістері, Кәсіпорын экономикасы, Экономикалық талдау, Экономикалық саясат.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: стратегиялық жоспарлау туралы түбегейлі білу, әр түрлі деңгейдегі шаруашылық қызметін басқару құралдарын стратегиялық жоспарлау.
    • Пәннің қысқаша сипаттамасы: Стратегиялық жоспарлаудың концептуалды үлгісі. Стратегиялық жоспарлаудың тәртіптері. Стратегиялық жоспарлаудың қисыны, әдістемелік тәсілдері. Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі. Заманауи жағдайдағы макроэкономикалық жоспарлаудың мазмұны мен қызметтері. Аймақтық дамудың стратегиялық жоспары. Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді тұжырымдамасы. Аймақтық дамуды реттеудің макроэкономикалық және микроэкономикалық аспектісі.
    • Күтілетін нәтижелер: Стратегиялық жоспарлаудың концептуалды үлгісін, Стратегиялық жоспарлаудың тәртіптерін, Стратегиялық жоспарлаудың қисыны, әдістемелік тәсілдерін, Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесін, Заманауи жағдайдағы макроэкономикалық жоспарлаудың мазмұны мен қызметтері. Аймақтық дамудың стратегиялық жоспары. Аймақтың әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді тұжырымдамасы. Аймақтық дамуды реттеудің макроэкономикалық және микроэкономикалық аспектісін жоғары деңгейде біліп шығу.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD, доцент Орынбасарова Е.Д.
  • Мемлекеттік қызмет этикасы
    • Пререквизиттер: Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негіздері, Мемлекеттік басқару теориясы.
    • Постреквизиттер: Адамзат ресурстарын басқару, Персоналды басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету, Іскерлік коммуникациялар.
    • Мақсаты: мемлекеттік қызметті жетілдіру саласы негізінде студенттерде экономикалық ойлау жүйесін өңдеу, мемлекеттік қызметтің қазақстандық этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін өңдеп және негіздей білуі тиіс.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Этика. Оның пәні мен негізгі категориялары. Мораль теориясының негізгі мәселелері. Антикалық этика. Діни этика. Жаңа уақыт өркениетінің дамуы және адамгершілік процестерінің спецификасы. Күштемеу этикасы. Өзін-өзі шектеу этикасы. Кәсіби моральдың қалыптасуы мен дамуы. Тұйық идеологиялық жүйелер этикасы. Мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасу ерекшелігі. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктері және олардың мемлекеттік қызметкерлер моральіне ықпалы. Мемқызметкер тұлғасына қатысты негізгі адамгершіліктік талаптар және аталмыш талаптарды ранжирлеуге ықпал ететін негізгі факторлар. Мемқызмет өзгеруінің негізгі қарқындары және аталмыш процестердің мемқызметкерлер мораліне ықпалы. Мемлекеттік қызметкерлер іс-әрекетіндегі этикет.
    • Күтілетін нәтижелер: студент түрлі елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының этикалық қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік қызмет этикасы» курсының негізгі қағидалары және әдістерін меңгеру; теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіре білу, олардың қазіргі жағдайдағы этикалық қызметтегі мәнін түсіну; іскерлік байланыс жасаудағы мемлекеттік қызметкерлердің орны мен ролін ескере отырып, этикалық қызметтің теориялық аспектілерін сауатты қолдану дағдысына ие болу; кейіннен баяндау үшін мемлекеттік қызметтер бойынша әдебиеттен ақпаратты сапалы жинақтау қажеттілігі көрінісін дамыту; мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын білуге үйрету.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.
    • Силлабус Мемлекеттік қызмет этикасы
  • Саяси этика
    • Пререквизиттер: Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негіздері, Мемлекеттік басқару теориясы.
    • Постреквизиттер: Адамзат ресурстарын басқару, Персоналды басқару, Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік басқаруды құжаттық қамтамасыз ету, Іскерлік коммуникациялар.
    • Мақсаты: саясаттың моральды негізлері мен этикалық бастамалары туралы білімге ие болу; алынған білімді кәсіби іс-әрекеттің теориялық және тәжірибелік процесінде қолдану.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси этика ғылыми пән ретінде. Мораль мен саясаттың өзара қатынасы: негізгі модельдері. Саяси моральдың түсінігі. Саясаттағы тұлға. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар мәселесі. Әділдік және саясат. Саяси күштеу. Күштемеу саяси күрес әдісі ретінде: моральды-саяси аспектілер. Еркіндік негізгі саяси құндылық ретінде. Халықаралық қатынастар этикасы
    • Күтілетін нәтижелер: пәнаралық ғылым ретіндегі саяси этика пәні мен әдістерін білу; мораль мен саясаттың өзара қатынасының формалары мен түрлерін білу; этикалық өлшемды ескерумен саяси құбылысты талдай білу; саяси этиканың категориялық аппаратын меңгеру.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.
  • Әлеуметтік мемлекет
    • Пререквизиттер: Әлеуметтану, Саясаттану, Қазақстанның заманауи тарихы, Құқық негіздері, Экономикалық теория, ҚР еңбек құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: тиімді қызмет ететін әлеуметтік мемлекеттің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін механизмдерді зерттеу.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік мемлекет теориясының дамуы мен модельдері. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгілері мен элементтері. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуындағы әлемдік тәжірибе. Әлеуметтік-экономикалық мемлекеттің әлеуметтк пәні мен құрылымы. Әлеуметтік нарықтық шаруашылық әлеуметтік мемлекеттің ресурстық базасы ретінде. Әлеуметтік мемлекеттің микроэкономикалық механизмі. Әлеуметтік типтегі мемлекеттің макроэкономикалық параметрлері. Мемлекет әлеуметтік процестердің факторы ретінде. Әлеуметтік мемлекеттің заңнамалық негізі. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және оның негізгі аспектілері. Кәсіпкерлік сектор әлеуметтік мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қатысушысы ретінде. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Әлеуметтік мемлекеттегі азаматтық қоғамның рөлі. Әлеуметтік мемлекеттегі мемлекеттің, бизнес-сектордың және азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығы. Жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасыдағы әлеуметтк мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
    • Күтілетін нәтижелер: әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жағдайында бизнесті реттеу субъектісі ретінде мемлекет туралы тұтас түсініктің болуы; ғылым саласы ретінде әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеудің мәнін түсінуі; кәсіби қызмет түрі ретінде мемлекеттік басқарудың мәнін түсінуі, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік саясатты басқару арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көре білуі тиіс; әлеуметтік мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістерді, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Мусатаева А.А.
    • Силлабус Әлеуметтік мемлекет
  • Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі
    • Пререквизиттер: Әлеуметтану, Саясаттану, Қазақстанның заманауи тарихы, Құқық негіздері, Экономикалық теория, ҚР еңбек құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы, Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты: «азаматтық қоғам», «қоғамдық бірлестіктер», «азаматтық бастамалар», «саяси қозғалыстар» сияқты құрылымдар мен процестердің мәнін түсіну.  
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Азаматтық қоғамның негізгі әдістемелік критерийлері. Азаматтық қоғам және оның құрылымы. Кеңестік кезеңдегі азаматтық қоғам. Заманауи Қазақстандағы азаматтық қоғам. Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық жүйесі. Саяси емес қоғамдық бірлестіктер. БАҚ азаматтық қоғам институты ретінде. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуінің ұйымдық және құқықтық формалары.
    • Күтілетін нәтижелер: азаматтық қоғам түсінігі мен оның белгілерін, Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу және даму тарихын білу; қазақстандық мемлекеттіліктің үйлесімді дамуы үшін азаматтық қоғамның мәнін түсіну; азаматтық қоғам тақырыбы бойынша өз көзқарасын негіздей алу; азаматтық оғамның даму мәселелерін талдауға қатысты ғылыми тәсілдеме дағдыларын меңгеру.  
    • Пәнді жүргізетін оқытушының аты-жөні, тегі: PhD Мусатаева А.А.
  • Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу
    • Пререквизиттер: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Мемлекет және бизнес, Әлеуметтік мемлекет, Азаматтық қоғам, Экономикалық саясат.
    • Постреквизиттер: Өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмысты орындау.
    • Мақсаты:«Әлеуметтік саланы реттеу» пәнін оқу кезінде негізгі мақсат әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету, ол үшін мемлекеттің ұйымдастыру шаруашылық қызметін активтендіру, ол үшін табиғи, материалдық-шаруашылық интелектуалдық ресурстарды мобилизациялау, әсіресе адам факторын, ол үшін уақыт ұту, өте аз уақытта модернизация жасау, басқа дамыған елдер сияқты.
    • Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік салада мемлекеттің саясатының қалыптасу механизмымен негізі: оның негізгі рөлі, қоғамдағы ішкі саясаты қанағаттандыруда және тұрақтандыруды, нарықты қатынастың даму кезіндегі мемлекеттің әлеуметтік саясатының ролі, қоғамның ролі алеуметтік дамыған , оны реттеудегі мемлекеттің ғылыми-әдістемелік негізі, әлеуметтік дамудағы нормативтік басқару, әлеуметтік жоспарлау, тұтыну бюджетін ұтымды пайдалану, жұмыс бастылықтың мемлекеттік реттеу, еңбек нарығын жасау. Әлеуметтік дамудағы қаржы көздерінің өзгеруі, әлеуметтік инфрақұрлымдарды қаржыландыру және аймақтық даму проблемасы.
    • Күтілетін нәтижелер: Елдің экономикалық өсуін зертеу. Әлеуметтік даму міндеті мемлекеттің бірігіп жұмыс істеу нәтижелерінің әлеуметтік саланың нақты мақстанын мемлекеттің ұйымдар және жергілікті басқару ұйымдар. Бұлар жөнінде республикада шешуші роль беріліп әлеуметтік жасауда, адрестік көмек беруде, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдарының барлығынның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
    • Силлабус Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу

Оқу тәжірибесі
Курс: 1, 1 қысқ.
Оқу тәжірибесінің мақсаты «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының студенттерін жоғары оқу орнының әрекет ету бағыттарымен, білім беру бағдарламаларымен, болашақ мамандығы іс-әрекетінің мақсаттар және міндеттерімен таныстырып, мемлекеттік басқару саласында бастапқы кәсіптік құзыреттіліктерді меңгеру болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
• ҚҚЭУ іс-әрекетінің негізгі бағыттарымен танысу;
• «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары және міндеттерін меңгеру;
• болашақтағы кәсіптік іс-әрекет міндеттерін меңгеру;
• өзін-өзі дамытуға ұмтылу, кәсіптік міндеттерді лербес шешу ептілігіне ие болу.

Өндірістік тәжірибе
Курс: 2, 2 қысқ., 3, 3 қысқ., 4
Өндірістік тәжірибенің мақсаты болып негізгі құзыреттіліктерді бекіту, тәжірибелік материалды, мемлекеттік секторды басқару әдіс-тәсілдерін меңгеру, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәжірибелік дағды және кәсіптік тәжірибеге ие болу.
Мамандандырылған тәжірибе барысында студенттің міндеті:
o мемлекеттік орган (әкімшілік, маслихат) құрылымымен, басқару саласымен және бөлімшелерімен мемлекеттік және аймақтық ұйымның бағдарламаларының жүргізілуімен танысу.
o Қызметте мемлекеттің басқару түрімен танысып үйрену.
o Басқарудың міндеттері мен әдістерімен танысу.
o Нормативті-заңды актілерді, мемлекеттік, аймақтық регламентті басқару.
o Басқару әрекетінің құрамы мен мазмұнымен танысу.
o Уәкілетті орган және атқарушы билік органының функционалдық спецификасын анықтау.
o Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүргізілуін және ұйымның жұмыс барысын анықтап, бақылау.
o мемлекеттік мекемедегі басқаруды ұйымдастыру бойынша жетілдіру ұсыныстарын мен қорытындыларын жинақтау.

Дипломалды тәжірибе
Курс: 3 қысқ., 4
Дипломалды тәжірибенің мақсаты болып нақты мемлекеттік ұйым іс-әрекетін талдау барысында алынған теориялық және тәжірибелік білімді жалпылау және жүйелеу, сонымен қатар оларды дипломдық жұмысты жазу барысында жалпылау табылады.
Күтілетін нәтижелер:
o студенттердің білім алу процесінде алған теориялық және тәжірибелік білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңіту;
o кәсіби білім мен ептіліктің қолданылуын талап ететін тәжірибелік мәселелерді шешу тәжірибесіне ие болу;
o әлеуметтік-экономикалық процестерді тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру;
o мәселені талдау барысында шығармашылық ойлау және дірбес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, таңдалған мамандық бойынша жұмыстың тәжірибелік дағдыларын жетілдіру;
o тәжірибе бойынша есепті дайындау үшін тәжірибе материалдарын жинақтау, жалпылау және талдау, олардың нәтижелерін білікті жұмысты жазу барысында пайдалану.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus