2014 жылдың 03 қарашасы күні «БАҚ-тың жұртшылыққа ықпалы» атты студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияны деканның орынбасары, есеп және аудит магистрі, есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Мусипова Лейла Комарқызы ашты. Конференцияға қатысқандар 17 студент. Олардың алтауы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері. ҚҚЭУ-ден
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес 2027 жылғы 5–17 қаңтар аралығында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау жүргізіледі.
Ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы мәселені қарау үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Жеке куәліктің көшірмесі.
QR-коды бар № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама немесе оның көшірмесі.
Флюорографиялық тексеру нәтижесі.
Білімі туралы құжаттың — қосымшасы бар аттестаттың немесе дипломның түпнұсқасы мен көшірмесі.
ҰБТ/КТ сертификатының көшірмесі — бар болса.
Бұрын меңгерілген оқу нәтижелерін растайтын құжат:
отандық ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін — транскрипттің түпнұсқасы мен көшірмесі;
шетелдік ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін — бағалары бар үзінді көшірме не сынақ кітапшасының куәландырылған көшірмесі;
бұрын оқудан шығарылған тұлғалар үшін — академиялық анықтама немесе транскрипт.
Курстан курсқа ауыстыру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Шетелдік ЖЖОКБҰ-дан ауыстырылатын немесе қайта қабылданатын тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар:
тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша белгіленген шекті балдан төмен емес нәтижесі бар ҰБТ сертификаты;
меңгерілген оқу нәтижелері туралы құжаттар;
егер құжаттар шет тілінде жасалған болса, құжаттардың қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармалары.
Академиялық айырмашылықты құрайтын пәндер тізбесі айқындалғаннан кейін білім алушы 2026–2027 оқу жылына бекітілген бір академиялық кредиттің құнына сәйкес академиялық айырмашылық ақысын төлеуге міндетті.
Ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Білім алушылармен жұмыс жөніндегі департаментіне, 312-кабинетке немесе 44-16-24 (ішкі 109, 6559) телефоны арқылы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша факультет деканаттарына жүгіну қажет: БҚжТФ деканаты – 383а-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 121, 122); ҚЛжЦТФ деканаты – 282-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 136, 163); ЭБжҚФ деканаты – 210б-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 164, 192).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан ауыстырылатын немесе қайта қабылданатын тұлғалар қағидаларда көзделген құжаттармен қатар, тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша белгіленген шекті балдан төмен емес нәтижесі бар ҰБТ сертификатын ұсынуы тиіс.
ҰБТ сертификаты болмаған жағдайда, Университет шетелдік ЖЖОКБҰ білім алушысын белгіленген мерзімде міндетті түрде ҰБТ тапсыру және тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша шекті балдан төмен емес нәтиже алу шартымен тек бір академиялық кезеңге ғана қабылдайды. Одан әрі оқу аталған талап сәтті орындалған жағдайда ғана мүмкін болады.
ҰБТ-ның белгіленген шекті балын жинаған білім алушы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде оқуын жалғастырады.
Ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Білім алушылармен жұмыс жөніндегі департаментіне, 312-кабинетке немесе 44-16-24 (ішкі 109, 6559) телефоны арқылы, сондай-ақ тиісті білім беру бағдарламалары бойынша факультет деканаттарына жүгіну қажет: БҚжТФ деканаты – 383а-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 121, 122); ҚЛжЦТФ деканаты – 282-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 136, 163); ЭБжҚФ деканаты – 210б-кабинет, телефон 44-16-24 (ішкі 164, 192).
Erasmus+ бағдарламасы бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығына конкурс жарияланды 🇪🇺
Университетіміздің студенттері келесі университеттерде білім ала алады: 🇧🇬 Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (София, Болгария) 🇪🇸 Сантьяго-де-Компостела университеті (Сантьяго-де-Компостела, Испания)
✅ Кімдер қатыса алады: * бакалавриаттың 2 және 3-курс, магистратураның 1-курс студенттері * GPA 3.0-ден төмен емес * ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгерген
📅 Өтінімдер 9 қарашаны қоса алғанда қабылданады!
📍 Барлық сұрақтар бойынша 268-кабинетке хабарласыңыздар.
🎓 GPA 3.33 пе? Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігін жіберіп алма!
GPA көрсеткіші кемінде 3.33 баллмен аяқтаған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
📌 Кімдер үміткер бола алады? ✅ Жоғары оқу орнын бітірген, GPA көрсеткіші кемінде 3.33 болатын түлектер; ✅ Диплом алғанына бір жылдан аспаған түлектер; ✅ Таңдаған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер.
🏛️ Қайда жұмыс істеуге болады? Аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы тиісті бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға мүмкіндік бар.
💻 Бос жұмыс орындарын қайдан қарауға болады?
🔗 eQyzmet электрондық порталы: https://eqyzmet.gov.kz/
Порталдан «Түлектерге арналған бос лауазымдар» бөлімін іздеп, өз мамандығыңа сәйкес бос орындармен таныс!
✨ Болашағыңды мемлекеттік қызметтен баста! Бұл - кәсіби дамуға және ел игілігі үшін қызмет етуге жасалған маңызды қадам.
📲 Постты достарыңмен бөлісіп, мемлекеттік қызметке қызығатын түлектерге пайдалы ақпарат тарат!
2026жылғы" Жоғары оқу орнының үздікоқытушысы"атағын беру конкурсыҚұрметтіәріптестер!ҚазақстанРеспубликасыҒылымжәнежоғарыбілімминистрлігі2026жылы "жоғары оқу орнының үздікоқытушысы"атағын беруге конкурсөткізілетінітуралыхабарлайды.Конкурс Қазақстан Республикасы Білімжәнеғылымминистрініңміндетінатқарушының2015жылғы16наурыздағы№124бұйрығыменбекітілген"ЖОО – ның үздікоқытушысы"атағын беру қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар)сәйкесөткізіледі.https://adilet.zan/kz/rus/docs/V1500010506КонкурсқақатысуғаҚазақстанРеспубликасыныңжоғарыжәне(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгібілім беру ұйымдарыныңштаттықоқытушыларыжіберіледі.Байқауекікезеңде өткізіледі: ✔Iкезең–2026жылғықарашада; ✔IIкезең-2026жылғыжелтоқсанда.КонкурстыңIкезеңінеқатысуүшінүміткерлергеқұжаттардыұсынуқажет: 1.Қағидаларға1-қосымшағасәйкеснысан бойынша "ЖОО-ның үздікоқытушысы"атағын беру конкурсынақатысуғаөтінім.2.Қағидаларға2 – қосымшаға сәйкессапалықжәнесандықкөрсеткіштергесәйкесмәліметтер (нақтымерзімдердікөздейтінтармақтардықоспағанда,соңғыбесжылда-2022-2026 жылдар).3.Қағидаларға3-қосымшағасәйкесжылдықжұмысжоспары-кестесі(2026-2027оқужылына).4.Кадрлардыесепке алу жөніндегіжекепарақ.5. Жеке басын куәландыратынқұжаттыңкөшірмесі.Өтінімдерменқұжаттардықабылдауэлектрондықформатта жүзеге асырылады.Қосымшасұрақтарбойыншахабарласуғаболады: Байланыстелефоны:+7(7212)44-16-00.