Хабарландыру

🎓 GPA 3.33 пе? Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігін жіберіп алма!
GPA көрсеткіші кемінде 3.33 баллмен аяқтаған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
📌 Кімдер үміткер бола алады?
✅ Жоғары оқу орнын бітірген, GPA көрсеткіші кемінде 3.33 болатын түлектер;
✅ Диплом алғанына бір жылдан аспаған түлектер;
✅ Таңдаған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер.
🏛️ Қайда жұмыс істеуге болады?
Аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы тиісті бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға мүмкіндік бар.
💻 Бос жұмыс орындарын қайдан қарауға болады?
🔗 eQyzmet электрондық порталы:
https://eqyzmet.gov.kz/
Порталдан «Түлектерге арналған бос лауазымдар» бөлімін іздеп, өз мамандығыңа сәйкес бос орындармен таныс!
✨ Болашағыңды мемлекеттік қызметтен баста! Бұл - кәсіби дамуға және ел игілігі үшін қызмет етуге жасалған маңызды қадам.
📲 Постты достарыңмен бөлісіп, мемлекеттік қызметке қызығатын түлектерге пайдалы ақпарат тарат!
Байланысу үшін: 8 (7212) 504023






