ОҚУ
2004 жылдан бастап университетте кредиттік оқу жүйесі енгізілді.
Барлық даярлау бағыттары бойынша оқу жылының ұзақтығы 30 аптадан кем емес, ұзақтығы 15 апта 2 семестрі бар.
Демалыстың жалпы ұзақтығы – 7 апта.
Практика – 6 апта.
Оқу үдерісінің дәйектілігі университеттің акдемиялық күнтізбесінде сипатталған.
Әр бағдарлама 128 кредитті қарастырады, жыл сайын - 36-38 кредит.
Әр оқу бағдарламасы міндетті пәндерден және таңдау бойынша пәндерден тұрады.
Университетте тіркеуші офисі қызмет істейді – ол оқу жетістіктердің барлық тарихын және элективті пәндердің тіркеуімен айналысатын студентті қолдау қызметі.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРГЕ ТІРКЕУ
Таңдау бойынша пәндердің анықтауы эдвайзердің жетекшілігімен іске асырылады. Таныстырылым әдісімен эдвайзер студенттерге элективті пәндер тізбесінен әр пәнге баламаларды ұсынып, пәндерді зерделеудің дәйектілігін анықтауда кеңес береді.
Пәндерді таңдап, студент өзінің жеке оқу жоспарын қалыптастырады.
Жеке оқу жоспары оқу жылына жасалады.
Жеке оқу жоспарлардың негіздемесінде академиялық топтар мен кезеңдер қалыптасады.
Егер студент элективті пәндерге тіркелмесе, оның оқу негізіне осы курс үшін жасалған негізгі (базалық) жұмыс оқу жоспары алынады. Міндетті пәндер бойынша оқытушыны таңдауға студенттің құқығы бар. Оқытушының кандидатурасын таңдау жазылу кезектілік тәртібімен іске асырылады.
Оқытушыны таңдау артышылық құқығына үздік оқитын студенттер ие.
СІЗДЕРДІҢ ТӘЛІМГЕРЛЕРІҢІЗ – КУРАТОР МЕН ЭДВАЙЗЕР
Университеттің әр студентінде екі тәлімгер бар – куратор мен эдвайзер.
Куратор оқу – тәрбие жұмысын өткізіп, университет әкімшілігі мен топ студенттері арасында тығыз байланыс орнатады.
Эдвайзер – оқытушы, ол оқу кезеңінде жеке оқу траекториясын таңдауда және білім беру бағдарламасын игеруде көмек көрсетеді.
БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Студенттердің білімін бақылау және бағалау кешені ағымдағы, шептік, қорытынды бақылаудың және қорытынды мемлекеттік аттестациясын өткізуін ұйғарады.
Бақылаудың барлық түрлерінен баға әр пән бойынша көпбалды әріптік білім бағалау жүйесінің шәкілі бойынша пайыздық мазмұнда қойылады.
Ағымдағы бақылау – ағымдағы сабақтарда оқытушы өткізетін студенттердің білімін жүйелі бақылауы.
Шепті (рейтингтік) бақылау – студенттердің білімін бақылау әр пән бойынша 2 рет өткізіледі – бірінші және екінші рейтинг семестрдің 8-ші және 15-ші апталарында.
Студенттердің білімін қорытынды бақылауы.
Студенттердің білімін қорытынды бақылауы емтихан сессиясында іске асырылады.
Емтихан нәтижелеріне шағымдануға студенттің құқығы бар.
Студенттің үлгерушілігі көрсеткіші ретінде GPA (Grade Point Avarage) пайдаланады – таңдалған мамандығы бойынша студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа мөлшерленген бағасы.
ЖАЗҒЫ СЕМЕСТР
Академиялық борышы бар студенттер үшін жазғы ақылы семестр ұйымдастырылады. Үлгермейтін студенттер үшін (көшіру балдары жетпейтін немесе академиялық борышын тапсыра алмағандар) жазғы семестр мерзімінде қайталанған оқу жылы қарастырылады.
УНИВЕРСИТЕТТЕН НЕ ҮШІН ШЫҒАРУЫ МҮМКІН?
ЖОО Жарғысымен қарастырылған міндеттерін, ішкі тәртіп Ережелерін, оқу тәртібін бұзған үшін университет әкімшілігі Сізді университеттен шығаруға құқығы бар.
Егер Сіз оқу жылы бойы орынды себептерсіз және дәлелді құжаттарсыз сабақтарға 40 не одан көп бармай қалсаңыз, университеттен шығарыласыз.