Ақпараттық ұсыныс

«Самұрық-Қазына» АҚ «Жас Өркен» Бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатын 2017 жылы ЖОО бітіретін талантты түлектерді іздеу, іріктеу және оқыту жөніндегі бастамасы туралы жариялайды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобында тағылымдар бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Біз ең талантты 20 студенттерден команданы қалыптастыру үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен түлектерді барынша тартуға мүдделіміз. Қазақстан Республикасының үздік компанияларында өз мансабын бастап, білікті маман болуға ниет білдірген 2017 жылғы түлектер (бакалавриат, магистратура) қатысуға шақырылады.
«Жас Өркен» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» Қорының бизнес-серіктестерінің Deloitte және The Boston Consulting Group (BCG) қолдауымен Корпоративтік университеттің базасында оқыту шаралары өткізіледі. Бағдарламаның міндетті компоненті – 2 жыл бойы компаниялардың топ-менеджерлерінің тәлімгерлігімен Қордың компаниялар бөлімшелерінде 5 айлық тағылымдамалардан өту. Конкурс жүлдегерлеріне ай сайын шәкіртақы (стипендия) төленіп отырады, сонымен бірге тағылымдама жүргізілетін жерге дейін жолақысы және тұру үшін ақы төленеді.
Конкурстың шарттары мен қатысушыларына қойылатын талаптар туралы толық ақпарат – www.skcu.kz/zhasorken сайтында.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2017 ж. 1-шілдесіне дейін.

И.Т. Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

И.Т. Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының  ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың наурыз айының 26-сынан сәуір айының 4-іне дейін «Экономикадағы инновация-инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері» және «Қазіргі заманда ақпараттық технологияларды дамыту» атты бағдарлама бойынша «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг», «Туризм» және «Ақпараттық жүйе» мамандықтарының магистранттары И.Т. Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде (Ресей Федерациясы, Краснодар қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың екі бағдарламасы да экономика, басқару және ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі мәселелердің теориялық оқытылуын қарастырған, сондай-ақ алынған дағдылар мен құзырлар, қолданыстағы білімді іс жүзінде қолданып бекіту болатын. Ғылыми тағылымдама кезінде магистранттар қызмет саласына сәйкес келетін негізгі инновациялармен, оларды басқарудың заманауи әдістерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен және олардың одан әрі даму болашағымен танысты. Сонымен қатар магистраттар диссертация тақырыптары бойынша университеттің кітапханасында ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.

И.Т. Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

И.Т. Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды  экономикалық университет  магистранттарының ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың 12 наурыз бен 19 наурыз аралығында "Есеп және аудит", "Қаржы", "Бағалау" мамандықтары бойынша магистранттар Трубилин атындағы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінде (Ресей Федерациясы, Краснодар қаласы) "Евразиялық одақ шеңберінде қаржыны, есепті, аудитті, бағалауды және биснесті талдауды дамытудың заманауи үрдісінің өсуі " бағдарлама аясында ғылыми тағылымдама өтті.
Жоғарыда аталған ғылыми тағылымдама бағдарламасы, жаһандық қаржы жүйесінің дамыуының басты үрдісін, есепті басқару және аудиттің стратегиялық жаңа тәсілін халықаралық стандарттар жағдайында реформалау, бизнесті бағалалаудың және қаржыны талдауды өткізудің жаңа методикалары мен жаңартылған технологиясын, халықаралық банк ісінде басқа да тақырыптарда жаңа өзгерістерін, Ресей Федерациясында өткізілген қаржы, есеп және бағалау саласында реформалардың ашылуын көздеді.
Сонымен қатар, ғылыми тағылымдама бағдарламасында "Краснодарлық" оқыту-тәжірибелік базасында практикалық көшпелі сабақ өткізілді. Дәріс алу барысында магистранттар өнеркәсіптің жаңа түрін зерттеді, бизнесті жүргізудің жаңа технологиясымен танысты, оның бағасын және қаржылық есептің алып жүруін және бағыттауын үйренді. Сонымен бірге магистраннтар КубМАУ кітапхагасында өздерінің диссертация тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасады.
Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін магистранттар тиісті сертификаттар алды.

К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының  ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың наурыз айының 13-шінен 19-на дейін «Стандарттау, сертификаттау және азық-түлік өнімдердің технологиясы» атты бағдарлама бойынша «Стандарттау және сертификаттау» және «Азық-түлік өнімдердің технологиясы» мамандықтарының магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы азық-түлік өнімдердің технологиясы, өнімнің стандарттауы және сертификаттауы, азық-түлік өнімдердің қауіпсіздігін растау және сапа бақылауын қамтамасыз етудегі жаңашыл технологияларды, жаңа механиздерді, азақ-түлік өнімдерінің кәсіпорындарында жаңа технологиялардың сапасын бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жобалау және еңгізу аймағындағы ғылыми зерттеулерді өткізуге арналған заманауи тәсілдерді талқылау. Сондай-ақ ғылыми тағылымдаманың бағдарламасына сәйкес практикалық бағыты ретінде магистарнттарға В.М.Горбатов атындағы ет өнеркәсібінің жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институт базасында, наубайхана ғылыми-зерттеу институт базасында, ВНИРО атты балық өнімдерін сертификаттау лабораториясында, «Ирекс» ЖШС-да сырттай сабақ өткізілген. Онда магситранттар өнеркәсіптің жаңа түрлерімен және жұмыс технологиясымен танысқан. Сонымен қатар магистранттар диссертация тақырыбтары бойынша К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық унивеситеттің және Мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханаларда ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.

Орал Мемлекеттік заңтану университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы

Орал Мемлекеттік заңтану университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының  ғылыми тағылымдамасы2017 жылдың наурыз айының 12-сінен 19-на дейін «Сыртқы экономикалық және халықаралық құқықтың заманауи аспектілері» атты бағдарлама бойынша «Заңтану» және «Кеден ісі» мамандықтарының магистранттары Орал Мемлекеттік заңтану университетінде (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы сыртқы экономикалық құқықтың дамуының өзекті мәселелерін, халықаралық азаматтық процесстің, ДСҰ құқығының, халықаралық салықтық құқықтың тәжірибесі және Ресей Федерациясының құқықтық жүйесінің жаңғырту нәтижесі бойынша өткізілетін құқықтық реформалар және жаңа механизмдерді еңгізу бойынша жұмыстар ретінде қаралатын басқа тақырыбтар бойынша зерттеулерді көздеген. Сондай-ақ ғылыми тағылымдаманың бағдарламасына сәйкес практикалық бағыты ретінде магистарнттарға Свердлов облысының Арбитражды Соты және Жарғылық Соты базасында сырттай сабақ өткізілген. Осы сабақтың нәтижесінде магистранттар заманауи сот жүйесін және Ресейдің сот ісін жүргізуді зерттеген. Сонымен қатар магистраттар диссертация тақырыбтары бойынша университеттің кітапханасында ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.

«Үздік Физик», «Үздік химик» олимпиада

«Үздік Физик», «Үздік химик» олимпиада08.04.2017 жылы «Тауартану және сертификаттау» кафедрасы Қарағанды қалалық мектептердің 11 сынып оқушылары арасында физика және химия пәндерінен олимпиада өткізді. Олимпиадага 117 адам қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылына жеңілдікпен жүлде сертификаттары беріледі.

«Банк ісі» кафедрасымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ұйымдастырылған ашық кураторлық сағаты.

«Банк ісі» кафедрасымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ұйымдастырылған ашық кураторлық сағаты.«Банк ісі» кафедрасы 2017 жылдың 6 сәуірінде «Жастар арасында құқықбұзушылыққа және деструктивті лаңкестікке қарсы профилактикасы» атты тақырыбында ашық кураторлық сағатын ұйымдастырды.
Ашық кураторлық сағатқа «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. Кураторлық сағатқа Қарағанды облысының ІІД экстремизмге қарсы әрекет ету басқармасының қызметкері Коробов Андрея Викторович арнайы шақырылды. Арнайы баяндамасы, бейнероликтері мен презентациялары ұсынылды. Атқарылған іс-шараның мақсаты жастарды экстремизм мен лаңкестікке қарсы профилактика жасау.
Аталмыш іс-шаралар келешекте де ұйымдастырылады.

«Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде »

«Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде »ҚҚЭУ «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Ғаламдық бәсекегеқабілеттілік адам капиталы сапасын жақсарту факторлары ретінде » атты эссе жарысын өткізді. Аталмыш жарысқа факультеттің 20-дан астам студенттері қатысып, кафедра оқытушыларымен келесі ең үздік жұмыстар таналынып алды: Тур 12 тобының студенті Ланец К. - 1 орын , Тур-13 с/к тобының студенті Ермек М. - 2 орын, Тур-12 тобының студенті Даутова А. 12 -1 орын, ТПП-22 тобының студенті Абзалбек Ж -3 орын, CP-11к тобының Кеңшілік А. -1 орын, ОПЭК-21к тобының Исаев А. гр. - 2 орын, СР-21к тобының студенті Қанатқызы А. - 3 орын, ОПЭК-21к тобының студенті Ержан М. – 2 орын, CP-11к тобының студенті Жумадилда А. - 3 орын. Барлық қатысқан студенттерді құттықтаймыз және алғыс білдіреміз!

«Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы платиналы дәріс

«Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбындағы платиналы дәріс29.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 МӘМ» мәдени шараларды ұйымдастырушысы Исайынова Д.С. қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.

Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде докторлық диссертациясын сәтті қорғап, «6D020400-Мәдениеттану» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы академиялық дәрежесіне ие болуымен құттықтайды (2017 жылдың 15 наурызынан №368 Комитет бұйрығы).

«Қоғамдық сенім» Жобасы ҚЭУ ұсынылған

«Қоғамдық сенім» Жобасы ҚЭУ ұсынылған 2017 жылдың 29 наурыз күні Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды облысы прокуратурасы бастамасымен аудандық прокуратурамен бірлесіп «Қоғамдық сенім» жобасы экономикалық мамандықтарында оқитын студенттерімен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Осы кездесуге мынадай мемлекеттік органдар мен мекемелер қатысты:
- Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасы;
- Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы;
- Қарағанды қалалық жер қатынастары, сәулет және дамыту бөлімі;
- Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы;
- «Технопарк» Сарыарқа» ЖШС Инновациялар аймақтықтық кеңсесі;
- «Даму» қоры» АҚ ҚФ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы;
- екінші деңгейлі банктердің өкілдері.
Осы топтың жұмысы барысында студенттер жаңа бизнесті ашу және оны тіркеу, несиелендіру мәселелері, сондай-ақ салықтар заңнамасы, бизнес үшін жер учаскелерін беру және ооларды рәсімдеу жөніндегі кеңес алды. Бизнесті дамыту және жастар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары жайлы мәселелерін аталмыш баяндамашылар студенттердін назарарына салды.
Осылайша, осы уәкілетті органдар бизнес-ортаны дамыту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіуді жалғастырды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus