«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыны

«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыныҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 25 ақпан 2017 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді.

«Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша cкалодромда өткен шығу сабағы

«Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша cкалодромда өткен шығу сабағы 23.02.2017 «Туризм» мамандығының Тур 12 және Тур 14с, студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гариповамен «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша «Белсенді туристік қызметке физикалық дайындық» тақырыбы бойынша кәсіпорын базасында сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ мақсаты студенттерді туристердің белсенді туристік саяхаттарға физикалық дайындықтар қағидалары және әдістерімен таныстыру. Студенттерге сынақ интруктаж жасалынып, қабырғаға өрмелеу техника қауіпсіздігімен, қажетті құрал-жабдықтармен таныстырылды. Студенттер өздерінің физикалық дайындықтарын айқындап, өрмелеу қабырғасының шыңын бағындырды.

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды.
Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.

«Биология білгірі-2017»

111 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань
2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48
2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77
3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68
3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77
10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.

Салық кодексіндегі өзгерістерті түсіндіру туралы кездесу

Салық кодексіндегі өзгерістерті түсіндіру туралы кездесу2017 жылдың 21 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен бірлесе отырып университеттің студенттеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.Семинарды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Таханов А.Б. Елбасының биылғы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жасалынған салықтық жеңілдіктер және өзгерістер туралы атап өтті.

Қытай жаңа жылы

Қытай жаңа жылы2017 жылдың ақпан айының 15 күні экономика және басқару факультетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен қытай күнтізбесі бойынша болатын Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Мерекеге «Халықаралық қатынастар» мен «Халықаралық экономика» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері шақырылды. Мерекелік бағдарлама екпінді және қызықты өтті. МО-21к, МО-22, МО-23, МО-32 және МО-33к топтарының студенттері көрермендерді қытай тілінде салынған әнмен тамсандырды, қонақтар қытай халық билерін тамашалады, жаңа жылдық қытай тағамдарымен танысты. Сонымен қатар келген қонақтармен қытай халқының Жаңа жылдық әдеп-ғұрыптары жайлы білімдерін тексеретін сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Ашық есік куні

Ашық есік куні2017 жылдың ақпан айының 10 күні шетел және орыс тілдері кафедрасы мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы Қарағанды қаласы гимназияларының, мектептерінің, лицейлерінің оқушылары және колледж түлектері үшін экономика және басқару факультетінің мамандықтарының Ашық есік кунін өткізді. Аталған шараға № 77 және № 68 орта мектеп оқушылары мен «Лингва» колледжінің түлектері қатысты. Шақырылған қонақтарға ЖОО түсудің жаңа ережелері жайлы, АКТ өткізілуі және факультет мамандықтары туралы толық акарат берілді. Университет бойынша жасалған экскурсия барысында қонақтар ҚҚЭУ-нің барлық жетістіктерімен танысты.

БҚФ «Ашық есік күні»

БҚФ «Ашық есік күні»Бизнес және құқық факультеті 18.02. 2017 жылы «Ашық есік күні» өтткізді. Іс шараға Қарағанды қаласының мектептерінің бітіруші түлектері шақырылды. Факультет кафедралары өз мамандықтарын таныстырып, келген қонақтарға практикалық тапсырмалар дайындалып, берілді. Қонақтар барлық сайыстар мен ойындарға бар қызығушылығымен қатысты. Экскурсия уақытында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мектеп оқушыларына іс шараның аяқталу сәтінде әр түрлі қызықты шоу бағдарламадар өткізілді.

Есеп-Қаржы факультеті 2017 ж 10 ақпанында Ресурстық орталық Аdobe connect бағдарламасының мүмкіндігімен Бұхар-Жырау ауданының Ростовка Жалпы білім беретін мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлық жұмысты онлайын кездесу арқылы өткізді

Есеп-Қаржы факультеті 2017 ж 10 ақпанында Ресурстық орталық  Аdobe connect бағдарламасының мүмкіндігімен  Бұхар-Жырау ауданының Ростовка Жалпы білім беретін мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлық жұмысты онлайын кездесу арқылы өткіздіЕсеп-Қаржы факультеті 2017 жылдың 10 ақпанында Ресурстық орталық Аdobe connect бағдарламасының мүмкіндігімен Бұхар-Жырау ауданының Ростовка Жалпы білім беретін мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлық жұмысты онлайын кездесу арқылы өткізді. Кездесуге факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушылық құрам және белсенді студенттер қатысты. Кездесу барысында университет мамандықтары айтылып, жоғарғы оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасу мүмкіндіг туралы айтылып өтті. Оқушылырды білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгені, қандай таңдау пәнін таңдау керектігі, грант алу немесе оқу ақысын төлеу кезінде қалай жеңілдіктер алуға болатыны туралы сұрақтар қызықтырды. Осындай кездесулер болашақта жоспарлануда.

«Ашык есик куні»

«Ашык есик куні»Бизнес және құқық факультеті 2017 жылдың 18 ақпан айында қала мектептерінің түлектеріне «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шара қатысушылары үшін рөлдік ойындар мен тапсырмалар, факультет мамандықтармен таныстыруы, кафедраларға экскурсия жоспарланған

Кураторларға арналған семинар-тренинг

Кураторларға арналған семинар-тренинг08.02.2017ж. есеп-қаржы факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Л.К. Мусипова Стратегиялық даму департаментінің маманы Г.С. Отыншинамен бірлесе отырып кураторларға топтағы студенттердің психологиялық жағдайын сақтап, нығайтудағы жұмысы туралы «Развитие рефлексивного сознания кураторов с целью сохранения и укрепления психологического здоровья студентов» тақырыбына семинар-тренингы өткізілді. Семинар-тренинг кураторларға ойын түрінде өткізіліп, әртүрлі тапсырмаларды орындап, нәтижесін қорытындылаумен ерекшеленді. Кураторлар өткізілген тренингтен алдағы уақытта студенттерімен тәрбие жұмысына қажетті дүниелермен танысып, сапалы кеңестерге ие болды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus