«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»03 сәуір 2018 ж. «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Құқық және экономика негіздері» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Шара қонақтары Қарағанды қаласының № 27 ЖОББМ оқушылары болды.
ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. оқушылар мен студенттерге арналған алғы сөзінде Президенттің бағдарламалық мақаласы ережелерінің бірінші кезекте жастарға бағытталғандығын, және өткізіліп отырған шара мақсаты жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, қазақстандық патриоттық сезімдері мен өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу екендігін атап өтті.
Кураторлық сағатқа қатысушылар тақырыптары қоғамдық сананы жаңғырту бойынша негізгі жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мазмұнын талқылауға арналды. ОПЭК-11к тобының студенттері Узбаева Б., Даткина Г. қазақ тілінің латын әрпіне біртіндеп көшу мәселесіне тоқталды. СР-32 тобының студенті Сабыржанова Т. «Жаңа гуманитарлы білім» жобасын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлы білімдерге назар аудару – бәсекеге қабілетті білікті кадрлардың негізін қамтамасыз етеді деді. «Туған жер» бағдарламасы бойынша, өздерінің кіші Отаны – Егіндібұлақ өлкесінен шыққан ұлы адамдар өнегесімен патриоттық сезімді қалыптастыру туралы ОПЭК-31к топ студенттері Исаев А., Қанатұлы Жанайдар айтты. Косаева Л. (СР-12 тобы), Шакенова К. (СР-13с тобы), Гарманов Д. (гОПЭК - 12), Шынарбек О. (ОПЭк-13с) қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемде өрлету бойынша интерактивті презентация қорғады. СР-21к тобының студенттері Жумадилда А. мен Кеңшілік А. «Қазақстандық 100 жаңа есім» арасына Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен нақты тұлғалар тарихымен таныстырып өтті.
Ашық кураторлық сағатты қорытындылай келе академиялық топ кураторлары ф.ғ.к., доцент Сейфуллина Г.Р., философия докторы (PhD), аға оқытушы Манасова М.М., тарих ғыл.магистрі, оқытушы Тусупова Г.Н. студенттер мен оқушыларға қоғамдық сананы жаңғыртудағы басты басымдылық – ашықтық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік екенін айтты.

 

«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»
«Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus