«Жезқазған бизнес және көлік» колледжінің студенттерімен Елбасының мақаласы талқыланды

«Жезқазған бизнес және көлік» колледжінің студенттерімен Елбасының мақаласы талқыланды

«Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының доценті з.ғ.к. Кулбағила Алиакпаровна Байкенжина Жезқазған қаласындағы «Жезқазған бизнес және көлік» колледжінде болып, ондағы дәріс алып жүрген студенттермен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы атап көрсетілген елімізде білімнің салтанат құруына қатысты келелі ойларын ортаға салды.
Атап айтқанда, болашақта жастардың табысты болуларының ең іргелі, басты факторы білім екеніндігін түсіндіре келіп, жас¬тары¬мыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт екендігіне тоқталып өтті, себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін мысалдар келтіре отырып түсіндірді.
Сонымен қатар осы кездесу барысында колледж кітапханасына студенттердердің пайдалануына қажетті соңғы жылдары кафедра оқытушыларының университет баспаханасынан шығарылған оқу және оқу –әдістемелік құралдарын табыс етті.

 «Жезқазған бизнес және көлік» колледжінің студенттерімен Елбасының мақаласы талқыланды

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus