• Мамандықтың коды:

    8D04103

    Мамандықтың атауы:

    Мемлекеттік және жергілікті басқару

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

  • 2021-2022 жылғы білім бағдарламасы бойынша оқитын докторанттар контингенті
    26
    Мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алатын докторанттар
    25
    Ақылы түрде білім алатын докторанттар
    1

8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламасының мазмұнын «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттік басқару», «Жаһандану және оның негізгі экономикалық процестерге әсері», «Қоғамдық шаруашылық ету теориясы» және т.б. сияқты пәндер құрайды.
Бұл қоғамның жаңғыртылуы мен білімнің үнемі жаңаруы жағдайында кәсіптік ғылыми және инновациялық іс-әрекет саласында, іргелі және қолданбалы экономикалық, басқарушылық зерттеулерді алға шығаруда, авторлық және бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен өткізуде, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару саласында ғылыми зерттеулер шекарасын кеңейту және әмбебап мәселелерді алға шығаруда, мемлекеттік және жергілікті басқару тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламалық қамсыздандыру мен ақпараттық жүйелерді қолдануда, ұлттық экономиканың тиімді дамуына макро және микроэкономикалық құралдардың ықпалын түсінуде, әкімшілік ету қағидаларын меңгеру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруде, ҚР экономикалық, экологиялық, энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, республиканың адами капиталын тиімді басқару саласында, өзінің білім алу траекториясын және кейінгі кәсіптік даму бағытын жобалауда құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» дайындық бағыты бойынша докторантура түлектері кәсіптік іс-әрекет объектілері ретінде таңдай алады: жоғарғы оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттік зейнетақы, сақтандыру және т.б. қорлар, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік емес мекемелер, халықаралық қорлар, әлеуметтік саясат және әлеуметтік басқару департаменттері, мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық-талдау орталықтары.
Докторантура оқу мерзімі – 3 жыл. Білім беру формасы - күндізгі.
PhD докторантурасының білім беру бағдарламалары экономика саласында жоғары білім деңгейі, біліктілігі, дағдылары мен құзыреттілігі бар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған білім беру, әдістемелік және зерттеу іс-әрекетінің күшейтілген интеграциясына негізделген.
Докторантураның іргелі білім беру бағдарламасының негізін авторлық курстар, профессорлық ғылыми семинарлар, шетелдік профессорлар дәрістері, белгілі ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің мастер-кластары құрайды.
Ғылыми және қолданбалы зерттеулер Қазақстанның жетекші ғалымдарының ғылыми мектептері шеңберінде жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің нәтижелі жүзеге асырылуына «Экономикалық және құқықтық зерттеулер» ғылыми-зерттеу институтының әрекет етуі, сонымен қатар «ҚҚЭУ – өңірлік даму институты» ғылыми консорциумының, мамандандырылған оқу, зерттеу лабораториялары мен кабинеттерінің әрекет етуі ықпал етеді.
Стратегиялық әріптес ретінде университеттің тұрақты бағдарлары ғылыми және шығармашылық зерттеулерде біздің корпоративті әріптестеріміздің сенімді желісін қалыптастыруға мүмкіндік берді: бұл қаржы-несие жүйесінің мекемелері, мемлекеттік басқару саласының департаменттері мен мекемелері, түрлі мекшік формасындағы кәсіпорындар, колледждер және т.б.
Бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы, академиялық мобильділікті арттырудағы ғылыми іс-сапарларды ұйымдастырудағы негізгі әріптес-ЖОО-р болып келесілер табылады: Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның зерттеу институты, Германия, Инновациялық менеджмент Институты, Германия, Сент-Иштван университеті, Венгрия, Краков экономикалық университеті, Польша, Св. Кл. Охридский атындағы Софиялық университет, Болгария, Сантьяго де Компастелла университеті, Испания және т.б.


Бағдарлама дәрежесі: PhD философия докторы 8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
Дәреже және мерзім Бірлік дәреже (бір университет) (185 ECTS – кредиттері/ 75 каз. кредиттері)
Оқу орны Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Аккредитация Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) http://nkaoko.kz/
Жарамдылық мерзімі Бұл бағдарлама Университетпен 3 жыл мерзіміне 2016 жылдан бастап дәреже алушы тұлғалар үшін бекітілген
Дәреже ЖБЕК үшін БШ (Жоғары білімнің Европалық кеңістігі үшін біліктілік шеңберлері): 3 цикл; ЕБШ (европалық біліктілік шеңберлер): 8 деңгей; БҰШ (біліктіліктің ұлттық шеңбері): 8 деңгей
  • A) Мақсат
    • 8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша докторлық бағдарламасының мақсаты – докторанттардың мемлекеттік және жергілікті басқару саласында теориялық білімді, ғылыми зерттеу және білім беру дағдыларын меңгеруі
    • Табысты түлектер:
    • аталмыш саладағы зерттеу барысын жүйелік түсіну, аталмыш салада қолданылатын зерттеу ептіліктері мен әдістеріне қатысты шеберлікті көрсетуі тиіс;
    • ғылыми зерттеудің кешенді үдерісін жоспарлау, әзірлеу, жүзеге асыру және түзету енгізуі тиіс;
    • өзіндік зерттеулермен мемлекеттік және жергілікті басқарудың ұлттық және халықаралық деңгейінде басылымға шығарылатын ғылыми сала шекарасын кеңейтуге өз салымын енгізуі тиіс;
    • мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында жаңа және күрделі идеяларды талдап, бағалап, синтездеуі тиіс;
    • өз білімі мен жетістіктерін әріптестері, ғылыми қауымдастық пен қоғамға хабарлауы тиіс;
    • мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің біліміне негізделген қоғамның дамуына ықпал етуі тиіс.
  • B) Сипаттама
    • 1.Пән /пән аясы
    • Базалық пәндер: ҚР экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттік басқару
    • Профильдік пәндер:
    • Қоғамдық шаруашылық ету теориясы, Басқарудың математикалық модельдері, Жаһандану және оның негізгі экономикалық үдерістерге ықпалы, Экономиканың қоғамдық секторында нәтижелер бойынша басқару және бюджеттеу, Экономика ғылымының теориясы, Ғылыми зерттеудегі эконометриялық талдау, Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, Заманауи экономикада табыстар және еңбекақы саясаты
    • 2.Жалпы ақпарат/мамандандыру
    • «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын іске асыру барысында оқу жоспарларының модульдік қағидасына, есепке алу бірліктері жүйесін (кредиттер) және сәйкес білім беру технологияларын пайдалануға негізделген білім беру үдерісін ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесі қолданылады
    • 3.Бағыт
    • PhD докторантура
    • 4.Ерекшеліктері
    • 8D04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлектері кәсіптік іс-әрекеттің келесі түрлерін іске асыруға бағдарланған:
    • теория мен тәжірибенің жаңа салаларында зерттеуді жүзеге асыру;
    • мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша ғылыми конференциялар, дөңгелек столдарға жүйелі түрде қатысу;
    • отандық экономикағ ғаламдық және стратегиялық мемлекеттік басқару мәселелерін айқындау және шешу;
    • гранттар мен ғылыми тақырыптар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
    • ғылыми орталықтар және жобалардың ғылыми жетекшілерімен тұрақты байланыстар мен әріптестік қатынастарды дамыту
  • C) Жұмыспен қамту және одан әрі оқыту
    • 1.Жұмыспен қамту
    • Жоғары оқу орындары; ғылыми іс-әрекет; ғылыми-зерттеу орталықтары, сараптамалық мекемелер
    • 2.Одан әрі оқыту
    • Докторантурадан кейінгі бағдарламалар
  • D) Білім беру стилі
    • 1.Оқу және оқыту тәсілдері
    • Білім беру үдерісінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістері кеңінен қолданылады (кейс-стади, жобалық әдіс, дөңгелек столдар, пікір-таластар, кейс-әдіс, дебат).
    • 2.Бағалау әдістері
    • Аралық бақылау; шептік аттестация (кейс жазу); ДҒЗЖ есептерін, педагогикалық және зерттеу тәжірибелерін өту жайлы есептерін, қорғау; шетелдік ғылыми тәжірибе (есеп), қорытынды аттестация (мемлекеттік емтихан, докторлық диссертацияны қорғау)
  • E) Бағдарламалық құзыреттіліктер
    • 1.Жалпы біліктіліктер
    • Бағдарлама үшінші цикл деңгейінде академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.
    • Бұл өзіне үшінші цикл бітірушілерінің жалпы (негізгі дағдылық атымен танымал) біліктіліктерін қосады. Төменде аталған біліктіліктер осы бағдарламаға тән және қысқаша біліктіліктерді көрсетеді:
    • ОК1 – ғылымның дамуындағы парадигмалардың ауысуы мен негізгі даму кезеңдері жайлы, жаратылыстану ғылымдарының (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндік, дүниетанымдық, әдістемелік ерекшелігі жайлы көрініске ие болу;
    • ОК2 – отандық және шетелдік экономикалық ғылымның ғылыми мектептері, олардың теориялық және эмпирикалық аспектілері (оның ішінде мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы) туралы көрініске ие болу;
    • ОК3 – ғылыми әзірлемелерді тәжірибелік іс-әрекетке енгізу тетігі, ғылыми қауымдастықта өзара әрекеттесу нормалары, зерттеуші-ғалымның педагогикалық және ғылыми этикасы жайлы көрініске ие болу;
    • ОК4 – жаһандану мен интерұлттандыру жағдайында отандық ғылым дамуының замануи қарқыны, бағыттары мен заңдылықтары, ғылыми таным әдістемесін түсіну, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында әлемдік және қазақстандық ғылымның даму бағыттары және заңдылықтарына қатысты әдістемені көрсету;
    • ОК5 – ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін түсіну және қабылдау;
    • ОК6 – ғылыми коммуникацияны және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін шет тілін жетік білу;
    • ОК7 – ғылыми зерттеу үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыра білу;
    • ОК8 – зерттеу саласындағы түрлі теориялық тұжырымдарды талдау, бағалау және салыстыра білу, қорытынды жасап, түрлі көздерден әдебиеттерді өңдей білу;
    • ОК9 – заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеуді жүргізе алу, өзіндік жаңа ғылыми идеяларды генерациялау, өз білімі мен идеяларын ғылыми таным шекараларын кеңейте отырып, ғылыми қауымдастыққа хабарлау;
    • ОК10 – заманауи зерттеу әдістемесін таңдап, тиімді пайдалана білу;
    • ОК11 – түрлі теориялар мен идеяларды талдау, бағалау және салыстыру дағдысына ие болу, аналитикалық және эксперименталды ғылыми іс-әрекетті жүзеге асыру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық іс-әрекетке жауапты әрі шығармашылық қатынасты таныту;
    • ОК12 – шешендік өнер және халықаралық ғылыми форумдар, конференциялар мен семинарлар, ғылыми шаралар, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу және бұқаралық сөз сөйлеу ептілігіне ие болу
    • ОК13 – зерттеу нәтижелерін жоспарлау, үйлестіру, болжамдау, ғылыми зерттеу үдерістерін жүзеге асыру дағдысына ие болу
    • ОК 14 – зерттеу саласын жүйелік түсіну және таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсету, көшбасшылық басқару және ұжымды басқару дағдысына ие болу;
    • ОК 15 - зерттеу саласын жүйелік түсіну және таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсету;
    • ОК 16 – ақпараттық ағындардың жылдам жаңаруы және артуы жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық іс-әрекет саласында білікті болу;
    • ОК 17 – теориялық-эксперименталды ғылыми зерттеу жүргізуде, теориялық-қолданбалы мәселелерді шешуде, сәйкес саладағы мәселелерді кәсіби және жанжақты талдауда білікті болу;
    • ОК 18 – адами ресурстарды басқару және тұлғааралық байланыс, мамандарды жоғары оқу орындарында даярлау, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасау, тұрақты кәсіби өсімді қамтамасыз етуде білікті болу.
    • 2.Спецификалық біліктіліктер
    • ПК 1– Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттыру және жаһандану жағдайындағы өзекті басқарушылық мәселелерді білу;
    • ПК 2 – мемлекеттің экономикалық, экологиялық, энергетикалық, азық-түлік, өзге қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын білу;
    • ПК 3 – мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру бойынша кәсіптік іс-әрекетке қажетті арнайы теориялық және қолданбалы білімді пайдалана білу;
    • ПК 4 – ғылыми экономикалық тұжырымдар мен парадигмаларды талдау және салыстыру, жаһандану жағдайында мемлекеттің даму болашағына қатысты ғылыми шығармашылық және жаңа идеялардың мәнін салыстыру қабілеті;
    • ПК 5 – теориялық және қолданбалы зерттеу жүргізу, мәліметтер жинақтау үшін және инновациялық дағдыларды қалыптастыру үшін инновациялық технологияларды әзірлеу, оларды қолданбалы ғылымның түрлі салаларына интеграциялау үшін арнайы білім жиынын пайдалану;
    • ПК 6 – мемлекеттік және жергілікті басқару тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық жүйелерді және сәйкес бағдарламалық қамсыздандыру пайдалануда білікті болу;
    • ПК 7 – кәсіби білімнің тереңдетілуін талап ететін ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекетті туындайтын мәселелерді дербес шешу;
    • ПК 8 – уникалды ғылыми шешімдермен мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы ғылыми зерттеулер шекараларының кеңеюіне салымын енгізу;
    • ПК 9 – мамандарды жоғары оқу орындарын даярлауда білікті болу;
    • ПК 10 – көшбасшылық қасиеттерді, инновациялылықты, ғылыми және кәсіби креативтілікті, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында жаңа идеяларды дамытуға ұмтылушылықты көрсету;
    • ПК 11 – ғылыми бөлімшелердің зерттеу жобаларына кәсіптік қатысу, халықаралық, республикалық және өңірлік ғылыми шараларға қатысу (дөңгелек столдар, семинар, конференциялар) дағдысына ие болу;
    • ПК 12 – мемлекеттік және жергілікті басқару саласында зерттеу жүргізу және инновацияларды әзірлеуде маңызды мәселелерді шешуге қажетті заманауи және арнайы ептіліктер мен әдістерді меңгеру дағдысына ие болу;
    • ПК 13 – экономикалық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау, стандартты теориялық және эконометриялық модельдерді қалыптастыру, алынған нәтижелерді талдау және қолдану қабілетін көрсету;
    • ПК 14 – іргелі және қолданбалы экономикалық, басқарушылық мәселелерді алға шығаруда білікті болу, қоғамның экономикалық мәселелерін білікті әрі шығармашылық талдай алу;
    • ПК 15 – авторлық және бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен жүзеге асыруда, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы ғылыми зерттеулер шекарасын кеңейтуде мәселелерді алға шағыруда білікті болу;
    • ПК 16 –инновацияларды басқару және енгізуде білікті болу, білім беру траекториясын жобалау мен кейінгі кәсіби дамуда білікті болу.
  • F) Берілген оқу бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелерінің толық тізімі
    • Кәсіби тәжірибе тұрғысынан, ұйымдар, мекемелер мен компаниялар жұмысында түлектер келесі қабілеттерді көрсете алады:
    • Білікті болу: ақпараттық ағындардың жылдам жаңаруы және артуы жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық іс-әрекет саласында; теориялық-эксперименталды ғылыми зерттеу жүргізуде, теориялық-қолданбалы мәселелерді шешуде, сәйкес саладағы мәселелерді кәсіби және жанжақты талдауда; адами ресурстарды басқару және тұлғааралық байланыс, мамандарды жоғары оқу орындарында даярлау, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасау, тұрақты кәсіби өсімді қамтамасыз етуде; мамандарды жоғары оқу орындарында даярлауда; ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасау, тұрақты кәсіби өсімді қамтамасыз етуде білікті болу.
  • «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттік басқару», 3 кредит / 5 ECTS
    • Пән «Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздік мемлекеттік басқару» Мемлекеттік білім беру стандарттары мамандығы 8D04103- Мемлекеттік және жергілікті басқару сәйкес міндетті пән болып табылады.
      Экономикалық қауіпсіздік отандық және халықаралық деңгейлерде әлеуметтік қажеттіліктерін тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін ұлттық экономиканың қабілеті болып табылады. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы терең білім алу үшін экономикалық қауіпсіздік, мемлекеттік бақылау, қызмет көрсету және елдің өнімдерінің тиімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру да маңызды орын алады.
      Осы пәнді зерттеу үшін докторанттар келесідей пәндердің мазмұны жайлы хабардар болуы тиіс: «Экономика және құқық негіздері», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік басқару теориясы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Қалалық басқару».
      Докторанттар пәнді оқу барысында:
      білуі керек:
      • экономикалық қауіпсіздік, мемлекеттік басқарудың негізгі отандық және шетелдік ғалымдарды мен тәсілдері;
      • экономикалық қауіпсіздікті мемлекеттік басқару, қамтамасыз ету саласында ұйымдастырушылық және басқарушылық іс-әрекет негізі;
      • экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерді;
      істей білуі керек:
      • мамандануы субъектілерінің барлық бөлімдері негізгі теориялар және тұжырымдамалар білімін, соның ішінде экономика, экономикалық жүйелердің, басқару теориясы, оның категориялық аппараты пайдалану;
      • шаруашылық субъектілері және кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қауіпсіздік қызметінде тәуекелдерді басқару теориялық және практикалық аспектілерін шешу;
      білікті болуы:
      • осы мамандық бойынша қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен мамандануы ескерiле отырып, таңдаған саласында талдау экономика теориясы мен әдістерін пайдалану;
      • ғылыми-зерттеу үшін пайдаланылатын аналитикалық жұмыстар;
      • ғылыми-теориялық мәнін түсіну үшін тәсілдерін, функциялары және экономикалық қауіпсіздік басқару процестерін;
      • экономика секторлары мен өңірлердің экономикалық қауіпсіздікті ұйымдастыруға және талдау.
      Лектордың аты-жөні: з.ғ.д., профессор Ханов Т.А.
  • Басқарудағы математикалық модельдер 3 кредит / 5ECTS
    • Пререквизиттер: Басқарудағы ақпараттық технологиялар, Басқарушылық экономика
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Басқару сұрақтарын шешуде математикалық модельдеудің теориялық негіздерін игеру, есептеу нәтижелерін математикалық құрастырудаактикалық қабілеттерді қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаты: Экономикалық жүйеде математикалық модельдеу ұғымы. Баланстық моделдер: Экономикадағы көпсалалы Леонтьевтың моделі; Леонтьевтың сауда-саттық моделі және т.б.
    • Күтілетін нәтижелер: математикалық модельдеудің негізгі бірнеше түрлерін меңгеру, басқарудағы тиімді шешімдерді қалыптастыруда түрлі модельдер мен практикалық заманауи ақпараттарды меңгеру.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., проф. Емелина Н.К.
  • Ғылыми зерттеулердегі эконометрикалық талдау 3 кредит / 5 ECTS
    • Пререквизиттер: Басқарудағы ақпараттық технологияларБасқарушылық экономика
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Аталмыш курс экономиканы экономикалық модельдеу әдістерін қолданатын докторанттардың аналитикалық және зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
    • Курстың қысқаша сипаты: Курс бойынша өтілетін тақырыптар: сызықтық және сызықтық емес регрессиялардың модельдері; аспаптық айнымалыларды бағалау;шекті тәуелді айнымалылардың екі өлшемді модельдері; бір немесе бірнеше теңдеулері бар уақытша қатарлы модельдер; панельді берілгендері бар статикалық сызықтық модельдер; панельді берілгендері бар динамикалық сызықтық модельдер және шекті тәуелді айнымалылары бар панельді модельдер. Докторанттардың эмпирикалық жаттығуларды STATA бағдарламасын пайдалана отырып орындауы курстың практикалық сабақтарының ажырамас бөлігі болып табылады.
    • Күтілетін нәтижелер: Пәнді үздік оқыған докторанттар келесі дағдыларды игеруі тиіс:
    • теориялық білім мен математикалық инструментарийді экономиканың тәжірибелік мәселелерін зерттеуде қолдана алу қабілеті;
    • өзіндік теориялық және эконометриялық модельдерді экономикалық жаттығуларды шешу үшін құрастыра білу қабілеті;
    • STATA бағдарламасымен өзіндік жұмыс жасау қабілеті.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.к., проф. Емелина Н.К.
  • Экономиканың қоғамдық секторында нәтижелер бойынша басқару және бюджеттеу 3 кредит / 5ECTS
    • Пререквизиттер: Қоғамдық сектор экономикасы, Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы, Басқарушылық экономика
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Басқару мен нәтижелілігі бойынша бюджеттеу әдісін заманауи мемлекеттердің экономикасының қоғамдық секторында зерттеушілік және тәжірибелік қызметтерінің негізін докторанттардың игеруі.
    • Курстың қысқаша сипаты: Заманауи экономикадағы қоғамдық сектордың атқарылуының теориялық негіздері, қоғамдық сектордың нәтижесі бойынша басқарудың ерекшеліктері: механизмдер мен модельдер, қызмет көрсету стандарттарының құрылу әдіс-тәсілдері (қоғамдық инфраструктура негізінде), Қазақстан экономикасындағы қоғамдық игіліктерді қанағаттандырудағы мемлекеттің үлесі, нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің жүйесі, қоғамдық игіліктерді қанағаттандыру мен өндірісті басқару жүйесіне нәтиже бойынша жоспарлауды енгізу, қоғамдық секторда нәтижелілік мониторинг процесін ұйымдастыру, муниципалды бағдарламалардың дамуын бағалау.
    • Күтілетін нәтижелер: : Пәнді үздік оқыған докторанттар келесі дағдыларды игеруі тиіс: экономиканың қоғамдық секторы аясындағы білімді игеру, қоғамдық тауарлар мен қызметтерді заманауи классификациялау, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың ресурстарын тиімді пайдаланудың қоғамдық секторында қолданылатын басқару әдістерін білу; берілген білімді қалалық бағдарламаларды, аудандарды дамытудың бағдарламаларын, мемлекеттік орган пладарының стратегиясын дайындауды тәжірибеде қолдану; Қазақстан экономикасындағы қоғамдық тауарларды бірінші және екінші дәрежеде жекешелендіру эффектісін өлшеу дағдысын қарастыра отырып, бағдарламалардың көрсеткіштері мен индикаторларын дайындау барысында өзінің мүддесін негізделген және логикалы түрде дәлелдеу; логикалық сызбалар мен аудандық бағдарламаларды бағалау жоспарын ұйымдастыруды жасай білу, Қазақстанның қоғамдық секторының нәтижелі мониторинг бағдарламаларының сан және сапа белгілерінің интерпретациясы мен жиынтығын жасау; қоғамдық сектордың жекелеген бағдарламалары бойынша нәтижелілік қызметінің мониторингінің берілгендерін көрсету мен анализдерін жинау қабілеттерін алу.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., профессор Притворова Т.П.
  • Заманауи экономикадағы табыстар және еңбекақы саясаты 3 кредит / 5 ECTS
    • Пререквизиттер: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Қоғамдық сектордың экономикасы.
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Қоғамдық институттар негізінде кірістерді нарықтық бөлу мен қоғамның кіріс құрылымына мемлекеттің араласу әдістері механизмдерінің теориялық негіздерін докторанттардың игеруі.
    • Курстың қысқаша сипаты: Азаматтардың кірістері мен жалақысы контекстінде мемлекеттің қоғамдық жағдайын копцептуалды негіздеу. Кірістер мен жалақыға әсер ететін мемлекеттік әдістер мен институттардың жүйесі туралы көзқарас қалыптастыру; Салықтық-бюджеттік және кредиттік-ақшалық салалардағы, қоғамдық көмек пен қоғамдық сақтандыру жүйесіндегі, еңбек нарығы институттарында, білім беру жүйесінде, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет салаларында азаматтардың кірістерін қадағалауда ақшалық және натуралды құралдарды қарастыру. Кірістерді қадағалауда әртүрлі құралдарды қолдану кезінде синергия эффектісі туралы көзқарас қалыптастыру. Экономикалық-статистикалық әдістер негізінде кірістер мен жалақының сандық көрсеткіштер анализінің қабілетін дамыту.
    • Күтілетін нәтижелер: Нарықтық экономика негізінде азаматтың, жанұяның және мемлекеттің субсидиарлық жауапкершілігі контекстінде жалақы мен кірістердің бастапқы көрінісінің жүйесін дамыту. Қоғамдық сектор экономикасындағы азаматтардың кірістерінің маңызы, масштабтары мен формалары туралы көзқарас қалыптастыру.
    • Экономикалық-статистикалық анализ бен мемлекеттің жалақысының нәтижесін микро(үй шаруашылығы) және макро(СНС-93 жүйесі негізінде) деңгейдегі қабілеттерін игеру.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., профессор Притворова Т.П.
  • Қоғамдық шаруашылық ету теориясы (экономикс пен экономикалық теорияға балама) 3 кредит / 5ECTS
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы, Қазақстан экономикасының қалыпты дамуын қамтамасыз етудегі мәселелері.
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Тыңдаушылар бойында ғылыми көзқарасты қалыпттастыру, болашақ экономика саласының мамандары бойында жаңа экономикалық ойлау мәдениеті мен қабілеттерді және мәселелерді шешу жолдарын меңгеруді қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаты: Қоғамдық шаруашылықтың теориясы экономикалық үдерістердің мазмұны, түсінігі мен категорияларын, заңдылықтары мен қағидаларын зерттейді. Аталмыш курс пәннің қайнаркөздері мен атақты экономистердің көзқарастарын терең зерттеуді қарастырады.
    • Күтілетін нәтижелер: Негізгі категориялар мен экономикалық заңдылықтарды зертту, критикалық талдау мен түрлі экономикалық мектептердің идеяларын салыстыру ізденушілердің бойында экономикалық өмірді түсінуді қалыптастырады және ғылыми зерттеудің деңгейін тереңдетуге үлес қосады.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., проф. Айнабек К.С. э.ғ.к., проф. Жетпісбаева М.К.
  • Экономикалық ғылым теориясы (экономикалық ғылым эволюциясы), 3 кредит/ 5 ECTS
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы, Жаһандану кезіндегі экономиканың ғылыми секторы, Институциональдық экономика.
    • Постреквизиттар: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: экономика ғылымдарының дамуының қалыптасқан тарихи кезеңдерінде білімдерді, концепцияларды қалыптастыру, подходах у экономикалық үдерістерді зерттеу құралдары мен әдістерді меңгеруді қалыптастыру.
    • Курстың қысқаша сипаты: «Экономика ғылымының теориясы» экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу.
    • Күтілетін нәтижелер: ғылыми көзқарас бойынша түрлі үдерістерді зерттеу мақсатында курстың негізгі талаптары мен әдістерін меңгеру, зерттеу жұмыстарын орындау мақсатында өткен кезеңдердегі экономикалық теорияның мазмұнын талдауды іске асыра алу мүмкіндігін қалыптастыру; экономикалық жүйедегі түрлі теориялардың негізі түсінігі мен құрылымы бойынша білімдерді қалыптастыру.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., проф. Айнабек К.С., э.ғ.к., проф. Жетпісбаева М.К.
  • Жаһандану және оның негізгі экономикалық процестерге әсері 3 кредит / 5 ECTS
    • Пререквизиттер: Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы, Экономиканың нақты секторларын мемлекеттік реттеу.
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Докторанттарға қазіргі таңда болып жатқан кешенді интеграциялық процестер туралы ой қалыптастыру, жаһанданудың халықаралық экономикалық қатынастардың жүйесіне тигізетін әсері мен маңызын түсіндіру, басты заманауи ғаламдық мәселелерді шешу жолдарын қарастыру
    • Курстың қысқаша сипаты: Өркени және мәдени ерекшеліктерді, қазіргі таңдағы ғаламдық процестерді зерттеудің әдістемесін қарастыра отырып, әлемнің әртүрлі аудандарында болып жатқан заманауи интеграциялық процестерге кәсіби талдау.
    • Күтілетін нәтижелер: Бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру кезінде халықаралық қызметтің экономикалық тиімділігінің факторын ескере отыру қабілетіне ие болу, тарих, құқық, экономикамен байланысын ескере отырып, әлемдік процестердің логикасын және де халықаралық қатынастардың әлемдік саясат жүйесінің дамуын түсіну және білу, ғылыми-техникалық инновациялар мен перспективалардың ғаламдық процестер құрылымының өзгеруін түсіну
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., проф. Таубаев А.А.
  • Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы 3 кредит / 5 ECTS
    • Пререквизиттер: Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, Экономиканың шынайы секторын мемлекеттік реттеу, Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізі
    • Постреквизиттер: Зерттеу тәжірибесі, докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы.
    • Мақсаты: Жеке-мемлекеттік серіктестіктің теориялық негіздері мен негізгі түсініктерін оқу.
    • Курстың қысқаша сипаты: Ұйымдастырудың қалыптасқан жағдайы мен ұлттық экономикалық жүйеге кәсіпкерлік қызметті кірістіру жағдайын қарастыра отырып, жеке-мемлекеттік серіктестік мен оның дамуының ерекшеліктерін ескеру арқылы кешенді теориялық білімді қалыптастыру.
    • Осы курс жеке-мемлекеттік серіктестіктің жалпы негіздерін кешенді оқыға бағытталған.
    • Күтілетін нәтижелер: Докторант осы курсты оқу барысында жеке-мемлекеттік серіктестіктің мазмұны мен мәнін, оның заманауи экономикадағы дамуының ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтердің моделдерін ұлттық түрлендіру кезеңдерін білуі шарт. Осы курста алынған білім арқасында докторант зерттеудің логикалық бірізділігін сақтауға және жеке-мемлекеттік серіктестіктің дұрыс қойылған мақсаты мен тапсырмаларын кешенді шешуге бағыттайды.
    • Лектордың аты-жөні: э.ғ.д., проф. Таубаев А.А.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus