2023 жылдың 21 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қаржы қауіпсіздігі бойынша бірінші Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. Олимпиадаға Ұлытау ауданының Қарағанды, Павлодар, Балқаш қалаларының оқушылары қатысты. Олимпиада қаржылық, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген қаржылық сауатты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге арналған. Қатысушыларға Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің ректоры, э. ғ. д., профессор Е. Б. Аймағамбетов құттықтау сөз сөйледі. Олимпиада жеңімпаздары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды, оларды салтанатты түрде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Л.Т. Акильжанова; Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г. Ш. Қожахметова, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Е. А. Түмелиев табыс етті.
2023 жылдың 14 сәуірінде университетте "Еңбек шарты тараптарының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі" тақырыбында ЭҚҚР кафедрасы ұйымдастырған мастер-класс өтті. Мастер-класстың мақсаты - практикалық қызметкерлерден тәжірибе алу, еңбек қатынастарына түсу кезінде материалдық жауапкершіліктің басталу жағдайларын зерттеу болып табылады. Дәріс «Дельта М Қазақстан» КА ЖШС персоналды іріктеу бөлімінің басшысы Алиева Далида Олеговнаның және кадрлар бөлімінің маманы Коршунова Ксения Олеговнаның қатысуымен өтті. Олар келесі тақырыптарды қозғады: - Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі; - Еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтары, міндеттері; - Еңбек шарты тараптарының жауапкершілігі; - Ұйымның жұмыс режимі; - Демалыс уақыты; - Қызметкерлерге қолданылатын көтермелеу және өндіріп алу шаралары; - Тәртіптік жазаларды қолданудың негізгі принциптері және т. б. Студенттер іс жүзінде қандай шарттар жасасу керектігін білді, еңбек шарты, ұжымдық шарт, материалдық жауапкершілік туралы шарт қандай бөлімдерден тұруы керек екенін түсінді. Дәріске «Мемлекеттік жергілікті басқару», «Логистика», «Менеджмент», «Экономика», «Әлеуметтік жұмыс», «Есеп және аудит», «Дене шынықтыру және спорттық менеджмент», «Сот-құқық қорғау қызметі», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттер тәжірибе мен жұмысқа орналасу туралы қажетті және өзекті ақпарат алды.
12 сәуірде Қазақстанда өзінің кәсіби мерекесі – ғылым қызметкерлері күнін ғылыми орта өкілдері атап өтетін. Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған. Бұл күн 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И. Сәтбаевтың, Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты.
Ғылым күні аясында 2023 жылдың 14 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Қазіргі жастар: инновациялар құру – болашаққа ұмтылу» атты студенттердің жыл сайынғы VIII халықаралық слеті өткізілді. Слеттің мақсаты: жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, цифрлық трансформация жағдайында дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Халықаралық слет жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100 - ден астам және жақын және алыс шетелдердің 20-дан астам студенттері қатысты.
14 сәуір күні Түркістан қаласының Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің әкімшілік ғимаратында «Bilimdi EI-2023» V-Халықаралық білім көрмесі ұйымдастырылды, көрменің басты мақсаты Түркістан облысы мен қаласының мектеп бітіруші түлектеріне арналған кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары. Көрмеге еліміздің беделді жоғарғы оқу орындары мен Ұлттық тестілеу орталығы, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандарының қатысуымен өтті. Аталмыш шараға Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ректоры Сакенов Айдос, «Sana Education» Халықаралық білім беру орталығының Басқарма төрағасы-бас директоры Сержанов Бауыржан Ерланұлы қатысты. Іс шараға еліміздің беделді Жоғары оқу орындары қатысты атап айтсақ Азаматтық авиация академиясы, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Сәтпаев университеті (Satbayev University), Alikhan Bokeikhan University, Астана халықаралық университеті, Тұран-Астан университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы технологиялық университеті және «Q Education group» ЖШС. Көрмеге Түркістан облысы және Түркістан қаласының 10 000 мыңға жуық талапкерлері қатысып жоғары оқу орындарының білім беру бағыттарымен танысты, ҰБТ бойынша ақпараттар алып, болашақта қандай маман иесі болатының жоспарлады. Көрме жұмыстары 17 сәуір Ақтау қаласында, 20 сәуір Атырау қалаларында жалғасын табады.
2023 жылдың 06 сәуірінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасында «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған, «Технологияларды коммерцияландыру және ғылымдағы жастар» тақырыбында жастар ғылыми қоғамы өкілдерінің кездесуі өтті. Диалог алаңына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері, атап айтқанда ЖҒМК және «Достық «Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес-инкубаторының мүшелері қатысты. Кездесу барысында «Ғылым мен бизнесті интеграциялау: жастар үшін мүмкіндіктер мен перспективалар»; «Стартаптар және технологиялық кәсіпкерлік»; «Жастарды ғылымға тарту тәжірибесі»; «Университеттердің ғылыми қызметінің нәтижелерін коммерцияландырудағы студенттердің рөлі»; «Жас ғалымдар кеңесінің қызметі туралы», «Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар қауымдастығы» жайлы өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды. Кездесуді қорытындылай келе, «Technology Commerzcialization Point» диологиялық алаңының қатысушылары әрі қарайғы ғылыми ынтымақтастық туралы пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.