Шақырылған профессордың қонақ дәрістері

Шақырылған профессордың қонақ дәрістері

И.Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университеті – Ресейдегі аграрлық жоғары білім берудің танымал көшбасшыларының бірі, Оңтүстік федералды округтағы ең ірі ғылым, білім және инновация орталығы болып саналады.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті мен Кубань мемлекеттік аграрлық университеті арасындағы көпжылдық ынтымақтастық білім беру және ғылыми-зерттеу салаларында жүзеге асырылуда.
Экономика ғылымдарының докторы, доцент Белкина Елена Николаевна – мемлекеттік және муниципалды басқару кафедрасының меңгерушісі. 2023 жылдың 28 наурызы мен 6 сәуірі аралығында Елена Николаевнаның «Ауылдық аумақтарды дамытуды басқару» тақырыбында қонақтық дәрістер курсы өтті. Қонақ дәрістерге барлық деңгейдегі студенттер мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Елена Николаевнаның университеттің топ-менеджерлерімен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды.

 

Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері Шақырылған профессордың қонақ дәрістері
Шақырылған профессордың қонақ дәрістері   Шақырылған профессордың қонақ дәрістері
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus