«SANA EDUCATION» халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен, «Bilimdi EI-2023» V-Халықаралық білім көрмесі өтті

«SANA EDUCATION» халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен, «Bilimdi EI-2023» V-Халықаралық білім көрмесі өтті

14 сәуір күні Түркістан қаласының Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің әкімшілік ғимаратында «Bilimdi EI-2023» V-Халықаралық білім көрмесі ұйымдастырылды, көрменің басты мақсаты Түркістан облысы мен қаласының мектеп бітіруші түлектеріне арналған кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары.
Көрмеге еліміздің беделді жоғарғы оқу орындары мен Ұлттық тестілеу орталығы, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мамандарының қатысуымен өтті.
Аталмыш шараға Ұлттық тестілеу орталығының директоры Емелбаев Руслан Тохтарбекұлы, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің ректоры Сакенов Айдос, «Sana Education» Халықаралық білім беру орталығының Басқарма төрағасы-бас директоры Сержанов Бауыржан Ерланұлы қатысты.
Іс шараға еліміздің беделді Жоғары оқу орындары қатысты атап айтсақ Азаматтық авиация академиясы, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Сәтпаев университеті (Satbayev University), Alikhan Bokeikhan University, Астана халықаралық университеті, Тұран-Астан университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы технологиялық университеті және «Q Education group» ЖШС.
Көрмеге Түркістан облысы және Түркістан қаласының 10 000 мыңға жуық талапкерлері қатысып жоғары оқу орындарының білім беру бағыттарымен танысты, ҰБТ бойынша ақпараттар алып, болашақта қандай маман иесі болатының жоспарлады.
Көрме жұмыстары 17 сәуір Ақтау қаласында, 20 сәуір Атырау қалаларында жалғасын табады.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus