"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының магистрі, аға оқытушысы З. А. Абдурахманованың жетекшілігімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізілді. РД-21к тобының студенттері Серікбол Балжан мен Кушекова Жанара баяндама жасады. Бүгінде біздің еліміз нақты даму стратегиясына, серпінді экономикаға және тұрақты саяси жүйеге ие және осы жетістіктермен біз елімізді мақтан тұтамыз.
Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшсысы ретіндегі рөлі, мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісі қалыптасуындағы, мемлекеттіліктің нығаюындағы, нарықтық экономикаға өтудегі сондай-ақ демократиялық қоғам мен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы қосқан оразан зор еңбегі сөз болды. Диалогқа қатысқан ҚЭУ студенттері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқаруымен қысқа уақытта мемлекеттің саяси және экономикалық тәуелсіз елге айналғанын атап өтті. Сондай ақ өз елдеріне, туған жерлеріне деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Соңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы: «Отты өзен» және «Темір тау» фильмі көрсетілді.
27 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес Аппаратының жетекшісі Нурмуханов Б.М. Бизнес және құқық факультетінің деканы, профессор Ф.С. Момышеваға, ЭҚҚР кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.Р. Весельскаяға және ЖҚАП кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т.И. Ауға біліктілікті арттыру сертификаттарын табыс етті.
«Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының студенттердің ғылыми зерттеу жұмысынын ұйымдастырудың жоспарына сай 2018 жылдың 29 қарашасында «Экономикадағы сандық теңдестірудің негізгі бағыттары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, СҒЗЖ факультеттің жауапты оқытушысы А.Е.Майкенова және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде еліміздегі «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар аталып, оның ішінде біздің Қарағанды өңіріндегі білім беру, медицина салаларындағы жетістіктер қатары айтылып өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі ІТ технология жетістіктерін талқылап, осы бағытта әзірленген ізденістерін ортаға салды.
2018 жылдың 30 қарашасында «Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы Отандық және Ресейлік оқу орындары студеенттерінің қатысуымен VII Республикалық пәндік олимпиаданы ұйымдастырды. Аталмыш олимпиада Краснодар, Астана, Алматы және Қарағанды қаласының беделді оқу орындары белсене қатысты. Яғни, КубМАУ, НАРХОЗ, ҚазАТУ, ҚҚЭУ, ҚТЛ, ЕҰУ және т.с.с. Әр студенттер жарысқа белсене қатыса отырып, шиеленісті сәттерде лайықты жеңімпаздарын анықтады. Қорытынды бойынша келесі оқу орындары орындарға ие болды: 1-орын: КубҰАУ және НАРХОЗ 2-орын: ҚҚЭУ, ЕҰУ және ҚазАТУ 3-орын: КЭПБ және ҚТЛ Жеңімпаздарды шың жүректен құттықтаймыз!!!