«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күні

«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ашық есік күніӘЖ және ҚХА кафедрасы кәсіби бағдар жұмысы аясында Қарағанды банк колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді. Студенттермен кездесу барысында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының мақсаты, мазмұны, міндеттері сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді. Кафедраның «Даму» ғылыми-оқу өндірістік кешені кадр дайындаудың сапасы мен жүйелігінің күәлігі ретінде жұмысы студенттердің басты назарын аудартты.
Экскурсия барысында студенттер ҚҚЭУ-дің ақпараттық білім беру орталығы, Студенттерге қызмет көрсету орталығы, лаборатория және музейдің экспонаттарымен танысты. Әсіресе «Сандық оқыту технологиясы» мен әлеуметтік қызмет көрсету саласын цифрландыру мүмкіндіктері студенттерді қызықтырды.
Кездесу әсерлі нәтижелі болды, яғни студенттер ӘЖ және ҚХА кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» қашықтықтан оқыту мектебі арқылы ҰБТ тапсыруға дайындық пен басқа да форматтағы іс-шараларға бірлесіп жұмыс істеуге ниеттерін білдірді.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus