«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағыКөпсалалы медициналық орталық «Гиппократ» ЖШС базасындағы «LIFE IN» оңалту-санаторий орталығында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., аға оқытушы Алпысбаев М.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерімен көшпелі сабақ жүргізді. Орталықтың әлеуметтік, медициналық қызметкерлері студенттерді осы мекеменің оңалту бағдарламаларымен таныстырды. Ұжымның қолдауымен студенттермен психологиялық тренинг өткізілді. «LIFE IN» оңалту орталығы әртүрлі санаттағы ем қабылдаушылар үшін сауықтыру бағдарламасы бойынша әртүлі жастағы адамдармен оңалту жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде ДЦП-мен ауыратындар бар).

 

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus