«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстелі

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстеліӘлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оған университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшсысы ретіндегі рөлі, мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісі қалыптасуындағы, мемлекеттіліктің нығаюындағы, нарықтық экономикаға өтудегі сондай-ақ демократиялық қоғам мен ұлттық сана-сезімнің қалыптасуындағы қосқан оразан зор еңбегі сөз болды.
Диалогқа қатысқан ҚЭУ студенттері Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басқаруымен қысқа уақытта мемлекеттің саяси және экономикалық тәуелсіз елге айналғанын атап өтті. Сондай ақ өз елдеріне, туған жерлеріне деген мақтаныш сезімдерін білдірді.
Соңында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Көшбасшы жолы: «Отты өзен» және «Темір тау» фильмі көрсетілді.

 

«Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстелі «Елбасы – елімен бірге» дөңгелек үстелі

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus