Пресс-релиз

2020 жылдың 9-10 сәуірінде Қазтұтынуодағыны Қарағанды экономикалық университетінде онлайн форматта "Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз" атты V Халықаралық студенттер конференциясы өтеді. Конференцияға жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысады.
Өтетін орны: ZOOM платформасында онлайн конференция (zoom.us)
Өткізу күні: 9-10 сәуір 2020 жыл
Өтетін уақыты: 14:00
Ұйымдастырушылар: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Халықаралық студенттік конференция келесі бағыттарды қамтиды:
− әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, конфликтология, дінтану, филология, тарих, педагогика, психология, саясаттану, юриспруденция және халықаралық қатынастар;
− экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік: экономика, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, маркетинг, бизнес, қызметтер, қонақжайлылық және туризм индустриясы, логистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, халық шаруашылығын басқару;
− техникалық ғылымдар: ақпараттық технологиялар, математикалық және физикалық моделдеу, өндірістің физика-техникалық және химиялық процестері, энергетика, өндірісті ұйымдастыру және өнім технологиясы, стандарттау және сертификаттау.
Конференцияның мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Құрметті магистранттар, докторанттар, түлектер және КЭУК оқытушылары!

ЖШС «USTUDY» Қарағанды қаласында BRITISH COUNCIL қолдауымен ҚР БҒМ МЖӘ бағдарламасы аясында TOEFL және IELTS халықаралық тесттерін тапсыруға және өткізуге мүмкіндік береді.
Магистранттар мен докторанттар - бұл қала шегінен шықпай-ақ ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға және бюджеттік негізде магистратура мен докторантураға түсуге үлкен мүмкіндік береді.
10 немесе одан да көп адамнан тұратын топтарды іріктеу кезінде USTUDY ЖШС компаниясынан жеңілдік қолданылады.
Біз сіздерді күтеміз!

Attachments:
Download this file (english.pdf)english.pdf2661 kB

Хабарландыру!!!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде
«Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 12 наурыз 2020 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында
«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізеді
Байланыс телефоны: 87011612091 Нуркеева Б.А.

ХАБАРЛАМА

2020 жылдың 29 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көліктің қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" (Мәскеу, "ЮрЛитИнформ" баспасы, 2020) монографиясының тұсаукесері өтеді.
Презентацияны монография авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (ҚҚЭУ, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей) өткізеді.
Тұсаукесерден кейін "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс өтеді. Дәрісті з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. өткізеді.
Тұсаукесер сағат 10.00-де № 104 аудиторияда басталады.
Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.

«HR күні»

day hr

  • «Сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе?»
  • Жарқын түйіндеме алғыңыз келе ме?
  • Сұхбатқа дайындалғыңыз келе ме?
  • Өзіңіз үшін қажетті компанияны тапқыңыз келеді ме?
  • Сізге қай шешім қолайлы болатынын білгіңіз келе ме?
  • Мақсатқа жету барысында сіз үшін не маңызды екенін білгіңіз келе ме?
  • Егер сіз тестілік сұхбат алғыңыз келсе.
  • Егер сізде «иә» деген жауап көп болса, онда сізді жұма күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін 107 кеңседе (қабылдау комиссиясының жанында) күтеміз.

Брнодағы Мендель университетінде (Чехия) 2020 жылдың 23-27 наурыз аралығында 2020 Халықаралық апталығы

Брнодағы Мендель университетінде (Чехия) 2020 жылдың 23-27 наурыз аралығында 2020 Халықаралық апталығы

 

 

 

2020 жылы 23 наурыздан 27 наурызға дейін Брнодағы Мендель университетінде (Чехия) серіктес және серіктес емес университеттердің әріптестері арасында желілерді құру, білім беру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында көктемгі 2020 Халықаралық апталығы өтеді.
Бұл іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша ХБЖАҰО-на (268 каб.) хабарласыңыз.

 

Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар унивесритетінде (Венгрия) 2020 жылдың 30 наурыз бен 03 сәуір аралығындағы Х Халықаралық апталығы

Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар унивесритетінде (Венгрия) 2020 жылдың 30 наурыз бен 03 сәуір аралығындағы
Х Халықаралық апталығы

 

 

 

2020 жылы 30 наурыз бен 03 сәуірге дейін Я.Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде (Венгрия) студенттер мен оқытушыларға мәдениаралық тәжірибе беру, сонымен қатар университеттер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында Х Халықаралық апталығы өткізіледі.
Бұл іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері қатыса алады.
Қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша ХБЖАҰО-на (268 каб.) хабарласыңыз.

 

Магистранттарға арналған Carinthia University (Австрия) өтетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Магистранттарға арналған Carinthia University (Австрия) өтетін
академиялық ұтқырлық бағдарламасы

 Құрметті магистранттар!

Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы Халықаралық ынтымақтастық аясында Академиялық ұтқырлық бойынша (1 немесе 2 семестр бойы) Австрияда, Carinthia University стипендиялық бағдарлама бойынша оқу конкурсына қатысуға шақырады!
Бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: http://www.fh-kaernten.at/en/about-cuas/organisation/supporting-services/international-relations-office/incoming-exchange-students/.

ЕККУ академиясы жанындағы дипломнан кейінгі білім

ЕККУ академиясы жанындағы дипломнан кейінгі білім

Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы ЕККУ Академиясымен ынтымақтастық аясында (www.osce-academy.net) өңірдің жас мамандарына екі магистрлік бағдарлама бойынша жоғары сапалы оқытуды ұсынады: 2004 жылдан бастап әрекет ететін "Саясат және қауіпсіздік" және 2012 жылдан бастап әрекет ететін "Экономикалық басқару және даму". 2004 жылдан бастап Академия мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес секторда, халықаралық ұйымдар мен т. б. ұйымдарда жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандар тобына табысты әсер еткен Қазақстанның 59 азаматын қоса алғанда, 474 студентті шығарды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды мәселелері жөнінде дәріс

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды
мәселелері жөнінде дәріс

22 қараша 2019 жыл 11.00-де 102 ауд. тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде актуалды сұрақтар бойынша ТҚҚБҰ «Гарант» өкілінің қатысуымен дәріс өтеді.
Қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттерді шақырамыз!

ЭҚҚР кафедрасы

Құттықтаймыз!

"Жалпы заң және арнайы пәндер" кафедрасының ұжымы аға оқытушы Рахимгулова Маншук Болатқызын 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды .Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби және жеке тұрғыда дамуды тілейміз.
БҚФ ұжымы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus