Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы " тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

2022 жылдың 2 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде " Ғылымдағы жастар: мәселелері мен даму болашағы " тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастар ғылымын жаңа жағдайда дамыту мәселелерін талқылау.

Дөңгелек үстелдің міндеттері:

- ғылыми байланыстарды кеңейту және шығармашылық әлеуетті дамыту үшін студенттер мен жас ғалымдарды тарту;

- қызмет, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың ғылыми-зерттеу арасындағы байланыстарын кеңейту және тереңдету;

- жастардың ғылыми қызметін насихаттау арқылы, жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қолдау мәселелерін жария ету;

Дөңгелек үстел жұмысына келесідей жас ғалымдардың өкілдері қатысады: Nazarbayev University, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, А. Сағынов атындағы ҚарТУ және "Bolashaq"академиясы.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus