ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жыл сайынғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауын жариялайды.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі: ЖОО ішіндегі және республикалық.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:

- университеттің штаттық оқытушысы;

- конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар біліктілік.

Конкурстың I кезеңі – ЖОО ішіндегі, 2022 жылғы 1-10 қараша аралығында өткізіледі.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар арасынан үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған үлгі өтінім;

2) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты кезеңді көрсететін тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);

3) «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс кестесі;

4) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурстың I I кезеңі – республикалық,  2022 жылғы 17 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді, онда Конкурс жеңімпаздары анықталады.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін университет талапкерлердің конкурстық құжаттамасын БҒМ АЖ арқылы және қағаз жеткізгіште жібереді.

Конкурстық құжаттама БҒМ АЖ тіркеледі және қағаз жеткізгіште түпнұсқада ұсынылады. Мақалаларға белсенді сілтемелерді көрсету, халықаралық сертификаттарды тексеру міндетті.

Барлық сұрақтар бойынша Академиялық даму бөліміне, 302 кабинетке хабарласуға болады.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus