Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды мәселелері жөнінде дәріс

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы актуалды
мәселелері жөнінде дәріс

22 қараша 2019 жыл 11.00-де 102 ауд. тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде актуалды сұрақтар бойынша ТҚҚБҰ «Гарант» өкілінің қатысуымен дәріс өтеді.
Қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттерді шақырамыз!

ЭҚҚР кафедрасы

Құттықтаймыз!

"Жалпы заң және арнайы пәндер" кафедрасының ұжымы аға оқытушы Рахимгулова Маншук Болатқызын 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды .Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, үнемі өзін-өзі жетілдіріп, кәсіби және жеке тұрғыда дамуды тілейміз.
БҚФ ұжымы

Жеке меншік мекемесі «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Құрылтай құжаттарға енгізілгенге өзгерістерге байланысты 2019 жылдың 01 қазанынан бастап «Мемлекеттік емес мекеме «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») «Жеке меншік мекемесі «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті» (қысқаша – ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті») болып өзгертілді.
Қайта тіркеу күніне дейін жасалған барлық келісім-шарттар шарттар толық орындалғанға дейін жарамды.
Құжаттарды біздің мекен-жайға жіберу кезінде университет атауының өзгеруін ескеріңіз.

PhD оқуға түсуге ниет білдірген магистранттар үшін әлем зертханаларында жазғы тағылымдама

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар бағдарламасына қатысу үшін конкурс жарияланады.

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар бағдарламасының ережесі.

I Жалпы ережелер

  • "Әлемнің ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар" бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында (бұдан әрі – Бағдарлама) жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 3 айға дейін 17 грант ұсынады;
  • Бағдарлама болашақта PhD дәрежесін алуға және Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін талантты қазақстандық студенттер мен қазіргі ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.
  • Бағдарламаның мақсаты – әлемнің үздік ғылыми және зерттеу зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беру арқылы PhD түсу кезінде қазақстандық студенттер мен ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары бағдарламаға қатысушылар болып табылады:

      - жұмыс істеп тұрған ғылыми қызметкерлер (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес);

      - қазақстандық жоо-да оқитын техникалық және жаратылыстану – ғылыми мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратура студенттері.

1.5. Бағдарлама гранттары былайша бөлінеді;

    - Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант бөлінеді;

    - 7 грант бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистратураның 1-2 курс студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге бөлінеді.

Барлық толық ақпарат «Әлемнің ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар»  PDF құжатында көрсетілген.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылдың 15 қарашасында сағат 14.00-де 289 аудиторияда Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің менеджмент және инновациялар кафедрасы «Халықаралық менеджерлер күні» қарсаңында Қарағанды каласының колледж түлектері арасында «Жүзден шамалы көп» атты зияткерлік-танымдық ойынын өткізеді.
Соған орай 2019 жылдың 14 қарашасына дейін ұйымдастырушылық комитет қатысушылар тізімін (әр мектептен (колледжден) ұсынуды сұрайды.
Өтінімнің үлгісі қосымшада көрсетілген.
Ойынды жүргізу тілі: орыс тілі
Анықтамалар үшін телефон нөмірлері моб. 87024669986
Қатысу үшін өтінімді келесі электрондық поштаға жолдауға болады Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Орындаушы: Зұлхарнай Азиз Нұрланұлы

«Бос орындар жәрмеңкесі-2019»

«Бос орындар жәрмеңкесі-2019»

2019 жылдың 14 қарашасында сағат 10.00 «Миллениум» кафесінде «Бос орындар жәрмеңкесі-2019» өткізіледі.
Жәрмеңкеге білікті мамандарды қажет ететін ұйымдар мен компаниялардың өкілдері шақырылды. Кездесу барысында түлектер жедел сұхбаттан өтіп қызықты жұмыс таба алады.

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

2019 жылдын 26 қазаны сағат 10:00-де, Шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп пен колледж оқушыларының арасында шет тілдері бойынша (ағылшын, қазақ, орыс) тілдік олимпиадасын өткізеді.

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«МЕН ЭКОЛОГПЫН» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
26 қазан 2019 ж. сағат 10.00 - де Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы 9-11 сынып оқушыларына арналған «Мен-экологпын» зияткерлік ойынын өткізеді.
Қатысуға шақырамыз!

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ - 2019» атты байқауына қатысыңыздар!

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ - 2019» атты байқауына қатысыңыздар!

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен еліміздің білімді жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МАГИСТРАНТЫ - 2019» атты талантты магистранттардың 2019 жылға арналған байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Жоба туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады:
8 778 454 57 43
+7 707 509 02 20
+7 707 142 74 40

Құрметті 2020-2021 оқу жылында докторантураға түсушілер !

Құрметті 2020-2021 оқу жылында докторантураға түсушілер !

Сіздердің назарларыңызға ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру курстары бойынша қосымша  оқудан өтуіңізге болатындығын жеткіземіз!

Толық ақпаратты сіз Жоғарғы оқу орынынан кейінгі департаментінен  264 (каб) немесе 44-16-24  телефон нөмері арқылы біле аласыз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus