«TOP TO FUTURE TOP FORUM» Аймақаралық ENACTUS KAZAKHSTAN бизнес-форумы

 «TOP TO FUTURE TOP FORUM» Аймақаралық ENACTUS KAZAKHSTAN бизнес-форумыАлматы қаласында «TOP TO FUTURE TOP FORUM» халықаралық бизнес-форум өтті. Оған «Enactus-KEU» командасының мүшелері Стацюк Анастасия, Макатов Серикжан, Худоиев Амин қатысты. Олар «Enactus Kazakhstan» халықаралық бағдарламасы аясында «Стартаптар мен иннновациялардың студенттік кәсіпкерлігінің ұлттық кубогына» қатысу үшін өтініш берген болатын.
ҚЭУ студенттері республикалық семинар-тренингке және «RAIMBEK GROUP» компаниясынан «Қазақстанды қалай тамақтандырамыз – 3» арнайы байқауының қорытындылауға қатысып, соның нәтижесінде алғашқы ондыққа енді.

Құттықтаймыз!

«Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының ұжымы э.ғ.д., профессор Таубаев Аяпберген Алданаевичті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Жыл адамы-2017» атағына ие болуымен құттықтай келе, шығармашылық жетістіктер, отбасына амандық және деніне саулық тілейді.

ЭТ және МЖБ кафедрасының ұжымы.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ23. 12. 17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды және Қарағанды облыстарының мектептері арасында Ашық есік күнін өткізді: КММ Көкпекті ОМ; №25 мектеп; Лицей № 101. Оқушылармен студент-волонтерлар мастер-класс өткізіп, университетке экскурсия жасап және викториналар өткізілді.

«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ӨЗГЕРТ» практикалық семинары

«ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ӨЗГЕРТ» практикалық семинарыСҒЗЖ 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2017 жылғы 15 желтоқсанда сағат 14:30-да «Достық» коворкинг орталығында «Өзіңді өзің өзгерт» тақырыбына практикалық семинар өтті. Семинарды ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық, ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі А. Амантай өткізді. Семинарға құқықтану мамандығының студенттері қатысты.
Сана жаңғыруы, дұрыс ойлау тетіктерін қалыптастыру мен жетілдіру талқылаудың басты тақырыбы болды. Бүгінгі экономикалық жағдай, әлемдік дамудың заманалық үдерістері, білім беру және ғылым мәселелері сөз болды. Ойлау сатылары, өз бетінше білім алу және білімді іс жүзіне пайдалану туралы тезистер қызу талқыланды.

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»ҚЭУ-дің Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Минжанов Н.А., Манасова М.М университет студенттерінің қатысуымен «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты Тәуелсіздік түніне арналған ашық танымдық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер біздің Тәуелсіздігіміздің жолында арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, елім – жерім деп шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекен елі үшін жанын пида еткен ата – бабаларымыз туралы өлең жолдарымен және танымдық видеолармен паш етті. Сонымен қатар сабақ барысында Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатаев және С.Мұхаммеджанов туралы көрініс қойылды. Көрініс бойынша студенттер Желтоқсан оқиғасы ең ауыр және ең әділетсіз оқиға болғандығына көз жеткізді.
Танымдық сабақ барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының біздің Тәуелсіздігімізге тікелей қатысы бар екендігін, бұл Желтоқсан оқиғасы бір күндік емес бір жылғы наразылықтың көрінісі екендігін түсінді.
Сабақтың қорытындысын оқытушылар студенттерге алғыс білдіре отырып, ел іргесі тыныш, халқымыздың қуатты болсын деген жалынды тілегін білдірді.

«Әнге қостық атыңды, Тәуелсіздік!»

 «Әнге қостық атыңды, Тәуелсіздік!»Тәуелсіздік күніне орай ӘЖ және ҚХА кафедрасы Жастар бастамашылығы орталығымен бірге ҚҚЭУ-де елімізге танымал айтыскер-ақын Дидар Қамиевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Дидар шәкірттері Нурмухаммед Байсугуров, Абаккерей Төлегенұлы, Мухтар Әділовтермен бірге арнау, терме, жыр-толғаулар орындалды Бұл шара Тәуелсіздік күніне орай студенттердің ерлік жігерін, рухын көтеруге бағытталған болатын. Шара барысында Дидар Камиев қазақтың ұлттық аспабы, дәстүріміздің жүрегі домбырамен студенттердің моральдық тұрғыда еліміздің яғни, «қазақ халқын ешқашан да бұлт баспасын» деген ниетте көптеген жастардың алға қарай жылжуына үлес қосуымыз керек деген тұжырым айтты.

«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы

«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНА ҮЛЕСІ» зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясы2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазтұтынуодағы экономикалық университетінде Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесіп жас ғалымдардың, ЖОО студенттерінің, орта және орта арнаулы оқу орындары оқушыларының зерттеушілік және жобалық жұмыстары бойынша «Қарағанды облысының жас ғалымдарының Қазақстан ғылымына үлесі» конференция-көрмесін өткізді.
Конференция-көрмеге өндірістің физико-техникалық үдерістері; экология, нанотехнология; қуат көздері; биотехнологиялар; ақпараттық технологиялар; экономикадағы инновациялар; инфрақұрылымды дамыту; педагогикалық инновациялар; құқықтық ерекшеліктер және басқа да жапсарлас бағыттардағы жұмыстар қойылды. Физикалық және анимациялық (бағдарламалық) моделдің болуы жобалардың рейтінгін көтерудің басым шарты болады.
Конкурстық комиссияның шешімімен түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, тіисті дипломдар табысталды.
Көрме-конференцияның қатысушыларының еңбектері арнайы жинақ болып шығарылады.

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саяси бастамалары"

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саяси бастамалары"Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саяси бастамалары" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш дөңгелек үстелге университетіміздің БҚФ,ЭБФ,ЕҚФ факультеттерінің студенттері белсенді қатысты. Дөңгелек үстел барысында арнайы баяндамалармен "Мейрамхана ісі" мамандығынан Абишева Сания, Гончаров Влад, Гун Ангелина, Марат Әлібек, Сүлейменова Жұлдызай және "Халықаралық қатынастар" мамандығынан Антипова Виктория, Бондаренко Александра, Мағауянов Аль-Азиз баяндама жасап, онда Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен оның дамыған елдермен қатар тұруына сіңірген еңбектері атап өтілді. Сонымен бірге жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаев - халықаралық ұйымдар мен барлық қазақстандықтар мойындаған жаһандық, халықаралық бастамалардың авторы екені баршаға мәлім. Дөңгелек үстелдің соңына қарай тақырыпты қорытындылаған ӘЖ және ҚХА кафедрасының ф.ғ.к., доценті Г.Р. Сейфуллина Тұңғыш Президент күнін еліміз үшін әлеуметтік-саяси маңызға ие бұл мемлекеттік мерекенің қазақстандық барлық қоғамды біріктіруші фактор екенін тілге тиек етті.

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы бойынша пәндік олимпиада

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы бойынша пәндік олимпиада 9 желтоқсан 2017 жылы ҚҚЭУ ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытушылары Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» шеңберінде « Қазақстан тарихы» пәні бойынша Қарағанды қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің 11-сынып оқытушылары арасында интеллектуалды пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілген.
ҚҚЭУ –нің негізінде өткізілген мектеп аралық пәндік олимпиадада барлығы Қарағанды қаласының ЖББОМ 31 мектебінің 252 оқушылары қатысқан.
Олимпиаданы өткізу мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін шыңдау.

Рухани Жаңғыру, 26 жыл құру жолында

Рухани Жаңғыру, 26 жыл құру жолында2017 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «26 жыл құру жолында» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚҚЭУ әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, ғылыми-сараптау тобының мүшесі Абилов К.Ж., п.ғ.к., доцент, ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., ф.ғ.к., профессор, ғылыми-сараптау тобының мүшесі Клишина М.В., ф.ғ.к., доцент Сейфуллина Г.Р., оқытушы Мұстафин С.Ш қатысты.

Рухани Жаңғыру, 26 жыл құру жолында: «Біздің Отанымыз – Қазақстан!»

Рухани Жаңғыру, 26 жыл құру жолында: «Біздің Отанымыз – Қазақстан!»Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған: «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» тақырыбында конкурс-фестиваль өтті. Оған тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚҚЭУ әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, ғылыми сараптау тобының мүшесі Абилов К.Ж., п.ғ.к., доцент, ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., ф.ғ.к., профессор, ғылыми-сараптау тобының мүшесі Клишина М.В. жыл нәтижесі бойынша конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, материалдарды жинақтап, жариялауға дайындағандығы үшін, белсенді және жемісті жұмыс жасағандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus