«Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесу

«Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен кездесуСҒЗЖ ширауына байланысты 2017 жылғы 8 желтоқсанда сағат 16:00 103 дәріс залында студенттер мен магистранттардың «Сарыарқа» технопаркі өкілдерімен «Индустриалды-инновациялық қызметтегі мемлекеттік қолдау аспаптары» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесу бейресми режімде, еркін пікіралмасу ахуалында жүрді. Кездесу барысында технопарктің бас жоба-менеджері Кәрімов Дастан студенттердің көптеген сауалдарына жауап беріп, өтінім беру, инновациялық жобаны әрі қарай қалай жетектеу керек, қаржыландыруды қайдан алу керектігі жөнінде және т.б. кеңестер берді.
Осы алаңда «Brainstorm» командасының капитаны Ким Константин де сөз сөйлеп, өзінің осындай жобаларға қатысу тәжірибесімен бөлісті және өз жетістіктерінің кейбір құпияларын ашты. «Brainstorm» командасы Fintechstars байқауында жүлделі үшінші орын алып, 100 мың теңге иеленген болатын.

«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ КӨПТІЛДІЛІГІМ» АТТЫ ӘДЕБИ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ

«МЕН  ЖӘНЕ  МЕНІҢ  КӨПТІЛДІЛІГІМ»   АТТЫ ӘДЕБИ-ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ2017 жылдың 6 желтоқсанында Студенттер Мәдени Сарайында бірінші және екінші курс студенттерінің қатысуымен "Мен және менің көптілділігім" атты әдеби-поэтикалық кеш өтті. Ағылшын, неміс және қытай тілдерінде әндер мен өлеңдер, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармалардан үзінді көшірмелер қойылды.
Қазылар алқасының мүшелері шығармашылық ұжымдарды дайындаудың жоғары деңгейін атап өтті және жеңімпаздарды анықтады:
І орын - орыс тілі шығармашылық ұжымы ;
II орын - неміс тілінің шығармашылық ұжымы;
III орын - ағылшын тілінің шығармашылық ұжымы.
Қытай және араб тілдеріндегі шығармашылық ұжымдарға алғыс хаттар берілді.

"МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ"  ТАҚЫРЫБЫНДА  ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ2017 жылдың 6 желтоқсанында «Шетел және орыс тілдері» кафедрасы «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті» кафедрасымен бірлесіп, «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» тақырыбында ГМУ-21к тобының студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Студенттер мемлекеттік тіл туралы, Қазақстанда латын әліпбиін енгізу жайлы сұрақтарды белсенді түрде талқылады.

"Елбасының тариxи жобалары мен бастамалары" атты Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық жобалар байқауы

"Елбасының тариxи жобалары мен бастамалары" атты Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық жобалар байқауы30.11.2017 күні Тұңғыш Президент тариxи-мәдени орталығында "Елбасының тариxи жобалары мен бастамалары" атты Тұңғыш Президент күніне арналған облыстық жобалар байқауы өтті. "ГМУ-42 каз" тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы өзінің "СТОПЖЕМҚОР" атты ғылыми-инновациялық жобасымен осы байқауға Қарағанды Экономикалық Университеті атынан қатыса отырып 3 орынды иеленді, сонымен қатар біздің студент 20 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды.

«Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы» атты халықаралық конкурстағы жеңіс!

«Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы»  атты халықаралық конкурстағы  жеңіс!Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы МО-42 тобының студенті М.Горнаяны «Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы» халықаралық конкурсында жеңіске жетуімен құттықтайды. Бұл жеңісің соңы болмасын, әрбір сенің талпынысың және қажырлы еңбегін міндетті түрде сені, жүлделі орындар мен еңбегіңнің жемісіне әкелсін.

ҚҚЭУ ректорының Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерімен кездесуі (Краснодар қ.)

ҚҚЭУ ректорының Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерімен кездесуі (Краснодар қ.)2017 жылдың 3 желтоқсанында университет ректорының Аймағамбетов Е.Б. профессорлар Тюпакова Н.Н., Улыбина Л.К., Огорокова О.А. және КубМАУ студенттерімен кездесуі өтті. Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерінің келуі кезекті сапар болып табылады және «Қаржы, салық салу және сақтандыру (КЭУ)» және «Қаржы (КубМАУ)» кафедраларының халықаралық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Кездесу жылы және достық жағдайда өткізілді, әңгімелесу барысында ресейліктер жоғары материалдық-техникалық базаны, оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық тәсілдерді және ҚЭУ студенттері мен магистранттарын дайындауға қызығушылық танытты. Қараша айының 27-нен 2-желтоқсанына дейін ресейлік профессорлар мен КубМАУ студенттері және «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының (КЭУ) қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізілді (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, дөңгелек үстелдер). Екі тараптың да мұғалімдердің, студенттердің және магистранттардың академиялық мобильділік аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысын атап өту қажет.

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі2017 жылдың 2 және 3 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, Астана қаласының әкімшілігі, АҚ «Астана Innovations», Бизнес-инкубатор МОST және Астана қаласының Қаржы орталығы ұйымдастырған сегізінші қорытынды Astana Innovations Challenge шарасына белсене қатысты.
Университет командаларының біреуі, «Brainstorm» командасы Fintechstars конкурсының қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп 100 000 теңгелік сыйлықтың сертификатын алды. Жүлдегерлер болып біздің ЖОО мына студенттері марапатталды: Хмелева Екатерина, Оборина Карина, Кушнаренко Ольга - гр. Ф-32; Иристаев Низамиддин – гр. Мн-12; Ким Константин – гр. Мн-31; Тілеубек Абылайхан - гр. Ю-42.
Атап өтерлік жағдай, «Wooppay» компаниясының негізін қалаушысы және директоры Дорошенко А. мырза осы командамен ары қарай жұмыс істеуге және олардың жобасына инвестиция салуға келісімін берді.
Біз «Brainstorm» командасына осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай тек қана алға ұмтылуына шын жүректен тілектеспіз!

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін талқылады. Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына, интеллектуалды ұлт қалыптастыру бойынша бастамалар мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан көшбасшының ядролық қарусыздану үрдісіне қосқан үлесін, бітімгершілік қызметін және Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының арқасында кез келген геосаяси мәселелер мен таластарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын белгіледі.

«Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

 «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы 2017 жылдың 30 қарашасында «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» тақырыбына КубМАУ профессорларының Л.К.Улыбина, Н.Н.Тюпакова және О.А.Окорокова қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор А.К:Сембеков «Жаңа экономикалық жағдайларда ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық жағдайын шолу» баяндамасымен, э.ғ.д., профессор Л.К.Улыбина «Еуразиялық одақ аясында сақтандырушылардың даму тенденциясын бағалау» баяндамасымен ашты. Сондай-ақ «Қаржы» мамандығының студенттері криптовалюталар және жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациясының қажеттігі туралы баяндамаларымен шықты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша салық және сақтандыру секторын жетілдіру бойынша ұсынымдар жасалды.

 

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру»

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру»16 қараша күні Достық үйінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қарағанды облысындағы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, профессор Клишина М.В. және ОПЭК-31к тобының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында адам капиталының сапасын арттыру,жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері – Президент этномәдени бірлестіктеріне қатысты жоғары оқу орындары мен қалалық колледж оқытушылары мен студенттері. Қарағанды облысының xалық Ассамблеясы xатшылығының меңгерушісі Ерлан Құсайын қоғамдық сананы модернизациялау бағдарламасы аясында жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастырудағы этномәдени бірлестіктердің жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы, Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылау болды. Спикерлер мен партиялар заң жобасын қолдады. Сонымен қатар оларға бірқатар ұсыныстар берілді.

Орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында өткен информатикадан пәндік олимпиадасы

Орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында өткен информатикадан пәндік олимпиадасы25.11.2017 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.
Информатика олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесіорындарға ие болды:

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus