Тіл – ұлт жүрегі

2012 жылдың 21 қыркүйегінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы және 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Тіл – ұлт жүрегі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті (өткізілген уақыты: 15.00. 206 ауд.).

Кеште 1 курс студенттері мемлекеттік тілде және басқа ұлт тілдерінде (француз, ағылшын, өзбек тілдерінде) әндер орындап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, кеште мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық би билеп, РД-11 тобының студенттерінен құралған «Әуен» аспапты ансамблі домбыра мен скрипкада өз өнерлерін көрсетті. Тіл апталығында І курс студенттеріне «Тіл – халық жанын танудың кілті», «Тіл – достықтың дәнекері», «Өнер алды – қызыл тіл», «Туған тілім – тірлігімнің айғағы», «Тіл – ұлт жүрегі» шығармашылық тапсырма бойынша қорытынды жасалып, ең үздік жазылған эсселер марапатталды. Мәнерлеп оқу сайысы мен ән айтып, би билеген студенттер де дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды. Кешке қатысқан студенттер: Аятбек Ринат, Саматов Қазбек, Төкенов Қуаныш, Сайлаубекова Жансая, Муравская Нина, Сафронова Настя, Трепачко Анастасия, Штраух Елена,  Төлеубаева Аида, Мейрманова Гүлдена, Айдарова Айнұр, Абдыкаримова Ақнұр, Ильясова Адолат, Аманбаева Әлия, МН-11 тобы және РД-11 тобының студенттерінен құралған «Әуен» аспапты ансамблі.


Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus