Күй атасы – Құрманғазы

2012 жылдың 15 қазанында  274 аудиторияда қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының оқытушысы Ә.Е.Баербекованың МО-12,13 тобында «Күй атасы – Құрманғазы» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, күйлердің шығу тарихына көңіл бөлу. Сонымен қатар, сөздік қорларын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту және халқымыздың  ұлы адамдарының  шығармаларын ұмытпауға, мәдени мұраларын құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу болып табылады. Сабақта қолданылған көрнекіліктер: презентация, «Адай» күйінің видеоклипі, «Тіл қоржын» ойынына арналған қоржын, үлестірмелі парақшалар. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгіме әдісі, тапсырмалар, ойын түрлері, сөзжұмбақ, кестелер. Сабақ барысында студенттер күйші Құрманғазының күйлерінің шығу тарихын айтып, өз пікірлерін білдіріп, тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындады.


 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus