Елбасының жолдауы! - Елбасының жолдауы!

Article Index

Елбасының 2015 жылға жолдауы,сөзсіз, әлемдік дағдарыс кезіндеҚазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы стратегиялық құжат тарихқа енеді. Қазіргі әлемдегі үрейлі жағдайда біздің мемлекетіміз ғана Ұлттық қор қаражатынан банк секторын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті қолдау, басталған жобаларды аяқтау бойынша іс-шараларды асыра алады, бұл мақсатта 1 трлн. тг бөлінбек. Қазақстанның стратегиялық артықшылығы дағдарысқа қарсы шаралардың шабуылдық сипаттамасы болып табылады, себебі әлемдік экономикадағы қиын жағдайға қарамастан экономикалық қарқын үшін тұғырнама дайындау туралы сөз қозғалуда. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың өзекті мәні де осонда.

Әлемдік нарықтардың турбуленттік жағдайында маңызды инфрақұрылымдық жобаларды орындау Қазақстанға экономикалық даму қарқынын сақтауға және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Тек жол құрылыстарының өзіне 200 мың жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп отыр. Сонымен, «Нұрлы жол» бағдарламасы мультипликатифті әсерге ие болады, инфрақұрылымдық даму жоспарын жүзеге асыру экономиканың жапсарлас салаларының көтерілуіне алып келеді. Шағын және орта бизнес үшін қосымша даму мүмкіндіктері ашылуда. Жаңа көлік артериялары Қазақстанның барлық облыстарын астанамен байланыстырып, көптеген кішкентай қалалар мен ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

 

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты — бұл Қазақстанның үдемелі дамуындағы жаңа кезең. Мұндай қиын кезд, ұлы державалар әлемдік магистральдардың жолайырығында тұрғанда, біздің Президент әмбебап бағдарламалық әрекеттерді ұсынып отыр. Оның жолдауы толықтай Қазақстанның өскен әлеуетін көрсетеді. 20 жыл алдын ғана біздің еліміздің қоймасында бір доллар да болмаған, ал қазір күллі әлемге инфрақұрылымды құруға, маңызды әлеуметтік сұрақтарды шешуге, қаржылық секторды жақсартуға үлкен көлемде қаражат бағыттау туралы шешімін жариялады.
Жолды жүрген игереді. Сіздің бүткіл халқыңыз Нұрлы жолға шықты, ашық жол болашаққа бастар жол. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басшылығымен біз өз мақсатымызға жететіндігімізде күмән жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus