Деректемелер

ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті»
Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі
БИН 660340000046
ИИК KZ568560000000205110
БИК KCJB KZ KX
КБЕ 17
АҚ «БанкЦентрКредит» Қарағанды қаласы
Тел./факс: 8 (7212) 441624(176), 8(7172) 441632


ЖММ «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті»
Мекен-жайы: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі
БИН 660340000046
ИИК KZ276017191000003763
БИК HSBKKZKX
КБЕ 17
АҚ «Халық банк Қазақстан» Қарағанды қаласы
Тел./факс: 8 (7212) 441624(176), 8(7172) 441632


 

Қабылдау комиссиясы

Қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны
+7 (7212) 4415 72
Қабылдау бөлмесінің жауапты хатшысы – Курманалина Анар Кайратовна

Қабылдау бөлмесі жұмысының басы: 20.06.2015 ж.

КТ өтініштерді қабылдау мерзімі 20.06.15 күнінен 9.07.15 күніне дейін.

КТ өткізу мерзімі 17-23 шілде 2015 ж.

Медициналық орталықтар

Медициналық пунктінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- студенттерге, профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының тұрақты сараптамасын өткізеді, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, сабақтардан босатуын ұйымдастырады;
- учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша аурудың қайталауына қарсы емді қамтамасыз етіп, физио ем-шаралар мен егулерді жүзеге асырады;
- ЖИТС, нашақорлық, жыныстық қатынастан жұғатын соз аурулар бойынша дәрістерді оқу арқылы (жетекші мамандар мен СӨС қызметкерлерін шақырып), санитарлық-ағарту жұмыстарды жүргізу, әр тақырыптарға санбюллетеньдерді шығару;
- студенттердің және ПОҚ флюорографиялық тексеруін қамтамасыз ету.

Терапевт-дәрігер қызметінің негізгі бағыттары
- студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету бойынша медпункті ұжымының жұмысын ұйымдастырады;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының сараптамасын жүргізіп, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, оқу жылының аяғына дейін сабақтардан босатады;
- университеттің студенттері мен қызметкерлерінің 100% флюорографиялық тексеруін қамтамасыз етеді (өкпе туберкулезін айқындап табу бойынша);
- учаскелік дәрігердің белгілеуі бойынша аурудың қайталауына қарсы ем жасап, физиотерапевтикалық ем-шараларды жүзеге асырады, белгіленген диагноз бойынша ем таңдап, ем-шаралар әдістемесін жазып, ауруға физио ем-шаралардың емдеу тетігін түсіндіріп, қауіпсіздік техникасымен таныстырады.

Медпунктінің медбикесі қызметінің негізгі бағыттары
- инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің ережелерін сақтап, медициналық белгіленуі бар бұйымдарды дұрыс сақтап, залалсыздандырады).
- ауруларды күту барысында медбикелік үдерістің барлық кезеңдерін жүзеге асырады (аурудың хал-жағдайының алғашқы бағалауы, алынған деректерге талдау беру, күтімді жоспарлау).
- дәрігер белгілеген сақтық және ем-диагностикалық ем-шараларды дер кезінде және сапалы орындайды.
- қатты ауырып қалған жағдайларда, сәтсіз оқиға және апат болған жағдайда дәрігер келгенше шұғыл жәрдем көрсетіп, дәрігерді шақырады немесе ауруды жақын орналасқан емханаға жеткізеді.
- талып қалуға қарсы (анафилактикалық талып қалу жағдайында) тіршілік көрсеткіштері бойынша (дәрігердің ауруға дер кезінде келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда) осындай жағдай барысында белгіленген әрекеттер тәртібіне сәйкес ем жасайды.
- дәрілердің дұрыс сақтауын, есебін және есептеп шығаруын, аурулардың дәрілерді қабылдау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.
- бекітілген медициналық есепке алу – есеп беру құжаттамаларын жүргізеді;
- денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану бойынша санитарлық – ағарту жұмыс жүргізеді.

 

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

6В07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»

Қазіргі уақытта жастар орта білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін өз білімін жалғастыруға кең мүмкіндіктерге ие. Жаңа, ерекше және инновациялық мамандықтардың саны өте көп.

Дегенмен, кез-келген экономикалық және саяси өзгерістер болса да мамандар әрқашан қажет болатын адам қызметінің кәсіби бағыттарының белгілі бір қабаты бар. Солардың арасында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын атап көрсетуге болады. Тұтынушылық нарықты әртүрлі тауарлармен қамтамасыз ету жағдайында стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы мамандарға сұраныс артып келеді.

6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін тұтыну тауарлары мен қызметтері саласындағы стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы инновацияға бағдарланған, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі маман - өнімнің сапасын қамтамасыз ету және бағалау, оның сәйкестігін растайтын, сонымен қатар стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардағы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарының (аспаптардың, жабдықтардың) жұмыс жағдайын бақылау, кәсіпорындар мен ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін құру және бағалау саласындағы маман олып табылады.

Оқуды аяқтағанда берілетін дәреже: 6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Мамандық лауазымдарының тізімі: стандарттау, сертификаттау, метрология маманы, сапа менеджері, метролог, колледж оқытушысы.

Орта білім негізінде (мектеп түлектері) күндізгі бөлімге түсушілер 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 міндетті + 2 таңдау бойынша бейіндік пәндер).

6B07502 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ бейіндік пәндер:

1) Математика
2) Физика

Колледж түлектері университетке екі пән бойынша сұхбаттасу арқылы түседі:

1) жалпы кәсіби пән - физика;

2) Профильдік пән - стандарттау.

Бакалавриатта оқу мерзімі:

Орта білім негізінде (мектеп бітірушілер) - 4 жыл;

Орта арнаулы білім негізінде (колледж түлектері) - 3 жыл;

Жоғары білім негізінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданылатын күндізгі бөлім – 2 жыл.

Бакалавриат түлектері магистратурада оқуларын жалғастыра алады:

- ғылыми-педагогикалық салада - 2 жыл;

- профильдік бағыт бойынша - 1 жыл.

Жатақхана



Жатақхана туралы ақпарат

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде  құрамында 4 жатақхана, стадион, теннис корты, баскетбол және волейбол алаңдары, жаттығу залы, медициналық орталық, студенттік кафе, шағын кір жуу орындары, ақпараттық-білім беру орталығы, адалдық дүкені бар студенттік кампустың негізі қаланған. Университет пен студенттік кампустың жатақханаларында  сымсыз желі Wi-FI  жұмыс істейді.

Жалпы ауданы 11 000 шаршы метрден асатын, барлық заманауи талаптарға сай келетін 4 жатақханада 600-ден астам студент тұрады. Сізді әр жатақханада жылы атмосфера мен үйдегідей жайлылық күтеді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханалары жайлылығымен, қауіпсіздігімен және өмір сүру үшін барлық жағдаймен қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Студенттер екі және төрт орындық бөлмелерде тұрады. Жатақханаларда өмір сүру, оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған. Сабаққа дайындалу мен бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Жатақханада сабаққа дайындалу үшін оқу залдары жабдықталған, компьютерлік сыныптар құрылған.

Студенттік жатақханалар бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бейнежазба әр қабатта жасалады және күзетпен бақыланады. Жатақханаға кірер кезде тұрғындар электрондық рұқсаттамалар арқылы өтеді.

Университет барлық мұқтаж жандарды жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге тырысады.

Студенттік жатақханалар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан:

№1 жатақхана – Академическая көшесі, 5 (бөлмелер саны – 62)

№2 жатақхана – Академическая көшесі, 7 (бөлмелер саны – 29)

№3 жатақхана – Академическая көшесі, 5/1 (бөлмелер саны – 30)

№ 4 жатақхана-Комиссаров көшесі, 32 (бөлме саны – 69)

 

 

Жатақханаға электронды жолдама алу үшін студентке / талапкерге:

  1. Сайтта тіркеуден өту https://edms.youngstudent.co
  2. Электрондық материалдарды тіркей отырып, онлайн өтініш беру:

- студенттің / талапкердің жеке куәлігі;

- фото 3*4;

- әлеуметтік санаттағы анықтамалар (мүгедектігі туралы, отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 және одан да көп баланың бар екендігі туралы растайтын құжаттар). Болған жағдайда.

- спорт, ғылым, дебаттық қозғалыс және шығармашылық саласындағы халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі дипломдар, грамоталар (болған жағдайда).

** Өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.

  1. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою.

** Егер студент / талапкер кәмелетке толмаған болса, онда студент/талапкердің өтінішіне ата-анасының біреуінің ЭЦҚ-сы қойылады.

  1. Өтініш "мақұлданды" мәртебесін алғаннан кейін тұрғын үй жалдау шартын жасасып, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
  2. Тұрғаны үшін төлемді жүргізу (11 500 теңге мөлшерінде) және төлем туралы түбіртекті электронды түрде бекіту (міндетті түрде төлем атауы бағанында "жатақхана үшін төлем"деп көрсету керек).

** Төлемді мобильді банкинг (Kaspi Банк ЦентрКредит, Халық банкі) қосымшасы арқылы жүргізуге болады.

  1. Университет ректорының тұрғын үй жалдау шартына қол қоюын күту.
  2. Қоныстануға электрондық жолдама алу.
  3. Жолдамада көрсетілген мекенжай бойынша университет жатақханасына жүгіну.

Орналасу кезінде жатақхана комендантына ұсыну қажет:

  1. Жатақхана беру туралы жолдама;
  2. Медициналық анықтама (балдан өту.университеттің медпунктінде тексеру, 205 каб.)

      Байланыс телефоны :

8 (7212) 44-16-24 (доб.169)

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жатақханасына орналасуға басқа қалалардан келген студенттер басым құқыққа ие:

1) мүгедектер қатарындағы кемтар адамдар, бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, екі немесе бір ата-анасының мүгедектігі (1 және 2-топ) болған кезде (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не балалар үйінен анықтама, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі);

2)кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға келіп түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын оралман мәртебесі бар адамдар (қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманың көшірмесі, оралман куәлігінің көшірмесі);

3) бірінші курсқа қабылданған, "Алтын белгі" белгісі бар білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және конкурс жеңімпазының сертификаты бар білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген талапкерлер білімі туралы растайтын құжатпен (куәліктің, аттестаттың, дипломның көшірмесі);

4)ҚР БҒМ Білім беру грантының иегерлеріне (білім беру грантын тағайындау туралы куәліктің көшірмесі);

5)егер отбасында 18 жасқа дейінгі 3-тен астам бала болса және анасының "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" белгісі болса, көпбалалы отбасынан шыққан (отбасында 4 және одан да көп бала бар екендігі туралы анықтаманың көшірмесі);

6) Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне халықаралық келісімдер (келісімшарттар) бойынша оқуға қабылданған шетелдік азаматтар жатақханаға жалпы негізде орналастырылады;

7) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс студенттері қатарында оқитындар (транскрипт көшірмесі, грамоталардың, дипломдардың көшірмелері).


Жатақхана

 

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Жатақхана

Біздің түлектер

1.Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы – Қарағанды экономикалық университеті ректоры, э.ғ.д., профессор
2.Ашляев Хазболат Сопыжанұлы – Қазтұтынуодағы төрағасы
3.Ниғматуллин Ерлан Зайруллаұлы – Парламент Сенатының депутаты
4.Қаржасов Базарбай Қарабайұлы – Қарғанды Облтұтынуодағы төрағасы
5.Құттыбай Мирас – Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
6.Баранова Татьяна Ивановна – э.ғ.к., РФ Президенті қол астындағы Ресей ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет Академиясы доценті, Орынбор бөлімшесі
7.Қуандықов Мақсат Қапашұлы – Ақтөбе облысы кеден басқармасы басшысы
8.Подъяблонская Лидия Михайловна – э.ғ.к., «Мемлекеттік және жергілікті қаржылар» кафедрасы доценті, аға ғылыми қызметкер, РФ ҚМ Мемлекеттік университеті
9.Алимов Ғабдулмуталап Сулейменұлы – ҚР Президенті істері басқармасының РМК «Қараөткел» директор орынбасары
10.Шайхина Тұрсынхан – Ақмола облысының сауда-өндірістік палатасы төрағасы
11.Балтышев Марал Матжанұлы – Жоғарғы соттың әкімшілік құрылсының дирекциясы директоры

Басшылар

  • Басшылар
    Ректор
    Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы

    Ғылыми атағы: экономика ғылымдарының докторы, профессор

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-22

    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    ЖҰМА сағат 15:30-да.
    СӘРСЕНБІ күні 8/7212/ 44-16-22 телефоны бойынша алдын ала жазылу міндетті болып табылады

    Білімі:

    - 1970 жылы Орталық Одақтың Қарағанды кооперативтік институтын үздік дипломмен  бітірді.

    - 1975 жылы Т. Г. Шевченко  атындағы Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1975)

    - 1989 жылы Т. Г. Шевченко атындағы  Киев мемлекеттік университетінде "Саяси экономика" мамандығы бойынша  докторлық диссертация қорғады.

    - 1991-1997 жылдары-Орталық Одақтың Қарағанды кооперативтік институтының оқу  ісі  жөніндегі проректоры.

    - 1997 жылдан бастап Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры.

    Ғылыми жетістіктері:

    500-ден астам ғылыми жарияланымдардың, ғылыми-практикалық  оқу құралдарының, оқулықтардың, 10 монографияның авторы.  2 жұмысы  Web of Science (Хирша  индексі – 0), 8 - SCOPUS (Хирша  индексі – 1) журналында жарияланған. Оның басшылығымен алыс шет елдер мен ТМД елдерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен бірнеше ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді, 30-дан астам кандидаттық және 10 докторлық диссертациялар орындалды және қорғалды.

    Марапаттар:

    - В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай  "Ерен еңбегі үшін" медалі

    - " Ерен  еңбегі    үшін" медалі

    - "Құрмет" ордені (2004)

    - "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі (2005)

    - "А. Байтұрсынов" күміс медалі (2006)

    -  Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына арналған медаль (2007)

    - " Астанаға10 жыл " мерейтойлық медалі (2007)

    -  «Парасат»  ордені  (2009)

    -  Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі

    - "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" мерейтойлық медалі

    -  II дәрежелі "Достық" ордені (2016)

    Қарағанды облысының Құрметті азаматы

  • Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

    Накипова Гульмира Ермековна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының докторы, экономика профессоры
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-74
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Дүйсенбі сағат 15:00-де.

    № 356 каб.

    Білімі:

    - 1987 жылы Қарағанды кооперативтік институтын "Сауда экономикасы"мамандығы бойынша үздік бітірді.

    - 1988 жылдан 2002 жылға дейін "Сауда экономикасы" және "Басқару және маркетинг" кафедраларында жұмыс істеді.

    - 1999 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

    - 2002 жылы экономика доценті ғылыми атағы берілді.

    - 2002-2004 жылдар аралығында Біліктілікті арттыру факультетінің деканы.

    - 2004 жылдан бастап университеттің Есеп-қаржы факультетінің деканы болып жұмыс істеді.

    - 2008 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

    - 2011 жылы экономика профессоры ғылыми атағы берілді.

    Ғылыми жетістіктері:

    100-ге жуық ғылыми жұмыстар жарияланды, оның ішінде 10-ға жуық мақала Web of Science Core Collection және Scopus халықаралық ақпараттық базаларында, 7 монография, 5 оқу құралы жарияланды (2 оқу құралы РФ ЖОО-мен бірлесіп) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің белгісі бар 3 оқулық басып шығарылды.

    Марапаттар:

    - 2007 және 2012 жылдары "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері болды

    - 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Тұтыну кооперациясы Одағының "Құрмет грамотасымен"

    - 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің "Алғыс хатымен"

    - 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Құрмет" грамотасымен марапатталды.

  • Халықаралық байланыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректор

    Абдикаримова Алия Толеутаевна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты
    Байланыс телефондары: +77017518507
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
     
    Сәрсенбі-14.00-17.00
     
    Білімі:

    -1995 – 1999 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде оқу, "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы

    -1999 – 2002 жж. – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің аспирантурасында оқу

    -2003 – "08.00.01 – Экономикалық теория" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғау

    Ғылыми жетістіктері:

    30-ға жуық ғылыми еңбектері жарияланды, оның ішінде Scopus халықаралық ақпараттық базасының ғылыми журналдарында жарияланымдар, ҚР ҰӘМ КОКСОН, 3 монография, 3 оқу құралы жарық көрді..

  • Басшылар
    Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

    Орынбеков Алмаз Сәбитұлы

    Ғылыми атағы: заң ғылымдарының магистрі
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-63
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
    Сәрсенбі сағат 15.10-нан 17.00-ге дейін.
    № 358 каб.
    Білімі:
    - 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
    - 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің магистратурасын бітірген
    - 2022 жыл - аспирантура, заң факультеті, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті (Мәскеу қ., РФ).
    Ғылыми жетістіктері:
    28,5 б.б. көлемінде жарияланымдары бар..
    Жұмыс тәжірибесі:

    - 2012 - 2019 ж. ж. "Жалпы құқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. Оқылған курстар: "ҚР Қылмыстық құқығы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері", "ҚР мемлекеттік қызметі және басқару".

    - 2019 - 2022 ж. ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері.

  • Басшылар
    Әкімшілік-шаруашылық бөлім проректоры

    Сейдуалиев Сабит Бахытович

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-71
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары: Бейсенбі сағат 16: 00-де, № 123 каб.
     
    Білімі:

    - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 2010 жылы "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша бітірген

  • Кенжебеков
    Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор

    Сихымбаев Мұратбай Рыздықбайұлы

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының докторы, профессор
    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-78
    е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:
    Сәрсенбі сағат 11.00-де, № 353 каб.
    Білімі:
    1984 жылы – Қарағанды политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар және құралдар» мамандығы бойынша үздік бітірді.
    1987-1990 жылдар – Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу техникалық университетінде (Мәскеу қаласы) аспирантурада оқыды.
    2002ж. - Экономика ғылымдарының кандидаты: Мамандығы 08.00.19 - «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы»
    2010ж. – Экономика ғылымдарының докторы: Мамандығы 08.00.05 - «Салалар мен қызмет бағыттары бойынша экономика және халық шаруашылығын басқару»
    2012г. – ҚР БҒМ ККСОН профессоры.

    Ғылыми жетістіктері:

    350-ден асатын жарияланымдар, оның ішінде  Scopus, Web of science импакт факторы бар рейтингі жоғары журналдарда 70-тен аса жарияланымдар, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ КОКСНВО ұсынған журналдарда 50-ден аса жарияланымдар. 35-тен аса монографиялар, оның ішінде шетелдік басылымдарда. ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша 5 іргелі тақырыптарды, 30-дан аса қоданбалы зерттеулер мен халықаралық жобаларды  орындауға қатысты.
  • Басшылар
    Экономика, менеджмент және кәсіпкерлік факультетінің деканы

    Гимранова Галия Ильясовна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты, университет профессоры

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-19

    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 210 Б блогы

    Білімі:

    1991 жылы Орал мемлекеттік университетін саяси экономист мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылдан - экономика ғылымдарының кандидаты.

    2004 жылдан бастап «Экономикалық теория және халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының доценті. Сол жылы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды.

    2006 жылдан Экономика және менеджмент факультетінің деканы
    2011 жылы доцент ғылыми атағы берілд.

  • Басшылар
    БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

    Рахимгулова Маншүк Булатовна.

    Ғылыми атағы: Заң ғылымдарының кандидаты, университет доценті.

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-15-58

    е-mail: мБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 385 каб.

    Білімі:

    2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік бітірді.

    2011 жылы Қарағанды "Болашақ" университетінің ЖМ магистратурасын үздік бітіріп, "заң ғылымдарының магистрі"біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

    2016 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде PhD докторантураға түсті. 2019 жылғы 27 шілдеде "алқабилер соты және оның Қазақстанның сот жүйесін демократияландырудағы рөлі"тақырыбында диссертация қорғады.

    2019 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D030100 – Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

    Ғылыми жетістіктері:

    30 - дан астам ғылыми еңбектер, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар-7, Scopus – 2 базасына кіретін нөлдік емес импакт - факторы бар ғылыми журналдарда, жеке дайындалған монографиялар - 1; бірлескен авторлықтағы монографиялар - 2, жеке дайындалған оқу құралдары-2, бірлескен авторлықтағы оқу құралы жарияланды - 5. ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәліктері алынған электрондық оқу құралдары-3. ҚР БҒМ "террористік және экстремистік бағыттағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудағы ахуалдық тәсіл" гранттық қаржыландырудың ғылыми-зерттеу тақырыптарын орындаушы болып табылады.
  • Басшылар
    Қаржы, логистика және цифрлық технологиялар факультетінің деканы

    Серикова Гулзира Салмаганбетовна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-29

    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Сәрсенбі сағат 15.00 - ден 17.00-ге дейін.

    № 280 каб.

    Білімі:

    1995 жылы Қазақ тұтыну кооперациясы институтын бітірген.
    2002 жылдан - экономика ғылымдарының кандидаты.
    2006 жылы «Экономика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
    2017 жылдан бастап – есеп және қаржы факультетінің деканы.

  • Қашықтықтан оқыту факультетінің деканы

    Борбасова Зияда Назибековна

    Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының докторы, профессор

    Байланыс телефондары: +7 7212 44-16-34 (ішкі 6565)

    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Жеке мәселелер бойынша қабылдау сағаттары:

    Дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі

    сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.

    № 131 каб.

    Білімі:

    2008-2012 - бас. ҚҚЭУ маркетинг және туризм кафедрасы
    2012 - 2017 жж - Орынбасар Жаңа экономика және жүйелік талдау ғылыми-зерттеу институтының (NIINESA) директоры
    2018 - актерлік өнер Қашықтықтан оқыту факультетінің деканы
    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог – 2010» мемлекеттік грантының иегері.
    ҚЭУ «Жыл адамы -2010» сыйлығының иегері.

Ақпараттық – техникалық факультеті

Кафедра «Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу»

Кафедра "Товароведения и сертификации"

Кафедра  «Экология мен Бағалау»

Кафедра "Высшей математики"

 

     

Құрметті талапкерлер, болашақ Ақпараттық – техникалық факультеті студенттері!


Сіздер білім алу үшін Қазақстанның ең беделді университеттерінің бірі – бұдан 50 жыл бұрын 1966 жылы құрылған Қарағанды экономикалық университетін таңдадыңыздар. Сіздердің алдарыңызда қазақстанның экономикасының инновациялық дамуына қойылатын талаптарға сәйкес мақсатын жоғары квалификаияланған мамандарды дайындау деп анықтаған жаңа факультет.
Біздің білім беру бағдарламаларымыздың басты міндеттері болып «жоғары технологияларды» жетік білетін, оларды «нарықта» өткізе алатын, пантенттік-ақпараттық жұмыс, стандарттау мен сертификаттау, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, информатика, қоршаған ортаның экологиясы мен жылжитын және жылжымайтын мүлікті техникалық және экономикалық бағлау, т.б. өрістеріндегі білімнің барлық спектрін жетік меңгерген жаңа типті инженер-менеджерлерін дайындау болып табылады.
Студенттер кіші курстардан бастап аудандық және қазақстандық, сонымен бірге әлемдік тәжірибеге бағдарланған байсалды ғылыми-зерттеу қызметтерімен айналысады. Себебі біздің университеттегі білім берудің басты маңыздылығы болып интегрция, яғни оқу процесінің ғылыми зерттеулермен тығыз байланысы саналады.
Біздің студенттер серігуге де уақыт табады. Спорт өмірі бізді аралап өтпейді. Біздің студенттер әр түрлі спорттық жарыстар мен жаппай мәдени іс-шараларға қатысады. Біздің түлектеріміз мемлекеттік басқару органдарында, ғылыми-техникалық салада, ірі мемлекеттік және жеке өндірістік банктерде, сақтандырушы компания банктерінде, венчурлық ұйымдарда және басқа да меншік түрі кез келген ұйымдарда жұмыстар атқарады. Біз барлығымыз – студенттер де, магистранттар да, оқытушылар да, қызметкерлер де – университетімізбен мақтанамыз, және де сіздерді университеттік отбасымыздың мүшесі ретінде көруге өте қуанышытымыз! ҰБТ-да сәттілік!

Құрметпен,
ҚЭУ 1971 жылғы түлегі, АТФ деканы, профессор
Улаков Сайран Нұрсұлтанұлы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus