• Blog news

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы: ресейлік әріптестермен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту тәсілдерін талқылау2025 жылғы 26–31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері Мәскеу қаласына ғылыми-академиялық сапармен барды. Делегация құрамына ЭПҒЗИ директоры, заң ғылымдарының докторы Ханов Т.А. және жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Баширов А.В. енді.

Сапар барысында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университетінің және Мәскеу гуманитарлық ғылымдар академиялық мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесулер өтті. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен дамытудағы заманауи тәсілдер, бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері және қолданыстағы жоба аясындағы академиялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ерекше назар зерттеу нәтижелері мен жарияланымдармен алмасуға, соның ішінде грант аясында дайындалған «Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру» атты ұжымдық монографияға аударылды. Ұсынылған материалдар үлкен қызығушылық тудырып, мазмұнды пікірталасқа себеп болды.

Сапар аясында Мәскеу университеттерінің студенттері үшін шолу дәрістері де өткізілді. Онда қазақстандық НИРС моделінің негізгі идеялары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесі үшін күтілетін нәтижелері ұсынылды.

Бұл сапар университеттердегі зерттеушілік мәдениетті нығайту мен студенттік ғылымды болашақ мамандарды даярлаудың маңызды бағыты ретінде дамытуға бағытталған халықаралық әріптестіктің маңызды кезеңіне айналды.

Тілдік құзыреттілікті арттыру: 2024–2025 оқу жылының курстары қорытындыланды

Тілдік құзыреттілікті арттыру: 2024–2025 оқу жылының курстары қорытындыландыҚарағанды Қазтұтынуодағы университетінің Көптілді білім беру орталығы ұйымдастырған тілдік курстардың сәтті аяқталуын қуанышпен хабарлаймыз.

2024 жылғы 7 қазан мен 2025 жылғы 30 мамыр аралығында университет пен колледж тыңдаушыларына арналған шетел тілдері курстары өткізілді. Курстар тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қарай ұйымдастырылып, тілдік құзыреттерді дамытуға, сөздік қорын кеңейтуге, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Курс қорытындысы бойынша оқуды сәтті аяқтаған барлық қатысушылар тіл меңгеру деңгейін растайтын сертификаттармен марапатталды. Оқыту ағылшын, қытай, түрік және араб тілдері бойынша жүргізілді.

Көптілді білім беру орталығы барлық тыңдаушыларға белсенділіктері, тәртіптері және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыстары үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Шетел тілдерін үйренуде алдағы уақытта да сәттілік тілейміз және келесі оқу жылында қолжетімді болатын жаңа курстарға қатысуға шақырамыз.

 

Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

2025 жылғы 19-30 мамыр аралығында Казтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Өзін-өзі басқару және жасанды интеллект: болашақтың құзыреттерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. Курстың тыңдаушылары – Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері.

Курсты ұйымдастырушылар: Университеттің СДД Мансап және кәсіби даму орталығы.

Бағдарлама аясында қатысушылар өз-өзін басқару, эмоционалдық интеллект, цифрлық сауаттылық, сондай-ақ кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолданудың негізгі тәсілдері бойынша білім алды.

Курс бейресми білім беру шеңберінде өтті және университет пен кітапхана жүйесі арасындағы ұзақмерзімді серіктестіктің кезекті сәтті кезеңі болды. Соңғы жылдары көптеген мамандар университет базасында өз біліктілігін арттырып келеді.

Қатысушылар курстың өзектілігін, тәжірибелік бағыттылығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылуын ерекше атап өтті. Барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер табысталды.

Казтұтынуодағы Қарағанды университеті әріптестеріне сенімі үшін алғыс білдіреді және болашақта да бірлескен білім беру бастамаларын жалғастыруға дайын.

«AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын

«AntiParaCraft–2025» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінде I орын

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінің командасы Республикалық «AntiParaCraft–2025» квест-ойынында І орын алды.
Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырды. Мақсаты — жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайту.

Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды

2025 жылғы 30 мамырда университетімізде «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Циркулярлы экономика – тұрақты дамудың драйвері: бизнес пен қоғам үшін инновациялық шешімдер мен перспективалар» тақырыбында Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның жетекші университеттерінің студенттері қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын, аналитикалық ойлау қабілеттерін және цифрлық құзыреттерін көрсетті.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі тұрақты даму саласындағы жаһандық сын-қатерлермен және ресурсты үнемдеуге бағытталған экономикалық модельдерге көшу қажеттілігімен байланысты болды. Олимпиада циркулярлы экономиканың даму перспективаларын, сондай-ақ бизнес пен қоғамның тұрақты болашағын қалыптастырудағы инновациялардың рөлін талқылауға арналған маңызды пікір алаңына айналды.
Қазылар алқасының құрамына тұрақты даму және креативті индустриялар жөніндегі «QuantumHub» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бизнес-қоғамдастықтың топ-менеджері және Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы кірді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL