2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салық жүйесін ауқымды реформалау кезеңін айқындап отыр. Бұл реформа әділдікті, ашықтықты және цифрлық тиімділікті арттыруға бағытталған. Осыған орай, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін және жаңа салық мәдениетін қалыптастыру ісіне белсенді атсалысуда. Университеттің өңірдің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау миссиясын іске асыру аясында «Қаржы» кафедрасы 2025 жылғы 9 қазанда «Қазақстан Республикасының Салық кодексі – 2026: негізгі өзгерістер» атты ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Зауреш Қанатқызы Жойкимбекова баяндама жасап, жеке және заңды тұлғалардың салық салуына қатысты негізгі жаңалықтармен, цифрлық құралдарды енгізу мен бизнестің әкімшілік жүктемесін азайту шараларымен таныстырды. Қатысушылар жаңа кодекстің тәжірибелік қолданылуы мен оның кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметіне әсерін талқылады. Іс-шара студенттер мен оқытушылардың кәсіби білімін кеңейтіп, өзекті құзыреттерін дамытуға және елдің салық саясатына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде жаңа қабылданған оқытушыларға арналған кіріспе онбординг-іс-шарасы өтті. Іс-шараны Адами ресурстарды басқару департаменті ұйымдастырды. Кездесу барысында оқытушының кәсіби қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылатын оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Университеттің негізгі ақпараттық-білім беру платформаларымен – Platonus, DMS – жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ оларды оқу қызметін жоспарлау және есепке алу құралы ретінде пайдалану жолдары қарастырылды. Жеке бөлімде ҚР ҒжБМ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, университеттің ішкі нормативтік құжаттары – ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтары түсіндірілді. Оқытушылар тек ақпарат алып қана қоймай, білім беру процесіне тезірек қосылуға көмектесетін практикалық ұсынымдар да алды. Іс-шараға университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты: Бизнес-процестерді цифрлық трансформациялау орталығы, Академиялық дамуды басқару департаменті, Азаматтық қорғаныс штабы, сондай-ақ Студенттермен жұмыс департаменті. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі онбординг бағдарламасы жаңа қызметкерлердің кәсіби қызметке оңай бейімделуіне, академиялық орта мен корпоративтік мәдениетке сәтті кірігуіне бағытталған. Мұндай іс-шаралар тиімді оқытушылар құрамын қалыптастыруға, білім беру процесінің сапасын арттыруға және университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
2025 жылдың 15 қыркүйегінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Көптілді білім беру орталығы мен Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығымның ұйымдастыруымен INFODAY шарасы өтті.
Іс-шара аясында университет пен колледждің білім алушыларына, оқытушыларына және қызметкерлеріне орталықтардың білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.
Көптілді білім беру орталығы мемлекеттік және шетел тілдерін үйрету бағдарламаларын ұсынды. Олардың қатарында ағылшын, неміс, араб, түрік, қытай және басқа да қарқынды бағыттар бар. Қатысушыларға оқыту әдістемелері, курстардың құрылымы мен артықшылықтары туралы мәлімет берілді.
Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы Қазақстанның, жақын және алыс шетел университеттерінде академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін таныстырды. Бүгінгі таңда Орталық 31 елдің 140-тан астам университетімен ынтымақтастық орнатып, халықаралық білім беру және мәдени тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ашуда. Қатысушылар академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары, қаржыландыру көздері және өтінім беру тәртібі туралы ақпарат алды.
INFODAY шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыруға және шетелде білім алу көкжиегін кеңейтуге ұмтылған білім алушылар мен ПОҚ арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
*Көптілді білім беру орталығы — №281 офис,
Instagram: @multilingual_kazpotrebsoyuz, тел. +7 775 323 27 54
*Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы — №268 офис,
«Дене шынықтыру және спорт менеджменті» білім беру бағдарламасының студенті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің мақтанышы Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті.
65 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Аида Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен кездесті. Қарсыласы алғашқы екі раундта басымдыққа ие болғанына қарамастан, қазақстандық спортшы табандылық танытып, шешуші үш минутта кездесу тағдырын өзгертіп, «алтынды» иеленді.
Осылайша, Аида Әбікеева әлемнің екі дүркін чемпионы атанып, өзінің жоғары шеберлігін және спорттық қайсарлығын дәлелдеді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (7 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті студентінің жетістігіне мақтана отырып, оған жаңа жеңістер мен табыстар тілейді!
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды ауқымды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауын талқылауға арналған университет активінің жиналысы өтті.
Жиналысқа университет басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты.
Университет ректоры Мемлекет басшысының Жолдауы жаңа жағдайдағы стратегиялық бағдар екенін атап өтті: «Президент мемлекеттік саясаттың орталығында адам, оның құқықтары мен әл-ауқаты тұратынын нақты атап өтті. Қазақстан орнықты, бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық мемлекетке айналуы тиіс», – деді ректор.
Сонымен қатар ректор цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударып, университет жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатынын, жаңа буын мамандарын даярлау, инновациялық шешімдерді енгізу және бизнес пен ғылыми орталықтармен бірлескен жобаларды дамыту арқылы үлес қосатынын айтты.
Жиналыс қорытындысы бойынша Жолдауды іске асыру шараларын университеттің жоспарларына енгізу, ІТ-компаниялар мен ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ «AI SANA» жобасымен және «Террикон жазығы» экожүйесімен әріптестікті дамыту туралы шешім қабылданды.