• Blog news

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

2025 жылғы 21–26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдері — Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және жоба жетекшісі Баширов А.В. Алматы қаласына іссапармен барды.
Іссапар барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Caspian University және «Туран» университеті басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізілді. Кездесулерде студенттердің қатысуымен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту, гранттық жоба аясындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ жоба авторлар ұжымы дайындаған «Қазақстан Республикасы ЖОО-ларында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру» атты монографияда ұсынылған тұжырымдар мен ұсынымдарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған монографияға енгізу актілері алынды.
Сонымен қатар, Қарағанды университеті өкілдері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Халықаралық экономикалық интеграция жағдайындағы кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияға қатысты.
Іссапар студенттік ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға және ЖОО арасындағы ғылыми байланысты кеңейтуге септігін тигізді.

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Erasmus+ жобасы таныстырылды

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Erasmus+ жобасы таныстырылды

2025 жылғы 23 сәуірде Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Сантьяго-де-Компостела университетінің (Universidade de Santiago de Compostela, Испания) өкілі Наиля Сайфуллинамен профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Кездесу барысында Наиля Сайфуллина дәріс оқып, «Тұйық циклді экономика және тұрақты даму бойынша инновациялық білім беру бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» атты Erasmus+ халықаралық жобасын таныстырды. Жоба тұрақты даму қағидаттарын білім беру тәжірибесіне енгізуге және жасыл экономика саласындағы сын-қатерлерге жауап бере алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

Кездесу соңында университет оқытушыларымен бірлескен халықаралық жобалар мен ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І орын иегері

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І орын иегері

2025 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласындағы «НАРХОЗ» университетінің базасында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Бұл маңызды да ауқымды іс-шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының озат студенттерін кәсіби білімдерін, аналитикалық қабілеттерін және шығармашылық көзқарастарын көрсету үшін жинады.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

  1. Видеороликтер конкурсы,
  2. Әлеуметтік жобаларды қорғау,
  3. Кейстік тапсырмаларды шешу.

«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары

«Заманауи жастар: инновациялар құру арқылы болашаққа ұмтыламыз» халықаралық студенттер жиынының қорытындылары

Ғылым күні аясында 2025 жылдың 10-11 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «ЗАМАНАУИ ЖАСТАР: ИННОВАЦИЯЛАР ҚҰРУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛАМЫЗ» атты студенттердің жыл сайынғы Халықаралық жиыны өткізілді.

Жиынның мақсаты: жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, цифрлық трансформация жағдайында талантты жастарды анықтау және қолдау.

Халықаралық жиын жұмысына Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының жас ғалымдары қатысты.

Гранттық жоба бойынша баяндама Санкт-Петербургтегі конференцияда ұсынылды

Гранттық жоба бойынша баяндама Санкт-Петербургтегі конференцияда ұсынылдыҚазтұтынуодағы Қарағанды университеті Санкт-Петербург технологиялар және басқару университеті ұйымдастырған «Цифрлық экономика жағдайында бизнестің және қоғамдық институттардың трансформациясы» атты VII Ұлттық ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн форматта қатысты.

Пленарлық отырыс аясында университет тарапынан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (АР19676691) «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» гранттық жобасы  ұсынылды.

Баяндаманы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және жоба жетекшісі Баширов А.В. жасады, олар осы жобаны іске асыру тұрғысынан студенттік ғылыми қызметті дамытудың өзекті тәсілдерін жария етті.

https://www.spbume.ru/ru/viewnews/7386/

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL