• Blog news

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі2017 жылдың 2 және 3 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, Астана қаласының әкімшілігі, АҚ «Астана Innovations», Бизнес-инкубатор МОST және Астана қаласының Қаржы орталығы ұйымдастырған сегізінші қорытынды Astana Innovations Challenge шарасына белсене қатысты.
Университет командаларының біреуі, «Brainstorm» командасы Fintechstars конкурсының қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп 100 000 теңгелік сыйлықтың сертификатын алды. Жүлдегерлер болып біздің ЖОО мына студенттері марапатталды: Хмелева Екатерина, Оборина Карина, Кушнаренко Ольга - гр. Ф-32; Иристаев Низамиддин – гр. Мн-12; Ким Константин – гр. Мн-31; Тілеубек Абылайхан - гр. Ю-42.
Атап өтерлік жағдай, «Wooppay» компаниясының негізін қалаушысы және директоры Дорошенко А. мырза осы командамен ары қарай жұмыс істеуге және олардың жобасына инвестиция салуға келісімін берді.
Біз «Brainstorm» командасына осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай тек қана алға ұмтылуына шын жүректен тілектеспіз!

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін талқылады. Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына, интеллектуалды ұлт қалыптастыру бойынша бастамалар мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан көшбасшының ядролық қарусыздану үрдісіне қосқан үлесін, бітімгершілік қызметін және Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының арқасында кез келген геосаяси мәселелер мен таластарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын белгіледі.

«Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

 «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы 2017 жылдың 30 қарашасында «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» тақырыбына КубМАУ профессорларының Л.К.Улыбина, Н.Н.Тюпакова және О.А.Окорокова қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор А.К:Сембеков «Жаңа экономикалық жағдайларда ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық жағдайын шолу» баяндамасымен, э.ғ.д., профессор Л.К.Улыбина «Еуразиялық одақ аясында сақтандырушылардың даму тенденциясын бағалау» баяндамасымен ашты. Сондай-ақ «Қаржы» мамандығының студенттері криптовалюталар және жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациясының қажеттігі туралы баяндамаларымен шықты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша салық және сақтандыру секторын жетілдіру бойынша ұсынымдар жасалды.

 

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру»

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру»16 қараша күні Достық үйінің мәжіліс залында дөңгелек үстел өтті. Шараға Қарағанды облысындағы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, профессор Клишина М.В. және ОПЭК-31к тобының студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында адам капиталының сапасын арттыру,жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері – Президент этномәдени бірлестіктеріне қатысты жоғары оқу орындары мен қалалық колледж оқытушылары мен студенттері. Қарағанды облысының xалық Ассамблеясы xатшылығының меңгерушісі Ерлан Құсайын қоғамдық сананы модернизациялау бағдарламасы аясында жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастырудағы этномәдени бірлестіктердің жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы, Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылау болды. Спикерлер мен партиялар заң жобасын қолдады. Сонымен қатар оларға бірқатар ұсыныстар берілді.

Орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында өткен информатикадан пәндік олимпиадасы

Орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында өткен информатикадан пәндік олимпиадасы25.11.2017 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.
Информатика олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесіорындарға ие болды:

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL