• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі2017 жылдың 2 және 3 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, Астана қаласының әкімшілігі, АҚ «Астана Innovations», Бизнес-инкубатор МОST және Астана қаласының Қаржы орталығы ұйымдастырған сегізінші қорытынды Astana Innovations Challenge шарасына белсене қатысты.
Университет командаларының біреуі, «Brainstorm» командасы Fintechstars конкурсының қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп 100 000 теңгелік сыйлықтың сертификатын алды. Жүлдегерлер болып біздің ЖОО мына студенттері марапатталды: Хмелева Екатерина, Оборина Карина, Кушнаренко Ольга - гр. Ф-32; Иристаев Низамиддин – гр. Мн-12; Ким Константин – гр. Мн-31; Тілеубек Абылайхан - гр. Ю-42.
Атап өтерлік жағдай, «Wooppay» компаниясының негізін қалаушысы және директоры Дорошенко А. мырза осы командамен ары қарай жұмыс істеуге және олардың жобасына инвестиция салуға келісімін берді.
Біз «Brainstorm» командасына осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай тек қана алға ұмтылуына шын жүректен тілектеспіз!

 

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі «Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus