Экономикалық емес мамандықтар бойынша халықаралық олимпиада

Экономикалық емес мамандықтар бойынша халықаралық олимпиада

2019 жылдың 25 сәуірінде «Маркетинг және логистика» кафедрасының «Логистика» оқу бағдарламасы студенттері Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті мен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті ұйымдастырған экономикалық емес мамандықтардың 1-2 курс студенттеріне арналған Халықаралық экономика конкурсына қатысты.
Олимпиаданың нәтижелері бойынша Лог-22 тобының студенттері Сейсембаев Адильхан және Романов Герман екінші орынға ие болды. Үшінші орынды Лог-22 тобының студенттері Богдяков Павел, Афанасьев Дмитрий, Нагайбекова Любовь және Сабитова Виктория алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Hard day

Hard day

«СПК Сарыарқа» акционерлік қоғамы елдің инновациялық-индустриялық дамуы аясында жастар арасында Hard day инновациялық жобаларымен стартаперлерді тарту бойынша іс - шара өткізілді, оған Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қатысты: Жанбеков Әділхан, Мажитов Сакен, Птицын Никита, Сакенова Индира, Балықбекова Жұлдыз, Мусабекова Дилара, Кайраткызы Диана, Шайкенова Зарина, Жолдыбай Алтынай. Нәтижесінде ҚЭУК студенттері сертификат алды және сәтті кәсіпкер г. - дан тегін кеңес алу құқығына ие болды. Сондай-ақ бизнес-мектепте тегін 2 айлық оқыту.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 74 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияҚарағанды экономикалық университетінің "Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар" кафедрасы Кубан мемлекеттік аграрлық университетінің серіктестерімен екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында онлайн-кездесу өткізді. "Екі ел жастарының санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелік" атты конференция, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына арналды.
ҚЭУ студенттері, Есекеева Анетта, Жеңісхан Гүлімай (жетекшілері Калиева Г. К., Сапар А. Д.) барлық адамзат үшін фашистік Германияны жеңудің тарихи рөлін ашатын мазмұнды баяндамалар дайындады.
Екі елдің студенттері арасында өткен диалог қазіргі жастардың әлемдік бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға деген ұмтылысын, олардың Ұлы Отан соғысы тарихын білу, аға ұрпақтың ерлігіне деген құрметін көрсетті.

ЗАҢГЕР СТУДЕНТТЕРДІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

ЗАҢГЕР СТУДЕНТТЕРДІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

2019 жыл 4 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ да азаматтық, еңбек және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырған Заң факультетінің 20 жылдығына арналған экологиялық және жер құқығы пәні бойынша Халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға аға оқытушы Боранбаева А.Е. және С.Т. Нұрмахамбетованың ғылыми жетекшілік етуімен Ю-26с тобының Диана Алпысбаева, Ануар Аукеев, Сабина Джанаева студенттерінен құралған «Ю» командасы қатысты.
Олимпиада үш кезеңде өтті, қазылар алқасы студенттердің білімін толығымен бағалап, ең біліктілері танылды. Олимпиаданың нәтижелері бойынша ұсынылған қатысушы - 11 топтың соның ішінде ТМД елдерінен қатысушы топтардың ішінде құрметті 2 орынды иеленді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған дөңгелек үстел

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған дөңгелек үстел«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ҚҚЭУ кітапханасымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған ӘЕшкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аға оқытушы С. Ш. Мұстафин «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.)» атты викторина өткізді, одан әрі соғыс туралы деректі фильм көрсетілді. Соңында Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

«АҒАШ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ

«АҒАШ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫОҒӘК аясында, Қарағанды қаласының білім департаменті КММ «Жас натуралисттер станциясы» қолдауымен «Экология» мамандығының 1 курс студенттері «Ағаш отырғыз» акциясына белсене қатысты. КММ «Жас натуралисттер станциясы» аумағында 50 көшет отырғызылды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!ЗТБ "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" басқарма төрағасы ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі С. Рахымбекова "Экология және бағалау" кафедрасының менгерушісі Байкенова Г.Г. және "Экология және бағалау" кафедрасына Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар "Жасыл "экономиканы дамыту жағдайында экологиялық бағытталған қоғамдық пікір мен экологиялық білімді қалыптастыру" өткізгені үшін және ҚР-ның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясындағы тиімді серіктес болғаны үшін алғыс білдірді.

«KEUK Talks» конференциясы – Talking about Culture Entrepreneurship Uniqueness Knowledge in KEUK!

«KEUK Talks» конференциясы – Talking about Culture Entrepreneurship Uniqueness Knowledge in KEUK!

2019 жылдың 30 сәуірінде университетте KEUK Talks конференцисы өтті – бұл форматтың бірінші конференция алаңы болды.
KEUK Talks – ҚҚЭУ-ң платформасы, ол адамдарда білімге деген ұмтылысын сақтауға, оларды ғылымның, мәдениеттің және практиканың барлық салаларында озық идеялармен және тәжірибемен таныстыруға мүмкіндік береді.
«KEUK Talks» конферециясына 4 спикер қатысты (олардың 3-і сырттан келген).
1. Жанабаев Данияр – «Болашақ» Академиясының студенті – «Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту». Данияр бірінші болып сөз сөйлеп, қазіргі жастардың маңызды мәселелерінің бірінде тоқтап, мәселенің себептерін және шешу жолдарын айтып өтті.
2. Рахимов Ерлан – тіл ортылығының директоры, кәсіпкер, заңгер, оқытушы «Бизнесті салымсыз дамыту» тақырыбына сөз сөйледі. Ерлан, нөлден және инвестицияларсыз табысты бизнесті ашу туралы айтып, маркетинг құпияларымен бөлісті.
3. Туракова Мадина – «Болашақ» Академиясының студенті – Visualization as a way of successful learning languages (Көрнектілік тілдерді сәтті меңгеру тәсілі ретінде). Мадина ағылшын тілінде презентация жасады, ағылшын тілін көрнекі түрде көрсету арқылы шет тілдерін үйрену әдістерімен бөлісті.
4. Косе Жанна – э.ғ.к., бизнес-тренер, психолог, ICU кәсіби коуч, нейрографика маманы – Өмірді мағынамен қалай толтыруға болады? Жанна өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті, өмірдің нақты мақсаты туралы кеңес берді.
Студенттерді шақырылған спикерлер қызықтырды, қызықты диалог болды, студенттер барлық сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Шақырылған баяндамашыларға конференцияға қатысқан үшін алғыс хаттар берілді.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев сабақтастығы курсы» атты дөңгелек үстел!

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев сабақтастығы курсы» атты дөңгелек үстел!2019 ж. 3 мамырда Қарағанды экономикалық университетінде проректор Қ. Ж. Абиловтың жетекшілігімен «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сабақтастығы курсы» «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік пен жаңғыру» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясының делегаты М. К. Абдақимова және аға оқытушы А. Б. Бадел студенттермен жұмыс барысында әлемдегі және Қазақстандағы қазіргі заманғы жағдай, ҚХА мен қоғам алдында белгіленген міндеттер, елдегі бейбітшілікті, келісімді, бірлікті сақтау мен нығайту негізінде одан әрі өсу мен дамудың перспективалары талқыланды.

Қарағанды экономикалық университетінде Кітапханалық таң

Қарағанды экономикалық университетінде  Кітапханалық таңҚҚЭУ кітапханасы «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арнап: «Кітап.Жастар.Табыс.» атты Библиотаң өткізді. Мерекеге ЭБҚ колледжінің студенттері мен университет студенттері қатысты. Жастарға әр түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері университет кіреберісінде лотерея билеттерін таратып Либмоб өткізді.
Әрі қарай кітапхана фойесінде студенттерге ыстық шәй мен кофе ұсынылды. Сосын мерекеге қатысушылар «Гарри Поттер: сиқыр әлемі және шындық әлемі» ойынына қатысты. Сонымен қатар Подовинникова К.Ю.. шашқа арналған сәндік бұйымдар жасаудан «Шебер қолдар» шеберлік сабағын өткізді. Спорттық және интеллектуалдық жарыстар көңілді әрі тартымды өтті. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітабы бойынша «Бір ел – бір кітап» көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына қатысушы ұстаз А.Т. Омаровамен кездесу қызықты өтті. Мерекенің соңы Университеттің кәсіподақ ұйымы демеушілік еткен ұтысты лотереялар ойнатумен аяқталды. Күні бойы «Кітаптардағы сиқыр» фото аймағы жұмыс істеді.

"Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

"Эрудит-2019" олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

2019 ж. 27 сәуірде сағат 09.00-де Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы (Экономика және басқару факультеті, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті) Қарағанды қ. мектептерінің, гимназиялары мен лицейлерінің 11-сынып оқушылары үшін "Эрудит-2019" интеллектуалдық олимпиадасын өткізді. "Эрудит-2019" Олимпиадасын өткізудің негізгі мақсаты жалпы білім беретін мектептері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, олардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру және оларға кәсіби бағдар беруге жәрдемдесу болып табылады.
Олимпиадаға келесі мектептердің түлектері қатысты: №52 ОМ, №17 ОМ, №16 ОМ, № 61 ОМ, № 76 ОМ, А. Байтұрсынов атындағы №41 гимназия, №33 ОМ, Теміртау Қ.№17 ом және Шахтинск қ. № 16 ОМ. Барлығы осы оқу жылының 35 мектеп түлегі және 10 мектеп мұғалімі.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын - Муканова Нурсулу (№76 ОМ А. Бөкейханов атындағы.
2 орын - Кенжебек Нұрбек (А. Байтұрсынов атындағы №41 Гимназия) Хабибулиной Алине (№17 ЖББОМ КММ).
3 орын - Рощин Данил (№61 ЖББОМ КММ) , Оразбекова Ұлпан (А. Байтұрсынов атындағы №41).
"Эрудит-2019" зияткерлік олимпиадасы туралы ережеге сәйкес 1-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 15% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына ақы төлеу құқығына ие болады.
-2-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 10% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына ақы төлеу құқығына ие болады.
-3-ші орын алған қатысушы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығына 5% жеңілдікпен 2019-2020 оқу жылына төлем ақы алады.
Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға ҚҚЭУ экономика және басқару факультетінің "активист" мүшелік билеттері берілді. Ал мұғалімдерге ҚҚЭУ ректорының алғыс хаты табысталды.

.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus