Шекарасыз кітапхана

Шекарасыз кітапхана

Университетте оқудың алғашқы күндерінде бірінші курс студенттерін «Оқу әдебиетіне қалай қол жеткізуге болады, біздің кітапханада осындай мүмкіндіктер бар ма?» деген сұрақтар мазалай бастады. Бұл сұрақтарға жауаптар бизнес, заң және технологиялар факультетінің деканаты университет кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырған вебинар-тренингте берілді.
Вебинар-тренингте студенттер кітапхана бөлімдерін виртуалды тур арқылы аралады, университет кітапханасында жұмыс жасайтын «Шабыт» студенттік театрының дәстүрлерімен танысты, кітапхана ақпаратын іздеудің интерактивті жүйесі туралы, «Заң», «Стандарттар» мәліметтер базасы және EBSCO туралы, республикалық электрондық университетаралық кітапхана туралы, eLIBRARY.RU ғылыми электрондық базасы және ҚҚЭУ кітапханасы ұсынатын әр түрлі толық мәтінді және библиографиялық мәліметтер базасына қол жеткізу үрдістерімен танысты. Онлайн-тренингте студенттерге электронды каталогпен жұмыс жасау технологиясы көрсетіліп түсіндірілді.
Факультеттің бірінші курс студенттері қазірдің өзінде электронды-кітапханалық жүйе IPRbooks-ке тіркелген, сонымен қатар өздеріне қол жетімді жаңа оқу құралдырын және ғылыми әдебиеттерді қолдана отырып, сабаққа сапалы дайындалуға мүмкіндік алды.

Шекарасыз кітапхана

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus