«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

«Достық коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес инкубаторының  студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, 20 қыркүйекте «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджері М.Тосканбаевпен кездесу өтті. Ол студенттерді кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып, кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары жайлы сөз қозғады.

Кездесу ашық әңгіме нысанында жалғасты. Студенттер кіші әрі орта бизнесті мемлекеттік қолдаумен байласнысты кәсіби түсіндірулер мен тәжірибелік ұсыныстар алды.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ менеджерімен кездесу

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі»  Мемлекеттік мекемесінің Әлихан Бөкейхан атындағы № 76   жалпы білім беретін  орта мектебінде  20  қыркүйек 2019 жылы «Мамандықты  дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті» атты 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен  кеш  ұйымдастырылды. 

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті. Осы мақсатта қаламыздың еңбек ардагерлері мен орта және жоғары арнайы оқу орындары мамандары шақырылып, оқушыларға қажетті ақпараттар берілді. Осы кешке «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының аға оқытушысы К.А. Ермекова қатысты. Мамандық тандау жолында адаспай, өмірден өз орындарын тауып, дүниенің бір кірпіші болып  қалануларына шын жүректен тілектестігін білдірді.  Мектеп директоры Күзембаев Маратбек Қайыркенович сөз сөйледі. Артынша  кәсіптік бағдар беру жұмысын атқаратын директордың орынбасары Алдияров Кубейсін Мырзапиярұлы сөз алды.

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

«Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының кураторлары Ермекова К. А., Гусманова Ж. А., Калкабаева Г. М. және Исанов А.С. 17 қыркүйек күні ҚР Президентінің жолдауына арналған кураторлық сағат өткізді.

Ф-11к, Ф-33ск, Ф-41к топтарының қатысуымен Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жарияланған жолдауына байланысты студенттер арнайы баяндамалар оқыды:

  1. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ;
  2. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ;
  3. ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА;
  4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ;
  5. КҮШТІ ӨҢІРЛЕР - КҮШТІ ЕЛ.

Оқылған баяндамалар ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында студенттер өз әлеуеттерін арттыруға мүмкіндік алады.

ҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылауҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылауҚР Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаевтың жарияланған жолдауын студенттермен талқылау

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

Қарағанды экономикалық университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика», «Қаржы», «Менеджмент». «Юриспруденция» мамандықтары студенттерінің «Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында университет түлектерін банкте жұмысқа орналастыру мүмкіндігі талқыланды.

Студенттер мен түлектер банктегі бос жұмыс орындары туралы, қызметкерлерді ынталандыру, оның ішінде мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Банк өкілдері университет түлектерін жұмысқа шақырдs және ҚЭУ дипломы еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие екендігін және оның иелері жоғары білім деңгейімен және кәсіпқойлығымен ерекшеленетінін атап өтті. ҚЭУ түлектері банк өкілдеріне өздерінің түйіндемелерін тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу үшін табыстады.

«Халық Банк» АҚ өкілдерімен кездесу

«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі

«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі

2019 жылдың 13 қыркүйегінде, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми-білім беру орталығында  «Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы бойынша «Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұрудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері» тақырыбы аясында өткізілді.

Дөңгелек үстелге ғалымдар мен сарапшылар, сонымен қатар Қарағанды қаласының ғылыми құрылымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен Қазақстан Республикасындағы есірткі бизнесіне және оған салынушылыққа байланысты келесі проблемалық аспектілер талқыланды:

  • Қазақстан Республикасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымына қарсы тұру және сол мақсатта үй-жайларды ұсынудың қылмыстық-құқықтық және криминалогиялық меселелері
  • Кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігінің себеп-факторлық кешендері және алдын алу бойынша негізгі шаралар
  • Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының білім беру ұйымдарында таралуына қарсы тұру
  • Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарының заңсыз айналымы саласындағы ұйымдасқан қылмыстық әрекетті тергеу мәселелері
  • Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық қолдану мәселелері
  • және есіркіге байланысты басқа да өзекті мәселелер

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланатын тақырыптың өзектілігіне тоқталып, оның Қазақстанда, Орталық Азия аймағында және әлемде болып жатқан өзгерістердің жоғары динамикасымен, ең алдымен трансұлттық қылмыстың, терроризмнің, экстремизмнің күшеюімен, жаңа топтардың пайда болуымен байланысты жаңа қауіптердің пайда болуымен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, мамандар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын жетілдіру қажеттігін алға тартты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі«Қазақстан Республикасында есірткінің заңсыз айналымы мен оған салынушылықтың алдын алу және күресу шараларын жетілдіру» дөңгелек үстелі

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын» талқылау

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын» талқылау

11 Қыркүйек 2019 жылы РД 18-3, РД 18-4 тобында "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау"тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. РД 18-3, РД 18-4 топтарының кураторлары Т. Н. Алексеенко және Н. Д. Кенжебеков студенттерге "Жолдаудың"негізгі ережелерін түсіндірді. Студенттер Жолдауды талқылауға белсенді қатысты. Студенттердің ерекше қызығушылығын азаматтардың барлық конструктивтік сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін "тыңдайтын мемлекет" тұжырымдамасын талқылау тудырды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын» талқылау«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын» талқылау«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын» талқылау

ҚЭУ магистратурасына, докторантурасына түсушілерге арналған ақпарат

ҚЭУ магистратурасына, докторантурасына түсушілерге арналған ақпаратҚЭУ магистратурасына түсушілерге арналған ақпарат
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті біздің магистратурада оқуын жалғастыруға шақырады. Оқыту 13 білім беру бағдарламасы бойынша гранттық және ақылы негізде жүргізіледі. Оқу жылының оқу құны-396 мың теңге. Сіздерді кешенді тестілеу сертификатымен бірге Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекен-жайы бойынша күтеміз. Қажетті ақпаратты біздің www.keu.kz Жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру сайттан таба аласыз немесе 8 (7212) 44-15-88, 44-16-24 (қосымша ,жүз тоқсан тоғыз).

 

ҚЭУ докторантурасына түсушілерге арналған ақпарат
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті біздің докторантурада оқуын жалғастыруға шақырады. Оқыту гранттық және ақылы негізде 3 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Оқу жылындағы оқу құны - 1 307 мың теңге. "Магистр" дәрежесінің, 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің, шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының болуы міндетті. Қажетті ақпаратты біздің www.keu.kz Жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім беру сайттан таба аласыз немесе телефон арқылы 8 (7212) 44-15-88, 44-16-24 (Қос.199).

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus