Магистратура- жас мамандардың қазіргі заманғы шындық.

Магистратура- жас мамандардың қазіргі заманғы шындық.Қазіргі таңда магистратурада білім алу – жас мамандардың өзін-өзі анықтаудағы және өзіндік дамудағы қажеттілік және жоғары маңыздылық болып табылады. Осы сұрақты шешуде жастардың хабардарлығы маңызды рөл атқарады.
Осылай, 2015 жылдың 5 және 6 қарашада Жоғарғы оқу орнына кейінгі және қосымша білім беру департаменті университет деканаттарымен бірігіп, Қарағанды Экономикалық Университет студенттеріне арналған, біздің университете игерілетін магистерлік бағдарламалардың имидждік тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер барысында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу бағдарламаларына түсу ережелері, магистрлік бағдарламалар өзгешеліктері , магистратурада білім алу ерекшеліктері талқыланды. Осы тұсаукесерде білім алушылар секторының қамтылуы жеткілікті болды – бакалавриаттың 2,3,4 курс студенттері.
Магистратура бағдарламалары бойынша және оларға түсу ережелері туралы көп сұрақ туындаған студенттердің қызығушылығы осы іс – шараларды өткізілуі маңызды екені көрсетеді.

«ЕРАМ Қазақстан» ЖШС сырттай өткізілетін сабақ

«ЕРАМ Қазақстан» ЖШС сырттай өткізілетін сабақ3 қараша 2015 жылы «ЕРАМ Қазақстан» ЖШС «Java кіріспе» тақырыбы бойынша сырттай өткізілетін сабақ ұйымдастырды. Оған «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтасыздандыру» мамандығының студенттері қатысты. Есмагамбетов Т.У. және Есмагамбетова М.М. аға оқытушыларымен бірге клиенттік қосымшалар мен серверлік бағдарламалық қамтасыздандыруды құрастырудың негізгі сатылары мен ерекшелектерін қарастырды.

Ашық есіктер күні өтті

Ашық есіктер күні өтті«Party – Quest» түрінде Қарағанды экономикалық университетінде 2015 жылдың 6 қарашасында Ашық есіктер күні өтті.
Мектеп және колледж түлектеріне қызықты ойын – университетпен танысу ұсынылды. Оған Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының 425 түлегі қатысты.

Ф-12 тобымен өткізілген ашық кураторлық сабақ (кураторы Борисова Е.И., 2015 жыл 2 қараша). Тақырып: «Діни экстремизмге қарсы әрекет»

Ф-12 тобымен өткізілген ашық кураторлық сабақ  (кураторы Борисова Е.И., 2015 жыл 2 қараша).  Тақырып:  «Діни экстремизмге қарсы әрекет»Куратор Борисова Е.И. сәлемдесу сөзінен соң ашық кураторлық сағаттың мақсатымен таныстырды. Ашық кураторлық сағатың мақсаты болып, діни экстремизмнің мазмұнымен танысу және оларға қарсы әрекеттер жүргізу табылады. Ашық кураторлық сағатқа студенттермен бірге магистранттар да қатысты. Магистрант Курманалин Сайра «ҚР-да қызмет етуі шеттетілген діни бірлестіктері» атты баяндамасын ұсынса, студент Бексеитов И. «Діни экстремизмге қарсы әрекет» атты хабарламасын ұсынды.

Кәсіптік бағдар мәселесі бойынша Абай ауданы мектептері түлектерінің ҚҚЭУ өкілдерімен кездесуі.

Кәсіптік бағдар мәселесі бойынша Абай ауданы мектептері түлектерінің ҚҚЭУ өкілдерімен кездесуі.Кәсіптік бағдар мәселесі бойынша Абай ауданы мектептері түлектерінің ҚҚЭУ өкілдерімен кездесуі.
Аталмыш шарада ҚҚЭУ өкілдерімен келесідей ақпараттар айтылды: университеттің артықшылықтары мен тарихы, ЖОО-на түсудің ережелері, мамандықтары жайлы ақпарат және т.б.
Шарада әлеуетті бітіруші түлектерден анкеталар алынды және сұхбаттар жүргізілді. Кездесуге Абай ауданынан 7 мектептен 89 бітірушілер қатысты.
ҚҚЭУ өкілдері ЕҚФ тәрбие ісі бойынша декан орынбасары Мусипова Л.К., «ӘСП» кафедра профессоры Мынжанов Н.Ә, «ЭҚР» кафедрасының оқытушысы Амантай Абдулла және «Банк ісі» кафедрасының оқытушысы Исанов А.С.
Абай аудандық білім бөлімі акті залындағы Абайлық мектеп бітірушілері.
ЕҚФ тәрбие ісі бойынша декан орынбасарыМусипова Лейла Камаровнаның Абай ауданы мекетептері түлектерінің алдындағы сөзі.
«ӘСП» кафедра профессоры Мынжанов Нұрлан Әділбайұлының Абай ауданы мекетептері түлектерінің алдындағы сөзі.
Кәсіптік бағдар мәселесі бойынша Абай ауданы мектептері түлектерінің ҚҚЭУ өкілдерімен кездесуі.

Жастардың халықаралық олимпиадасы

Жастардың халықаралық олимпиадасыҚҚЭУ-де 28.10.-01.11.2015ж. «Экономиканың жоғары мектебі» Ұлттық зерттеушілік университеті ( ЭЖМ ҰЗУ) ұйымдастырған жылдық Жастардың халықаралық олимпиадасы өтті. Оған Қарағанды қаласының 500 астам оқушылары қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарына үкімет аралық келісім бойынша ЭЖМ ҰЗУ-не тегін оқуға қабылдану құқығы беріледі.

Тәжірибелік жұмыскердің шақырылуымен өткізілген тәжірибелік сабақ

Тәжірибелік жұмыскердің шақырылуымен өткізілген тәжірибелік сабақ 28.10.2015г.,ауд.368 «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша практикалық сабаққа РД-41,РД-22,РД-32,Тур-31к,Тур-23с/к,РД-24с топтарымен бірге, туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы және кафедра доценті Замбинова Гульмира Кайратовна, ЖШС «Космонавт қонақүйі» банкеттік қызметтерді сату бойынша менеджер Вавринюк Галина Васильевнаны шақырды.
Сабақ жоғары деңгейде өтті, Галина Васильевна өзінің жұмысы туралы, қонақжай индустриясындағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы менеджердің жұмыс жайлы, банкеттік қызметтерді сатылуы жайлы әңгімелеп берді. Және де қызмет көрсетуші персонал жұмысы, оларды оқыту туралы да айтылды.
Студенттер қажетті сұрақтарын қойып, менеджерден толыққанды жауап алды, олар осындай тәжірибелі сабақ ұйымдастырған кафедра оқытушыларын алғыстарын білдірді.

«Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада

«Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада26 қазан 2015 жылы Экономика және басқару факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасы қазақ және орыс тілдерінде «Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада өткізді.
Олимпиадаға қаланың № 97, № 33, № 41, № 48, № 52, № 74 орта мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Республиканская «Тіл– тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы

Республиканская «Тіл– тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы2015 жылғы қазан айының 22-23 күндері аралығында университет кітапханасының ғылыми-білім беру орталығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиаданы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus