Әлеуметтік жұмыс күніне орай өткен «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара

Әлеуметтік жұмыс күніне орай өткен «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара28 қараша күні 2016 ж. Қарағанды Экономикалық Университеті Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Әлеуметтік жұмыскерлер күніне орай «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара өтті.
Бұл мереке 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген. Содан бері елімізде қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді.
Бұл шараға Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша 1-2 курс студенттері қатысқан болатын. Мерекелік шара бағдарламасы 3 номинация бойынша өтті. «Ең үздік құттықтау газеті» номинациясы бойынша СР-21к тобы иеленді. «Ең үздік эссе» номинация бойынша СР-21к тобының студенті Қанатқызы Айжан және СР-13ск тобының студенті Аханова Інкәр алғыс хатпен марапатталды. «Ең үздік видеоролик» бойынша СР-11к тобының студенттері иеленді.
Мерекелік шараға шақырылған №86 ЖББОМ оқушылары белсенділік және жоғары деңгейде қызығушылық танытты.
Қонаққа келген мектеп оқушылары мен басқа да студенттерге белсене қатысқан үшін алғыс хат табыс етілді.

 

Әлеуметтік жұмыс күніне орай өткен «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара Әлеуметтік жұмыс күніне орай өткен «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus