МЖБ Студенттік конференциясы

МЖБ Студенттік конференциясыАғымдағы жылдың 21 қазан күні сағат 14.00-15.00 аралығында 103 дәрісханада ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған студенттік конференция өтті.
Студенттік конференция мақсаты мен міндеттері:
- өзекті ғылыми мәселелерді шешуде студенттердің үлесін арттыру;
- конференциядағы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысын анықтап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу;
- студенттер бойында ғылыми-зерттеу қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.
Студенттік конференция жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Асман Н. ГМУ-42 ғылыми жетекшісі- э.ғ.к., доцент З.Х. Жанбекова , ІІ орын – Қадырбай Е. ГМУ-32к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Е.Б. Букатов, ІІІ оырн - Құнанбаев С. ГМУ-11к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Х. Ертай. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конфеенция материалдар жинағына ұсынылатын болады.

 

МЖБ Студенттік конференциясы МЖБ Студенттік конференциясы МЖБ Студенттік конференциясы
МЖБ Студенттік конференциясы МЖБ Студенттік конференциясы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus