«Авалон» ТГҚ және«Nomandic Travel KZ» туркомпания базасындағы сабақ

«Авалон» ТГҚ және«Nomandic Travel KZ» туркомпания базасындағы сабақ19-шы қазан 2016 жылы Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы А.А. Маймурунова «Туризм» мамандығының Тур-34с/к, 41к тобының студенттерімен «Туроперейтинг» пәні бойынша «Авалон» ТГҚ-на және ««Nomandic Travel KZ» туристік компаниясы базасында сабақ өткізді.
Аталмыш сабақта студенттердің теоретикалық алған білімдерін тәжірибе барысында бекітілді. Сабақ туркомпанияның қызметі барысымен танысумен басталды. «Авалон» ТГҚ-ң президенті Виталий Шуптар студенттерге шетелдік туристер үшін туристік өнімді қалыптастыру және жылжыту ерекшеліктері туралы толық түсіндіріп берді.
Студенттер аса қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, кешенді жауаптар алды. Сабақ барысында сонымен бірге, туристік нарықтың даму болашағы мен мәселелері туралы сұрақтар қозғалды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus