Бизнес және құқық факультетінің жастар және студенттер ісі бойынша комитеті Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамын Қазақстан Республикасының Ұстаздар күнімен құттықтайды!

Бизнес және құқық факультетінің жастар және студенттер ісі бойынша комитеті Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамын Қазақстан Республикасының Ұстаздар күнімен құттықтайды!Әлемде ерекше құрметке лайық мамандықтар бар. Дәл осы мамандық біздің күнтізбеде ерекше атап өтуге лайық. Жыл сайын Бизнес және Құқық факультеті бұл мерекені ерекше атап өтеді. Биыл 4 Қазанда мерекені тойлау Өзін өзі басқару күнінің ресми ашылу салтанатымен басталды. Салтанатты түрде Факультет деканы, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері өз міндеттерін атқарушыларға тапсырып, қол алысты.
Біздің оқытушылар мерекелік көңіл күй мен күш жігерге толы болсын! Оқытушы дегеніміз болашақ ұрпақты өз ізімен ерткен асыл тұлғалар.

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша «БелМУ» ҰЗУ-дегі білім алуы - 2016

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша «БелМУ» ҰЗУ-дегі  білім алуы  - 2016«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының Тур-24с, Тур-22 топтарының студенттері Дорченко Е.Д., Кантрабаева А.С., Геращенко В., Малютина А. 2015-2016 оқу жылының 2-ші семестрінде Белгород мемлекеттік ұлттық университетінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуларын аяқтады. Оқу соңында студенттер сапар барысында, оқу бағдарламасынан алған көз-қарастары мен әсерлерімен бөлісті.
Студенттер осындай мүмкіндік береген университі ректоры Ерқара Балқараұлына алғыстарын білдіреді.

«Қазақстан туризм индустриясы дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» атты ҚР-ң тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік конференциясы

«Қазақстан туризм индустриясы дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» атты ҚР-ң тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік конференциясыҚарағанды экономикалық университетінде «Туризм және мейрамхаан ісі кафедрасы» студенттері мен магистранттарының қатысуымен 29-шы қыркүйек 2016 жылы «Қазақстан туризм индустриясы дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» атты ҚР-ң тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік конференциясы өтті. Конференцияда 30-дан астам баяндама тындалды.
Баяндамалар казақ тілі мен орыс тілдерінде баяндалды. Белсенді студенттерге дипломдар мен мақтау қағаздары берілді.
Конференцияны материалдары ғылыми еңбек жинағында жарияланады.

«ҚР қалаларында су тұтынуды азайту үшін халықты хабардар ету кешенді шаралары» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді

«ҚР қалаларында су тұтынуды азайту үшін халықты хабардар ету кешенді шаралары» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді29.09.2016 ж МҚБ «PosadiDerevo» қол қойылған меморандум аясында БҰҰДБ өкілдері «ҚР қалаларында су тұтынуды азайту үшін халықты хабардар ету кешенді шаралары» атты тақырыпта дәрістер өткізілді. «Экология» мамандығы мен «Бағалау» мамандығының студенттері қатысты.

Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета

Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета 28.09.2016 ж. туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета ұйымдастырды. Эсафетаға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты.
Туристтік-спорттық эстафета 3 кезеңнен тұрды: команданы таныстыру, эстафетаның спорттық кезеңі, өлкетану бойынща сұрақтарға жауап беру.
Туристік-спорттық эстафета нәтижесі бойынша келесі орындар анықталды:
1-ші орын - «Пума» командасы (Тур-14с тобының студенттері);
2-ші орын –«Сапар тур» командасы (Тур-11к, Тур-13с/к топтарының студенттері);
3-ші орын – «Қар барысы» (Тур-21к тобының студенттері), «Bonifase» командасы (РД-12 тобының студенттері).

Кафедра мамандықтары студенттерінің халықаралық тәжірибе өтуі мен академиялық мобильділік бағдараламаларына қатысуы туралы конференция

Кафедра мамандықтары студенттерінің халықаралық тәжірибе өтуі мен академиялық мобильділік бағдараламаларына қатысуы туралы конференция  27.09.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» студенттерінің 1-ші курс студенттеріне арнап «Халықаралық тәжірибе және академиялық мобильділік» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда Самарақандта халықаралық тәжірибе, Алматыта оқу-жаттықтыру тәжірибесін өткен және де академиялық мобильділік бағдарламасына (Венгрия, Чехия, Латвия, Белгород) қатысқан студенттер дайындаған материалдарына презентация жасады.
Студенттер «Туризм» білім бағдарласы бойынша тәжірибе өту ерекшеліктері туралы, «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары бойынша академиялық мобильділік бағдарламасы шегіндегі шетелдегі оқу мүмкіндіктері жайлы баяндап берді.
Студенттер университет ректорына Е.Б Аймагамбетовке осындай тәжірибеден өтуге, шетелде оқуға мүмкіндік берген үшін алғыс білдіреді.

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық олимпиада

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық  олимпиада2016 ж. қыркүйек айының 23 жұлдызында Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті базасында шет тілдері бойынша ЖОО аралық көптілді олимпиада өтті. Біздің университеттің атынан Жапаров Саян (МО-23 тобы), Санаубаев Болат (ТУР- 21к тобы), Кайкенова Томирис (ТУР-14с тобы) қатысты. 3 турдың қорытындысы бойынша біздің студентер 2 орынға ие болды.
Құттықтаймыз !!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!Қарағанды экономикалық университеті Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы сіздері Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтайды!
Дүниежүзілік туризм күні — әлемнің кез келген нүктесіне «есік ашық» күн. Саяхаттау мүмкіндігі сондай тамаша!
Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.
Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.
Турист болу сәнді, ең бастысы – денін сау және белсенді болуың!

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ16.09.2016 ӘЭ мен ХҚ кафедрасы, ЭБФ кафедраларының меңгерушілері және ЭБФ деканы Гимрановамен Г.И. бірлесе отырып, шетел профессорлары Стефания Бандини (Университет Милан-Бикокка, Италия), Марина Колонни (Университет Милан-Бикокка, Италия) және Манино Винсентомен (Университет Рома Тре, Италия) кездесу өткізді.
Кездесуде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі, бірлескен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың мүмкіндіктері және оқу бағдарламаларын рецензиялау мәселелері талқыланды.

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер  (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»2016 жылдың 7 қыркүйегінде ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинардың қажет етушілігі Өкілдіктердің техникалық қызметкерлерінің білімдері мен біліктерін жаңа технологияларға бейімдеу қажеттілігімен, ҚЭУ-де әзірленген жаңа технологиялық оқыту ресурсының бағдарламалық құрылымымен танысуымен, ЖАОК үшін жаңартылған бағдарламалық ортасын игеруімен, ЖАОК форматында қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану дағдыларға ие болуымен анықталған.
ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылар біліктілігін арттыруының тағы бір маңызды бағыты – университеттің «Колледжілер түлектері үшін сынама тестілеу» порталдық бағдарламалық ресурстармен жұмыс істеу үшін практикалық дағдыларды алу қажеттілігі.
Техникалық жаңалықтарға қосымша контентті толтыру талаптарға сәйкес 2016 – 2017 оқу жылына оқу контентін даярлауындағы өзгерістер бойынша консультациялар өткізілді.
Семинарға ҚОО директоры И.А.Аманов, ҚОО директорының орынбасары В.Г.Дрозд, ДҚӘ қызметінің жетекшісі Р.У.Аманова, инженер-бағдарламашы С.К.Нұрақашев, бағдарламашы М.М.Түсіпов, тьютор-менеджер Д.Н.Мұстафина, ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылары қатысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus