Әділет министрі Б. Имашев халықтың алдында есеп берді.

Әділет министрі Б. Имашев халықтың алдында есеп берді.10 маусымда сағат 11:00 Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында әділет министрі Берік Имашевтің халық алдындағы есебі тыңдалды.
Есептік кездесуде елде жүргізіліп жатқан реформалардың әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелері мен стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу мен Әділет министрлігі алдында тұрған міндеттерді орындау барысы талқыланды.
Есептік кездесу он-лайн режімде Қарағанды облысының әкімдігінде өткізілді. Оған жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.Ө. Сейтхожин қатысты.

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »15 маусым 2016 жыл

Оқу-әдістемелік семинар

07.06.2016-10.06.2016 жыл кезеңінде Эрасмус+ Алматы қаласындағы ұлттық офисінде «Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдер мен құралдар» деп аталатын халықаралық семинар өтті. Оның жұмысына біздің университеттің 2 қызметкері – бизнес және құқық факультеті деканының орынбасары мен ОП ЖҰМПД директорының орынбасары С.Б. Глазунова қатысты.

Семинарда «Еуропа Одағындағы» оқытудың студентке бағдарланған ортасы: заманауи үрдістер, тәсілдемелер және пайдалану», «Студентке бағдарланған оқыту ортасын енгізудің қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспары: ЕО болашағы» және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Топтардағы жұмыс әсіресе қызықты және жемісті болды.
Алынған тәжірибені тарату мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2016 жылдың 15 маусымында университет оқытушылары үшін сондай семинар өтті.
Оқыту парадигмасын өзгерту, яғни оны жүзеге асыру барысында, академиялық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде нәтиже үшін жауапкершілікті студенттер өзіне алуы тиіс фраза, семинардың негізгі идеясы болды.
Біздің университеттің қызметіне қолдануға болатын, үздік тәжірибе мысалдары біздің университет оқытушылары арасында үлкен қолдауға ие болды.

Түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы

Түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы25.05.2016 жылы қаламыздың орталық саябағында биылғы жылғы мектеп түлетеріне арналған соңғы қоңырауға байланысты қалалық мерекелік шара өткізілген.
Есеп-қаржы факультетінің декан орынбасары Л.К. Мусипова, факультет оқутушылары Ермекова К.А., Аубакирова А.М., Кыдырманова С.К., Омарова М.Т. осы шараға қатысып, мектеп түлектеріне университеттің оқу бағдарламалары жайлы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мектеп түлектеріне факультет білім бағдарламалары туралы әзірленген шағын буклеттер табыс етілді.

Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»

Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»2016 жылғы 24 мамырда сағат 10:00 Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі» тақырыбына облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институты (ЭҚЗ ҒЗИ).

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) Мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сот жүйесінде және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері;
2) Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы рөлі;
3) Жастардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттің басым міндеті

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

ҚКЭУ өкілдері №36 ЖББОМ «Ашық есік күні» аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар фестиваліне» қатысты (13.05.2016)

ҚКЭУ өкілдері №36 ЖББОМ «Ашық есік күні» аясында  ұйымдастырылған «Мамандықтар фестиваліне» қатысты (13.05.2016)Есеп-қаржы факультетінің оқытушылары Хұсайын Ф.Х., Кыдырманова С.К., Мухаметжанова З.Б. 13.05.2016 жылы кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша №36 Жалпы білім беретін орта мектебімен «Ашық есік күні» аясында ұйымдастырылған «Мамандықтар фестиваліне» қатысып, ата-аналар мен мектеп түлектеріне Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті дайындайтын мамандықтарды ұсынып, ата-аналар мен мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап беріп, сұхбат соңында көрермендердің назарына Lipdub бейнебаяны ұсынылды. Lipdub оқушылардың көңілінен шықты. Мамандықтар фестивалі соңында мектеп әкімшілігі университет өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.

5 мамыр 2016 жылы «Экология және бағалау» кафедрасы және Үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ «Ағаш отырғыз» бірлесіп бөлек қалдықтарды жинау жүйесін енгізу үшін баспасөз конференциясын жүргізілді.

5 мамыр 2016 жылы «Экология және бағалау» кафедрасы және Үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ «Ағаш отырғыз» бірлесіп  бөлек қалдықтарды жинау жүйесін енгізу үшін баспасөз конференциясын жүргізілді.5 мамыр 2016 жылы «Экология және бағалау» кафедрасы және Үкіметтік емес ұйым ҮЕҰ «Ағаш отырғыз» бірлесіп бөлек қалдықтарды жинау жүйесін енгізу үшін баспасөз конференциясын жүргізілді.
Конференцияға қатысқандар:
- Қарағанды қаласының әкімдігі,
- АО ИП «Эфес Казахстан»,
- Қалалық Білім басқармасы,
- Қалдықтарды өңдеу зауыты ТОО «ТТК»,
- Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы,
- ОО «ЭкоОбраз»
Бұқаралық ақпарат құралдарының мүшелері - «Индустриальная Караганда», «Новый вестник», «Айқын» газеттері, «Первый Карагандинский», «Новое телевидение» және басқалар арналар.

«Бахус автоорталығы» ЖШС шығу сабағы

2016 жылдың 5 мамырында «Маркетинг және логистика» кафедрасы «5 арна» телеарнасының ҚҚЭУ 50-жылдығына арналған «ҚҚЭУ: Кеше, бүгін және ертең» атты телебағдарламасы үшін, «Бахус автоорталығы» ЖШС директорының орынбасары Иманбаева K.E. қатысуымен Лог-22 Лог-23c, Лог -21к, МК-22, МК-31 тобының студенттерімен төмендегі пәндер бойынша шығу сабағын өткізді:
- «Көтерме және бөлшек сауда» (практикалық сабақ) аға оқытушы, магистр Валеева В.З.
- «Көтерме және бөлшек сауда» (кәсіп СОӨЖ) аға оқытушы, магистр Мухаметжанова З.Б.
- «Интернет маркетинг» (практикалық сабақ) аға оқытушы, магистр Майкенова А.Е.
- «Логистика негіздері» (дәріс), доцент, Смағұлова К.С.
- «Маркетингтік логистика» (практикалық сабақ), э.ғ.к., доцент Арынова Ж.З.

Дөңгелек үстел: «Инициативы социально-экономического развития стран ЕАЭС и вопросы сопряжения с Экономическим поясом Шелкового пути»

Дөңгелек үстел: «Инициативы социально-экономического развития стран ЕАЭС и вопросы сопряжения с Экономическим поясом Шелкового пути»2016 жылдың 22 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында «Инициативы социально-экономического развития стран ЕАЭС и вопросы сопряжения с Экономическим поясом Шелкового пути» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Конференция қонақтары мен қатысушыларға алғы сөзбен Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректор (ҒЗУ), экономика ғылымдарының докторы, профессор Катoчков Виктор Михайлович және ҚҚЭУ Ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Улыбышев Дмитрий Николаевич сөз сөйледі.

Көптілділік бойынша өткен бірлесен сабақ

Көптілділік бойынша өткен бірлесен сабақ2016 жылдың 28 сәуірінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. көптілділік бойынша жоспарланған шараларға байланысты «ҚР сыртқы саясаты» пәнінен орыс және ағылшын тілдерінде «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының 2-3 курс студенттеріне бірлескен сабақ өткізді.

Оқыту семинары «техникалық реттеу саласындағы оқыту және біліктілігін арттыру»

Оқыту семинары «техникалық реттеу саласындағы оқыту және біліктілігін арттыру»Сәуірдің 27 – 29 аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «Тауартану және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы оқыту және олардың біліктілігін арттыру» атты семинар өтті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus