Ашық сабақ

Ашық сабақ8 қараша 2016ж. сағат 11:00 206 аудиториясында Э-23с и Э-32 топтарында Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушы, магистр Идрисова А.К. «Маркетинг – эффективный инструмент продвижение товара» атты іскерлік ойын негізінде интерактивті тақта қолданып ашық сабақ өткізді

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы02.11.2016 «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде «Идеялар жәрмеңкесі» атты конкурс өткізілді. Аталмыш шараға Қарағанды облысының ЖОО магистранттары, студенттері және колледж студенттері қатысты. Конкурста 18 жоба ұсынылған болатын, олардың ішінде Қарағанды экономикалық университеті, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Байбосынов С.Б. жетекшілігімен қатысқан студенттер жүлделі 1 және 2 орынды иеленді. Жобаларды Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары, «Даму» АҚ қоры директорының орынбасары, «Сарыарқа технопаркі» ЖШС директоры, «Іскер» кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры және облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері бағалады. 1 орынды Э-32к тобының студенттері Жиембаева Мадина, Қойшыбаева Мариям, Құлтаев Ернұр иеленді, ал 2 орынды Ф-32 тобының студенттері сакенов амир, Кожанов Дидар және Токенов Жасұлан иеленді.
Аталған студенттер «Бизнестің жол картасы 2020» атты бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Кәсіпкерлер палатасымен өткізген «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде бес күндік курс өтіп сертификаттарға ие болғандарын да атап өтуге болады.

Платина дәріс

Платина дәріс 1 қараша 2016 ж. халықаралық менеджер күні аясында экономика және менеджмент кафедрасы СМС ЭБФ студенттеріне практика қызметкерімен дәріс өттті. Дәрісті Қарағанды облысының «Эфес-Караганда» ЖШС сату жөніндегі бөлімінің бастығы - Шманов Талгат Толендиевич

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.Халықаралық менеджер күніне арналған іс-шаралар шеңберінде профессор-оқытушылар құрамына инвестициялық жобаларды бөлімінің бастығы Кульмагамбета Жанаргуль Жумабаевна "Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

«Управлять и победить: миссия выполнима» атты интеллектуалды-танымды ойын өткізді.

«Управлять и победить: миссия выполнима» атты интеллектуалды-танымды ойын өткізді.2 қараша 2016 ж. халықаралық менеджер күні аясында экономика және менеджмент кафедрасы 11 сынып, Караганды қаласының колледж және «Экономика» және «Менеджмент» мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен қатысуымен «Управлять и победить: миссия выполнима» атты интеллектуалды-танымды ойын өткізді.

«Nomadic trаvel Kazakhstan» туркомпаниясы және «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы базасында өткен тәжірибелік сабақ

«Nomadic trаvel Kazakhstan» туркомпаниясы және «Авалон»  тарихи-географиялық қоғамы базасында өткен тәжірибелік сабақ  7 және 8 қараша 2016 ж. ҚҚЭУ-ң «Туризм» мамандығының Тур-22, 32, 14 с, 24 с топтары студенттерімен «Туризм тарихы» пәнінен «ҚР-дағы туризмнің қалыптасу және даму тарихы» тақырыбы бойынша және «Экскурсиятану» пәнінен «Экскусиялық істегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша (т.ғ.к., аға оқытушы Бедельбаева М.В.) «Nomadic trаvel Kazakhstan» туркомпаниясы және «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы базасында тәжірибелік сабақ өтті. Сабақ барысында турфирма менеджері, ҚҚЭУ-ң 2008 жылғы түлегі Мария Бризицкая және тарихи-географиялық қоғамның президенті Виталий Шуптар Қазақстандағы, Қарағанды облысындағы ішкі туризм қалыптасу тарихы және EXPO 2017 өткізу шегінде облыс бойынша экскурсиялық бағыттар туралы баяндап берді.

Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен перспективалары»

Дөңгелек үстел «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен перспективалары»Ағымдағы жылдың 28 қазан күні ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл: жетістіктері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты мен міндеттері:
- Мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік жүйелердегі табыстарын талдау және алдағы мүмкіндіктерді айқындау;
- Студенттердің ғылыми-зерттеу қабылеттерін арттыру;
- Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту;
- Студенттердің ораторлық қабілетті меңгеруіне жағдай қалыптастыру;
- Белсенді жастардың көзқарастары мен жеке өзіндік позицияларын айқындауға мүмкіндіктер жасау.
Дөңгелек үстел жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Жеңіс Дәуірхан ГМУ-11к, ІІ орын – Құнанбаев Саяхат, ГМУ-11к, ІІІ оырн – Тұрсын Айдос ГМУ-32к. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конференция материалдар жинағына ұсынылатын болады.

№ 1, № 3, № 4 жатақханаларында өткен жетекшілік

№ 1, № 3, № 4 жатақханаларында өткен жетекшілік2016 жылы, 2 қарашада «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушылары Г.М. Байгожина, Г.У. Талимова., Е.В. Шукушева № 1, № 3, № 4 жатақханаларында жетекшілік барысында студенттер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған зияткерлік ойын өткізді.

Университет колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді

Университет колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді2016 жылы 3 қараша күні кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Шукушева Е.В. колледждің 3-ші курс студенттері арасында түсіндірме жұмысын өткізді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus