Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша пікірталас

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша пікірталасӘлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 12.04.2017 ҚМБ «Қарағанды облысы жастар саясаты орталығы» өкілдері Садыкова А.С. және Хамитов Е. мен студенттер арасында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу пікірталас түрінд өтті, пікірталас барысында жастар орталығының көшбасшылары студенттерге ҚР Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі талаптарын айқындады.
Әлеуметтік саланың болашақ мамандары ретінде, студенттер үшін жаһандану жағдайындағы ҚР әлеуметтік саясатындағы мәселелер қызықтырды. Пікірталас барысында Жолдаудың жүзеге асырылуындағы жастардың рөлі анық көрсетілді.

 

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша пікірталас

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus