«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»23 қараша 2016 жылы Бизнес және құқық факультеті ҚММ №59 орта мектебі аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерей тойына арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты патриоттық науқан өткізді! Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау – мерекелік шараның негізгі мақсаты болды. Бірлескен шараға оқушылар мен осы мектептің түлектері - университет студенттері қатысты. Патриоттық науқанның бағдарламасы бойынша мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы мен маңыздылығы туралы видеофильм көрсетіліп, интерактивті викторина өткізілді, Елтаңба, Әнұран және Туымыз туралы өлеңдер оқылып, Туған жер туралы әндер айтылды. Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен жабылды.

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»17 қараша 2016 ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының ПОҚ-мы доцент Адамбекова С.М., аға оқытушы Мустафин С.Ш., маг. оқытушы Тусупова Г.Н. ВТ-12, ВТ-14, ИС-14с, Лог-12, Лог-13с, МК-11, МК-13с, УА-12, УА-14с, Ф-12, Ф-13с топтарда «1916 ж. көтерілістің 100-жылдығы» д-ңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының тағдырында 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың маңызымен мен рөлін анықтау.
Дөңгелек үстел барысында, студенттерге «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы» туралы деректі фильм назарға ұсынылды. Ф-12 топтың студенттері: Айтжанова Камилла «Национально-освободительное движение 1916 г.: предпосылки, повод, историческое значение»; Жалиева Аида «Движение казахов под предводительством Амангельды Иманова в свете нового мышления»; Урмаева Карина «Восстание 1916 г. В Семиречье»; Жунусова Асем «Участие национальной интеллигенции в национально-освободительном движении казахского народа 1916 г.» баяндамалары тындалды.

Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды

Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды15-17 қараша күні аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалі аясында өткен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мүшәйрасында үздік деп танылып 2 дәрежелі дипломмен экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасы, «ГМУ-32к» тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы марапатталды. Фестиваль Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» академиясының демеуімен өткізілді. Аталмыш аймақтық студенттер фестивалінің қорытындысы «Шалқыма» концерт залында орын алды.
Мерекеұлы Ернарды кафедра ұжымы мен группаластарының атынан құттықтаймыз. Оқу мен шығармашылықта мол табыстарға жете берсін деп тілейміз!

Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі

2016 жылғы 17 қарашада Қазтұтынуоолдағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» дәстүрлі көрме-конференциясы өткізілді.
Көрме-конференцияны ұйымдастыруды ҚКЭУ-дің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысы білім басқармасының «Сары-Арқа дарыны» РҒТО-мен бірлесіп жүзеге асырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының студенттері мен оқушылары қатысып ғылыми жобалар мен олардың нақты үлгілерін ұсынып, көрсетілімдер жасады.
Көрме-конференцияның қорытындысы бойынша байқау комиссиясы жұмыстарды бағалап, үздік жұмыстарды I, II и III дәрежелі дипломдармен, түрлі тақырыптық бағыттағы аталымдармен марапаттады.
«Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» көрме-конференциясында баяндалған жұмыстар арнайы ғылыми жинаққа енеді.

«Экология және бағалау» кафедрасы Омбы мемлекеттік техникалық университеті Дизайн және технология институтымен онлайн форум өткізді

«Экология және бағалау» кафедрасы Омбы мемлекеттік техникалық университеті Дизайн және технология институтымен онлайн форум өткізді21 қарашада 2016 жылы «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығының шеңберінде Омбы мемлекеттік техникалық университеті Дизайн және технология институтымен онлайн форум өткізді.

Конференциясы ОЮиСД ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары «ЭКСПО-2017

Конференциясы ОЮиСД ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары «ЭКСПО-2017Мамандығы «Кеден» 17-18 қараша 2016 студент, кафедра «Құқықтану» конференциясы ОЮиСД ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары «ЭКСПО-2017 Қарағанды облысының жас ғалымдар үлесі» қатысты. Мынадай бағыттар жұмыстары болды: заң, өндірістің физикалық және техникалық процестер, инфрақұрылымды дамыту, педагогикалық инновация

ҚҚЭУ-дегі платиналық дәрістер

ҚҚЭУ-дегі платиналық дәрістер«Банк ісі» және «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасылармен 2016 жылдың 22 қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Ұлттық валютаның 23 жылдығына орай ҚҚЭУ қабырғасында ҚР ҰБ өкілі Қ.Қ Такеева мен кең профилді экономисті Баурыжан Төлеповтың шақырылуымен платиналық дәрісі ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға ҚҚЭУ, ҚарМТУ, ҚарМУ және басқа да ЖОО-ы мен колледж студенттері, облыстық мемлекеттік және білім беру ұйымдары өкілдері, ҚҚЭУ оқытушылары белсене қатысты.
Аудитория алдында ҚҚЭУ ғылыми жұмыс және стратегиялық даму проректорының м.а. Улыбышев Д.Н. және «Банк ісі» кафедрасы меңгерушісі Л.А. Талимова сөз сөйледі.
Дәрістер келесі тақырыптар шеңберінде өтті: «Халықтың қаржылық білімін жетілдіру» және «Инфляциялық тергеттеудің ролі».
Іс-шара соңында дәрісті баяндағандарға сұрақтар қойылды және естелік сыйлықтары табыс етілді.

Мансап күні

Мансап  күні18 қарашада ҚҚЭУ-де мансап күні өтті, туризм және мейрамхана ісі кафедрасы в КЭУК прошел День карьеры, кафедра туризма и ресторанного туристік және қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының тәжірибелі жетекшілерін шақырды. Оның ішінде, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы, ЖШС ҚК «Чайка», Отель-мейрамхана «Вояж», «Гелиос» турфимасы, «Рубин» мейрамхана кешені, «Садре мейрамхана», Облыстық бейнелеу өнер мұражайы, му«Павлин-Тур»турфирмасы, «Палермо» мейрамханасы, Облыстық тарихи- өлкетану мұражайы, «Космонавт» қонақүйі, «TRAVEL HOUSE» турфирмасы және т.б. Барлық түлектері іс-шараға белсенді қатысып, түйіндемелерін кәсіпорындар жетекшіліктеріне тапсырып, қажетті ұсыныстарын ала алды.

Терроризм – қоғамға қауіпті

Терроризм – қоғамға қауіпті2016 жылдың қараша айының 17 жұлдызында шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларымен «Терроризм – қоғамға қауіпті» тақырыбында ЭБФ топтарында Қарағанды облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Жан Акмолдиннің қатысуымен ашық кураторлық сағат жүргізілді. Іс-шараның мақсаты терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; өскелең ұрпақта қоғамдық сананы және азаматтық ұстанымды қалыптастыру. «Дөңгелек үстел» қатысушылары нақты мәліметтерге жүгінген Жан Акмолдинді қызығушылықпен тыңдады. Экстремистік ұяшықтар өз қатарларына тартумен айналысады. Олар әлеуметтік желілер арқылы жастар арасында ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан да, ата-аналарға қырағылық танытып және балаларының тәрбиесімен айналысу керек, ал жастарға танысқан кезде абайлау керек.

«Бар ісі» тақырыбы бойынша мастер-класс

 «Бар ісі» тақырыбы бойынша мастер-класс17-ші қараша 2016 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасы тәжірибелі қызметкердің қатысуымен ҚК-ң аға бармені Байдаулетовтың қатысуымен кафедра студенттері үшін мастер-класс ұйымдастырды.Мастер-класс барысында ол студенттерге бар жұмысының ерекшеліктері туралы баяңдап, және де өзінің кейбір кәсіби құпияларымен бөлісті. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Мастер-класс ішімдіксіздік сусындарды дайындауды көрсетумен аяқталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus