«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Ұлт тілін ұлықтаған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Мұхтар Шаханов – белгілі қоғам қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, оның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Университет және колледж студенттері М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат алды, оның шығармаларын тыңдап, өздері де халықтың көңілінен шыққан таңдаулы өлеңдерді оқыды: «Төрт ана», «Желтоқсан алаңы», «Мені неге Мұхтар қойған», ақынның сөзіне жазылған белгілі «Әке туралы жыр», «Туған күн кешінде» және т. б. әндерді орындады. Мұхтар Шахановтың шығармалары елдің болашағының өркендеуіне қандай үлес қосатыны барлық адамдарды толғандырады. Майдан алаңында ғана емес күнделікті өмірде де, мысалы оқуда, тұрмыста, жұмыста да ерлік жасауға болады. Кеште студенттердің назарына «Ұлт тілін ұлықтаған» және «Қайсар рухты ақын» атты көрмелер ұсынылған. Кеш «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

 

«Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  «Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш  «Ұлт тілін ұлықтаған» әдеби-сазды кеш
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus